241
жолы, тышқанның оң жақ батырмасымен шығарылатын жанама мəзір
арқылы өзгертуге болады.
Анықтама. Бағдарламада анықтамалық ақпарат алу үшін, Microsoft
Excel - дің анықтама жүйесі бар. Ол [F1] пернесін басумен немесе
құралдар
панеліндегі
Анықтама
батырмасымен
шақырылады.
Анықтамалық жүйе сізге əрдайым қиын жағдайда, қолдау көрсетеді
жəне алда да Excel бағдарламасының мүмкіндіктерін оқып үйренуге
көмектеседі.
Әзірге, біздің жұмыс кітабымызда ешқандай берілгендер жоқ.
Берілгендерді енгізу үшін бірнеше іс-əрекеттерді орындау керек.
11.3. Кесте ұяшықтарына мәтінді және сандарды енгізу
Жеке тұлғалардың еңбек ақысына сыйақы қосылғанда, табыс
салығы (ЖТТС) ұсталғанда, соңында қолға берілетін жалақыны
есептеудің қарапайым мысалын қарастырайық (11.7- сурет).
11.7 – суретіндегі «?» белгісі алдағы уақытта бұл ұяшықтарда
формулалар бойынша есептеулер жүргізілетінін көрсетеді.
Excel бағдарламасы жүктелгеннен кейін, жұмыс кітабының таза беті
автоматты түрде жүктеледі жəне А1 ұяшығы белсенді болады. Әуелі
бетті берілгендермен толтыру керек. Бəрінен бұрын, бастапқы
берілгендерді – мəтіндік жəне сандық мəндерді енгізу керек.
Ұяшықтарға əр түрлі берілгендерді енгізуге болады – бұл мəтін,
сандар жəне формулалар болуы мүмкін. Excel –де күндер сандық
берілгендердің əр түрлілігін білдіретін болғандықтан, оларды
берілгендердің жеке түрі ретінде бөліп көрсетпейді.
Кез келген берілгендер түрін енгізу жұмыс ұяшығын белгілеуден
басталады. Ұяшықты белгілеу жəне белсенді ету үшін тышқан курсорын
таңдап алынған ұяшыққа орнатып, оған шерту керек. Экран бойынша
тышқанның көмегімен немесе пернетақтадағы курсорды басқаратын
пернелер арқылы жылжуға болады.
11.7. –сурет. Есептеу үшін бастапқы кесте
242
Мəтіндік берілгендерді енгізуді, кестенің атауын жəне бағандар
атауын енгізудің мысалы негізінде қарастырайық.
Кестенің атауын енгізу. Әрбір берілгендер түрін енгізудің өз
ерекшеліктері бар. Осылайша, мəтінді енгізудің ерешелігі - оның ені
ұяшықтың енінен артық болуы мүмкіндігінде. Ұзын мəтінді енгізген
кезде, ол ұяшық ішінде орнласады, ал мəтінді енгізуді болғаннан кейін,
ол сол жақ шеті бойынша түзетіледі. Егер, оң жағындағы көрші
ұяшықтар бос болса, онда мəтін кесте тақырыбын енгізгендей, осы
ұяшықтардың үстінен теріледі.
Мəтінді енгізу келесі ретпен орындалу керек: курсорды ұяшыққа
орнатып, мəтінді енгізу жəне оны енгізуді аяқтау. Кесте атын енгізу
үшін курсорды В1 ұяшығына орнатыңыз, ұяшық қара рамкамен
белгіленеді. Белсенді ұяшықтың аты (біздің мысалымызда В1, ұяшығы)
Аты өрісінде көрсетіліп тұрады.
Кесте атын енгізу үшін, формула қатарының оң жағына тышқанмен
шертіңіз, бұл қатарда жанып – сөніп тұратын тік сызық түріндегі
мəтіндік курсор пайда болады. Енді кесте атын енгізуге болады.
Формула жолындағы теріліп жатқан ақпарат, ұяшықта да енгізіліп
отырғанына назар аударыңыз.
Енгізуді аяқтау тәсілдері. Ұяшыққа берілгендерді енгізу кезінде,
формула жолында енгізуді растау немесе болдырмау батырмалары
пайда болады. Егер, сіз ұяшыққа берілгендерді енгізуден бас тартсаңыз,
онда Болдырмау
батырмасын, ал ақпаратты ұяшыққа енгізуді аяқтау
үшін, Енгізу
батырмасын басыңыз
.
Сонымен қатар, енгізуді растау үшін пернетақтадағы [Enter]
пернесімен де жасауға болады.
Берілгендерді енгізуді аяқтаудың үшін, батырмасын немесе [Enter]
пернесін басудың айырмашылығы бар ма? Иə, бар, ол келесіні білдіреді:
батырмасын басқанда, белсенді ұяшықтың адресі
өзгермейді, яғни, курсор бұрынғы орында қалады;
[Enter] пернесін басқанда, белсенді ұяшық адресі өзгереді,
себебі, курсор бір ұшыққа төмен түседі.
Бұл айырмашылықтарды əр түрлі жағдайларда қолданады.
Мысалы, егер сіз берілгендерді баған бойынша енгізсеңіз, онда [Enter]
пернесін, ал, егер, алда көшіруге керек болатын формула енгізсеңіз
батырмасын қолданыңыз
.
Жолда орналасқан берілгендерді енгізу үшін не істеу керек?
Бағдарламада мұндай жағдайлар үшін де енгізудің тəсілі бар –
берілгендерді тергеннен кейін пернетақтада орналасқан курсорды
басқару пернелерін қолдану керек; бұл жағдайда берілгендерді енгізу
аяқталып, көлденеңімен орын ауыстырылады. Кестенің бағандарының
атын безендіргенде, дəл осы тəсілмен берілгендерді енгізуді аяқтау
ыңғайлы.
243
Егер тышқанмен қандай да бір басқа ұяшыққа шерткенде, енгізілген
мəтін жəне сандар ұяшықта сақталады,
Егер, сіз енгізуді тоқтатқыңыз келсе, онда [Esc] пернесін басыңыз,
сонда ұяшықтың мазмұны бұрынғыша қалады. Егер, енгізуден соң
[Enter] пернесі басылған болса, онда
батырмасын немесе
Түзету/Болдырмау командасын қолданыңыз.
Ұяшықтың енінен асатын мәтінді енгізу. Кестенің бағандарының
үшінші жолының атын безендіруді қарастырайық. A3 ұяшығынан
бастап, əр ұяшықта кестенің əр бағанының атын енгізу керек. егер,
мəтіннің ені ұяшықтың енінен үлкен болса, енгізу аяқталған соң мəтін
түгел көрінбейтін болады. Сондықтан, бағанның енін өзгерту немесе
сөзді жаңа жолға көшіру керек.
Бағанның енін өзгерту үшін, баған тақырыбының оң жақ
шекарасына тышқанның көрсеткісін əкеліңіз, бұл жағдайда, көрсеткі екі
жақты бағдар түріне о ауысады. Бұл уақытта тышқанның сол жақ
батырмасын басып, оны жібермей, көрсеткіні бағанның енін қажетінше
кеңейтетіндей, оңға - солға жылжытыңыз. Барлық мəтін ұяшыққа сиған
соң, тышқан батырмасын жіберіңіз.
Бағанның енін Форма/Баған/Ені командаларымен өзгертуге болады,
ал жолдың биіктігін Формат/Жол/Биіктік командасымен өзгертеміз.
Бағанның оңтайлы енін таңдау үшін, баған тақырыбының сол жақ
шекарасында тышқанмен екі рет шертіңіз.
Сандарды енгізу. Кестенің ұяшықтарына сандарды енгізу
пернетақтада орналасқан тиісті сандық пернелермен жүзеге
асырылады. Сандық пернетақтаны қолдану ыңғайлы, оны алдын ала
[Num Lock] пернесін басу арқылы қосу керек. Num Lock шамы
жанғанына көз жеткізіңіз.
Іс - əрекеттер реті мəтінді енгізумен бірдей. Теріс сандарды
енгізу үшін, сандардың алдына минус «-» белгісін қою керек. Теріс
сандарды басқаша да енгізуге болады, егер, сіз санды жақша ішіне
енгізсеңіз, мысалы (5), онда бағдарлама бұл санды теріс сан ретінде
қабылдайды.
Бөлшек сандарды енгізу Windows жүйесінің тілдік баптауларына
байланысты. Бұл баптаулар сандарды ұсыну түрін, қолданылатын
уақыт форматтары жəне басқа да параметрлерді таңдауға мүмкіндік
береді. Мысалы, Windows-тың орыс тіліндегі нұсқасы үшін, бөлшек
сандар үтірді қолдану арқылы енгізіледі. 7.5 санын 7,5 түрінде енгізу
керек. ал егер, сіз санды нүктемен енгізсеңіз, онда бағдарлама оны 7
мамыр түрінде түсінеді.
Егер, сан өте үлкен болып, ұяшыққа симаса, ол автоматты түрде
экспоненционалды формасына түрленеді, яғни, мантисса жəне
тəртібі түрінде көрсетіледі (мысалы, 9 870 000 000 000 санын
енгізгенде, ұяшықта 9,87Е+12 түрінде көрсетіледі).
Үнсіз келісім бойынша сандар ұяшықтарда оң жақ шетімен
түзетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |