- І. Сабақтың тақырыбы: « Борщ »
- ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға борщ тағамының технологиясын үйрету, теориялық білімін іс жүзінде қолдана білу, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
- ІІІ. Көрнекілігі: оқулықтар, плакаттар, бүктемелер,
- технологиялық нұсқау картасы.
- ІV. Материалдық- техникалық құрал- жабдықтары: пышақ,
- тақтайша, кастрюль, ожау, үккіш.
- Сабақтың жүрісі
- І. Ұйымдастыру бөлімі:
- - Оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлықтарын қадағалау.
- - Қажетті құрал- жабдықтарын, азық- түліктерін тексеру.
- ІІ. Кіріспе нұсқау:
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
- Борщ- украиндықтардың ұлттық тағамы. Борщты сүйек сорпасынан, саңырауқұлақ піспе суынан, кейде құс сорпасынан (қаз, үйрек) дайындайды және ол- етсіз ас. Өнімдер құрамы, дайындау әдісі және дәмдік ассортименті жағынан борщ әр түрлі. Қант қызылшасынан басқа борщ құрамына сәбіз, ақжелкек, жуа, томат пастасы, сірке суы, қант, орамжапырақ кіреді. Борщтын түріне қарай оған картоп,үрме бұршақ,бұрыш және басқа онімдер қосылады. Флоттық және сібірлік борщтан басқаларына қант қызылшасын сабанша түрінде, ал флоттық және сібірлік түріне тілімшелеп турайды. Борщ үшін қант қызылшасын дайындаудың бұқтыру, шала қуыру, пісіру әдістері қолданылады.
- а) Тақырып бойынша теориялық білімін есіне салу сұрақтары:
- 1.Мөлдір сорпаларды қандай гарнирлермен береді?
- 2.Салқын борщ салқын қызылша сорпасынан (свекольниктен) несімен ажыратылады?
- 3.Пюре көжелерді дайындық ерекшеліктері қандай?
-
- ә) Оқушыға тапсырманың орындалу ретін түсіндіру,
- жасап көрсету:
- Борщ дайындау үшін құрамында қызылша, сәбіз, пияз, ақжелкек, май, ұн, қант, сірке суы, дәмдеуіштер болатын тұздық пайдаланылады. Тұздықты әр сыбағаға 75 грамнан, борщ пісуіне 10- 12 минут қалғанда салады.
- Жас орамжапырақты борщ үшін сабанша,ал флоттық және сібірліктер үшін қылыш тәрізді формада турайды. Ашыған орамжапырақты алдын ала бұқтырады. Картопты томарша, флоттық және сібірлік үшін текшеше түрінде турайды.Сәбіз бен жуаны сабанша түрінде турайды. Борщ міндетті түрде қышқылтым- тәтті, дәмді және қарақошқыл- қызыл түсті болуы тиіс. Егер борщ түсі ашық болса, онда берер алдында оны қызылша тұнбасымен аздап бояп береді.
- Борщты берер кезде оған ватрушка, самса, пампушка, крупенка қосып беруге болады.
- Борщқа етті алдын ала пісіру
- Құрамына кіретін көкөністердің туралу әдістері
- б) жұмыс тапсырмаларын беру
- в) кіріспе нұсқауды бекіту
- г) жұмыс орындарына бөлу
- Оқушыларды 4 бригадаға бөліп, тапсырмаларын береміз:
- І-ші бригада: «Мәскеулік борщ»
- ІІ-ші бригада: «Украиналық борщ»
- ІІІ-ші бригада: «Сібірлік борщ»
- ІV-ші бригада: «Орамжапырақ пен картоп борщы»
- ІІІ. Ағымдағы бөлім:
- Оқушының өз бетімен жұмысы:
- Мақсатты тексеру:
- Оқушының жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруының техникалық қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау.
- Оқушының құрал- саймандары, жұмыс үрдісінің дұрыстығын қадағалау.
-
- ІV. Қорытынды нұсқау.
- -Жеке оқушылармен жұмыс және көмек көрсету.
- Құрбақова Ұ.,Ержанова А. көкөністердің туралу жолдарын көрсеттім.
- -Тапсырманы қабылдау, тексеру, бағалау.
-
- V. Үйге тапсырма:
- Технологиялық нұсқау карта жасау.
| | | - Борщқа қызылша қосылатынын
| - Басқа да түрлерін білгім келеді
| |
Достарыңызбен бөлісу: |