КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ
Е . В. МИХЕЕВА, О. И. ТИТОВА
ИНФОРМАТИКА
ОҚУЛЫҚ
Федералдық мемлекеттік мекемесі
«Білім беруді дамытудың федералдық институты» ұсынған
Орта кәсіптік білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру
мекемелерінің оқу үрдісіне қолдануға арналған оқулық
Рецензияның тіркеу нөмірі 340
2010 жыл 4 қазан ФМАМ «БДФИ»
11 -
басылым, стереотипті
Москва
«Академия» баспа орталығы
2016
1
ӘОЖ 681.518(075.32)
КБЖ 32.81я723
М695
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне
«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес «ТКББ жүйесі үшін
шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру бойынша қызметтер»
мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды.
Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру
үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.
Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім
беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды бөлімді
(технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет.
Аударманы «Delta Consulting Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы:
Астана қ., Иманов көш., 19, «Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл.
поштасы: info@dcg.kz
Р е ц е н з е н т т е р :
Мәскеу банк институты «Банк қызметін ақпараттандыру» кафедрасының
меңгерушісі, техн.ғылымының кандидаты Герасимов А.Н.
Мәскеу теміржол транспорты колледжінің ақпараттық технологиялар және
ақпараттық жүйелер пәнінің оқытушысы Федосеев Н.А
Михеева Е. В.
Информатика : орта кəсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне
арналған оқулық. / Е. В. Михеева, О. И.Титова. — 11-басылым., стер. —
М.: «Академия» баспа орталығы, 2016. — 352 б.
М695
ISBN 978-601-333-228-4 (каз)
ISBN 978-5-4468-3145-6 (рус)
Оқулық орта кəсіптік білім беру мекемелерінің барлық мамандықтары бойынша
федералдық мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын ескере отырып
құрастырылды; ЕН «Информатика»
Информатика бойынша базалық білім негіздері қамтылған: ақпаратты өңдеудің
автоматтандырылуы, дербес компьютердің құрылысы жəне оның бағдарламалық
қамтамасыз етуі, ақпаратпен жұмыс жəне оны қорғау, өңдеудің желілік
технологиялары мен қолданбалы бағдарламалық құралдар, сонымен қатар
автоматтандырылған ақпараттық жүйелер.
Орта кəсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған.
ӘОЖ 681.518(075.32)
КБЖ 32.81я723
© Михеева Е.В., Титова О.И., 2007
© Михеева Е.В., Титова О.И., 2012, өзгертулермен
© «Академия» білім беру баспа орталығы, 2012
ISBN 978-601-333-228-4 (каз)
© Безендіру. «Академия» баспа орталығы, 2012
ISBN 978-5-4468-3145-6 (рус)
3
АЛҒЫСӨЗ
Біздің заманымыздың сипатының басты ерекшелігі
адам баласының іс-əрекетінің барлық саласында
өндірістің өсуі, ақпаратты пайдалану жəне жинақтау
болып табылады. Адам кітап оқи ма, телефонмен сөйлесе
ме, телевизор қарай ма - оның барлық өмірі ақпарат алу,
жинақтау жəне қайта өңдеумен тығыз байланысты
болады.
Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың 40
жылдарында дами бастады, бұл есептеу техникасының
техникалық базасы əуелі - электроника, одан соң
микроэлектроника болған кезден бастап, есептеу
техникасының қарқынды дамуымен байланысты болады.
Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген маманның
жұмыс орнының негізгі элементтерінің бірі - дербес
компьютер ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау жəне
жіберу құралы ретінде қолданылады, сондықтан табысты
іс-əрекет үшін информатика саласынан тиянақты білім
мен нақты түсініктерді игеру өте маңызды.
Аталған оқулықта информатика жəне қазіргі
ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолданудың
түрлі аспектілері қарастырылған.
1-2 - тарауларда информатиканың жəне ақпаратты
өңдеу технологияларының негізгі түсініктері, ақпарат
түрлері мен қасиеттері, ақпараттың өлшем бірліктері мен
оны кодтау жүйесі, ақпараттық үрдістер мен ақпараттық
технологиялар қарастырылған.
3-6 - тарауларда компьютердің аппараттық (Hardware)
жəне
бағдарламалық
(Software)
қамтамасыз
ету
материалдары ұсынылған, Windows операциялық жүйесі,
берілгендерді
ұйымдастырудың
файлдық
жүйесі,
файлдық
менеджерлер
жəне
архиваторлар
қарастырылған.
7-8 - тарауларда ақпаратты өңдеу жəне сақтау, рұқсат
етілмеген қолжетімділіктен қорғау жəне антивирустік
қорғау құралдары қарастырылған.
9 - тарауда жергілікті жəне ауқымды желі бойынша
материалдар ұсынылған, Интернеттің негізгі сервистері
мен Web - сайттарды құрудың заманауи технологиялары
қарастырылған.
10-13 - тарауларда мəтінмен, кестемен, графикалық
ақпаратпен, сонымен қатар, реляциялық қордағы
мəліметтермен жұмыстың ақпараттық технологиялары
қарастырылған.
14
-
тарауда автоматтандырылған ақпараттық
жүйелердің жіктелуі, (ААЖ) жəне типті кəсіби
автоматтандырылған
жүйелерді
ұйымдастырудың
принциптері ұсынылған.
Оқулық авторлары ақпаратпен жəне ақпараттық
технологиялармен жұмыс істеуге өте пайдалы жəне
тұрақты дағды қалыптастыратын оқулық жасауға көп
күш – жігер жұмсаған.
Сонымен
қатар,
компьютермен
жəне
бағдарламалармен тəжірибелік жұмыс дағдыларын
қалыптастыру үшін «Академия» Баспа орталығынан
басылып шыққан Е.В.Михееваның «Практикум по
информатике» оқулығын пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |