115
және қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын
анықтап, кестені толтырды.
Бастауыш Баян-
дауыш
Анықтауыш Толықтауыш
Пысықтауыш
Парашют,
ұшақ,
ұшқыш
ұшақтың
ұшақтан,
парашютпен,
ойымды,
мұнарадан,
ұшаққа,
қолын
Ұшақтың
қанатына,
селоның
қасына,
ұшақтың
қанатынан
50-жаттығуда берілген өлеңді оқып, көптік жалғауы
бар сөздерді тапты. Көптік жалғаулы сөздердің қай сөйлем
мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын анықтады.
«Ойтолғаныс» кезеңі «Кілтті сөздер» әдісімен жалғасты.
36-жаттығуда берілген өлеңнің екінші шумағын жазу
тапсырылды. Өлеңді жалғастыру үшін «ілесіп», «бағады»,
«күресіп», «тағады» сөздерін ұйқас етіп ала отырып,
жалғастырып жазды, зат есімнің сөйлемдегі қызметін
анықтады.
Сәтті шыққан 2- топтың өлеңі былайша жалғасыпты:
Қой соңынан ілесіп,
Шопандар малын бағады.
Қиындықпен күресіп,
Орден, медаль тағады. Сөйлемдегі зат есімдерді
көрсетіп, сөйлемдегі қызметін дұрыс анықтады.
3-топтың өлеңі:
Балалар жүр ілесіп,
Күн ұзақ қозы бағады.
Далада ойнап, күресіп,
Беліне белдік тағады. Бұл топ та өлеңнің зат есімдерін
тапты және сөйлемдегі қызметін дұрыс анықтады.
116
Роза ӨМІРҒАЛИЕВА,
Гагарин орта
мектебінің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
Есет ауылы.
ЕРІНДІК ЖӘНЕ ЕЗУЛІК
ДАУЫСТЫЛАР
Сабақтың мақсаты: білімділік – еріндік және
езулік дауыстылар, олардың жасалу жолдарын түсіндіру,
сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып,
алған білімдерін бекіту; дамытушылық – ойлау қабілетін
дамыту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру, тапқырлыққа,
ізденімпаздыққа жетелеу; тәрбиелік – қазақ тілін
құрметтеуге, ойлылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту. Әдісі: сұрақ-жауап, ой-
шақыру, сатылай кешенді талдау, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: сызба-кесте, слайд, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
1-слайд. 1. Фонетика дегеніміз не? 2. Тіл дыбыстары
нешеге бөлінеді? 3. Сөйлеу мүшелерін атаңыз. 4. Дауысты
дыбыстар дегеніміз не? 5. Дауысты дыбыстарды атаңыз.
6. Жуан, жіңішке дауыстылар қалай жасалады? Атаңыз.
7. Дауысты дыбыстар неліктен ашық, қысаң болып
бөлінеді? 8. Ашық және қысаң дауыстыларды атаңыз.
Ойшақыру. Сандарды әліпби қатарындағы орынымен
ауыстырыңыз.
117
20, 21, 26, 27, 28 – о, ө, у, ұ, ү.
1, 2, 8, 12, 37, 38, 40 – а, ә, е, и, ы, і, э.
Әр жолдағы дыбыстарды айтуда сөйлеу мүшелерінің
қайсысы қатысты? (Ерін, езу).
- Бұл дауыстылар қалай аталады екен? (Еріндік, езулік).
- Бүгінгі жаңа сабағымыз «Еріндік және езулік
дауыстылар» деп аталады.
Жаңа сабақ. Түсіндіру (сызба-кесте арқылы).
Дауысты дыбыстардың жасалуы кезіндегі ерін мен
езудің қалпына қарай олар еріндік және езулік болып
бөлінеді.
Оқулықпен жұмыс. 247-жаттығу.
Жасырынған дыбыстарға (ұ, і) сатылай кешенді талдау.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей. Көп нүктенің орынына тиісті әріптерді
қойыңыз.
Біл...мдід...н ш...ққ...н сөз
Тал...пт...ға б...лс...н кез.
Қойылған дыбыстар еріндік пе, езулік пе?
ІІ деңгей. Ұ дыбысынан басталатын 10 сөз ойлап жаз.
Еріндік дауыстының астын бір, езулік дауыстының астын
екі сызықпен сызып көрсетіңіз.
ІІІ деңгей. Кім тапқыр? Оңынан да, солынан да
оқығанда бірдей сөздерді ойлап жаз. Қалаған бір сөзге
дыбыстық талдау жаса.
ІV деңгей. Өлеңді ұйқастырып аяқтаңыз. Қойған
сөздеріңіздің біріне математикалық тәсілмен талдау
жасаңыз.
118
Сағаттың жаңылма да есебінен,
Өзің оян, өзің тұр төсегіңнен.
Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел сабақтан.
Оқуда зейінді бол,
Еңбекке төзімді бол.
Қызықты өтсін өмірің
Таза болсын көңілің.
Оқығаның есте болсын,
Күнделігің беске толсын!
Бекіту. Кестені толтыру.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің қатысына
қарай нешеге бөлінеді?
Еріндік және езулік дауыстыларға анықтама беріңіз.
Сөйлеу
мүшелерінің
қатысы
Дауысты
дыбыстың
түрлері
Дауысты
дыбыстар
Үйге тапсырма. І нұсқаның оқушыларына: 248-
жаттығу. ІІ нұсқаның оқушыларына: 249-жаттығу.
Барлық оқушыға ортақ: Әрбір сөзі дауысты дыбыстан
басталатын 5 мақал жазу (Ел үмітін ер ақтар).
Бағалау.
119
Қарлығаш ШАЛАБАЕВА,
Ақтөбе қаласындағы
№5 орта мектептің мұғалімі.
ЕСІМДІКТІ ҚАЙТАЛАУ
САБАҒЫ
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың есімдік туралы
алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша
білімдерін бекіту;
ә) ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту,
ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне
сенімдерін арттыру; б) сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу,
топпен жұмысқа, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу
мәдениеттерін қалыптастыру. Түрі: қайталау, пысықтау.
Әдісі: жинақтау, талдау, сатылай кешенді талдау, тест.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.
Көрнекілігі: ашық формалы тест, бағалау парақшалары,
тірек сызбалар.
Сабақтың барысы.
Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабақты, балалар, Абай атамыздың
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға
Бәрі де ашық тұрмай ма ойлағанда ....» деген өлең
жолдарымен бастасақ.
Мұнда адамның қандай қасиеттері сөз болады?..
- Осында есімдік бар ма?
- Тағы қандай сөз таптары бар?
І. 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2. Есімдік дегеніміз
не? 3. Есімдікті мағыналық түріне қарай қалай ажыратамыз?
4. Құрамына қарай қалай топтаймыз? 5.Жалпылау есімдігі
дегеніміз не?
ІІ. Кітаппен жұмыс. Сөйлемдегі сөздерді тұлғасына
талдау.
Білікті біліп айтар сөзін ұтар,
Достарыңызбен бөлісу: |