250
есептеудің =С4*0,17 формуласын енгізу үшін, төмендегі іс -əрекеттерді
орындау керек.
•
формула енгізілетін D4 ұяшығын белгілеу;
•
[=] (тең) пернесін баса отырып формуланы енгізуді бастау;
•
С4 ұяшығына тышқанмен шерту;
•
«*» символын енгізу;
•
0,17
санын теру;
•
формуланы енгізуді | батырманы басумен аяқтау.
3.
Формулаларды теңдік белгісінсіз енгізу. Формулаларды теңдік
белгісінсіз енгізуге болады, себебі, теңдік белгісі сияқты қосу жəне
азайту белгілері де формуланы индентификациялау үшін қызмет етеді.
Бұл белгілер формулада бірінші сандық мəндерге жатады.
Excel бағдарламасы қосу мен азайту белгілерінен басталатын
берілгендерді формула ретінде қарастырады. Қосу жəне азайту
операторларынан басталатын формуланы енгізгеннен кейін жəне [Enter]
пернесін басқаннан кейін бағдарлама автоматты түрде формуланың
алдына теңдік белгісін қосяды.
Біздің мысалымызда D4 ұяшығына формуланы енгізу үшін,
курсорды D4 ұяшығына орнатып, +С4*0,17 формуласын енгізу жəне
[Enter] пернесін басу жеткілікті; бұл жағдайда сыйақыны есептеу жүзеге
асырылады.
Формулаларды көшіру тәсілдері. Сонымен, біз жоғарыда
сипатталған енгізу тəсілдерінің бірімен D4 ұяшығына формуланы
енгіздік. D4 ұяшығы берілгендерді есептеудің бірінші ұяшығы. Н.Г.
Антоновқа сыйақыны есептеу үшін, D5 ұяшығына =C5*0,17
формуласын енгізу керек. Бір бағандағы есептеу формулаларының бір -
бірінен айырмашылықтары тек жолдың нөмірінде ғана болатынын
ескерейік. D бағанындағы қалған ұяшықтарды осындай принциппен
толтыруға болады. Бұл нəтижені əлдеқайда тезірек алуға да болады.
Тəжірибеде бір типті формулаларды бағанның əрбір ұяшығына енгізуді
орындамауға тырысады, себебі мұндай əрекет тиімсіз болады. Excel
бағдарламасы
əуел
баста
есептеулерді
автоматтандыру
үшін
құрылғандықтан, бір типті формулаларды бағанмен жəне жолмен тез
есептеу мүмкіндігін оған енгізді.
Әдетте, кестені толтыру барысында, есептеу формулаларын тек бірінші
жолға немесе бірінші бағанға енгізеді, ал кестенің қалған бөлігін көшіру
немесе толтыру режимдерінің көмегімен формулалармен толтырады.
Формулаларды көшіру барысында ұяшықтардың сілтемелері автоматты
түрде өзгереді. Формулаларды көшіру əдістерін қарастырайық.
1.
Формуланы
Түзету мəзірінің
Көшіру жəне
Қою командаларын
қолдану арқылы көшіру. D бағаны бойынша сыйақының мəнін есептейік.
Әдетте, көшіру Түзету мəзірінің командаларымен жүргізіледі. Бұл үшін
төмендегі іс – əрекеттерді орындау керек:
•
бағанның жоғарғы ұяшығына формуланы енгізу; біздің мысалымызда
D4 ұяшығына =C4*0,17 формуласын енгізу.