158
Сызық сөзінде және бір сема (мағыналық реңк) бар, ол – «көңілдегі
қайғы-қасірет». Мұны да ақын-жазушылар пайдаланғаны байқалады.
Мысалы, Абайдан:
Жаралы көңлімнің
Жазылмай сызығы, – деген өлең жолдарын оқимыз.
Қайткенде де сызу сөзінің «сызу» -мен қатар «жазу» мағынасы
да күні кешеге дейін қолданылып келгенін ауыз әдебиеті үлгілері
тілінен көреміз. Келе-келе жазу-сызу болып плеонастық құбылыс жа-
сап, яғни бір мағынадағы екі сөз қосарлана айтылып, бір сөз ретінде
қолданылғаны да байқалады. Ал жеке-жеке келгенде, бұл екі сөз екі
түрлі мағынаны беретін болып кейін қалыптасқан.
СЫМАРЫШ ЕТУ. Шалкиіздің Би Темірге айтқан сөзінде:
Бұ халқыңды кімге сымарыш етерсің? –
деген жолдар бар. Мұндағы сымарыш сөзі асмарла- сөзімен түбірлес
болар. Ал асмарла- етістігі орта ғасыр түркі екерткіштерінің бірі –
«Аттухфат уз закияту фил-луғат ит-түркийа»-ның тексінде «өсиет
ету» деген мағынада қолданылған сөз деп көрсетілген. Орта
ғасырлардары түркі тілдерінде асмар/сымар(ыш) сөзі «өсиет»
мағынасында қолданылып, одан жасалған асмарла-, сымарыш ет-
етістіктерінің де болғаны байқалады. Бұл етістіктердің мағынасы –
«өсиет етіп қалдыру, тапсыру». Демек, Құдайдың үйіне кетіп бара
жатқан әміршісі – Би Темірге жырау: «Артыңда халқың қалып бара
жатыр, оны кімге тапсырасың, өсиет етесің?» – деп тұрған сияқты.
СЫНТАС. Көне түркі тілдерінде сын сөзінің бір мағынасы «кеу-
де, дене, мүсін» дегенді білдірсе, екінші мағынасы – «мола» болған
(ДС, 503). Демек, сынтас дегенді екі түрлі түсіндіруге болады: бірі
– «адамның мүсінін, көбінесе кеудесін бейнелейтін тас», екіншісі –
«моланың басына қойылатын тас». Бұл екі мағына бір-бірімен іліктес.
О баста сынтас «адам мүсінін бейнелейтін тас» дегенді білдіре келе,
мұндай тастарды моланың басына да қоятын болғандықтан, сын сөзі
«мола» ұғымын да беріп кеткен болу керек.
Қайткен күнде де сын – көне түркі сөзі. Бұл күнде сын сөзі өзінің
көне мағынасында жеке тұрып қолданылмайды, тек тіркес құрамында
сақталған.
СЫНШЫ. Қазіргі тілімізде бұл сөздің мағынасы айқын: ол – «бір
нәрсені (көбінесе жазылғанды) танып-біліп, сынап пікір айтушы
адам». Сыншы сөзінің қазақ, қырғыз тілдерінде және бір мағынасы
159
бар, ол – «атты жақсы танитын, оған баға бере алатын адам, экс-
перт». Бұл мағынадағы қолданысын эпостар тілінен де таба аламыз.
Мысалы:
Хан Қореннің қолында
Бір сыншысы бар еді («Қыз Жібек»).
Тарихшылардың пікірінше, бұл сөз XV ғасырлардағы Дешті
Қыпшақта белгілі бір қызмет бабындағы адамды атайтын термин сөз
болған, яғни хан қасындағы сыншылар әскерді атпен жабдықтайтын
хан кеңесшілері немесе инспекторлар болған болу керек (Материалы...
496). Бұл сөзді өткен ғасыр сөздіктері де көрсетеді. Н. Ильминский:
сыншы – «танушы, көріп байқаушы» деп береді (Ильминский, 159).
Бұл жердегі «танушы (исследователь)» дегені – ғылым зерттеуші
емес, атты танып-білуші, соны бағалаушы деген мәнде.
СЫПАЙШЫЛЫҚ. Шалкиіз жырау бір толғауында:
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді!
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді,
Күлістен екі қолтық жоқ болса,
Сыпайшылық сүрмен-ді, –
деп жырлайды. Мұндағы сыпайшылық деп тұрғаны нені білдіреді?
Бұл сөзді Шобанның өлеңінен де табамыз:
Сыпайшылық бұ-ды деп,
Ала білек оқ салған.
Біздің байқауымызша, бұл – парсының сипаһ «әскер, жауын-
гер» деген сөзінен жасалған дерексіз есім. Оның қазақша баламасы
– батыршылық. Мұны жоғарғы шағын толғауында Шалкиіз қатар
қолданған:
Дулығамның төбесі
Туған айдай болмаса,
Батыршылық сүрмен-ді.
Демек, бұл сөз ертеректегі қазақ-ноғайлы поэзиясы тілінде парсы
тілінен ауысқан сөздердің едәуір актив қолданылғанының дәлелі бола
алады. Ал парсы тіліндік сөздермен келген образдар бұл кезеңдегі ау-
ызша тараған әдеби тілдің орта ғасырлардағы түркі әдеби тілдерімен
іліктес болғандығын көрсетеді. Орта ғасырлардағы түркі жазба тіл
дәстүріне көне түркі тілдері мен парсы поэзиясы тілінің тікелей әсер
еткені белгілі.
160
ТАРЛАН. Шалкиіз жырау:
Айдын шүйсең тарлан шүй, –
дейді. Одан үш-төрт ғасыр кейін жырлаған Махамбет ақын Исатайды
жоқтағанда:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым, –
десе, өзінің сыбайластары, жорықтас жолдастары туралы:
Еділді көріп емсеген.
Жайықты көріп жемсеген
Таудағы тарлан шұбар біз едік! – дейді.
Бұлардағы тарлан сөзі биікке ұшатын («таудан мұнартып
ұшатын») қыран құсты білдіретіні байқалады. Махамбеттің Исатайға
арнаған өлеңінің және бір жерінде кездесетін:
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім, –
деген жолдардары бөрі сөзі дұрыс оқылмаған. Бір зат әрі құс, әрі аң
(бөрі) бола алмайды. Бұл жолдағы бөрі сөзі бірі деп оқылуға тиіс.
«Таудағы тарлан біз едік» деп Исатаймен өзін қосып отырған ақын
Исатайдың барында сол екі тарланның бірі едім деп отыр.
Бұл күнде тарлан сөзі түсті («тарғыл, шұбар секілді аралас түс»
– ҚТТС, IX, 26) және ауыспалы мәнде «тәжірибелі, майталман»
дегенді білдіреді деп танылады. Ал ертеректе бұл сөз образ жасай-
тын поэтизмдердің бірі болған, ол образ биікті (тауды) мекендейтін
қыран құс атауынан алынған. Бұл образ – еркіндіктің, биіктіктің сим-
волы, Сірә, тарлан сөзі бала қыран емес, есейген, мықты құсты атау
үшін алынған сөз болар, мүмкін, есейе, қартая келе қыранның түсі
шұбарланып, тарғыл тартуына байланысты туған атау болар. Өйткені
тарлан сөзінің тар деген түбірі тарғақ, тарғыл, тарлау («әртүрлі
шөп шыққан далалық, шалғын» және өсімдік атауы) сияқты сөздерде
«шұбар» ұғымын қамтиды. Қазақ тілінде тарлау өсімдігінің тарлан
қияқ деген екінші аты да бар екендігіне назар аударсақ, тарлан ~
тарлау ~ тарғыл сөздері бір мағыналас, бір түбірлес сөздер болып
шығады.
Тарлан сөзі монғол тілінде де «шұбар, шұбар ала» дегенді білді-
реді. Ильминскийдің материалдарына жүгінсек, тарлан – жылқының
түсі («сивый с желтыми яблоками»), тарғыл – сиырдың түсі
(Ильминский, 106).
ТАРЛАУ. Махамбет өлеңдерінде:
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар
Талаудан татқан дәні бар, –
Достарыңызбен бөлісу: |