Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет83/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116

244 
 
Баған  бойынша  орналасқан  сандарды  енгізу  барысында,  енгізуді 
аяқтау үшін,  [Enter] пернесін қолдану бəрінен де ыңғайлы 
Есіңізде  болсын,  енгізуді  аяқтаған  соң  ғана  берілгендер  ұяшыққа 
енгізіледі. 
Автотолтыру.  Excel  бағдарламасы  басқа  ұяшықтардағы  ақпаратқа 
негізделе  отырып,  ұяшықтарды  толтыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл 
мүмкіндік  əр  түрлі  тізімдерді  оңай  құруға  мүмкіндік  береді.  Жиі 
қолданылатын  тізімдер  Excel  бағдарламасына  орнатылған.  Мұндай 
тізімдерге, мысалы, уақыт немесе апта күндері  мен ай аттары жатады. 
Бағдарлама  мүмкіндіктерін  қолдана  отырып,  1  –ден  8-ге  дейінгі 
натурал  сандардың  қатарын  қалай  тез  құруға  болады?  Әрине,  олардың 
бəрін ретімен теріп шығуға болады, бірақ бағдарламада мұндай жайтқа 
арнайы толтыру құралы қарастырылған. 
Бағдарламада  ұяшықтарды  сандар  қатарымен  толтыру,  алғашқы  екі 
ұяшықтың  талдауы  негізінде  мүмкін.  Бұл  ретте,  бағдарлама  сандардың 
қалған мүшелерінің реттілігін өзі қалыптастырады. 
Автотолтыруды жүзеге асыру үшін, ұяшықтың қай жерінде толтыру 
маркері  орналасқанын  анықтау  керек.  Тағы  да  белсенді  ұяшықты 
қарастырайық. Курсорды А4 ұяшығына орналастырыңыз, ол ұяшық енді 
жуан  рамкамен  белгіленген  жəне  рамканың  төменгі  оң  жағының 
бұрышында  толтыру  маркері  пайда  болды.  Тышқанның  көрсеткісін 
толтыру маркеріне апарыңыз; нəтижесінде, тышқанның көрсеткісі өзінің 
формасын  +  түріне  өзгертеді.  толтыру  маркерімен  жұмыс  істеу  үшін,  
Дəл  осы  кезде  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басып,  оны  жібермей, 
көрсеткіні  төмен  немесе  бүйіріне  қарай  жылжыту  керек.  бұл  жағдайда, 
белгіленген аймақ кеңейеді. 
Бағанға  1,  2,  ...,  8  реттік  нөмірлерін  енгізуді,  біздің  мысалымыз 
негізінде  орындалуын  қарастырайық.  Әдетте,  оларды  теру  үшін, 
сандардың прогрессиясына автотолтыру тəсілін қолданады. 
1. 
Реттік  нөмірлерді  Түзету/Толтыру/Прогрессия  командаларымен 
енгізу.  Жұмысты  бастамас  бұрын  ұяшықтар  диапазоны  (блок)  ұғымын 
анықтаймыз жəне блокты белгілеу тəсілін қарастырайық. 
Ұяшықтар диапазоны жұмыс бетінің белгілі бір тік бұрыш аймағын 
білдіреді,  ол  диапазонның  қарама  –  қарсы  бұрыштарында  диаметралды 
түрде орналасқан, ұяшықтар адрестерімен анықталады. Бұл «қос нүкте» 
(:) символымен бөлінген екі координат диапазон адресін құрайды. 
Кейбір  жағдайларда,  диапазон  түгелімен  бірнеше  бағандардан 
құралатын болса, мысалы, В - дан D- ға дейін, оның адресі B:D түрінде 
жазылады.  Дəл  солай,  егер,  диапазон  түгелімен  5-ден  7-ші  жолдардан 
тұрса,  онда  ол  5:7  адресіне  ие  болады.  Одан  басқа,  формулаларды 
енгізгенде,  «нүктелі  үтір»  (;)  символдарымен  бөле  отырып,  мысалы, 
C4:C11;  E5;  F3:G7,  бірнеше  диапазондардың  немесе  ұяшықтардың 
бірлесуін қолдануға болады. 
Ұяшықтар  блогын  белгілеу  үшін,  белгіленетін  блоктың  сол  жақ 
жоғарғы   бұрышындағы   ұяшықты   белсенді      ұяшық   етіп  қойыңыз, 


245 
 
тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басып,  оны  жібермей,  тышқанды 
блоктың  оң  жақ  төменгі  бұрышына  жылжытыңыз.  Сонымен  қатар, 
блокты  белгілеу  үшін,  [Shift]  пернесін  жəне  курсорды  басқару 
пернелерін қолдануға болады. 
Сандар қатарын қалай енгізуді қарастырайық. А4 ұяшығына натурал 
сандар  қатарының  бірінші  мəнін,  əдетте,  нөмірлеуге  қолданылатын –  1 
санын  енгізіңіз,  Бұдан  кейін,  нөмірлер  (А4  –  тен  А11-ге  дейінгі 
ұяшықтар  тобын)  көрсетілетін,  ұяшықтардың  диапазонын  (блогын) 
тышқанмен белгілеңіз, 
Түзету/Толтыру/прогрессия  командаларымен  Прогрессия  терезесін 
ашыңыз (11.8-сурет). 
Үнсіз  келісім  бойынша  Excel  бағдарламасы  сізге  белгіленген 
ұяшықтарды  арифметикалық  прогрессия  1  қадамымен  толтыруды 
ұсынады.  Біздің  мысалымыз  үшін,  дəл  осындай  прогрессия  қажет, 
сондықтан ОК батырмасын басу арқылы тек растаңыз. Ұяшықтар 1, 2, 
..., 8 сандарымен толтырылады. 
А4 –тен А11-ге  дейінгі ұяшықтар тобы ұяшықтар диапазоны болып 
табылады  жəне  жұмыс  бетінің  тік  бұрышты  аймағы  болады.  Ол 
диапазондардың  диаметралды  қарама  –  қарсы  бұрыштарында 
орналасқан,  ұяшықтар  адресімен  ғана  анықталады.  «қос  нүкте»  (:) 
символымен бөлінген бұл екі координат диапазон адресін құрады. Біздің 
мысалымызда  белгіленген  ұяшықтардың  диапазоны  А4:А11  түрінде 
көрсетіледі. 
2. 
Толтыру  маркерінің  орнын  ауыстыру  арқылы  сандар  қатарын 
құру. Бұл тəсілді қолдану үшін тексеру керек, ал қажет болғанда кейбір 
баптауларды орнату керек. 
 
11.7. –сурет. Прогрессиямен балғаны толтыру 
 
 


246 
 
11.9. –сурет. Толтыру маркерінің орнын ауыстыру арқылы 
сандар қатарын құру

 
 
Сервис/Параметрлер/Түзету мəзірінен Параметрлер 
терезесін  ашыңыз  жəне  Ұяшықтарды  тасымалдау 
жалаушасы  орнатылғанына  көз  жеткізіңіз.  Әдетте, 
мұндай  баптау  үнсіз  келісім  бойынша  орындалған.  Ал 
егер, сізде мұндай орнату жоқ болса, ұяшықтарды тасымалдаудың 
жалаушасын тышқанның шертуімен орнатыңыз. 
Баптаудың  дұрыстығына  көз  жеткізсеңіз,  алдын  ала  А4:А11 
ұяшықтарынан  сандарды  өшіріп,  екінші  тəсілмен,  1,  2,  8  натурал 
сандардың қатарын құруға бірден кірісіңіз. 
Берілгендерді  өшіру  үшін,  ұяшықтардың  блогын  белгілеңіз  жəне 
[Delete]  пернесін  басыңыз  немесе  Түзету/Тазарту  командаларын 
қолданыңыз. 
А4 ұяшығына 1 санын енгізіңіз жəне[Enter] пернесін басыңыз, ал А5 
ұяшығына 2 санын енгізіңіз де, 
 батырмамен енгізуді аяқтаңыз. Одан 
кейін  А4  жəне  А5  ұяшықтарын  тышқанмен  белгілеңіз  жəне  ұяшықтың 
оң  жақ  төменгі  бұрышында  орналасқан  А5  ұяшығының  толтыру 
маркеріне  курсорды  апарыңыз  (11.9  -  сурет).  Курсор  қара  крестик     
түріне  өзгеретініне  назар  аударыңыз.  Тышқанның  сол  жақ 
батырмасымен  маркердің  қара  крестигін  іліп  алып,  сандар  қатарын  8 
мəніне дейін төмен қарай көшіріңіз, одан кейін тышқанды жіберіңіз. 
Белсенді ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышындағы бұл қара крестик 
ұяшықтарда орналасқан мəліметті тіркеп алып, асытына жəне оң жаққа 
ұяғайту  мəнімен,  ал  жоғарыға  жəне  сол  жаққа  кішірейтілген  мəнімен 
көшіреді. 
3. 
Жанама мəзірді  қолдану  арқылы  сандар  қатарын  құру.  Толтыру 
маркерін  тышқанның  оң  жақ  батырмасымен  жылжытуға  болады,  содан 
кейін  жанама  мəзірден  тиісті  команданы  (Толтыру)  таңдауға  болады 
(10.11-сурет). 
А4:А11 ұяшықтарынан сандарды тағы да өшіріңіз. А4 ұяшығында 
тек  бірінші  сан  1-ді  теріңіз,  енгізуді   
   батырмасымен аяқтаңыз. 
Тышқанның оң жақ батырмасымен автотолтыру маркерін іліп алып, оны 
А11  ұяшығына  дейін  сүйреп  апарыңыз,  бұл  ұяшықта  8  саны  –  біздің 
қатардың  соңғы  саны  орналасады.  Бұдан  кейін,  тышқанның  оң  жақ 
батырмасын  жіберіңіз;  бұл  ретте  жанама  мəзір  ашылады.  Толтыру 
командасын  таңдау  керек,  одан  кейін  белгіленген  аймақта  1,  2,  ...,  8 
сандарымен толтыру жүргізіледі. 
1-ші,  2-ші  тəсілге  қарағанда,  бұл  тəсіл  күрделі  болмаса  да, 
тəжірибеде  сирек  қолданылады.  Сізге  оны  басшылыққа  алуға  кеңес 
береміз. 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау