98
III. Шығармашылық тапсырмалар:
“Аққу” тобына. 1. Аққудың әсемдігін білдіретін сөз
жазыңдар. 2. Шығармадан оқ тиген аққудың мүшкіл халін
суреттеген детальдарды табыңдар.
“Табиғат” тобына. 1. Поэмада Жетімкөлдің сұлулығы
қалай суреттелген? 2. Табиғаттағы тыныштық салтанатын
тағы қай көріністен байқаймыз?
“Ана” тобына. 1. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне
баға беріңдер. 2. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай
көрсетілген?
IV. Аққуды атуға бола ма?
“Аққу” (жақтаушы топ): Аққу – киелі құс. Аққуды атуға
болмайды.
“Ана”( даттаушы топ): Ананың балаға деген махаббатын
дәлелдеу үшін аққуды атуға болады.
“Табиғат” тобы екі топқа баға береді.
V. Өзіндік жұмыс. “Екі жақты күнделік”.
Мәтіннен үзінді
Не себепті таңдадыңыз?
«Сірә, сорлы жоқ шығар
менен өткен,
Құлынымның қасынан неге
кеткем?!
Ошақ қасы, от басы,
көрмеппін ғой,
Дүние-ау, сен осындай
керемет пе ең?!»
Ана отыр,
Озбыр ойлар қамалауда,
Қамалауда, әлдекім табалауда.
Осы үзінді өзіме қатты
ұнады, өйткені шарасыз
ананың жай-күйі жаныма
қатты батты. Баласы үшін
бар құрбандыққа баратын
ананың жанкешті бейнесі.
Сорлы анаға жаным
ашиды .
“Автор орындығы”.
Егер мен автор болсам .........
Поэманы өз ойыңмен аяқтап көр.
99
Шынар ӘБІЛҒАЗИЕВА,
Атырау облысының
Қызылқоға ауданындағы
«Қаракөл» орта мектебінің
мұғалімі.
МҰҚАҒАЛИ –
МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР
Мақсаты: а) Мұқағали Мақатаевтың өмірімен жан-
жақты таныстыру, шығармашылық жолынан мәліметтер
беру, ақын жырларының құдіретін сезіну, адам тіршілігін-
дегі маңызын, тіл шұрайын таныту; ә) оқушыларды ақын-
ның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей
білуге, адал болуға тәрбиелеу; б) Мұқағалидың ақындық
талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың
бойына поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті
берік қалыптастыру.
Түрі: сайыс («ХХІ ғасырдың көшбасшысы»). Әдісі:
сұрақ-жауап. Көрнекілігі: Мұқағали портреті, интерак-
тивті тақта, ақын-жазушылардың Мұқағалиға арнаған
ұлағатты сөздері.
Сайыс барысы.
1-жүргізуші:
- О, Мұқа, сезесің бе, сезесің бе,
Еліңді аралап жүр елесің де.
Әндерің шырқалады әр ауылда,
Сөздерің әр қазақтың өресінде.
Халқыңның ақыны боп жаралғансың,
Қарасаз топырағынан нәр алғансың.
Қазақтың қара өлеңін шекпен жауып,
Қайтарып, аңыз болып таралғансың.
100
2-жүргізуші: - «Сырым да осы,
Жырым да осы
Алдыңда,
Байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп бір күндік жарық
сәуледей өте шыққан қысқа ғұмырында ұлан-ғайыр мұра
қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Ақиық ақын, халқы-
ның қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаев
шығармашылығына арналған «Мұқағали – мәңгілік
ғұмыр» атпен сыныбымыздың «Үздік мұқағалитанушы»
жүлдесін анықтау мақсатында өткізілген «ХХІ ғасырдың
көшбасшысы» зияткерлік сайысына хош келдіңіздер.
І кезең: «Бәйге».
Бұл кезең 8 сұрақтан тұрады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
беріледі.
1. Мұқағалидың әкесінің аты (Сүлеймен). 2. Ақынның
азан шақырылып қойған аты (Мұқаметқали). 3. Мұқағалидың
туған күні, жылы (9 ақпан 1931 жыл). 4. Ақынның шешесінің
аты (Нағиман). 5. Ақынның туған жері (Алматы облысы,
Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы). 6. Ақынның әжесінің,
атасының, жарының аттары кім? (Тиын, Мақатай, Лашын).
7. Мұқағали қай жылы, қай мектепті бітірді? (1948 жылы,
Нарынқол орта мектебі). 8. Ақынның бауырларынан кімді
білесің? (Тоқтарбай, Көрпеш).
ІІ кезең: «Тіл өнері».
Бұл кезеңде ақынның өлеңдерінен үзінділер оқылып,
жыр жолдарында жасырынған сөздерді тауып, үш тілде
жауап береді.
1. Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,
Құшақ-құшақ ......... шоқтарын лақтырып,
101
Мынау шапан, мынау атың, мін демей. (гүл-цветок-flower)
2. Жігітінен қазақтың ...... таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. (дос-друг-friend)
3. Аспаныңдай кей сәтте күрсінемін,
Жас талыңдай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен
......... болып кеудеме кірші менің! (жүрек-сердца-heard)
4. Ең ....... бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін. (бірінші-первый-
first)
5. Жапырақ жүрек, жас қайың,
Жанымды айырбастайын.
Сен ......... бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын. (адам-человек-people)
6. Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса ......... немере төрт жаққа
Көзден ғайып болатұғын секілді. (төрт-четыре-four)
7. Мен ........... болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
Мен – ашу да, сен – ақылсың нәрі аққан... (түн-ночь-
night)
8. Өкінбе, ....., отың бар сөнбейтұғын,
Ол мәңгілік жанады көрмей тыным. (әке-отец-father)
9. Ақ ұлпа жерді жапқанда,
.............. сырға таққанда... (ағаштар-деревья-trees)
ІІІ кезең: «Дода».
Бұл кезеңде ұяшықтарға жасырынған сандардағы
сұрақтарға жауап береді.
1. Мұқағалидың ұлдарының аты (Айбар, Жұлдыз).
2. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? (5 шілде
1991 жыл). 3. Ақын мұражайының авторы (Кәрім Бекжанов).
4. 2000 жылы Мемлекеттік сыйлықты иеленген шығармасы
(«Аманат»). 5. Мұқағалидың прозалық шығармасы («Қош,
Достарыңызбен бөлісу: |