161
деген жолдар кездеседі. Бұл үзіктің соңғы жолындағы талау деп
жазылған сөз тарлау болуы керек, өйткені тарла сөзі түрік,
әзірбайжан тілдерінде «жыртылған егістік», ал татар тілінде тарлау
«қайта жыртылған бос жер» деген мағыналарда келсе, қазақ тілінде ақ
от (жылқы жейтін өсімдік) және қара от (қой, түйе жейтін өсімдік)
аралас өскен шалғынды атайтынын Л.Будагов, Н.Ильминский
сөздіктері көрсетеді (Будагов, I, 331, Ильминский, 160). Демек, тар-
лау сөзі өткенде қазақ тілінде (мүмкін, қазақ даласының белгілі бір
өңірлерінде) мал жейтін шалғыны бар жерді білдірген.
Сірә, сусымалы («әлсіз») р дыбысының түсіп қалуы – түркі тілдері
үшін жат құбылыс болмағандықтан, бұл сөздің тарлау ~ талау деп
те айтыла беруі әбден ықтимал (ол күнде жоғарыда келтірілген
Махамбет өлеңінің «талаудан татқан дәні бар» деп жазылғанын
қате деп те санауға болмайды). Қазақ тілінде бұл күнде тарлау
сөзі «биіктеу болып шығатын шалғын шөп» дегенді білдіреді деп
түсіндіріліп жүр. Оның «ақ от пен қара от аралас өсетін, шалғын»
мағынасы не ұмыт болған, не жергілікті сөз ретінде сақталып қалған.
Диалектологиялық сөздік бұл сөзді Семей, Үржар, Жамбыл, Мерке,
Шу өңірлерінде «биіктеу болып өсетін шөптің бір түрі» деп тіркеген
(Диал. сөздік, 318).
ТАРПАН/ТАРПАҢ. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында:
Тарпаңды асауменен бір қоймайды, –
десе, Махамбет ақын:
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,
Тағыдай таңдап су ішкен
Тағы сынды жан едік, –
дейді. Тарпан (тарпаң) сөзі – В.В.Радловтың көрсетуінше, қазақ
тілінде жабайы жылқының атауы. Мамандардың айтуына қарағанда,
құлан – Азия жерінің жабайы жылқысы болса, тарпаң – Еуропа
жерінің жабайы жылқысы. Ата-бабалары Оңтүстік орыс ойпатының
біраз жерін, Каспий теңізінің солтүстігін (демек, Еуропа топырағын
да) жайлаған қазақтар үшін тарпан жат болмаған, оны қазақтар
жақсы білген. Азиядағы тектесі – құлан сөзін поэтикалық образ
жасауға пайдаланғаны сияқты, тарпаң-ды да ешкімге бағынбайтын
еркіндіктің символы ретінде поэтизмге айналдырған деп табамыз.
ТАС. Бұл сөз зат есім ретінде қолданылуынан басқа етістік,
сын есім, үстеу сияқты сөздердің алдында келіп, заттық ұғымда
емес, үстеулік мәнде қолданылады: тас керең, тас жетім, тас
162
түйін, тас қараңғы, тас қып байлау, тас табандау, тас төбе т.б.
Бұл тіркестердегі тас сөзінің тау-тас, тас көмір дегендердегі тас
сөзіне қатысы жоқ. Тас сөзі монғол тілінде «мүлдем, әбден, мықты»
деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы келтірілген тіркестердегі тас
осы ұғымда қолданылған. Демек, бұл да бір кезеңдерде түркі-монғол
тілдеріне ортақ сөз болғанға ұқсайды. Қазақ тілінде өзге сөздермен
еркін тіркесу қабілетінен айырылған бұл көне сөз тек белгілі тіркес
құрамында тұрып қолданылу құқығын сақтап қалған.
ТАУАП ЕТУ, ТАУАП ҚЫЛУ. «Алпамыс батыр» жырында:
Болды тауап қылғандай,
Ниет қылып қағбаны, –
деген жолдар бар. Бұндағы тауап қылу (ету) тіркесін Шалкиіз жырау-
дан да табамыз:
Ниет еттің Тәңірінің үйі кебеге,
Ниет етсең жетерсің,
Жетсең тауап етерсің.
Тауап ету (қылу) тіркесі көбінесе қағбаны тауап ету түрінде
кездеседі. Қағба (арабша Қа`аба) – Меккедегі храмның аты, мұның
бір қабырғасына атақты аспанға ілініп тұрған қара тас қойылған,
Меккеге барушылардың барлығы осы тасқа қолдарын тигізбей
кетпейтін болған. Мұндағы тауап сөзінің, біздің байқауымызша,
төменде талданатын тәу (тәу ету) сөзіне қатысы жоқ. Тауап –
арабтың тауаф «бір нәрсені айналу» деген сөзі. Түрікше де тауаф
ету (қылу) «бір нәрсені, оның ішінде қасиетті жерді айналып жүру»
дегенді білдіреді. Қағбаны тауап ету – храмды айналып жүрудің,
яғни Меккеге барғандықтың белгісі.
Бірақ тауап ету тіркесінің тәу ету дегенге сыртқы тұлғасы
жағынан ұқсастығы мен мағынасы жағынан жақындығы (яғни «бір
нәрсені қасиеттеу» ұғымы) оны тәу ету деген сияқты «бас ию»
мәнінде жұмсауға себепкер болғанға ұқсайды. Мысалы, XIX ғасырда
жасап өткен Нұрым жырау Шыршағұлұлының «Әтембетке айтқаны»
деген толғауында:
Сондықтан сізге келгенім,
Қағбаға тауап еткендей,
Иіліп сәлем бергенім, –
дейді. Мұнда жырау тауап ету дегенді бас ию, иіліп сәлем берумен
шеңдестіреді.
ТӘУ ЕТУ. «Алпамыс батыр» жырында Байбөрі байдың қуаны-
шын:
163
Тілекті Алла берді деп,
Бабаларым келді деп,
Тәу етті барып айналып, –
деп суреттейді. Мұндағы тәу етті тіркесі өзге жырларда да кездеседі.
Мағынасы – «бас иді, тағзым етті». Бұл тіркес о баста ислам дінін
қабылдағанға дейінгі салттық-нанымдық рәсімге байланысты пай-
да болған тәрізді. Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Халықтың
бірден-бір [күнкөріс] көзі болып саналатын мал атаулыны адамдар әр
түрде қастерлейтін болған: малдың сүйегін басуға болмайды, егер сүт
төгілсе, қазақтар оның кесірі тимесін деп, төгілген жерді әбден тазар-
тып, тәу етеді. Желіден аттағанда да, оның киесі бар деп санап, оған
тәу етеді», ол үшін оң қолын маңдайына, иегіне, оң иығына, одан соң
сол иығына тигізеді» (Валиханов, I, 114).
Демек, тәу ету – о баста малдың киесін сыйлау үшін, яғни оның
кесірінен сақтану үшін жасалатын нақтылы рәсімнің атауы болған.
Тәу ету тіркесі, сірә, малдан өзге де «киелілерге» (мысалы, айға) бас
июді білдірген. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»
пьесасында екі-үш жерде ай көргендей тәу еткен деген сияқты об-
разды қолданады. Тәу ету нақты бір нәрсеге (малға, айға) бас июде
айтылады. Ал Тәңірі, Құдай (Алла) сияқты абстракт (дерексіз)
ұғымдарға қазақтар тәу етпейді.
ТЕЛІ-ТЕНТЕК. Қазіргі кезде бұл сөздің бірінші сыңары екін-
шісіне қарағанда жеке-дара өте сирек қолданылады. Ол жеке (қос сөз
құрамынан тыс) келгенде де көбінесе тентек сөзімен іргелес, яғни
екеуі екі бөлек, бірақ бір сөйлем ішінде келеді. Ал көбінесе телі-
тентек деген қос сөз болып жұмсалуы басым. Мысалы: Абайда:
Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
Телі сөзінің тентек сөзіне «жабыса» келуінің екі түрлі уәжі бар
сияқты: екеуі де негізінен «тәртіп бұзғыш, бұзақы, сотқар» деген
мағынаға ие. Өткен ғасырлар сөздіктері тентек сөзінің лексикалық
мағынасы «ақымақ» деп көрсетеді. Сонымен қатар ХІХ ғасыр мате-
риалын жинаған сөздікшілер бұл сөздің «қылмыскер» (преступник)
деген де мағынасы бар деп береді. Мысалы, Л.Будагов сөздігінің І
томында тентек қырғыз (яғни қазақ) тілінде «ақымақ» («дурак»)
деп көрсетсе (Будагов, І том 379-бет), қосымша жинаған материал-
дарында тентек «қылмыскер» («преступник») деп береді (Будагов,
ІІ том, 398-бет). Ал қазақ қоғамындағы заң-сот істерін зерттеуші
заңгер ғалымдар тентек сөзі мен телі сөзіне сәл антонимдік мағына
Достарыңызбен бөлісу: |