110
1. Тақырыбы мен мақсатын ұғындыру;
2. Райдың түрлерін еске түсіру;
3. Жаңа материалдың мазмұнымен танысу, ерекшелігі
мен ұқсастығын табу.
Слайдта берілген сөйлемдегі етістікке назар аударту
арқылы рай категориясының мәні мен мағынасын тану.
Менің көп жұмысты атқарғым келеді.
- Балалар, берілген сөйлемдегі негізгі етістікке тұлғалық
талдауды ауызша тез кім жасап береді?
( Атқар – негізгі етістік, - ғы – жұрнақ, - м – тәуелдік
жалғауының І жағы).
– Дұрыс айттың, жарайсың! Мұндағы -ғы жұрнағын
бүгінгі біз өтетін қалау рай жасайтын жұрнақ деп танитын
боламыз.
Оқулықтың 109-бетіндегі қалау райдың жасалу үлгісімен
таныстыру.
Ережесін оқушылардың өздері шығаруына көмек беру.
ІV. Бекіту. Кітап – сарқылмас қазына. Оқулықта берілген
жаттығулармен жұмыс. Сабақты әрі қарай жалғастырып
сұрақ қойғанда рай категориясымен байланыстырып қою.
- Жаттығудың берілгенін кімнің оқығысы келеді?
Жауап: Менің оқығым келеді. Рұқсат берсеңіз игі еді.
V. Қорытынды. «Жылдам жауап» ойыны арқылы қай
жақта, қалай жасалғанын әр бала жеке айтады. Кітапты бір-
біріне ұсынуда қалау райдың тұлғаларының тәуелденген
түрімен жауап береді.
- Кімнің оқығысы келеді?
1-оқушыға мұғалім тапсырады. Менің оқығым келеді. І
жақ. 2-оқушы. Оның оқығысы келеді. ІІІ жақ. 3-оқушы: Сенің
оқығың келеді ғой деп береді. ІІ жақ, анайы түрі. 4-оқушы:
Сіздің де оқығыңыз келеді. ІІ жақ, сыпайы түрі. 5-оқушы:
Біздің де оқығымыз келеді. І жақ, көпше түрі. 6-оқушы:
Олардың оқығысы келеді. ІІІ жақ, көпше түрі.
111
Осылайша кітапты мұғалімге қайтарады.
VІ. Үйге тапсырма. «Кім болам?» тақырыбында
шығарма жазу.
VІІ. Бағалау. Ұпай текшелерінің жиынтығына қарай
бағалау.
Серікбол САНСЫЗБАЕВ,
№ 93 орта мектептің
мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,
Лахалы ауылы.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға қазақ халқының
шешендік өнері, оны айтушылар, тәрбиелік мәні, сөйлеу
мәдениеті туралы түсінік беру; ә) сыпайы, мәдениетті сөйлей
білуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу; б) мәнерлеп, нақышына
келтіре оқуын, ой-өрісін дамыту.
Түрі: жарыс сабақ. Әдісі: Жигсо, мағынаны ашу,
топтастыру, бес жолды өлең. Көрнекілігі: кітаптар, би-
шешендер суреті, дәйексөз, кескін карталар, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
112
Жаңа сабақ.
Оқушыларды топқа бөлу («Төле би», «Әйтеке би»).
Шешендік сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
Шешендік сөздерді кімдер айтқан?
Қазақ халқының қандай би-шешендерін білесіңдер?
Аталар сөзі – ұрпаққа аманат.
Әр топ үйден дайындап келген би-шешендердің
сөздерінен үзінділерді жатқа айтады.
1-топ. «Дүниеде не өлмейді?» деген Әз Жәнібек
ханға Жиренше шешеннің айтқаны:
Ағын судың өлгені –
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені –
Басын бұлттың жапқаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
2 топ. Төле бидің айтқаны:
Жаңбыр жаумаса, жер – жетім,
Басшы болмаса, ел – жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз – жетім...
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы...
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Әр топ сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтел айтып
жарысады.
«Болмасаң да ұқсап бақ...»
113
Әр топқа би-шешендердің сөздері таратылады, соны
рөлге бөліп оқиды.
Менің пікірім.
Әр топ сұрақтарды алып, өз пікірлерін білдіреді:
Сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
Сыныпта кім қалай сөйлейді?
Мектепте сөйлеу мәдениеті жақсы қалыптасқан оқушы
бар ма?
Ауылда кімді тілге шешен, жақсы сөйлейді деп ойлайсың?
Бес жолды тұжырым.
Қандай сөздер? Шешендік сөздер
Неге жатады? Сөз өнеріне
Кімдер айтады? Ақындар, би-шешендер
Кімге аманат? Ұрпаққа аманат
Би-шешеннің айтқаны Соңғы шешім.
Әр топқа кесте таратылады, кестені толтыру.
Не түсіндің?
Нені өзіңе тоқыдың? Нені білгің келеді?
Топтастыру стратегиясы. Әр топ сызбаны толтырады.
Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беру. Жеңімпазды
анықтау.
Шешендік сөз өнері
114
Гүлжанат АХАНЖАНОВА,
№2 Ақсуат орта
мектебінің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы.
ЗАТ ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ
ҚЫЗМЕТІ
(7-сынып)
Мақсаты: зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы
түсінік беру; сөйлемдегі сөздерге сұрақ қою, сөйлем
мүшелеріне талдау дағдыларын жетілдіру; топта жұмыс
істеуге үйрену.
Сабақ барысы.
«Қызығушылығын ояту» кезеңінде тақтаның ортасына
«Септік сұрақтары» деп жаздым. Септік сұрақтарын естеріне
түсіріп жазып шықты. Оқушылар септік сұрақтарын бірлесе
отырып жылдам тапты және қайталау арқылы есте сақтау
қабілеттерін дамытты.
«Мағынаны ажырату» кезеңінде «Түртіп алу жүйесі»
әдісі бойынша жаңа мәтінді оқыды, түсінгендерімен топта
бөлісті. Әр топтан бір оқушы презентация жасады. Мұндай
әдіспен топта еркін жұмыс істеу оқушының белсенділігін
арттыратынын байқатты. Осы кезеңдегі топтық жұмыстарда
оқушы түсінбегенін қысылмай сыныптасынан сұрап алады.
Өзінің ойымен бөліседі. Жаттығу жұмыстарын бірлесіп
орындауда оқушы топтастарына әрі көмектеседі, әрі көмек
алады.
49-жаттығуды «Семантикалық кесте» әдісімен орындады.
Сөйлемдегі зат есімнің қай септік жалғауын жалғап тұрғанын
Достарыңызбен бөлісу: |