Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет14/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 

29 


ерекшеліктері  арқылы  анықталатын  педагогикалық  қарым-қатынастың 

бірлігі болып табылады (Н.В. Кузьмина, Н.В. Кухарев). Бұдан педагогикалық 

қарым-қатынасты 

мұғалім 


мен 

оқушылардың 

коммуникативті 

тапсырмаларды  кезектесіп  шешу  үдерісі  ретінде  түсіну  дұрыс  болып 

саналады,  яғни  бұл  үдерісті  педагогикалық  қарым-қатынастың  әрбір 

субъектісі  кезектестіп  шешеді.  Мұғалімдердің  педагогикалық  қарым-

қатынасын  жүзеге  асыру  спецификасы  талдау  объектісі  ретінде  болса        

(С.Я.  Ромашина,  Л.А.  Хараева),  онда  оқушылардың  алуан  түрлі 

коммуникативті  тапсырмаларды  педагогикалық  қарым-қатынас  үдерісінде 

шешуінің ерекшеліктері бұнда алғаш рет қарастырылады.  

Кез  келген  тапсырма  сияқты,  коммуникативті  тапсырмалар  күрделі 

психологиялық құрылым болып табылады. Коммуникативті тапсырмалардың 

құрылымының негізгі компоненттері ретінде, оларды шешудің мақсаты, пәні, 

шарттары,  құралдары  және  шешу  тәсілдері,  өнім,  нәтиже,  олар  өз  кезегінде 

жиынтықты  түрде  коммуникативті  тапсырмалардың  психологиялық 

табиғатын  анықтайды.  Коммуникативті  тапсырмалардың  психологиялық 

мазмұны,  тілдік  іс-әрекеттің  пәндік  мазмұнына  ұқсас  болады,  осы  іс-әрекет 

арқылы  субъект  қарым-қатынас  үдерісінде  коммуникативті  тапсырмаларды 

жүзеге 

асырады. 



Коммуникативті 

тапсырмалардың 

психологиялық 

мазмұнының  барлық  ерекшеліктері,  оны  шешудің  нәтижесінде    пайда 

болатын  өнімі  –  мәтін  арқылы  айқындалады,  мәтін  өз  кезегінде 

коммуникативті тапсырмалардың құрылымдық және мазмұнды қасиеттерінің 

сипатын  қамтиды.  Коммуникативтіліктің  белгілі  дәрежесімен  негізделген, 

коммуникативті  тапсырмаларды  сипаттау,  түсіндіру,  дәлелдеу  және 

сендірудің  құрылымдық  және  мазмұнды  ерекшеліктерін  талдау,  әрбір 

тапсырманың  психологиялық  табиғатын  сипаттауға  мүмкіндік  береді             

(1 кестені қараңыз).  

Сипаттау,  түсіндіру,  дәлелдеу  және  сендірудің  психологиялық 

ерекшеліктерін  талдау  және  осы  тапсырмаларды  әртүрлі  жас  кезеңіндегі 

оқушылардың  шешу  спецификасын  талдау,  коммуникативті  тапсырмаларды 

шешудің  сипаты,  тапсырмалардың  психологиялық  табиғаты  және 

оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты  болатынын  ескеруге 

мүмкіндік береді. Әдебиеттерді талдау көрсеткендей, жас ерекшелігіне қарай 

оқушылардың  құрылымдық  және  мазмұнды  қатынастағы  аса  күрделі 

тапсырмаларды  шешу  білігі  жетілдіріледі.  Оқушылар  коммуникативті 

бағыттармен  айрықшаланатын,  коммуникативті  тапсырмаларды  меңгеруге 

сезімтал келеді. Мысалы, бастауыш мектеп жас кезеңін, сипаттауға сезімтал 

келетін  даму  кезеңі  деп  анықтайтын  болсақ,    яғни  коммуникативтіліктің 

төмен  дәрежесімен  сипатталатын  тапсырманы  сипаттауға    сезімтал  келетін 

даму  кезеңі  деп  анықтама  беретін  болсақ,  онда  студенттік  жас  кезеңінде 

оқушылардың  төрт  коммуникативті  тапсырмаларды  жетістікпен  шешетінін 

болжауға  болады.  Осылайша,  әрбір  жас  кезеңі,  әртүрлі  дәрежеде 

коммуникативті  тапсырмаларды  немесе  мазмұнды  және  құрылымдық 

сипаттамалар  жиынтығын  шешудегі  сензитивті  немесе  сезімталдық  кезеңі 

болып табылады.  



 

30 


А.К.Маркова ұсынған сөйлеу жасындағы ұғымдар негізінде қалыптасқан 

коммуникативті  жас  ұғымы,  адамның  тілдік  дамуын  әрі  қарай  зерттеуді 

жалғастырады.  Автордың  пікірі  бойынша,  7-8  жастағы  субъектіде 

дифференцияцияланған  әсердің  маңызды  тілдік  функциясы  қандай 

коммуникативті тапсырмаларды шешілетінін білдіреді.  

Әдебиеттерді  талдау  көрсеткендей,  коммуникативті  тапсырмаларды 

шешу өзара әрекет ететін ішкі факторларға ғана тәуелді болмайды, сонымен 

бірге қарым-қатынастың сипаты сияқты, сыртқы факторға тәуелді болатынын 

болжауға  мүмкіндік  береді.  Ол  қарым-қатынасты  жүзеге  асыру,  шарттар 

жиынтығымен  анықталады:  қарым-қатынастағы  серіктестің  болуымен  және 

тікелей  қатысуымен,  қарым-қатынастың  бағдарлануымен  (А.А.  Леонтьев, 

Б.Х.  Бгажноков),  қарым-қатынастың  контактілігі  немесе  дистанциялығымен 

(А.А Долодович), уақытша режиммен және басқалармен. Қарым-қатынастың 

барлық  осы  ерекшеліктері,  әрбір  коммуникативті  актіде  беріліп, 

педагогикалық  қарым-қатынас  үдерісінде  коммуникативті  тапсырмалар 

шешілетін, қарым-қатынастың алуан түрлі ситуацияларын модельдеуге және 

коммуникативті тапсырмаларды субъектінің жетістікпен шешетінін болжауға 

мүмкіндік  берді,  бұнда  қарым-қатынас  ситуациясы  табиғи  коммуникатитві 

актіні қайта жаңғыртады. Осылайша, бірінші тарауда жүргізілген, теориялық 

талдаудың  нәтижесінде  ұсынылған  өзара  байланысқан  сыртқы  және  ішкі 

факторларға  коммуникативті  тапсырмаларды  шешудің  тәуелді  болатыны 

туралы қағида, зерттеу болжамының негізіне алынды.  

Ұсынылған  болжамды  бекіту  үшін,  эксперименттік  зерттеу  жүргізілді, 

оның  әдістемесі  екінші  тарауда  сипатталады.  Зерттеу  екі  сериядан  тұратын 

диагностикалық  экспериментке  негізделді.  Бірінші  серияда  коммуникативті 

тапсырмаларды сипаттау және түсіндірудегі, оқушылардың оларды шешудегі 

жас ерекшеліктері зерттелді, яғни шартты түрде оқу тапсырмасы (дистантты, 

бағдарлы  емес,  уақыт  бойынша  шектелген  қарым-қатынас)  және  шынайы 

тапсырма  (дистантты,  бағдарлы,  уақыт  бойынша  шектелмеген  қарым-

қатынас) 

деп 

аталған, 



қарым-қатынастың 

екі 


ситуациясында 

коммуникативтіліктің  төмен  дәрежесі  бар  тапсырмалар  зерттелді.  Екінші 

кезекте сабақта жиі қолданылатын, қарым-қатынастың оқу жағдаятында, аса 

зор  коммуникативті  бағыттылығымен  сипатталатын,  дәлелдеу  және 

сендірудегі  коммуникативті  тапсырмаларды  оқушылардың  шешудегі  жас 

ерекшеліктері ескерілу қажет. 



 

 

 

 

 

 

 


 

31 


V  «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану» оқу пәндері бойынша   

коммуникативтік тапсырмалар үлгісі 

 

Қазақ тілі  



  

1.  Оқушылар  хайуанаттар  бағына  саяхат  жасады.  Мұғалім  осы  көргендері 

бойынша  шағын  шығарма  жазу  туралы  тапсырма  берді.  Берілген  жоспар 

бойынша шығарма жаз: 

1) Хайуанаттар бағына саяхат; 

2) Хайуанаттар бағындағы қызықтар; 

3) Саяхаттың әсері. 

2.  «Қарға» сөзінің семантикалық картасын жаса: ол аң ба, әлде құс па? Қайда 

тіршілік  етеді,  немен  қоректенеді?  Түрі,  түсі  жағынан  қай  құсқа  ұқсайды? 

Қарға туралы жұмбақ, жаңылтпаш айт. 

3.  Анаң  сені  дүкеннен  шомыр  сатып  әкелуге  жіберді.  Сен  бұл  көкөністің 

атын жол-жөнекей ұмытып қалдың. Қайткен күнде де кері қайтпай, көкөністі 

сатып алуың керек. Ол үшін сатушыға бұл көкөністі сипаттап бер: оның түрі, 

түсі, дәмі қандай, одан не жасауға болады? 

4.  Наурыз  мерекесі  неліктен  көктемде  тойланады  деген  сұраққа  жауап  бере 

отырып,  пайымдау  мәтінін  құрастыр.  Өзің  және  парталасың  жазған 

мәтіндерді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат. 

5.  Достары  Айдынды  туған  күнімен  құттықтады.  Ол  қуанғанынан  «рахмет, 

рахмет»  дей  берді.  Оған  өз  ризашылығын,  алғысын  бұдан  басқа  қандай 

сөздермен  жеткізуге  болар  еді?  Айдынның  орнында  өзің  болсаң  қандай 

сөздерді пайдаланар едің? 

6.  Атаңды  не  әжеңді    құттықтағанда  олар    алғыстарын    қалай  білдіретіні 

туралы диалог құрастыр. 

7. Өлеңде леп белгісі туралы былай жұмбақталады: 

                            Қуану, ренжу, өкіну, 

                            Мақсатым – соны сездіру. 

                            Ұранды да айтамын, 

                             Қарқындап барып қайтамын. 

Басқа тыныс белгілерінің атқаратын қызметі туралы айт. 

8. Қала (ауыл) бөлігі көрсетілген картаның қалаған көшесі бойына өз үйіңнің 

суретін жабыстыр, дәптеріңе қай көшеде тұратыныңды жаз. 

9. Сыныптастарыңның алдында қай көшеде тұратыныңды айт. 

10.  Үйіңе  келген  қонақтарға  отбасылық  альбомды  көрсетіп  отырсың.  Өз 

отбасың туралы айтып бер, «Сенің отбасың тату ма?» дегендей сұрақ қойып, 

қонақ баланың отбасына баға бер. 

11.  Жануарлар  туралы  ертегіні  есіңе  түсір,  оларды  атап  шық.  Жағымды 

кейіпкерді “+“ белгісімен, жағымсыздарды „-“ белгісімен белгіле, оларды екі 

топқа бөліп дәптеріңе жаз. 

12.  Ертең  сенің  туған  күнің  болады  дейік.  Оған  кімдерді  шақыратыныңды, 

олар қандай тағамдарды, ойындарды ұнататынын анықта. 



 


 

32 


Әдебиеттік оқу 

1. «Өзім тойдым», «Қомағайлық», «Қожанасыр мен ашқарақ» мәтіндеріне 

ортақ бір тақырып ойла.  Осы мәтіндердегі айтылған оқиғаларды, өз үйіңдегі 

қонақ күту дәстүрімен салыстырып әңгімеле. 

2. Нан туралы оқыған шығармаларыңды пайдаланып, нанның дайындалу 

барысын сызбамен көрсетіп бер. 

3. А. Құнанбаевтың  «Адам болам десеңіз» өлеңіне сүйене отырып, төмендегі 

сызбаны толтыр: 

Менің бойымдағы жақсы қасиеттер 

Менің бойымдағы жағымсыз 

қылықтар 

 

 



  

4. Төмендегі келтірілген мақалдардың мағынасы Ы. Алтынсариннің қай 

әңгімесіне сәйкес келетінін белгіле: 

а) Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас. 

ә) Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер 

кісінің ісі. 

б) Тазалық – денсаулық кепілі. 

в) Білімдінің көзі ашық. 

Ы. Алтынсарин шығармалары: «Шеше мен бала», «Салақтық», 

«Қарабатыр», «Надандық». 

5.  Табиғатты  қорғау  мен  табиғаттан  қорғану  тіркестерінің  мағынасын 

түсіндір.  Осы  тіркестердің  қайсысы  аталған  әңгіменің  идеясын 

анықтайтынын  айтып  бер.  Мәтін  мазмұнына  сүйеніп,  пікіріңді  дәлелде 

(Д.Қасеновтың «Найзағай» әңгімесі бойынша). 

6.  Ө.Қанахиннің    «Туған  жер»  мәтініне  сүйеніп,  біздің  жерімізде  бар 

заттардың тізімін төмендегідей белгілер бойынша жікте:  

а) Тау қыраттары; 

ә) Жерде өсетін дақылдар мен шөптер;  

б) Төрт түлік; 

в) Қазба байлықтары. 

7. Бозінген безілдеп ботасын іздеуде .... Оның ботасын сатып жіберген 

адамдарға не айтар едің? Ойыңды қағазға түсір. 

Арыстан мен қозының өзара сөйлесу мәтінін құр.  

8.  «Өзім  тойдым»,  «Қомағайлық»,  «Қожанасыр  мен  ашқарақ»  мәтіндеріне 

ортақ бір тақырып ойла.  Осы мәтіндердегі айтылған оқиғаларды, өз үйіңдегі 

қонақ күту дәстүрімен салыстырып әңгімеле. 

9. Сыныптастарыңның ұнайтын есімдерін жаз. 

10. Өлең жаттап алып, мектеп не сынып шарасында мәнерлеп оқып бер. 

11.  Сыныптасыңмен  бірге  телефон  арқылы  қонаққа  шақыру  сұхбатын 

жасаңдар (амандасу, қонаққа шақыру, алғыс білдіру). 

12. Жұмыс шағын топтарда жүргізіледі. Бір оқушы аңның суретін жасырады, 

басқалардың  сұрақтарына  бірінші  оқушы:  «Иә,  жоқ»  деп  жауап  қайтарады. 

Атын тапқан оқушы келесі аңның суретін жасырады.  



 

33 


 

Дүниетану 

1.  Табиғатта  болатын  құбылыстарды  бақыла,  зерттеу  үшін  қандай 

құралдарды қолдандың, оны қалай жүргізгенің жөнінде әңгімеле. 

2.  Адам  тіршілігіне  қажетті  жағдайларды  анықтап,  олардың  әрқайсысының 

маңыздылығын дәлелдейтін мысалдар келтір. 

3.  «Адам  денесінің  сымбатты  болуы»  деген  тақырыпта  ізденіс  жасап, 

сыныптағы құрбыларыңмен өз пікіріңді бөліс. 

4.  Сымбатты,  енжар,  ақылды,  арық,  шымыр,  еңбекқор,  толық,  салмақты, 



ақылсыз, күшті сөздерін пайдаланып өзің жақсы көретін құрбыңа сипаттама 

бер.  


5.  Көкжиек  тұстарын  анықтайтын  құралды  пайдаланып,  көкжиек  тұстарын 

анықта және әр тұстың табиғаты, ауа райы, адамдарының тұрмыс тіршілігін 

бейнелейтін суретін сал. 

6.  Өзің  тұратын  қаланың  немесе  ауылдың  орналасқан  жерін  картадан 

анықтап, сол өңірдегі тау, өзен, көл,  тау жыныстары жөнінде мәлімет жина, 

олардың жергілікті халыққа тигізер пайдасы жөнінде шығарма жаз. 

7. Адам әрекеттері арқылы өсімдіктердің жойылуына тигізген әсері жөнінде, 

өсімдіктерді  қорғау  үшін  отбасында,  мектепте  қандай  жұмыстар 

атқарғандарың жөнінде  әңгімеле.   

8. Кішкентай Дархан көрген нәрсесін айтып жеткізе алмай тұр. Ішкі үйге бір 

құс  ұшып  кіріп,  қайта  шығыпты.  Дәл  сондай  құс  Сәрсен  атайдың  ауызғы 

үйіне  ұя  салыпты.  Дарханның  көргені  қандай  құс?  Көмекке  кел.  Сипаттап 

көр.  

9.  Сынып  оқушыларының  Сара  әжейге  қамқор  болып,  көмектесіп 



жүргендеріне көп бола қойған жоқ. Ол – жалғызілікті кісі. Ұлы Отан соғысы 

кезінде  ауылда  трактор  айдаған.  Оқушылар  Жеңіс  күніне  әжейге  қандай 

сыйлық аламыз деп көп таласты. Сенің ұсынысың қандай болмақ?  

10.  Мектепте  жаңадан  табиғат  зерттеушілер  және  тоғызқұмалақ  үйірмелері 

ашылды.  Сен  табиғат  зерттеушілер  үйірмесіне  қатысқың  келеді.  Ал  ағаң 

тоғызқұмалақ  үйренгеніңді  қалайды.  Ағаңа  өз  пікіріңнің  дұрыстығын 

дәлелде.  

11. Далада ойнап жүрген Жанат үйге жүгіріп кірді. Апасынан далада жаюлы 

тұрған кірлерді алуын өтінді. Апасы түсінбей, себебін сұрады. Жанат қандай 

жауап берді деп ойлайсың? 

12. Үш бала әңгімелесіп отырды. 

       Балабек:  

- Қарға неге қара? – деген сауал қойды.  

       Жаңабек:  

-  Қара бояу жаққан, - деп жауап берді.  

-  Анасына тартқан, - деп топшылады Данабек.  

Сен қалай ойлайсың? 

 

 



 


 

34 


Қорытынды  

 

       Құзыреттілік 

тұрғысында  бiлiм  беру  саласындағы  әлеуметтiк 

күтiлiмдерге  де,  бiлiм  беру  үдерiсiне  қатысушылар  мүдделерiне  объективтi 

түрде  сәйкес  келедi.  Сонымен бiрге, бұл  әдiс-тәсiлдер  бiлiм  беру  жүйесiнде 

қалыптасып қалған стереотиптермен, балалардың оқу iс-әрекеттерiн бағалау 

критерийлерiмен,  педагогтардың  педагогикалық  iс-әрекеттерiмен  қарама-

қайшы.  Жалпы  бiлiм  беретiн  мектептi  дамытудың  қазiргi  кезеңiнде 

құзыреттілікті  әдiс-тәсiлдердi  жүзеге  асыру  мақсатқа  лайықты.  Сонымен 

қатар,  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесiнде,  мұғалiмдердің  бiлiктiлiгiн 

арттыратын  институттарда    құзыреттілікті  әдiс-тәсiлдердi    жүзеге  асыруға  

кадрларды теориялық және әдiстемелiк жағынан  даярлау қажет. 

      Бiлiм  беру  ұйымдарының  қызметiнiң  нормативтi  базасына,  ең  алдымен 

оқушылардың  қорытынды  аттестациясы,  бiлiм  беру  ұйымдары  мен 

кадрларды  аттестациялау  жөнiндегi  құжаттарға  өзгерiстер  енгiзiлуi  керек. 

Әрине,  жалпы  компетенттiлiктi  әдiс-тәсiлдердi  тәжірбиеге  жаппай  енгiзудiң 

қажеттi  шарты  жаңа  буын  оқу  бағдарламалары  мен  құзыреттілікке 

бағдарланған тапсырмалар қамтылған оқу құралдары.  

      Оқыту  нәтижелерiн  өлшеу  құралдары  ретiнде  тапсырмаларды  құрастыру 

мәселесi  бойынша  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерге  жасалған  талдау 

нәтижелерi  бұл мәселенiң жаңа екендiгiн көрсеттi, және көптеген ғалымдар 

осы проблеманы шешудiң басқа әдiс-тәсiлдерiн ұсынады.  

      Зерттеу  жұмыстарымызда  құзыреттілікке  бағдарланған  тапсырмаларды 

құрастыру  бойынша  авторлардың пiкiрлерiн  талдауға  тырыстық  және  Ресей 

мен 

Қазақстан 



ғалымдарының 

осы 


мәселенi 

шешу 


бойынша 

қорытындыларына  мазмұндық  сипаттама  бердiк.  Мысал  ретiнде  отандық 

ғалымдар жасаған, құрастырған тапсырмаларды қарастырдық.  

       Олардың жинақтаған тәжiрибелерiне сүйене отырып, оқыту нәтижелерiн 

өлшеу  үшiн  құзыреттілікке  бағдарланған  тапсырмалар  жүйесiн  жобалау 

үдерiсiн сипаттама беруге тырыстық.  

      Құзыреттілікке  бағдарланған  тапсырмалдарды  құрастыру  үшiн  жан-

жақты  бiлiмнiң,  оқу  пәндерiн  интеграциялау  бойынша  терең  бiлiмнiң 

қажеттiлiгiн ескерген жөн. 

      Осы 

берiлiп 

отырған 


материалдар 

педагогика 

саласындағы 

зерттеушiлерге,  мектепте  бiлiм  берудi  ұйымдастырушыларға,  педагог-

практиктерге  заманауи  мектепте  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жетiлдiруде 

әдiстемелiк көмек бола алады. 

 

 

 



 

 

 



 


 

35 


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

         1  Назарбаев  Н.Ә.  Білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  ІІІ  съезінде  

сөйлеген сөзі. - http://www.edu.gov.kz 

         2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш 

білім беру стандарты. Бастауыш білім. Астана, 2008ж. 

          3  Новиков  А.М.  Методология  учебной  деятельности.-М.:Издательство 

«Эгвес», 2005.-176с. 

 

    4  Фишман  И.С.  «Подходы  к  оценке  уровня  сформированности 



ключевых компетентностей учащихся», журнал «Методист» № 2,3, 4,5,  2007.  

5 Қаңтарбаев  С.Е.  Бастауыш  сынып  оқушыларынын  оқу  әрекетін 

қалыптастыру: теория жәке қалыптастыру әдістемесі. -Ақтөбе. 2001.24-25 бет. 

         6 Алифакова Е.М. Формирование коммуникативной компетенции детей 

дошкольного и маладшего школьного возраста средствами театрализованных 

игр. / дис.канд.-пед.наук. - Волгоград, 2001. 

         7  Жуков  Ю.М.,  Петровская  Л.А.,  Растянников  П.В.  Диагностика  и 

развитие компетентности в общении. - М, 1991.  

         8  ЮНЕСКО.  Доклад  ЮНЕСКО  о  положении  дел  в  мировом 

образовании за 1991 год.  ТарГПИ, 1991.   

   9    Құсайынов  А.Қ.  12  жылдық  білім  беруте  әзірміз  бе?/Егемен  Қазақстан 

9.01.09ж 

  10 Джадрина М.Ж., Примбетова Г.С. Задания как средства для измерения 

учебных достижений учащихся // Білім – Образование, №3 (39), 2008, с. 73-

76. 

  11    Қонақова  К.Ө.  және  т.б.  Қазақстан  Республикасы  мектептерінде 



бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.  Алматы, 

2006. -32 б. 

       12 Эльконин Д. О структуре учебной деятельности // Избр. психол. труды. - 

М., 1989. 

         13  Репкин  В.В.  Формирование  учебной  деятельности  в  младшем  школьном 

возрасте // Начальная школа. 1999. №7. 19-24 бет. 

       14 Хасенов Ә. Тіл білімі.- Алматы, 1996. 

       15 Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2002,-664 бет. 

       16 Аванесов В.С. Основы теории педагогических заданий  // Педагогиче-

ские измерения, №2, 2006, с.28  

       17 Новейший словарь иностранных слов и выражений.  – Мн: Современ-

ный литератор, 2007. – 976 с., с.660 

       18  Жуков  Ю.М.  Методы  диагностики  и  развития  коммуникативной 

компетентности  //  Общая  оптимальная  совместная  деятельность,-  М.:  МГУ, 

1987.-С.64-78. 

105


.

  

      19  Петровская  Л.А.  Компетентность  в  общении-М.:  Изд-во  МГУ.  1989.-



79с.   

       20 Подласый И.П. Педагогика начальной школы: Учеб. пособие для студ. 

пед. колледжей. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2002. – 400 с. 

       21 Большой энциклопедический словарь.- М.: ВечеАск, 1999.-544с. 




 

36 


       22  Рыжков  М.В.  Ключевые  компетенции:  возможности  применения.  // 

Стандарты и мониторинг в образовании. – 1999, – № 4. –С. 21-22. 

       24  Новиков  А.М.  Методология  учебной  деятельности.-М.:Издательство 

«Эгвес», 2005. -176с. 

       25 

Хуторской 

А.В. 

Ключевые 



компетенции: 

технология 

конструирования.   // Народное образование, - 2003. - № 5. 

      26 Коган Л.Н. Цель и смысл жизни человека. М.: Наука, 1984.-121с. 

      27 Аренова А.Х. Методика развития познавательных навыков внеучебной 

деятельности школников. – Алматы, 2003. – 128 с. 

     28 Нұрахметов Н.Н. Құзіреттілікті қалыптастырудағы жаңа оқулықтардың 

ролі // 12-жылдық білім орта білім берудің жүзеге асуын ғылыми тұрғыдан 49                    

29  Мұханбетжанова  Ә.М.  Интеграцияланған  білімдік  кеңістікте  тұлғалық 

бағдарлы  білім беру технологиясы.//Қазақстан жоғары мектебі, Алматы, №4-

1999.- 40-43 б. 

     30  Құдайбергенева  К.С.  Құзырлылық  білім  сапасының  критерийі: 

әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі.-Алматы,2008-328б. 

     31  Мұқанова  С.Д.

 

Нәтижеге  бағытталған  білім  беру  әдіснамасындағы  12 



жылдық білім берудің моделі 

     32  Жексенбаева  Ү.Б.  Компетентностно  ориентированное  образование  в 

современной школе: Учебно-методоческое пособие-Алматы, 2009-190с. 

    33  Жұмабаева  А.Е.  Бастауыш  сыныптарда  синтаксисті  дамыта  оқыту 



сабақтарының жүйесі. – Алматы: РАДиАЛ баспасы, 2008.-93 бет. 

жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау