106
«Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай,
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай» деп Айтақын ақын
жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да
өлмейді. Мұқағалидың поэзиясы әрбір мезгілмен бірге
көктеп-көгеріп, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек!
Айжан ӘЖІБЕКОВА,
«Қайнар» гимназия-
мектебінің мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы,
«Асықата» кенті.
МҰҚАҒАЛИДЫҢ МУЗАСЫ
Поэзия – сезім мен рухтың құймасы. Рух пен сезім! Жалпы
поэзияның туы – осы екеуі. Поэзия – азабы мол, ауыр жол.
Егер өлең сіздің жүрегіңізге ұялай алмай, тіліңізге үйіріле
алмай, қапас ойдан қарғып шығуға ұмтылса, сізге асқақ рух
пен шалқыма шабыт керек болғаны. Әр ақынның шабыт
шақырып, рухқа табынуы әрқалай. Ақиық ақын Мұқағали
Мақатаев та – ерекше рухы биік ақын. Оның поэзиясынан
да жанын сарсаңға түсірген «музаларға» (муза ежелгі грек
мифологиясындағы әр саладағы адамдардың әрекеттерін
жебеуші құдайлар) табынып, олардан келіп жебеп, демеп
жіберуін сұраған ақынның нәзік тілегі көптеп кездеседі.
Ақын «Музаға» атты өлеңінде
«Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің,
О, Муза, құйын желдей?
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді
107
Қаңыраған иесіз диірмендей,
Мұздатады жанымды бұйым көрмей» деп жаны
жабырқап, күйі келмей отырғандығын оқырманға жеткізіп,
өзінің мұздаған жанына жылу берер, сусаған шабытына
сусын болар шабыт іздейді. Осы өлеңінде ақын:
«Күтемін сенен үміт, сенен жігер,
Қисаң маған биік пен тереңді бер!
О, Муза,
Маған алыс сөреңді бер,
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер» деп бір сәт пенделігі
есіне түсіп, поэзия шыңдарынан үлкен үміттер күтіп,
мұңайған ақын осы соңғы шумақта әлгінде ғана өзі түсірген
күйініш пен жабығу тұманын өзі ысырады. Бір өлеңнің
басы мен соңында екі бөлек сезім. Мұндай дүниелер, сөз
жоқ, томаға тұйық, толғақсыз туылмаған. Сөз жоқ, әр түрлі
сезімдер арпалысының арасынан жалт еткен сезім найзағайы
бұл.
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі,
табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның ...
өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс
пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған»,– дейді Әбіш
Кекілбаев. Шынында да, Мұқағали күрделі де тұңғиық
сезімін суреттеуде терең тебіреніс пен асқақ шабыт іздейді,
сөйтіп тағы да Музаға жүгінеді. «Соқ, жүрек» атты өлеңінде
ол «Соқ, жүрек,
Солқылда, ми,
Тасы, қаным!
Өмірге, айтылған жоқ ғашық әнім.
О, Муза,
Бір өзіңе бас ұрамын,
Тездеп жет,
Мен бір жаққа асығамын» дейді.
Ақынның әрбір сөзінде, әрбір шумағында көзге бірден
ұра қоймайтын зор жігер, құпия сенім, терең рух жатыр.
108
Мұндағы ақын міндеті – өз сезімін өзі тұтқындамау, ағынан
жарылып, азапқа салған ауыр ойдан айтып құтылу.
Ақын «Сыр» атты өлеңінде де Музаға жүрегінің жан
сырын жайып салып, күрсініп, көкірегі жылап, «Өшем бе,
жоқ, әлде өсем бе?» деген сұрауларға өз жүрегінен жауап
іздейді. «Мен ақын деген атқа тек мастанып қоймаймын»
дейді. Сөйтіп Музадан сүйеу, демеу іздейді.
О, Муза!
Тағдырыма иемісің?!
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүйеу үшін.
Мұқағалидың құдайдай табынып өткен тәңірі – өлең
жырлары. Өлең – тынысы, алдамайтын адал досы, жұба-
ныш-үміті, жанашыры, қуанышы, сырласы, мұңдасы
болды. Оның сырлы жанынан нәзіктікті, сәл нәрсеге
ренжитін осал әрі періште адам екенін тану қиын емес.
О, Муза!
Мәңгі жастық!
Қайран досым!
Қай күні ауар екен сайран қосым.
Поэзия – жастық қой жалын ұшқан,
Жас күнде жазғаныңдай қайдан болсын?!
Поэзия – нәзіктікті, пәк сұлулықты және өмір шындығын
жырлаушы жанр. Ол жайлы, әсіресе, ақындық жайлы сөз
болғанда есте ұстайтын мәселе – әр ақынның өзіндік жазу,
шабыт шақыру ерекшелігі. Мұқағали өлеңдерінің әсем де
әсерлі, мәнді де мағыналы болуының себебі де – шабытының
шалқымалығынан. Сол себептен де оның өлеңдері поэзия
әлемінің көгінен, оқырман жүрегінің төрінен орын алады.
Мұқағалиды Мұқағали еткен де, оның поэзиясының
ұлы шыңға көтерілуінің сыры да «Муза құдіреті» десек
қателеспейміз.
109
Жас маманға жәрдем
Гүлнұр БАЙЗАҚОВА,
«Ақсу» негізгі мектебінің мұғалімі.
Қарағанды облысы,
Шет ауданы,
«Нұраталды» ауылдық округі.
ҚАЛАУ РАЙ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты – оқушылардың рай категориясы
туралы білімін қайталап еске түсіру арқылы бекітіп,
қалау рай қалай жасалатындығы жөнінде түсінігін жан-
жақты қалыптастыруға күш салып, оның грамматикалық
анықтамасын нақты да айқын мысалдармен ойында
орнықтыруды көздеу. Міндеттері: етістіктің қалау райының
мағынасын, жасалу жолдарын ұғындыру, рай категориясы
туралы оқушылардың ойын дамытуды ұйымдастыру;
оқушыларды өз бетімен ізденуге, белсенді ойлау
мүмкіндіктерін жетілдіруге үйрету; етістіктің райларының
мән-мағынасын түсініп пайдалану жолдарын үйрету,
байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, адамгершілікке,
еңбекке баулу.
Түрі: білім дағдысын қалыптастыру. Әдісі: түсіндіру,
салыстыру, ойын, топпен жұмыс. Көрнекілігі: кесте, слайд.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу; кезекшімен жұмыс.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Жаттығу жұмысының
орындалуына назар аудара отырып, бір-екі оқушының тақ-
тада жұмыстарын көрсетуі, орынында отырған оқушыларға
талдау жұмыстарына ауызша жауап беруі тапсырылады.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Достарыңызбен бөлісу: |