Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет84/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116

247 
 
11.10. –сурет. Жанама мəзір қолдану 
арқылы сандар қатарын құру 
 
 
 
Уақыт 
реттілігін 
енгізу. 
Қарастырылған  мысалда  уақыттың 
реттілігін  енгізу  кездескен  жоқ,  бірақ, 
бұл 
жағдай 
тəжірибеде 
жиі 
кездесетіндіктен, 
бұл 
  қалай 
орындалатынын қарастырайық. 
Уақыттың реттілігін тез құрастыру 
үшін, əуелі бірінші ұяшыққа  бастапқы 
уақытты  енгізу  қажет  жəне  курсорды  оның  түрі  қара  крестикке 
өзгергенге  дейін,  уақыт  терілген  ұяшықтың  оң  жақ  төменгі  бұрышына 
апарыңыз;  тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басып,  оны  жібермей, 
автотолтыру  маркерін  ұяшықтардың  қажетті  интервалына  дейін 
тартыңыз.  Астына  жəне  оң  жаққа  тартқанда,  уақыт  өседі,  ал  жоғары 
жəне сол жаққа тартқанда уақыт кемиді. Тышқан батырмасын жіберіңіз 
–  ұяшықтардың  таңдалған  интервалына  автотолтыру  жасалады. 
Автотолтыру  маркерін  астына  тартқанда,  уақыт  өсу  мəндерімен 
көрсетіледі. 
Дəл  солай  мəтіннен  жəне  сандық  реттіліктің  өсуімен,  жазбалардың 
реттілігі  де  құрылады.  Мысалы,  топ  1,  топ  2,  топ3,  .  .  .  ,  топ  22 
түріндегі  жазбалар.  топ  1  деп  енгізу  жəне  автотолтыру  əдісімен 
маркерді топ 22 мəніне дейін ұяшықтар интервалына тарту жеткілікті. 
 
Берілгендерді енгізу барысында жиі туындайтын 
сұрақтар 
Қолданушылардың  ең  жиі  қойылатын  сұрақтарына  мамандардың 
жауабын келтіреміз. 
Сұрақ 1. Енгізілген берілгендерді өзгертуге бола ма? 
Жауап.  Қажет  болғанда,  енгізілген  берілгендерді  өзгертуге  болады. 
Ұяшықта  бар  берілгендерді  редактрлеу  үшін,  оның  үстінен  тышқанмен 
екі рет шертіңіз немесе оны белгілеп алып, [F2] пернесін басыңыз. 
Ұяшыққа  берілгендерді  енгізу  жəне  оларды  редактрлеуді  тікелей 
ұяшықта жəне сол сияқты формула жолында орындауға болады. 
Сұрақ  2.  Кейде  ұяшықта  енгізілген  санның  орнына  #####  реттілік 
көрінеді. Бұл нені білдіреді? 
Жауап.  Кейде  сандарды  енгізгенде  жəне  есептеулер  жүргізгенде, 
мысалы,  ұяшықтың  өлшемі  саннан  кем  болғанда,  ұяшықтың  мазмұны 
онда  толық  көріне  алмайды.  Мұндай  жағдайда  ұяшықта  ###  реттілік 
пайда болады. 
 
 


248 
 
Егер,  ұяшықта  күні,  мерзімі  немесе  уақытын  енгізгенде,  оларда 
белгілердің  саны  ұяшықтың  енінен  көп  болса,  #####  қатенің  мəні 
шығарылады. Тек бағанның енін ұлғайту керек. 
Сұрақ  3.  Жол  бойы  жəне  баған  бойы  берілгендерді  енгізу  кезінде, 
берілгендерді енгізуді аяқтаудың қандай тəсілін  қолдану дұрыс? 
Жауап.  Берілгендерді  енгізу  барысында,  сол  жақтан  оң  жаққа  жол 
бойымен,  берілгендерді  енгізуді  курсорды  басқару  пернелерін  [^] 
қолдану  арқылы  енгізуді  аяқтау  керек,  себебі,  енгізу  аяқталып,  бір 
ұяшыққа оң жаққа орын ауысу жүргізіледі. 
Берілгендерді  баған  бойымен  жоғарыдан  төмен  қарай  енгізу 
барыснда,  [Enter]  пернесін  немесе  [i]  курсорды  басқару  пернесін 
қолданған  дұрыс,  себебі  енгізу  аяқталып,  баған  бойымен  бір  ұяшыққа 
төмен орын ауысу жүргізіледі. 
Сұрақ 4. Егер ұяшыққа енгізілген мəтін экранда толық көрінбесе не 
істеуге болады? 
Жауап.  Қолданылатын  шрифтің  өлшемін  кішірейтуге,  бағанды 
кеңейтуге  немесе  ұяшықта  мəтінді  бірнеше  жолға  орналастыруға 
болады. 
Сұрақ 5. Бір ұяшыққа қанша сан немесе қанша əріп енгізуге болады? 
Жауап. Бағанның ені 255 белгіні құрайды. Ендеше, бір ұяшыққа 255 
цифр, əріп немесе белгілерді енгізуге болады. 
 
11.4.  Кесте ұяшықтарына формулаларды енгізу 
 
Бастапқы  берілгендер  енгізілгеннен  кейін,  есептеулерге  көшуге 
болады.  Excel  бағдарламасында  есептеулерді  жүргізу  үшін формулалар 
қолданылады. 
Формула 
ұяшықтардың 
мəнімен 
орындалатын 
математикалық  əрекеттерді  сипаттайды.  Математикалық  əрекеттердің 
негізгілеріне  төрт  арифметикалық  операция  жатады:  қосу,  азайту, 
көбейту  жəне  бөлу,  сонымен  қатар,  дəрежеге  алу,  пайыздарды  есептеу 
операциялары  жəне  салыстыру  операциялары.  Excel  –  гі  есептеулердің 
ерекшелігі операциялар ұяшық адрестерімен орындалады. 
Формуланы жазу «=» (теңдік белгісі) символын енгізуден басталады. 
Формулаларды енгізудің мəтінді немесе жай сандық  мəнді енгізуден 
айырмашылығы осы белгіні енгізумен байланысты. «=» белгісінен кейін 
формуланың  өзі  енгізіледі,  ол  аргументтер  мен  математикалық 
операциялардан тұрады. 
Ұяшықтар  адрестері,  сандар  немесе  мəтін  аргументтер  бола  алады, 
ал  операция  ретінде  математикалық  əрекеттер  қолданылады.  Қосу  мен 
азайтуға  «+»  жəне  «-»  белгілері,  көбейтуге  «*»  белгісі,  ал  бөлуге  «/» 
белгісі сəйкес келеді. 
Ұяшықтарға  сілтемелер  қарапайым  үлгіде,  яғни,  С3  немесе  B12 
түрінде беріледі. 


249 
 
11.11. –сурет. Пернетақтадан 
формулаларды енгізу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Формулаларды  енгізу  тәсілдері.  Есептеу  жүргізілетін  ұяшыққа 
формулаларды енгізу үшін, ұяшықты белсенді етіп, формула қатарында 
есептік  формула  енгізу  керек.  Формулаларды  енгізу  тəсілдерін 
қарастырайық. 
1. 
Формулаларды пернетақтадан теру. D4 ұяшығында (Петрова В.С. 
қызметкері  үшін)  біздің  мысалымызда  жалақының  17%-ын  құрайтын 
сыйақы мəнін есептеу үшін, D4 ұяшығына =с4*0,17 фоомуласын енгізу 
жеткілікті (11.11- сурет). Оны пернетақтадан енгізейік. 
Формуланы  енгізгенде,  ұяшықтың  сілтемелері  жəне  математикалық 
белгілер  тікелей  пернетақтадан  ағылшын  тілінде  бір  символдан  кейін 
келесі   символ   теріледі.   Әрекеттер   тəртібі,   тікелей   пернетақтадан 
=с4*0,17  формуласы  енгізілетін  D4  ұяшығын  белгілеуден  жəне 
формуланы енгізуді кез келген тəсілмен аяқтаудан тұрады. Бұдан кейін 
ұяшықта  есептеу  нəтижесі  пайда  болады,  бірақ  іс  жүзінде  ұяшықтың 
мəліметі  ретінде  формула  болып  табылды,  ол  ұяшықты  белсенді  еткен 
сайын формула жолында көрінетін болады. 
Қызықты мәлімет 
Егер, сіз формуладағы ұяшықтардың аттарын пернетақтадан қолмен 
теретін  болсаңыз,  онда  формулада  ұяшықтардың  аттарын  ағылшын 
тілінде  кіші  əріптермен  енгізу  керек  екенін  ұмытпаңыз.  Неге?  Себебі 
дұрыс  терілген  адрестер  автоматты  түрде  бас  əріптерге  түрленеді.  Бұл 
сізге  ұяшықтардың  адрестерін  дұрыс  енгізуді  қадағалауға  мүмкіндік 
береді, өйткені орыс жəне латын əріптерінің жазылуы бірдей, мысалы С 
немесе А. 
Формулада  бос  орын  болмау  керек,  бөлек  ұяшықтар  адрестері 
нүктелі  үтірмен  бөлінеді,  ал  массивті  білдіретін  бірінші  жəне  соңғы 
ұяшықтардың адрестері қос нүктемен бөлінеді. 
2. 
Формулаларды  тышқанның  көмегімен  енгізу.  Егер  ұяшық 
адрестерін тышқанмен таңдаса, формулаларды тергенде, қате əлдеқайда 
аз болады. 
Мысалы,   тышқанды  қолдана   отырып,  Петрова  В.С.,   сыйақысын 
 
 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау