124
3. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
Отан, туған жер, халық
Еңбек Ерлік, батырлық
Ынтымақ, Достық,
бірлік жолдастық
Оқу, білім, өнер Төрт түлік мал,
кәсіп, егіншілік
Адамгершілік, жақсы-жаман қасиеттер
II. Мағынаны түсіну.
Оқулықпен жұмыс.
«Кім көп біледі?» ойыны.
Мақал-мәтелдердің керекті сөздерін табыңыз.
1. Отан ... да ыстық (оттан). 2. Туған жердің ... да шипа
(суы). 3. Ат жақсысын мақта, Адам ... жақта (жақсысын).
4. Аттан ... озады
(жүйрік). Атадан ... озады (бала).
Үлестірме қағаздармен жұмыс.
III. Ойтолғаныс
Шығармашылық тапсырма: “Мақал – сөздің мәйегі”
(шағын шығарма).
Мақал-мәтел
Талаптыға не
жауар?
Қандай үй
базар?
Күлме кімге?
Келер басыңа.
Тіл не жарады?
Жас келсе...
Ашу не?
Ақыл не?
125
Элмира ҚАШАУЛИЕВА,
Алматы қаласындағы
№148 мектеп-гимназияның мұғалімі.
КӨСЕМШЕНІҢ ТҮРЛЕНУІ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – етістіктің ерекше түрі
саналатын көсемшенің түрленуіне тоқталып, жасалу жолын,
жіктелуін меңгерту;
дамытушылық – жеке тұлғаның ойлау
қабілетін дамыту арқылы өздігінен ізденуге, еркін талдау
жасай білуге дағдыландыру, мәтінді оқи, тыңдай отырып,
өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту;
тәрбиелік – туған жерін, тілін қастерлей білуге баулу, ұлттық
құндылықтарымызды тани білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау,
топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта, слайдтар, кесте, электронды оқулық. Пәнаралық
байланыс: әдебиет, сурет.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушы назарын сабаққа
аудару, үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІ. Өткен тақырыптарды еске түсіру.
Салт,
сабақты
Көсемше
Есімше
Етіс
Болымды
Болымсыз
Шақ
Рай
Етістік
126
Етістіктен өткен тақырыпты топтастыру арқылы еске
түсіру.
«Кім тапқыр?» ойыны. 1. Ұялғанды, жауап айтпағанды
кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. 2. Үнсіз күліп тұрған
– бағанағы шәкірт бала. 3. Көшкен ауылды іздеп табалық.
4. Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр тереді.
5. Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.
Берілген сөйлемдерден есімшені тауып, сөйлемдегі
қызметін айту.
ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты 6-сыныпта өткен
материалмен байланыстыру.
Оқушыларды екі топқа бөлу («Жалын», «Жас ұландар»).
ІV. Жаңа сабақты пысықтау.
Жаттығу жұмысы
197-жаттығу. Көсемшелерді жіктеу.
1-топқа: көріп, сұрай. 2-топқа: оқып, айта.
200-жаттығу. 3 және 6 сөйлемге морфологиялық талдау.
Электронды оқулықтан «Туған жерім – тұғырым»
бейнесюжеттен көсемше, есімшесі бар етістіктерді
теріп жазу:
1-топқа. Есімше (туған, жайнаған, сылдыраған,
тілдескен, жайқалған)
2-топқа Көсемше (өсіп, ішіп, қалыптасады, болып,
керіліп)
V. Сабақты бекіту. Жаңа сабақты қаншалықты
меңгергенін тест сұрақтарына берген жауабынан байқау.
1
Көсемше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте
жұмсалады ма?
2
Қалаға барамын.
Сөйлемде көсемше пысықтауыш қызметінде
тұр ма?
127
3
Дауыстап оқыды.
Сөйлемде көсемше пысықтауыш қызметінде
тұр ма?
4
Көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
жұрнақтары жіктеле ме?
5
Көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақтары
жіктеле ме?
Жауабын «Иә» немесе «Жоқ» деп белгілеңіз.
Алмагүл НҰРМҰХАНБЕТОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Қостанай облысы,
Аманкелді ауданы.
ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ
(9-сынып)
Мақсаты: Ахмет Иассауидің өмірі мен шығармашы-
лығын, Ислам дініне сіңірген еңбегін түсіндіру;
дамытушылық – «Даналық кітабынан» үзінділер оқы-
тып, тәрбиелік, адамгершілік сипаттарын оқушы бойына
дарыту; тәрбиелік – Иассауи кесенесі ұлт мақтанышы,
мәдени мұра екендігін өмірмен байланыстыра отырып
түсіндіру.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту, шығармашылық. Әдіс-
тәсіл: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқыту, кубизм әдісі.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, Түркістан қаласының
суреттері, сызба.
Сабақтың барысы.
128
1. Ұйымдастыру.
Сабағымызды Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Әбішұлының мына сөзімен бастаймыз:
«Біз тегіміз түрік, дініміз ислам екенін ұмытпауымыз
керек. Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды
естен шығармауға тиіспіз».
Әр халықтың мақтан етіп бетке ұстар, ата-бабаларынан
мұра болып қалған көненің көзіндей ескерткіштері бар. Бұл
орыстардың Кремлі, Үндістанның Тәж-махалы, Египеттің
пирамидалары. Сол сияқты Қазақстанның тұмары Түркістан
қаласы болса, ал Түркістанның тұмары – Ахмет Иассауи
кесенесі мен Тайқазан.
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз түркі тілдес халық-
тардың аса көрнекті ақыны, есімі Ислам әлеміне мәшһүр
болған ойшыл қайраткер Ахмет Иассауидің өмірі мен
шығармашылығына арналады (Ахмет Иассауидің суреті
көрсетіледі).
Иассауи – сопылық әдебиеттің өкілі. Ол бүкіл өмірін
исламды уағыздауға арнады. Шымкент облысындағы
Сайрамда туып,қазақ жерін Үнді, Қытай. Еуропамен
байланыстырған Түркістан қаласында ғұмыр кешкен.
Суреттеңіз. Түркістан – баба қала (Түркістан қаласы
туралы мәлімет беру).
XV ғасырдың аяғына шейін Түркістанның аты Иассы
деп аталыпты.Кішкене ғана қалашық XII ғасырда сол жерге
Қожа Ахмет Иассауи хазірет сұлтан келген соң даңқы
шыққан. 1166 жылы Иассауи қайтыс болып, онан кейін оның
бейітін түрік тұқымы, әсіресе, қазақ халқы әр уақыт зиярат
етіпті. Әр жерден халық көп келетін болған соң ол жерде
сауда ашылып, кішкене қала бірте-бірте зорайып шаһарға
айналады.
Ахметтің оқуға деген ынтасы ерекше. Зерек баланы
атақты сопы Арыстан баб өзіне шәкірттікке алады.
Достарыңызбен бөлісу: |