Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет57/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162

167

Төрт түлікке толтырды



Толағай тұлдыр қыратты. 

Міне, бұларда да толағай сөзінде «жалаңаш, тақыр» деген мағына 

бар. Бұл – түркі-монғол тілдеріне ортақ сөз бе, әлде монғол тілдерінен 

ертеректе енген образ ба, немесе о баста толағай бас болып айтылған 

плеоназм  ба  (мағынасы  бірдей  сөздердің  қатар  қолданылуы  ма) 

– кесіп айту қиын. Бірақ қайткенде де бұл сөз қу эпитетімен келіп, 



қу толағай бас (бастану), қу толағай көріну сияқты тұрақты тіркес 

құрап  та,  жеке  қолданылып  та  «жалаңаш,  тақыр»  деген  ұғымға  ие 

болған деп табамыз. 

Қазақ  тілінде  толағай  сөзінің  екінші  мағынада  қолданылғаны 

және  кездеседі.  Ол  –  «тоқтамай  соққан,  қатты  жел».  Марқасқа 

жыраудың (XVII ғ.) толғауында:

Тоқтамай соққан толағай 

Толастар мерзім жеткен дүр, – 

деген тармақтар бар. Бұл жердегі толағай – жел (желдің бір түрінің 

аты).  Сірә,  бұлар  –  омоним  сөздер  (тұлғалары  бірдей,  мағыналары 

мүлде бөлек) болар.

ТОЛҒАНУ, ТОЛҒАМАЛЫТолғану сөзі қазірде негізінен «ой-

лану,  терең  ойға  бату,  бір  нәрсенің  шешімін  қиналып  іздеу»  деген 

ұғымда  қолданылады.  Ал  бұл  сөздің  «жиырылу,  оралу,  бір  нәрсені 

айналу,  төңкерілу»  деген  көне  мағынасы  қазіргі  тілімізде  ұмыт 

болған. Көне түркі тілінде толға- сөзі «орау, иіру» дегенді білдіргенін 

Махмұт Қашқари көрсетеді (ДС, 573). Л. Будагов толғамақ (толғау) 

сөзінің  «бір  нәрсені  орау,  иіру,  қоршау,  айналу,  айналдыру»  деген 

мағыналарда  өткен  кезде  қазақ  тілінде  де  қолданылғанын  тіркейді 

(Будагов, I, 752). Қазақ тіліндегі абжыландай толғану деген тіркес 

«абжыландай  иірілу»  дегенді,  одан  барып  «әбжыландай  арбау, 

қызықтыру»  деген  ауыспалы  мәнде  қолданылғандығын  жоғарыда 

айттық (қараңыз: абжыландай толғану). Тек абжылан сөзімен кел-

генде  ғана  емес,  өзге  тұстарда  да  «иірілу»  мағынасын  беруде  осы 

сөзді  қолдану  жоқ  емес.  Мысалы,  Махамбетте:  толғай-толғай  оқ 

атқан.

Толғау  сөзінің  «орау»  мағынасы  толғамалы  найза,  толғамалы 

мылтық, толтамалы балта деген тіркестерде де келеді:

Толғамалы ақ балта...

Толғамалы ала балта қолға алып (Доспамбет).

Толғамалы ақ сүңгім («Қобыланды»)

Толғамалы найзамен

Толықсып жауға шапқанда (Махамбет).



168

Найза, сүңгі, айбалта (ала балта) тәрізді соғыс қаруларын ұстаған- 

да, олардың сабы сусып, жылжып кетпес үшін былғары, қайыс, жіп 

т.б. сияқтылармен орап тастайтын болған немесе олардың ағаш сап-

тарын орама (спираль) түрінде кертіп қоятын болған (Ильминский, 

113). Сондықтан оларда толғамалы (сабы оралған) деген эпитет пай-

да болған. Бұл сын есім келе-келе соғыс қаруын суреттейтін образ 

болып, тұрақты тіркеске айналғандығы байқалады.

Сөйтіп,  толғау,  толғану,  толғамалы  сөздері  ертеректе  қазақ 

тілінде «орау, иіру, үйіру, оралу, иірілу, үйірілу» мағыналарында да 

қолданылған.

ТОЛҒАУ. Бұл сөздің халық жырлары мен ертедегі ақын-жыраулар 

тілінде  кездесетін  және  бір  мағынасын  арнайы  әңгіме  етуге  тура 

келеді. «Орақ туралы жырда» Қарабатыр:

Мен толға десең, толғайын

Орақ, саған толғайын, – 

дейді.  Бұл  жерде  толға-  етістігінің  мағынасы  жоғарғы  «орау,  иіру, 

жиыру» мәніндегі толға- етістігінен басқаша. Бұл сөздің түркі тілд- 

еріндегі және бір мағынасы – «өлеңмен біреу немесе бір нәрсе жа- 

йында айту». Өткен ғасырда қазақ лексикологиясымен шұғылданып, 

қазақ  сөздерінің  мағынасын  түсіндіргендер  толға-  «біреу  тура-

лы  жақсы  сөзді  өлеңмен  айту»  деп  береді  (Ильминский,  113).  Бұл 

етістіктің қазіргі мағынасын түсіндірушілер: «1) бұрай қозғап, үйіре 

айналдыру (найза толғау, құрық толғау), 2) бір нәрсе жайында жан-

жақты терең ойға шому (дүниені тереңнен толғау), 3) мақамға қосып, 

жырғып шерту» деген анықтамалар береді» (ҚТТС, IX, 180-181).

Сірә, ертеректе толғау сөзі «келелі ойды, әлеуметтік (ел-жұрттық) 

үні бар сөзді айту» деген мағыналық реңкпен қолданылған болу ке-

рек.  Сондықтан  жыраулардың  дидактикалық  (насихат)  сөздерінің 



толғау (өлең емес, жыр емес) деп аталуы осыдан туындаған. Демек, 

жоғарыдағы  Қарабатырдың  Орақ,  саған  толғайын  дегені:  «Орақ, 

саған мынадай ел қамын жегізетін, ел-жұрттық намысыңды оятатын, 

қаныңды қайнататын сөзімді айтайын» дегені:

Мен толға десең, толғайын,

Орақ саған толғайын.

Қайғайдағы мажид (таджік?)

Өтер кемен көр және.

Терек бойлы естекті,

Мұнарасы биік Мәскеуді,

Аузы түкті орысты,



169

Басы шоқты қалмақты,

Шүлдірлеген шүршітті

Ауызыма қараттым...

Он сан қолға бас болдым...

Әлинің ұлы, әй Орақ,

Қайдар да қайда жүріп теңелдің?

Сөйтіп,  қатарынан  талданған  толғау  етістігі  сыртқы  тұлғасы 

бірдей, мағынасы бөлек омоним сөздер болып қолданылған. Өткен 

кезеңдердегі  үлгілерде  кездесетін  мағыналары  қазіргі  көрсетілген 

мағыналарына жуық келгенмен, қосымша реңкі (мағыналық бояуы) 

бар сөздер болып танылады. Ал толға- етістігінің «орау» мағынасы 

бұл күнде еркін (актив) қолданылмайды.

ТОРҚАЛЫ ТОЙ, ТОПЫРАҚТЫ ӨЛІМ. Бұл фразеологизмдегі 

торқалы сөзінің түбірі – торқа қазіргі тілімізде де жеке қолданыла 

береді. «Түсіндірме сөздік» оның мағынасын «жібек мата» деп дұрыс 

көрсеткен. Торқа – өте ертеден келе жатқан сөз. Бабаларымыз тілінде 

торқу «жібек» дегенді білдірген (ДС, 578). Бұл жерде торқу жалпы 

«жібек» деген ұғым болу керек, ал жібектен мата да тоқылады, жіп те 

өріледі. Торқалы той тіркесі «сәнді киіммен келетін той, яғни «барын 

киіп, бақанын қолына алып келетін жиын», ал сәнді киімді жібек ма-

тадан тігілген киімдер де құрайды. Бірақ торқалы той, топырақты 

өлім дегенде торқа сөзі нақты мағынасынан алшақтап, «сәнді, қымбат 

киім»  дегенді,  оған  той  сөзі  тіркескенде  «салтанатты,  үлкен  той» 

дегенді білдіретіндігі көрінеді. Демек, бұл қолданысында (торқалы 

той)  дегенде)  торқа  сөзінде  семантикалық  қозғалыс  болғаны 

байқалады, яғни түпкі және көне «жібек» деген мағынасынан «сәнді, 

салтанатты, үлкен» деген ұғымға меңзейді. Мәтелдің екінші бөлігі – 

топырақты өлім деген де «үлкен жиын», көп елдің, алыс-жақынның 

аса  ардақты  адамды  о  дүниеге  аттандыруға  жиналған  үлкен  топ» 

деген бейнелі фразеологизм. Оның әсерлілігі той мен қаза, қуаныш 

пен қайғы сияқты контрастық ұғымдарды астарлап білдіруінде, бұл 

жерде  т  дыбысынан  басталатын  торқа  сөзі  керек  болған,  ол  той, 

топырақ сөздерімен аллитерациялық бітім жасайды.

«Түсіндірме сөздікте» «қымбат бағалы жібек матаның  бір түрі» 

деп  түсіндірілген  торғын  сөзінің  де  түбірі  –  торқа  (торқу/торғу) 

екендігі  айқын.  Сірә,  торқа  мен  торғын  тұлғаларының  қазіргі 

қазақ  тіліндегі  семантикалық  реңктері,  тіркесімдік  таңдаулары, 

қолданыстық  (контекстік)  аясы  бір-бірінен  біршама  ажырағаны 

байқалады. Торқа сөзі көбінесе торқалы той, торқа тон, қара жорға 

мінгені, қара торқа кигені сияқты қалыптасқан тіркестерде, мақал-



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау