Оқулық Федералдық мемлекеттік мекемесі «Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған



жүктеу 2,79 Kb.
Pdf просмотр
бет86/116
Дата25.05.2018
өлшемі2,79 Kb.
#17744
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   116

253 
 
болады. Бірақ біз массив формуласын қолданып, басқаша есептейміз. 
Іс – əрекеттің реті төмендегідей болады. G4 ұяшығын  белсенді 
етіңіз, массив интервалы болатын G4:G11 ұяшықтарын белгілеңіз 
жəне =E4:E11-F4:F11 формуласын енгізіңіз (11.14-сурет).  Ұяшықтар 
тобын белгілеу үшін тышқанды қолданған ыңғайлы. 
Формуланы  енгізуді  аяқтауға  асықпаңыз.  Егер,  сіз  [Enter] 
пернесін  бассаңыз,  онда  бағдарлама  массивтің  бірінші  элементіне 
арналған  мəнді  ғана  есептеп  шығарады.  Енгізілетін  формуланың 
əрекеті барлық көрсетілген ұяшықтарға əсер  етуі үшін, оны енгізуді 
[Ctrl]  +  [Shift]  +  [Enter]  пернелер  комбинациясын  басумен  аяқтау 
керек.  Бұл  пернелер  комбинациясын  басқаннан  кейін,  G4:G11 
ұяшықтарында {=E4:E11-F4:F11} массив формуласы пайда болады. 
Формула  бейнелі  жақшаға  алынғанына  назар  аудырыңыз,  бұл  - 
массив формуласының белгісі. 
Массив  ұяшықтары  бағдарламамен  біртұтас  ретінде  өңделеді. 
Массивтің бір ұяшығын өзгертпек болсаңыз, массив ұяшығынан бұл 
операцияның орындалуы мүмкін еместігі туралы ақпарат шығады. 
Массив  формуласын  [F2]  пернесімен  шақырылатын,  редактрлеу 
режимінде  өзгертуге  болады,  алайда,  өзгертуді  растау  үшін, 
редактрлеуден кейін тағы да пернелер комбинациясын [Ctrl] + [Shift] 
+ [Enter]  басу керектігін ұмытпаңыз. 
Массив 
формуласын 
көшіру 
тəсілі 
оны 
орындаудың 
күрделілігінен жəне көлемділігінен сирек қолданылады. 
Қорытынды  соманы  есептеу.  Кестеде  баған  бойымен  немесе 
жол бойымен қорытынды соманы есептеп шығару жиі талап етіледі. 
Бұл үшін Excel бағдарламасы бірнеше тəсілдерді ұсынады. 
1.  Формуланы  қолмен  енгізудің  қорытындыларын  есептеу. 
Есептеудің бұл тəсілі «=» белгісінен кейін, қосылатын ұяшықтардың 
адрестерін  терумен,  оларды  бос  орынсыз  «+»  белгісімен    бөле 
отырып,  формуланы  қолмен  енгізуді  білдіреді.  Егер,  барлығы  екі  -  
үш санды қосу керек болса, бұл тəсілді қолдануға болады. 
 
 
11.14  -сурет. Массив формуласын көшіру 
 
 


254 
 
 
11.15. –сурет. Автосумма арқылы қорытындыларды есептеу 
Біздің  мысалымызда  сегіз  санды  қосу  керек,  сондықтан,  
формула  мына  түрде  болады  -  =С4+С5+С6+С7+С8+С9+С10+С11.  Бұл 
формула  өте  көлемді  болғандықтан,  қорытындыны  есептеуге    бұл 
тəсілді қолданбаймыз. 
2. 
Қорытындыларды  берілгендердің  автосуммасы  арқылы 
есептеу.  Excel  бағдарламасында  автоматты  сома  функциясы  бар,  ол 
құралдар панеліндегі Автосумма 
 батырмасын  басумен  орындалады. 
Біздің  мысалымыздағы  кестенің  астыңғы  жағында  қорытында  жасау 
үшін,  бұл  батырманы  қолданайық.  С  бағаны  бойынша  қорытынды 
есептеулерін  жүргізейік.  С12  ұяшығын  белгілейміз  жəне  құралдар 
панеліндегі Автосумма 
 батырмасын басамыз (11.15-сурет). 
Excel  бағдарламасы  С4  -тен  С11-ге  дейінгі  қажетті  ұяшықтарды 
пунктир рамкамен өзі белгілейді, ал формула жолында =СУММ(С4:С11) 
команда  пайда  болады.  [Enter]  пернесін  басқаннан  кейін,  С12 
ұяшығында барлық қызметкерлердің жалақы көлемі пайда болады. 
Тышқанның  екі  рет  шертуін  қолданатын  автосуммалаудың  түрлері 
көп.  келесі  тəсілмен  D  бағаны  бойынша  қорытындыны  есептеңіз. 
Курсорды  D12  ұяшығына  орнатыңыз  жəне  автосумма  белгісіне 
тышқанмен екі рет шертіңіз, сол сəтте сома есептелінеді жəне ұяшықта 
есептеудің нəтижесі көрінеді . 
3. 
Функция  шеберін  қолданумен  қорытындыларды  есептеу. 
Функция  шеберінің  мүмкіндігін  қолдана  отырып,  Е  бағаны  бойынша 
қорытындыны  есептеңіз.  Курсорды  Е12  ұяшығына  орнатыңыз  жəне 
Қою/функция    командасымен   
   Функция  шеберін  жүктеңіз  немесе  д 
батырмасына  басыңыз.  Ашылған  Функция  шебері  терезесінде 
Математикалық  категориясын  таңдаңыз  да,  функциялар  тізімінде 
СУММ  функциясын  таңдаңыз  (11.17-  сурет).  Содан  соң  ОК  пернесін 
басыңыз; нəтижесінде Функция аргументі деген жаңа терезе ашылады. 
Excel  бағдарламасы  Е4:Е11  ұяшықтарының  қажетті  диапазонын  өзі 
көрсетеді, сізге тек ОК батырмасын басу ғана қалады. 


255 
 
 
11.16. – сурет. Функция шеберін қолдану арқылы 
қорытындыларды есептеу 
 
11.17. –сурет. Функция аргументтерін енгізу 
 
Кестенің  қалған  бағандарындағы  (F  жəне  G)  қарастырылған 
тəсілдердің  біреуімен  қорытынды  нəтижелерін  есептейік.  Бірақ, 
толтыру  маркерін  тарту  арқылы  D12  ұяшығынан  формуланы  жол 
бойымен оң жаққа көшіріп əкелу оңай. 
Осылайша, біз кестенің барлық бағандарын толтырдық. 
Формулаларды  есептеу  барысында  жиі  туындайтын 
сұрақтар 
 
Қолданушылардың  ең  жиі  қойылатын  сұрақтарына  мамандардың 
жауабын келтіреміз. 
Сұрақ    1.   Формуланы    енгізу   барысында    ұяшықтар  адрестерін 
 
 


256 
 
енгізудің ыңғайлы жолы қайсысы – пернетақтадан ба, əлде тышқанның 
көмегімен бе? 
Жауап.  Формуланы  енгізуге  екі  тəсілді  де  қолдануға  болады,  бірақ 
жұмысты  тездету  үшін,  жəне  қате  болдырмау  үшін,  пернетақтадан 
ұяшықтар  адрестерін  терудің  орнына,  керекті  ұяшықтарға  тышқанмен 
шерту арқылы олардың адрестерін енгізген дұрыс. Формулада олардың 
адрестері бірден  пайда болады. 
Сұрақ 2. Формуланы  енгізгенде,  үнемі  теңдік  белгісін  теру  қажет 
пе? 
Жауап. Үнемі емес. Теңдік белгісі сияқты қосу жəне азайту белгілері 
формулаларды  анықтау  үшін  қызмет  етеді.  Excel  бағдарламасы  қосу 
жəне  азайту  белгілерінен  басталатын  берілгендерді  формула  ретінде 
қарастырады.  Сондықтан,  егер,  сіз  қосу  немесе  азайту  операторынан 
басталатын  формуланы  енгізіп,  [Enter]  пернесін  бассаңыз,  онда 
бағдарлама  формула  алдына  автоматты  түрде  теңдік  белгісін  қояды. 
Ендеше,  формулаларды  теңдік  белгісінсіз  енгізуге  болады,  бірақ,  онда 
формула қосу немесе азайту операторынан басталуы тиіс. 
Сұрақ  3.  Кейде  формуланы  тергеннен  кейін  ұяшықта  «#ИМЯ?» 
жазбасы пайда болады. Бұл нені білдіреді? 
Жауап.  Бұл  жазба  –  қате  кодының  белгісі.  Мұндай  қате  пайда 
болғанда, ұяшықтардың барлық адрестері ағылшын тілінде жазылғанын, 
бос  орын  жоқтығын,  ұяшықтарға  жасалған  сілтемелер  дұрыстығын 
тексеру керек, 
Сұрақ  4.  Формуланы  көшірудің  қандай  тəсілі  бұл  операцияны 
бəрінен тез орындауға мүмкіндік береді? 
Жауап.  Формулаларды  көшірудің  ең  тез  тəсілі  толтыру  маркеріне 
тышқанмен екі рет шерту болып табылады (көшірудің 3-тəсілі). 
Формуланы көшіру үшін, көшірілетін формула орналасқан ұяшықты 
белсенді  ету  керек,  курсорды  толтыру  маркеріне  апарып,  курсор  қара 
крестик  түріне  өзгереді  де,  толтыру  маркеріне  тышқанмен  екі  рет 
шертуді орындау керек. Баған бойымен төменге формула көшіріледі де, 
ұяшықтарда есептеудің нəтижелері пайда болады. 
Егер, кестенің сол жақ көрші бағанында бос ұяшықтар болмаса, бұл 
тəсіл қолданылады. 
Сұрақ  5.  Жол  бойымен  орнаасқан  берілгендердің  автосуммасын 
орындауға бола ма? 
Жауап.  Болады,  бұл  жағдайдағы  іс  –  əрекеттер  жоғарыда  айтылған 
баған бойымен берілгендерді автосуммалау əрекеттерімен бірдей. 
 
11.5. 
Кестенің ұяшықтарын форматтау 
 
Excel  бағдарламасында  жұмыс  істей  отырып,  жалақыны  есептеу 
кестесін құрдық жəне онда есептеулер жүргіздік. Бірақ, кесте соңына 


жүктеу 2,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   116




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау