«Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім,
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім ... »
Жұбан Молдағалиев
«... Осыдан 20 жыл бұрын
жастарымыз жиналып, тотолитарлық жүйенің
толымсыз істеріне, сұрқия саясатына қарсы шыққан болатын. «Қазақ өзін-өзі
басқара алмайды, ішінен басшы туған жоқ»,-
деп, елімізге дінімізді, тілімізді,
тарихымыз бен мәдениетімізді білмейтін,
жаны ашымайтын адамды алып
келгеніне намыстанып, біздің жастарымыз
алаңға шығып, Горбачевтің 1985
жылы
жариялаған сөз бостандығы мен
демократияның
рас екендігіне
сеніп, өз
наразылықтарын білдірді. Бұл
ерліктің
ғана емес, елдіктің де нышаны еді.
Бейбіт
сезімдегі
жастарымызды ұрып-
соғып,
артынан қуғын-сүргінге түсіріп,
талай
жағдайды жасағанын бәріміз де
білеміз.
Оның бәрі – тарих. Тарихтан
тағылым
алу керек, сөйтіп отырып, алға
қарай жүру
керек».
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия оқушыларына таратылатын газет, №2-19 желтоқсан, 2011-2012
оқу жылы, /тоқсанында бір рет шығарылады/
«Астана сапарынан түйген ой...» мектеп директорымен сұхбат
Мектептің «Балауса» радио-ақпарт орталығында «20 жұлдызды
күн»
немесе
«Тәуелсіздіктің
20
шыңы»
аясында
ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі іс-шара өткізілді.
Азаматтық қоғам бағыты бойынша «Алаш аманаты -
Тәуелсіздік» атты тарих пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған
ғылыми-теориялық конференция өтті.
11 қараша күні мектепішілік ғылыми жобалар сайысы өкізіліп,
барлық 8 жоба облыстық турға жіберілді. Облыстық іріктеу
кезеңінен 4 жоба өтті.
30 қараша күні 7-11-сынып оқушылары арасында мектепішілік
олимпиада өткізілді.
Облыстық «VI Мұқағали Мақатаев» оқуларында 10-сынып
оқушысы Сейілханова Дария I орынды жеңіп алды.
«
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында"
(
Н.Назарбаев
)
«Астана іс-сапарынан түйген ой... »
Жуырда мектеп директоры ‒ Сламбекова Рымкеш Хамитқызы іс-сапармен Астана қаласына барып
қайтты. Сіздердің назарларыңызға Рымкеш Хамитқызымен жүргізген сұхбатымызды ұсынамыз.
‒ Сәлеметсіз бе, Р.Хамитқызы! Сізді шын жүректен ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаймыз!
Енді жуырда Астанаға барған іс-сапарыңыз жайлы айтып кетсеңіз?
‒ Сәлеметсіздер ме! Рахмет, балалар, сендерді де ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаймын. Алдағы
оқуларыңда мол табыс пен зор денсаулық тілеймін! Біз 8-10 қараша аралығында Павлодар облысының дарынды
балаларға арналған гимназия және лицейлерінің басшылары «Дарын» орталығының директоры Шолпан
Акашқызының басшылығымен Астанаға барып қайттық. Бұл жиынға баруымыздың себебі – «Дарынды
балаларға арналған мектептің жұмысы қандай болуы керек?», «жалпы ондай мектептердің болашағы қалай
болуы керек?» деген сауалдар төңірегінде іс-тәжірибе алмастық.
‒ Жұмыс барысында алғаш табалдықырық аттаған мектепттер туралы айтып өтсеңіз? Жалпы ол
мектептер өзге білім ордаларынан несімен ерекшеленеді?
‒ Ең бірінші «Дарын» республикалық орталығының басшысы ‒ Шолпан Акашқызымен бастаған топ бізді –
«Назарбаев университетіндегі» Хейлбери мектебіне апарды. Аталған мектепті өз көзімізбен көрдік. Сондай-ақ, онда болып жатқан істерді көре отырып,
«болашақта осы мектептердің арасындағы балалардың қарым-қатынасы қалай болар?» деген сұрақтарға көптеген жауап алып келдік. Бүгінгі таңда біздің мектеп
дарынды балаларға арналған гимназия болғандықтан, бұл мектептің алға қойған міндеттері зор және нәтижесі де мол болуы тиіс. Сондықтан Астанаға келгенде,
бізді қуанышпен қарсы алды. Павлодар облысын, қаласын «Ғылымның отаны», «Павлодар ғылым орталығы» деп бекер айтпайды... Одан кейін «Хейлбери
мектебі» сабақтарды ағылшын тілінде меңгереді екен. Мектепте англиядан келген ұстаздар сабақ беретін
көрінеді. Жалпы бұл «Хейлбери» мектебінде балалар да, мұғалімдер де 3 тілде сөйлейді. Келесі аяқ тіреген
ордаларымыз ‒ «НұрОрда мектебі». Бұл мектеп ‒ КТЛ жүйесінде, яғни қазақ түрік лицейлерінің шеңберінде
жұмыс істейді. Бұл 1 ден 6 жасқа дейін жалпы білім беретін мектеп. 6 жастан бастап Павлодар қаласындағыдай
және бұған дейінгі балабақшалар мен халықаралық білім беру мектептерндегі жүйелер сақталған.
Менің арманым ‒ осы оқушылар (біздің мектептегі оқушылар) мектеп бітіргеннен кейін сол университетке
түссе деймін. Біз барған университетке кірсеңіз барлық жағдай жасалған. Мектептің ішкі алаңқайында әлемде
өсетін өсімдіктердің барлығы бар. Тіпті, дүкендер мен дәріханалардың өзі университеттің ішінде орналасқан.
Кітапханалары электрондық жүйеде. «Оқимын» деген балаға барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар
балалар шетелге барамын, сонда оқимын деп қиналмауы үшін біздің Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы
бойынша ағылшын ұстаздары сабақ беретін мектеп ашылды. Оқушыларымыз мектепті бітіргеннен кейін
грантпен сол мектептердің біріне түсіп кетсе деп тілеймін!
Бұрын біз - жай гимназия болсақ, қазір дарынды балаларға арналаған гимназия болып отырмыз, сондықтан
балаларымыз тек мектеп бағдарламасын игеріп қана қоймай, ғылыми жоба, олипиадаларға қатысып жақсы нәтиже көрсетіп, конкурстарға қатысып жоғары
көрсеткіш көрсетуі тиіс. Ал менің мақсатым ‒ мектепте балаларға дұрыс оқуға жайлы жағдай жасау. Біз мектепті жаңа жылға дейін 2 кабинетпен 9 млн-ға
жабдықтадық. Бұл ‒ билогия кабинетінің интерактивті тақтамен және орыс тілі мультимедиялық кабинетінің 16 компьютермен жабдықталуы. Келесі жылы химия
кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. Сол себепті балаларымыздың жаман оқуға «правасы жоқ».
‒ Р.Хамитқызы, ой бөлісіп, сұхбаттасқаныңыз үшін көп рахмет! Сіздің алға қойған мақсаттарыңыз біздің де арман-мұратымыз, үмітіңізді ақтап,
шәкірттеріңіз еліміздің биік мінберінен көрінетіндігіне кәміл сеніңіз!
Сұхбаттасқан Рахимжанова Рахила, 9-сынып
========================================================================================
«Алматы сапарынан түйген ой ...»
Гимназияда 2009 жылдан бастап республикалық деңгейдегі «Мұрагер» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның басты мақсаты - музыка сабағында
оқушыларды домбыра аспабына баулу арқылы қазақ халқының дәстүрін, тарихын бойына сіңіру болып
табылады. Осы орайда 7-11 қарашада Алматы қаласы «Көкіл» мектебінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері,
сазгер Абдулхамит Райымбергеновтың бастауымен «Тәуелсіздік» атты Республикалық семинар өтті. Осы
семинарға гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бакирбекова қатысып келді. Енді
Гүлбану Абусыздыққызымен жүргізген сұхбатымызды ұсынамыз.
‒ Қайырлы күн, Гүлбану Абусыздыққызы! Гимназиядағы «Мұрагер» бағдарламасының іске
асырылуы жайында айтып өттсеңіз?
‒ 2009 жылдан бастап 1-сынып оқушылары музыка сабағында «Мұрагер» бағдарламасы бойынша оқуда.
Мұғалімдеріміз Алматы қаласында курстан өтіп,
«Көкіл» мектебі тарапынан гимназияға 25 домбыра,
әдістемелік құралдар пен оқулықтар сыйға берілді.
Биылғы жылы 1-3-сыныптар осы бағдарлама бойынша
оқуда. Оқушылар домбырада ойнауды меңгеру арқылы
шағын ән-күйлерді тартуды үйренуде. Сонымен қатар
аңыз-әңгімелер
арқылы
халқымыздың
ақын-жазушылары,
жыраулары
мен
күйшілерінің
шығармашылығымен танысуда.
‒ Сіз қатысқан семинар несімен ерекшеленді? Жалпы біздің мектеп оқушылары үшін қандай
пайдасы бар?
‒ Семинар өте жақсы өтті. Осы бағдарламамен жұмыс жасайтын Алматының мектептері ашық сабақтар
көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе №172 мектеп оқушыларының өнері ұнады. 5-7 сынып оқушылары күй тартыс, айтыс, ән айту арқылы домбыраны,
қазақ өнерін қаншалықты жақсы меңгергенін көрсетті. Сол күні кешке А.Райымбергеновтың бастауымен жыр кеші өткізілді. Кеште Ұлжан Байбосынова, Айгүл
Қосанова сияқты өнер майталмандары келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Тіпті, олармен сұхбаттасуға мүмкіндік туды.
‒ Алматыдағы семинардан қандай ой түйдіңіз?
‒ Бүгінгі күні бағдарламаның маңызы үлкен деп ойлаймын. Себебі қазіргі кезде балалар көбіне теледидар көріп, компьютерден бас алар емес, кітап оқитындар да
азайып барады. Сондықтан мектеп қабырғасында жүріп, өз елінің салт-дәстүрін, өнерін, халық ауыз әдебиетін оқып, санасына сіңіре жүргені болашақ ұрпақты елін
сүюге, ұлтжанжды азамат болуға, өнерге жақын болуға тәрбиелейді деп ойлаймын. Ал домбыра аспабында ойнай білу, ән салу әр адамның басқалармен тез қарым-
қатынас жасауына, басқа ортаға оңай бейімделуіне, өз достарының арасында беделді болуына жол ашары анық.
Сұхбаттасқан Шәймерденова Әсия, 9-сынып