235
11
т а р а у
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕЛЕР
Жұмыста да, дүкенде да, үйде жəне басқа жерлерде біз сандарға
кездесеміз. Біздің көптеген замандастарымызға есептеулер қарапайым
іс-əрекеттер түріне айналды. Есептеулерді автоматтандыру жəне көрнекі
түрде алынған нəтижелерді көрсету үшін, көп жағдайда электрондық
кестелер қолданылады.
Қызықты мәлімет
VisiCalk (Visible Calkulator — көрнекі калькулятор) - бірінші
электрондық кестелер бағдарламасын 1979 жылы студенттер - Дэн
Бриклин жəне Боб Френкст құрды. 1980-ші жылдары Lotus
Development фирмасының Lotus 1-2-3 жəне Computer Associates
фирмасының SuperCalc элеткрондық кестелері кең таралды, бұл
электрондық кестелер MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істеді.
Windows-тың басқаруымен жұмыс істейтін ең жетілдірілген
электрондық кестелер Novell фирмасының QuattroPro жəне лайықты
құрметке ие Microsoft Excel.
Microsoft фирмасының кестелік пакетінің бағдарламасы — MS Excel
ең танымал жəне кең таралған электрондық кесте болып табылады.
Excel кестелік процессоры редактрлеудің, форматтаудың жəне
берілгендерді математикалық өңдеудің көптеген құралдарына ие,
сонымен қатар, диаграммалар мен иллюстарциялармен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді жəне басқа фирмалардың осындай өнімдерімен
үйлесілімділікті қамтамасыз етеді.
Windows – бағдарламасы бола тұра, Microsoft Excel өзінің жұмысы
үшін Windows ортасын талап етеді. Windows 95 жəне Windows NT
операциялық жүйесі бар қолданушылар əдетте, Excel 7.0 жəне Excel 97 –
ды қолданады. Windows 98 ортасында көбінесе Excel 2000 қолданады;
Windows ХР ортасында — Excel 2003.
Excel-дің
бұл
нұсқаларының
барлығы
өздерінің
негізгі
мүмкіндіктерімен бір - біріне жақын. Windows ортасындағы соңғы
бағдарламалардың бірі -Excel 2003 – де электрондық кестелерді құру
тəсілдерін қарастырайық.
11.1.
Microsoft Excel 2003 бағдарламасын жүктеу
Көптеген Windows-бағдарламалары сияқты, электрондық кестелер
бағдарламасын жүктеу үшін де бірнеше тəсіл бар. Әдетте, əр
236
қолданушының жұмыс тəжірибесімен келетін, өзінің сүйікті тəсілі
болады. Excel – ды бірнеше тəсілмен ашып көрейік.
Тəсіл 1. Excel бағдарламасын жүктеу үшін, тышқанмен тапсырмалар
панелінен Бастау
батырмасын басыңыз да, Барлық
бағдарламалар тарауында Microsoft Excel – ды таңдаңыз.
Тышқанды Microsoft Excel жазбасына апарғанда шығарылатын
ақпарат сізге, бұл бағдарлама есептеулерді жүргізуге, берілгендерге
талдау жасауға жəне кестелерде жəне Web - беттерде тізімдермен
жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін хабарлайды. Одан соң, бағдарлама
терезесі ашылады. Бағдарлама жүктелген соң, тапсырмалар панелінде
осы бағдарламаға тиісті батырма пайда болады.
Бағдарлама терезесін жоғарғы оң жақ бұрышындағы Жабу
батырмасымен жабыңыз да, оны бұдан əрі ұсынылатын тəсілмен тағы
бір рет ашыңыз.
Тəсіл 2. Тапсырмалар панелінде тышқанмен Бастау батырмасын
басыңыз жəне Барлық бағдарламалар тарауында Office құжатын құру
командасын таңдаңыз. Тышқанды команданың үстіне апарғанда
шығарылатын ақпарат, бұл тəсілмен тек электрондық кестені ғана емес,
сонымен қатар, мəтіндік құжат, презентация жəне басқа да құжаттар
құруға болатынын хабарлайды.
Ашылған Office құжатын құру терезесіндегі Жалпы қосымша
терезесінде электрондық кесте Жаңа кітап
пиктограммасына
екі рет шертіңіз.
Excel бағдарламасы қайта ашылады, оны сіз үшінші тəсілмен ашу
үшін, қайта жабыңыз. Енді терезені жабу үшін, басқа тəсілді
қолданыңыз. [Alt] жəне [F4] пернелерін бір уақытта басу арқылы, ал
[Alt] пернесін əуелі басып, оны жібермей тұрып, [F4] пернесін басыңыз.
Тəсіл 3. Тағы да тапсырмалар панелінде Бастау батырмасын
басыңыз жəне ашылған басты мəзірдің жиі қолданылатын
бағдарламалардың жарлықтары орналасақан, сол жақ бөлігінде
тышқанның бір рет шертуімен бағдарлама
белгісін таңдап
алыңыз. Сізге қажетті бағдарлама бұл ретте де ашылады.
Бағдарламаны жаңа тəсілмен тағы жабамыз. Бағдарлама атауының сол
жағында тақырып жолында орналасқан Excel
белгісін басыңыз.
Ашылған бағдарлама терезесінің мəзірінен Жабу командасын таңдап
алу керек. Бұл іс əрекеттерден кейін бағдарлама терезесі жабылады.
Ескерту: Мәзір жолындағы ұқсас Excel белгісімен шатастырып
алмаңыз, себебі, сіз онымен бүкіл бағдарламаны емес, тек жұмыс
құжатын ғана жабасыз,
237
11.2.
Microsoft Excel 2003 бағдарламасының экрандық
интерфейсі
Бағдарламаны сізге ұнаған кез келген тəсілмен ашыңыз. Eхcel
бағдарламасы жүктелгеннен кейін, экранда оның жұмыс аймағы пайда
болады, Windows-бағдарламасының кез келеген стандартты терезесі
сияқты мəзір қатары, құралдар панелі, қалып күй қатары жəне терезенің
басқа да элементтері орналасады (11.1 - сурет). Бағдарлама терезесін
қарастырайық.
Терезе тақырыбы. Терезе тақырыбында, бағдарламасының атауы
болады, ол сол уақытта ашылып тұрған жұмыс кітабының атауы,
бағдарлама мəзірін ашатын батырма (сол жақта) жəне үш батырмасы
Жинақтау/Терезеге жинақтау/Шығару/Жабу орналасады.
Басты мәзір. Мəзір тақырыптың астына орналасады жəне
бағдарламаның əр түрлі командаларын таңдауға мүмкіндік береді:
Файл,Түзету, Көрініс, Қою, Формат, Сервис, Берілгендер, Терезе және
Анықтама (11.2-сурет).
11.2. –сурет. Eхcel
б
ағдарлама терезесінің жалпы түрі
Достарыңызбен бөлісу: |