Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет91/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116

269 
 
Жауап.  Пернетақтадан  немесе  тышқанның  шертуімен  ұяшықтар 
адресін  теру  арқылы  немесее  Қою/Атауы/Қою  командаларын 
қолдану  арқылы,  атаулар  тізімінен  керекті  ұяшықтың  атын  таңдап 
алып, формулаларды бұрынғыша енгізуге болады 
 
11.8. 
Excel бағдарламасында берілгендерді іздеу, 
сүзгілеу және сұрыптау 
 
Берілген дерді іздеу. Excel бағдарламасы кестеде ақпаратты іздеу 
мүмкіндігін ұсынады. Мəтінді жəне санды іздеу қалай жүргізіледі? 
Ең  əуелі,  іздеу  жасалатын  ұяшықтар  диапазонын  белгілеп  алу 
керек.  Бүкіл  бет  бойынша  іздеу  жасау  үшін,  кез  келген  ұяшықты 
белгілеп аламыз. 
Түзету  мəзірінен  Табу  командасын  таңдап  немесе  [Ctrl]  +  [F] 
пернелер  комбинациясын  басу  арқылы  орындауға  болады  (11.27- 
сурет).  Табу  және  Ауыстыру  ашылған  терезесінде  Табу  ішкі 
терезесінің Табу өрісіне табуға кажетті мəтінді немесе санды енгізеді 
немесе тізім өрісінен іздеудің соңғы жолының біреуін таңдау керек. 
Параметрлер батырмасы іздеудің біршама толығырақ шарттарын 
орнатуға  қызмет  етеді.  Мысалы,  формулалар  ретіндегі  белгілі  типті 
берілгендер  орналасқан  барлық  ұяшықтарды  табуға  болады.  Егер, 
ізделетін  жолдың  форматын  енгізу  қажет  болса,  Формат  
батырмасын басып, формат параметрлерін енгізіңіз. 
Ағымдық  бетте немесе барлық  кітапта іздеу үшін  Іздеу өрісінде 
бетте немесе кітапта нұсқаларын таңдауға болады. 
Бәрін  табу  батырмасын  басқаннан  кейін,  ізделетін  жолмен 
барлық  сəйкесетіндердің  тізімі  беріледі.  Элементтерін  белгілеу 
барысында ондағы сəйкес ұяшық белсенді болады. 
 
11.27 -сурет. 
Берілген дерді кестеде іздеу
 
 
 


270 
 
Іздеуді тоқтату үшін [Esc] пернесін қолданыңыз. 
Берілгендерді  сүзгілеу.  Тізімде  берілгендерді  іздеудің  басқа 
тəсілі  болып  сүзгілер  қызмет  етеді.  Олар  керекті  берілгендер 
орналасқан  жолдарды  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Мысалы, 
халықаралық  сауда  бойынша  берілгендер  енген  тізімнен,  ұлттық 
сауда туралы мəліметті алуға болады. 
Берілгендерді  сүзу  –  бұл  көптеген  берілгендердің  арасынан 
іздеудің  жəне  олармен  тізімде  жұмыс  істеудің  тез  жəне  оңай  тəсілі. 
Сүзілген тізімде баған үшін, берілген таңдау шартына жауап беретін 
жолдар  ғана  көрсетіледі.  Excel  бағдарламасы  тізімдерді  сүзгілеу  
үшін,  екі  команда  ұсынады:  таңдаудың  қарапайым  шарттары  үшін, 
белгіленген сүзгіні қоса – автосүзгі жəне таңдаудың біршама күрделі 
шарттары үшін кеңейтілген сүзгі. 
Сұрыптаудан  айырмашылығы  сүзгілеу  барысында  тізімдегі 
жазбалардың  реті  өзгермейді.  Сүзгілеу  кезінде  көрсету  талап 
етілмеген жолдар уақытша жасырынады. 
Excel  бағдарламасында  сүзгілеу  кезінде  таңдап  алынған  
жолдарды  редактрлеуге,  форматтауға  жəне  баспаға  шығаруға 
болады,  сонымен  қатар,  жолдардың  ретін  өзгертпей  жəне 
ауыстырмай, олардың негізінде диаграммалар құруға болады. 
Берілгендер/Сүзгі/Автосүзгі  командаларын  қолданып,  сүзілетін 
тізімде,  баған  атауларының  оң  жағында  автосүзгінің  бағдары  пайда 
болады. 
Excel  бағдарламасы  сүзілген  элементтерді  көгілдір  түспен 
белгілейді. 
Қолданатын  автосүзгі  белгілі  бір  мəнге  ие  жолдарды  шығару  
үшін  қолданылады.  Оны  сонымен  қатар,  баған  үшін  бірнеше 
шарттарға  жауапты  жолдарды  шығаруға  да  қолдануға  болады, 
мысалы, нақты диапазон ішінде мəндері бар жолдарды. 
Берілгендер/Сүзгі/Кеңейтілген  сүзгі  командаларының  көмегімен 
тізімді  Автосүзгі  командасымен  орындағандай  сүзіп  алуға  болады. 
Алайда,  бұл  жағдайда  бағанның  ашылатын  тізімдері  көрінбейді. 
Бұның  орынына,  тізім  шарттарының  бөлек  диапазонына  шарт 
енгізіледі,  оған  сəйкес  берілгендерді  сүзгілеу  жүргізу  талап  етіледі. 
Шарттар  диапазоны,  таңдаудың  едəуір  күрделі  шарттары  арқылы 
берілгендерге сүзгілеу жүргізуге мүмкіндік береді. 
Шартты  форматтау.  Белгілі  шарттарды  қанағаттандыратын 
берілгендерді  белгілеу  үшін,  шартты  форматтау  қолданылады 
(шарттар  бойынша  форматтау).  Ең  əуелі,  шартты  форматтауды 
орнатуға,  өзгертуге  немесе  өшіруге  арналған  ұяшықты  белгілеу 
керек,  одан  соң,  Формат  мəзірінен  Шартты  форматтау 
командасын  таңдап  алу  керек.  Ұяшық  мəні  шартқа  жауап  бергенде, 
қолдануды  талап  ететін  шартты  беріп,  форматтау  типін  көрсету 
керек. 
Егер,   шарттар   бірнешеу   болса,   онда   шарттарды   қосу үшін, 


271 
 
Сонымен қатар, батырмасын басып, жаңа шарт енгізіп, форматтау 
типін мысалы, шрифтің түрін немесе фонын көрсету керек. 
Үш шартқа дейін беруге болады. Егер, бірде - бір берілген шарт 
қанағаттандырылмаса, онда ұяшықтың форматы бұрынғыша қалады. 
Бір немесе бірнеше шартты өшіру үшін, Өшіру командасын қолдану 
керек. 
Берілгендерді  сұрыптау.  Excel  бағдарламасында  берілгендерді 
сұрыптау  белгіленген    өрісте  іске  асырылады. 
   батырмалары 
бағандарды  жол  бойымен  өсу  ретімен  (А→Я)  немесе  кему  ретімен 
(Я→А)  сұрыптауға  мүмкіндік  береді.  Сол  сияқты,  берілгендерді 
сұрыптауды  Берілгендер  мəзірінен  Сұрыптау  командасымен 
орындаға  болады.  Берілгендерді  сұрыптау  барысында  тізімдегі 
жазбалардың реті өзгереді. 
 
11.9. 
Электрондық кестені басып шығару және сақтау. 
 
Электрондық  кестені  басып  шығару.  Excel  бағдарламасында 
көптеген  Windows-бағдарламаларындағыдай  барлық  құжаттар  қағазға 
экранда  ұсынылған  түрде  басылып  шығарылады.  Сондықтан,  құжатты 
баспаға  жіберудің  алдында,  құжат  сізге  керекті  түрде  екендігіне  көз 
жеткізу  қажет.  Ендеше,  құжатты  есеп  түрінде  басып  шығару  алдында 
оны  дайындау  қажет.  Құжатты  баспаға  жіберуді  дайындауды  əр  түрлі 
тəсілдермен  жүргізуге  болады,  бірақ,  əрдайым  құжатты  баспаға  жіберу 
алдында қарап шығу жəне оны редактрлеу керек. 
1. Алдын ала қарап шығу режимінде құжатты басу.  Баспаға жіберу 
алдында  қарап  шығу  Файл/Алдын  ала  қарап  шығу  командаларымен 
немесе  құралдар  панелінен  алдын  ала  қарап  шығу  
  батырмасын 
басумен жүзеге асырылады 
Алдын  ала  қарап  шығу  режимінде  мəзір  батырмалар    түрінде 
болады,  оның  əр  қайсысы  құжатты  баспаға  дайындау  үшін  өзінің 
терезесін ашады. 
Бет  батырмасы  төрт  ішкі  терезесі  бар  терезе  ашады:  сəйкес 
параметрлерді орнату үшін Бет, Өрістер, Колонтитулдар, Парақ. 
Бет  ішкі  терезесінде  беттің  бағыты  (тік  немесе  көлденең),  қағаз 
өлшемі жəне басу сапасы орнатылады, 
Өрістер  ішкі  терезесінде  қағаз  бетінің  шетінен  шегіністер  жəне 
кестенің көлденең (тік) орталығы орнатылады 
Колонтитулдар  ішкі  терезесінде  колонтитулдарды  орнатуға 
болады.  Колонтитулдар  деп  –  құжаттың  əр  бетінің  жоғарғы  жəне  
төменгі  жағында  орналасқан  аймақтарды  атайды;  бұл  құжаттың  əр 
бетінің  жоғарғы  бөлігінде  (жоғарғы  колонтитул)  немесе  төменгі 
бөлігінде (төменгі колонтитул) басылатын ақпарат. 
Колонтитулға  əдетте,  мəтін  жəне  (немесе)  сурет  (беттің  нөмірі, 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау