164
телиді. Қазақ тіліндегі: «тентек бақан жияды, телі қатын жияды»
деген мәтелді «отчаянный собирает дубины, глупец набирает жен»
деп аударады.
Бірақ тентек сөзі әрдайым жағымсыз мағынада жұмсала берме-
ген. Күні кешеге дейін бұл мағынадан өзгешелеу болып жұмсалған
фактілерін ауыз әдебиеті үлгілері мен ХVІІІ-ХІХ ғасыр ақын-
жырауларының шығармаларынан табамыз. Бұларда тентек – «белгілі
бір ортадағы тәртіпке бағынбаған, қарсылық көрсетуші адам» деген
ұғымда жиірек жұмсалған және жағымды мәнде айтылған. Мысалы,
Махамбет ақында (ХІХ ғ.):
Қасарысқан қарындасқа
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атақ болар ма?!
Мұнда қарындас деп отырғаны – өмір сүріп отырған орта-
сы, соның тәртібі, яғни Жәңгір ханның саясаты мен іс-қарекетіне
қарсылық көрсетпей («қанды көбік жұтқызбай»), яғни тентек атан-
бай, үйде жатып жақсы атақ алмаймыз дейді. Кезіндегі саясатқа
бағынғысы келмей, Кеңес үкіметі көп қудаланған Аманғали сияқты
ер азаматтың: «Ел ішінде бір тентек жүрмей ме екен» дегенінде де
тентек – қылмыскер, бұзақы немесе ақымақ, есерсоқ адам емес, он-
дай адамдарды ел қудаламайды, сондықтан ел ішінде бір-екі тентек
жүре береді. Атақты Құныскерей де – ұры емес, бұзық, сотқар, бан-
дит емес, Кеңес үкіметі тәртібін қабылдамаған тентектің бірі.
Тентек сөзінің бір кездегі осындай «еркін, ешкімге бағынбаған»
деген мағынасы, сірә, телі сөзінде де болса керек. Мысалы «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырында :
Телі өскен көңіліңді тентек қылып,
Есіттірген кім еді, еш оңбасын, –
деген жолдар бар. Тағы бір жерінде:
Телі өскен көңіліңді тентек етіп,
Сен Баянды есіңе сала берме, –
деп келеді. Телі өскен тіркесінің мағынасы күңгірттеніп, актив
қолданыстан ығысқаны сондай, бұл тіркес осы жырдың екінші бір
нұсқасында: тілезіген көңіліңді болып жазылған. Егер бұл – телі
өскен-нің грамматикалық бір варианты болса, яғни телі деген есім
сөзден жасалған туынды етістік болса, бұл тұлға телізіген болуы ке-
рек (құлазы-, егегізі- дегендер сияқты). Немесе араб жазуымен келген
телі өскен деген тіркес дұрыс оқылмай, қате транскрипцияланған бо-
165
луы керек (ескі өлең-жырларды, тіпті ұлы Абайдың мұрасын араб гра-
фикасымен жазылған нұсқалардан латын және қазіргі кириллицаға
көшірген (транскрипциялаған) кезде орасан көп жаңсақтық, яғни
қате жазу орын алғаны мәлім және мұның салқыны күні бүгінге
дейін тиіп келе жатыр. Сөйтіп, бұл жолдардағы телі сөзі «еркін,
алаңсыз» деген мағынадағы үстеу (кейде сын есім болуы да мүмкін)
болып танылады. Және бір көңіл аударатын жайт – телі сөзі есім не
үстеу ретінде «Түсіндірме сөздікте» тіркелмеген, тек малға қатысты
телу етістігінің түбірі ретінде телі тұлғасы ғана берілген. Демек, бұл
күнде телі сөзінің үстеу не есім болып қолданысы мүлде ығысып
кеткен деуге болады.
Сонымен, «телі өскен көңілді тентек ету» деген бейнелі фразео-
логизм – «содыр, есер, есерсоқ» деген мәнде емес, «еркін, алаңсыз
көңіліңді бұзып, елеңдеткен (тентек еткен)» қылық (жырда бұл
– Қозыға: «Баян деген атастырған қалыңдығың бар еді, сені жетім
деп, қызын бермеу үшін Қарабай көшіп кетті» дегенді білдірген
ситуацияға қатысты жырланған тұстары). Сөйтіп, алдымен, телі
сөзі де бұрынырақ қазақ тілінде жеке қолданылған үстеу не есім сөз
болған, екіншіден, оның мағынасы бұл күнгідей «сотқар, бұзақы,
ақымақ, есалаң, есерсоқ» дегеннен гөрі, «еркін, алаңсыз» дегенді
білдірген. Оның қазіргі мағынасы, тіпті тентек бала дегендегі мүлде
тарылған семантикасы – соңғы кезеңдердің жемісі. Телі сөзінің
ертеректегі мағынасы бірте-бірте ығысып, келе-келе «ақымақ»,
тіпті жай ақымақ емес, «бұзақы, тәртіпсіз, есерсоқ, сотқар» деген
семалық реңкі күшейіп, телі сөзі тентек сөзімен қосақталған (қос
сөз компоненті болған) тұлғада немесе мақал-мәтелдерде, фразео-
логизм құрамында (телі өскен) сақталған деп түйеміз. Бұл – сөздің
семантикалық қозғалысының жақсы бір мысалы.
ТОҒАНАҚТАУ. «Айман-Шолпан» жырында:
Саба жетер жер емес, жері шалғай,
Әкелді қант пен шайын тоғанақтап...
Саба жетер жер емес, жері шалғай,
Шай артқан тоғанақтап тоғыз нарға, –
деген өлең жолдары бар. Тоғанақ сөзін Л.Будагов «арқанның бір
ұшына тағылған ағаш шығыршық (кольцо)» деп түсіндіреді. (Будагов,
I, 398). Соған қарағанда, тоғанақта- етістігі «жүкті шығыршығы
бар арқанмен буу» дегенді білдіретін сияқты. Тоғанақтап буылған
жүктің өзін тоғанақ деп атау да байқалады (тоғанақ – «үлкен етіп
буылған жүк, тай»). Тоғанақ сөзінің буылған жүкке қатысы бар сөз
166
екенін Доспамбет жыраудың: Тоғынды сарты нар жегіп деген өлең
жолынан да көруге болар. Бұл жердегі тоғынды сөзі «тоғанақтап
буылған жүк артатын нар» деген мәндегі қолданыс болуы ықтимал.
ТОЛАҒАЙ. Махамбеттің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деген
өлеңіндегі:
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай, –
деген тармақтарда кездесетін толағай сөзі ақын жинақтарында да,
мектеп оқулықтарында да «бас» деп түсіндіріліп жүр. Бұл – біршама
дұрыс түсінік. Толағай – таза түркі (қазақ) сөзі емес, ол – не түркі-
монғол тілдеріне ортақ, не тек монғол тілдеріне тән сөз. Қалмақ
тілінде толһо – «бас», монғол тілінде толгой – «1) бас, 2) басшы,
бастық, ие, 3) бастаушы, 4) бір нәрсенің басы (мысалы, таудың), 5) бір
бөлік, бір дана». Осы сөзден «басшы болу, басқару, жетекшілік ету»
мағынасын беретін толгойло(х) (толағайлау) деген етістік жасалған.
Ал қазақ тілінде бұл сөз қу толағай тіркесі түрінде жұмсалғанда,
біздің байқауымызша, тек «бас» деген ұғымды емес, «тақыр бас,
жалаңаш бас» дегенді білдіреді. Бұл образды тіркесті Махамбеттен
өзге үлгілерден, мысалы, батырлар жырларынан да таптық. «Ер
Қосай» жырында Қосайдың сары аты жауды барлап келуге баланы
айдалаға жаяу тастап кеткенде, ол:
Ер-тоқымын жастанып:
Қу толағай бастанып,
Сол бұлақтың басында,
Адамы жоқ қасында
Үш күн, үш түн жатады.
Біз топшылаған мағынаның дұрыстығын төмендегі мысалдар
дәлелдей түседі. Өткен ғасырда Н.Ф.Катанов жинап бастырған қазақ
мақал-мәтелдерінің ішінде «Құдайдан тілегенім қолаң қара шашты
еді, Құдайдың өзі қосты қу толағай бастыны» деген мәтелді келтіреді
де мұның екінші бөлігін «Бог дал мне жену с голой головой» («Құдай
маған тақыр бас, яғни шашы жоқ әйелді берді») деп аударады.
Бұл сөзді Қазақстанның батыс өңіріне ғана тән жергілікті сөз
(диалектизм) деп тануға болмайды. Өйткені толағай сөзін Көкше-
тау маңында туып-өсіп, сол өңірде жасап өткен Шал ақыннан да
(XVIII ғ.) табамыз. Шал ақын толғауының бірінде:
Тау толағай көрінер тасы кетсе, –
дейді. Бұл сөзді Семей облысының Аягөз маңында өмір сүрген Дулат
Бабатайұлынан да кездестіреміз:
Достарыңызбен бөлісу: |