- Зигота - (грекше "zygotos" – бірге қосылған) – ұрықтанған жұмыртқа клетка; әртүрлі жынысты ағзалардың гаметаларының қосылуынан түзілетін диплоидты клетка (жұмыртқа жасуша ядросы мен сперматозоид ядросының қосылуы). Екі гаплоидты гаметалардың қосылуынан зигота процесінде (зиготалануда) сол түрге тән диплоидты хромосома жиынтығы бар ағза пайда болады. Әдетте, зигота бірден дами бастайды, кейде ол қатты қабықпен қоршалады және өсуге қолайлы жағдай туғанда зигоспораға (мысалы, кейбір саңырауқұлақтар мен балдырлар) айналады. Жыныссыз көбею кезінде пайда болатын споралардан зигоспораның айырмашылығы – ол таралуға емес, “сақталуға” бейімделген. Өйткені, онда қоректік заттардың қоры және қалың қорғаныш қабаты болады. Зиготаның таралуы зигоспораның өсуінен кейін жүреді де, спорангии түзіліп, жыныссыз көбею басталады (қара Жыныссыз көбею). Бір жасушалы зиготадан көп жасушалы ағзаның эмбрионалдық даму кезеңі өтеді, одан кейін дернәсілдік кезең және метаморфоз кезеңі өтеді, соңынан жетілген дарабас пайда болады. Эмбрионалдық даму кезеңінде зигота: көптеген жасушалар түзе отырып, бірнеше рет бөлінеді; бұл жасушалар дифференцияланады (бір-біріне ұқсамайтын болады), яғни ересек организмге тән эпителиалды, бауыр, сүйек, т.б. жасушаларға айналады, ұрық жасушалары жеке тіндерге, органдарға және ағзаларға тән пішінмен сипатталатын әр түрлі құрылымға ауысады.[ Бөлшектенудің өзіне сай сипаты онда клеткалардың айтарлықтай өсімі болмауымен түсіндіріледі. Сондықтан бұл сатының биологиялық мәні ірі клеткадан (жұмыртқа клеткасы) цитоплазманың ядроға қатынасы төмен кішірек клеткалардың пайда болуымен сипатталады. Нәтижесінде бластомерлердегі цитоплазмалық жиынтықтардың көрінісінің өзгерісі жүреді, ол ядро үшін жаңа цитоплазмалық орта жасайды. Зиготаның бөлшектенуі бластула (грекше blastos — өскін) деп аталатын көп клеткалы құрылымның қалыптасуымен аяқталады. Бұл құрылым бластодерма деп аталатын клеткалардың бір қабатынан тұратын көпіршік формалы болады. Енді бұл клеткаларды эмбриональды деп атайды Көлемі жағынан бластула жұмыртқа клеткасына ұқсас. Бөлшектену кезінде ядролардың саны өседі, ДНҚ-ның жалпы көлемі ұлғаяды. Бластула сатысының аяғында, сонымен қатар мРНҚ мен тРНҚ-ның аздаған мөлшері синтезделеді, бірақ жаңа рибосомалар мен рибосомалық РНҚ гаструляция басталғанға дейін табылмайды, ал табылып жатса, онда ол өте аз мөлшерде болады.
Jump to navigationJump to search
Зигота.
- Зигота. Сүтқоректілерде зигота бір аталық жыныс клеткасының жұмыртқа клеткасына жетіп, оның дамуын инициациялауынан басталатын ұрықтану нәтижесінде пайда болады. Активтенген аталық жыныс клеткасы бар жүмыртқа клеткасында бірқатар физиологиялық және химиялық процестер жүреді, протоплазманың орын ауыстыруынан жұмыртқа клеткасының билатеральды симметриясының қалыптасуы, сонымен қатар жұмыртқа клеткасының басқа аталық жыныс клеткаларымен жанасуын болдырмайтын плазмалық мембрананың қайта құрылуы жүреді. Одан соң екі клетканың ядроларының жанасуын қамтамасыз ететін ядролық мембрананың бұзылуына әкелетін жұмыртқа клеткасы мен спермияның плазмалық мембраналарының қосылуы жүреді. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы ондағы белок синтезінің белсенділенуінен басталады. Клетка ядролары қосылады, хромосоманың диплоидты жиынтығы қалыпқа келеді. Осылайша, шын мәнінде, бір клеткалы организм қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |