181
келген тіркестерде бұл сөз «өте, аса, тым» деген мағынаны анық
көрсетеді: шым батып кетті, шым толы, шым-шытырық бірақ шым
тұлғасы осы қызметте кез келген сөзбен тіркесе алмайды, мысалы,
өте үлкен, аса қызық, тым мықты деген тіркестерді шым үлкен, шым
қызық, шым мықты деп ауыстыра алмаймыз. Осы күнгі тым сөзі,
сірә, дыбыс алмасуының нәтижесінде шым тұлғасынан пайда болған
болуы мүмкін. Демек, шым тұлғасының тым варианты бұл күнде ак-
тив: тым үлкен, тым қызық, тым мықты деп айта беруге болады
Шым сөзі үстеу ретінде ( тым, өте, аса) сияқты бүгінгі сөздіктерде
тіркелмеген. Бұл да шым тұлғасының көнелігін, актив қолданыстан
шығып, тек фразеологизмдер мен қос сөздер құрамында сақталып
қалғанын көрсетеді.
ШЫР БІТУ. Бұл тіркестің беретін мағынасы түсінікті: ол –
«семірді, ет алды, қоңданды». Түсіндірме сөздікте шыр сөзінің үш
түрлі мағынасы көрсетілген, солардың бірі – «нәр, маңыз» және «әл,
қуат, күш» деп берілген. Шыр сөзінің түптөркінін қуаласақ, ол көне
түркілерде «май, еттің майы» дегенді білдірген екен (ДС, 146). Сонда
шыр біту «май біту» дегеннің көне варианты болып шығады. Майды
шыр сөзімен атаудың өзі ұмыт болғанмен, бұл сөз өз мағынасында
тіркес құрамында сақталып қалған. Бұл іспеттес құбылыс қазіргі
қазақ тілінде аз кездеспейді.
ІРКЕС-ТІРКЕС. Бұл қос сөздің соңғы сыңары әбден түсінікті,
ол – тірке- етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған тіркес
тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында және «жалғас, қатар»
деген есім ұғымында қолданылады. Ал іркес-тіркес дегендегі іркес
сөзінің түбірін ірік- «бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі
деп тануға келмейді. Сірә, бұл көне түркі тілдерінде қолданылған
«керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш сөзінің «қазақшасы» болу
керек. Арқыш сөзінің жеке тұрғандағы бір мағынасы – «керуен» (ол
да «қатарланған көліктер тізбегі»). Осы «керуен» мағынасындағы
арқыш-теркіш тұлғасы қазақ тіліне іркес-тіркес болып көшкен болар
деп топшылаймыз.
182
ТАРИХИ ЛЕКСИКОЛОГИЯ
(Қысқаша очерк)
Тіл қаттауларының ішінде сыртқы, яғни экстра лингвистикалық
деп аталатын факторлардың әсеріне ұшырағыш, өзгерімпазы – сөздік
(лексика) саласы. Әрине, лексика қаттауының сол тілдің өзінің табиғи
даму заңдылықтарына қарай, яғни ішкі лингвистикалық өзгерісі де
болып жататыны белгілі. Бұлардың екеуін де диахрондық лекси-
кология деген ғылым саласы зерттейді. Бұл өзгерістердің ішінде
жиі ұшырайтыны –сөз мағынасының өзгерісі, атап айтқанда, сөздің
алғашқы мағынасының ұмыт болып, не қолданыстан шығып қалуы, не
жаңа ұғым атауына айналуы, я болмаса қарама-қарсы мағыналарға ие
болуы, сондай-ақ сөз мағынасының кеңеюі, тарылуы, сол мағынаны
айқындай түсетін қосалқы элементтерді қабылдап қолданылуы, көне
мағынаның тұрақты сөз тіркесі құрамында ғана сақталуы т.т. осы
сияқты құбылыстарды тіл білімінің т а р и х и (диахрондық) лексико-
логия тарауының тарихи семасиология бөлімі қарастырады.
Лексика қаттауына тек жеке сөздер емес, тұрақты сөз тіркестері
– фразеологизмдер де жатады. Сондықтан фразеологизмдердің
мағыналық өзгерістерін зерттеу де жоғарыда аталған ғылым сала-
ларының үлесіне тиеді.
Сөздің қолданылу тарихын зерттеу сол сөздер білдіретін объек-
тілердің (заттардың, ұғымдардың) тарихын бақылаумен байланысты-
рыла жүргізіледі. Бұл таным тілді иемденуші халықтың этникалық,
азаматтың тарихымен ұштасады.
Сөздердің қолданылу тарихын әңгімелеу дегеніміз – олардың
мағыналарының қозғалысына (эволюциясына) үңілу болып шығады.
Сөз мағынасының эволюциясы тек дамудан, яғни жақсара түсу сипа-
тында ілгері жылжудан тұрмайды, сонымен қатар сөз мағынасының
күңгірттенуі не мүлде ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, тарылуы т.т.
құбылыстар да сөз табиғатының қозғалысын танытады.
Біз бұл өте шағын очеркте қазақ тілінің тарихи лексикологиясының,
оның ішінде тарихи семасиологиясының жүйелі түрдегі толық курсын
ұсынғалы отырған жоқпыз. Бұл жұмыс өз алдына арнайы зерттеуді
қажет етеді. Және бұндай курсты жазу үшін талданатын материалдар
молынан қамтылып, әр қырынан (әр аспектіден) әңгіме болуы тиіс.
Бұл жерде біз жоғарыда түсіндірме сөздік түрінде ұсынылған талдау-
лардан шығатын кейбір түйіндермен таныстырмақпыз. Ол түйіндер
жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде қазақ тілінің
тарихи лексикологиясынан лекция оқитын оқытушылар мен осы
183
курсты өтетін студенттерге көмекші құрал болар деп ойлаймыз.
Әсіресе, осы кітаптаты талдаулар диахрондық лексикология курсы-
ның дайын иллюстративтік материалы болары хақ.
Қазақ тілінің сөздік қазынасының қазіргі және бұдан бұрынғы,
яғни тіпті ертеректегі және «күні кешегі» – XV-XIX ғасырлардағы күй-
қалпын: жеке сөздердің мағыналарын, қолданылу ерекшеліктерін,
ескіріп, жаңаруын, тұлғалық көрінісін таныға-білуде біздің жоғары-
дағы талдауларымыз мынадай ой-түйіндерге алып келеді.
§1. Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында көне түркі заманынан
сақталып келген, бірақ бұл күнде жеке тұрып, сол көне мағынасында
қолданылмайтын бір алуан сөздер бары байқалады. Ол сөздер
негізінен тұрақты тіркестер (фразеологизмдер мен қос сөздер) және
лексикалық тіркестердің (күрделі есімдер мен күрделі етістіктердің)
құрамында қолданылады. Сондай-ақ олар кейбір жеке сөздердің
этимоны, яғни мағыналық және тұлғалық түптамыры болып келеді.
Бұған мысал ретінде аты шулы деген тіркесті алуға болады. Мұның
екінші сыңары (компоненті) – шулы «даңқ, атақ, даңқты, атақты» де-
ген мағынадағы көне түркілік чау сөзі. Студенттер мен оқытушыларға
көне түркі тілдерінде ч дыбысымен келетін сөздердің қазіргі қазақ
тілінде ш дыбысымен айтылатындығы тарихи фонетика курсынан
таныс: сонда бұл сөз сыртқы тұлғасы жағынан былайша келген:
чау>чұу> шу. Демек, аты шулы деген тіркес аты даңқты дегеннің
көне сөзбен берілген баламасы екен.
Осы қатарға жылы-жұмсақ деп айтылатын қос сөздің жылы
компонентін қосуға болады: бұл – көне түркілік жаулы «майлы»
сөзінің араларына сан ғасырлар салып, қазақша жеткен тұлғасы. Бұл
сөздің тұлғалық жағынан өзгергендігі соншалық: көне түркілік эти-
мон – йағ, ол «май» деген сөз, йағ қыпшақ тілдерінде йау, оның ішінде
қазақ, қырғыз тілдерінде жау болуы ғ~г/, й~ж (бағ ~ бау, тағ ~ тау,
сағыр ~ сауыр дегендердегі сияқты) дыбыстық алмасудың нәтижесін
көрсетеді.
Ұсынған тұжырымымызды дәлелдей түсу үшін мысалдарды әрі
қарай жалғастырсақ, өлім-жітім деген қос сөздің жітім компонентін
келтіруге болады. Бұл сөздің түбірі – көне түркілік йіт- етістігі, ол –
«жоқ болу, жоғалу» мағынасын берген сөз, сонда өлім-жітім «өліп,
жоқ болу» деген ұғымды білдіретін тіркес болып сақталған. Келесі
мысал. Сырт қарағанда, жағаласу сөзінің түбірі – жаға (киімнің
жағасы) сөзі деп тануға әбден болатын сияқты, өйткені төбелескен,
жанжалдасқан адамдар бірін-бірі жағадан алады деп ұғамыз. Ал,
шындығында, қазіргі жағаласу сөзінің түптөркіні көне түркілік
Достарыңызбен бөлісу: |