Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 

17 


құзыреттілікті  меңгеру  –  бұл  қарым-қатынас  жағдайында  коммуникативтік 

тапсырмаларды шешудің үздіксіз үдерісі» деп ерекше атап өткен.  

      Бастауыш  сыныптарды  оқыту  әдістемесінде  коммуникативтік  тапсырма 

тұғырының  негізіне  С.Л.Рубинштейн  мен  А.Н.Леонтьевтің  психологиялық 

түсіндірмесі  басшылыққа  алынған.  Т.Ю.Тамбовкинаның  түсіндірмесінде 

әдістемедегі  коммуникативтік  тапсырма  ең  алдымен  оқушылардың  тілдік 

әрекетке  деген  қажеттілігін  оятып,  соған  сәйкес  түрткісін  дамыту,  тілдік 

ойлауға  ынталандыру,  жаңаша  және  жалпы  білімдік  білімдерді  игеруге 

себепші болу, тілдік құралдар мен лингвистикалық білімдерді өзектендіруге 

бағытталады.  Бұл  оның  проблемалық  тапсырмалардан  айырмашылығын 

білдіреді. Дидактиктердің түсіндірмесі бойынша проблемалық тапсырмалар, 

«табиғат  пен  қоғам  жөніндегі  жаңа  білімдерді  алуға,  мақсатқа  жету  немесе 

білімді іздеудің жаңа құралдарын жасауға» бағытталады.  

      Сөйлеуші  әрқашан  өзінің  пікірі  арқылы  қандай  да  бір  мақсатқа  қол 

жеткізгісі  келгенде:  әңгімелесушіні  сендіру  немесе  өзінің  пікірі  қате 

екендігіне  көз  жеткізу,  көңіл  білдіру  немесе  ашуландыру,  оның  пікіріне 

қолдау көрсету немесе келеке ету және т.б. фактының дәлелділігін көрсетеді. 

Осы  тәрізді  мақсаттарды  Е.И.Пассов  коммуникативтік  тапсырмалар  деп 

атайды.  Оның  пікірі  бойынша  олардың  шешімі  сөйлеудің  мақсатқа 

бағыттылығына қызмет етіп, қарым-қатынаста алдына қойылған міндеттерін 

орындауда оның барлық сапаларының өзара байланыстылығын білдіреді. 

      Е.И.Мотина,  Е.Е.Жуковский,  Г.А.Золотова,  Э.Н.Леоновалардың  пікірі 

бойынша  коммуникативтік  тапсырмаларда  психологиялық  аспект  жетекші 

болып табылады.  

      Коммуникативтік тапсырмалардың психологиялық аспектісінде қарым-

қатынасқа  қатысын  сөйлеушінің  коммуникативтік  мақсатымен  (ниетімен) 

тығыз  байланыстылығын  атап  кетуге  болады.  Психологтардың  пікірінше 

сөйлеу  нәтижесінің  мотивациялық  –  себептік  деңгейі  өзіндік  түрткі  мен 

коммуникациялық ниеттің «барысымен» бірге, сөйлеушінінің ролін анықтап, 

қарым-қатынасқа  қатысушы  ретінде  және  оның  пікірінің  нақты  мақсатын 

білдіреді. Коммуникативтік тапсырма коммуникативтік ниетті құру негізінде 

пайда болып және тілдік сөйлеу нәтижесінің сатылық үдерісінде қалыптасқан 

сөз  болып  табылады.  Мұның  нәтижесінде  коммуникативтік  тапсырма 

сөйлеушінің  коммуникативтік  ниеті  мен  түрткісін,  өзіндік  пікірін  мақсатты 

түрде  жүзеге  асырады  деп  есептеуге  болады.  Сонымен  қатар,    сөйлеушінің 

коммуникативтік 

ниетін 

«сөйлеуші 



субъектінің 

өзіне 


бағдарлап, 

коммуникативтік  тапсырманың  қарым-қатынас  жағдайына  сай  барынша 

анықталған да ғана» оның әлеуметтік аспектісі пайда болады.  А.А.Леонтьев 

коммуникативтік  тапсырмаларды  мәселелік  жағдаяттарда  қарым-қатынас 

жасаушы  серіктесіне  әсер  ету  мақсатын  қамтитын,  бағдарлану  нәтижесі 

ретінде анықтаған.  

      Коммуникативтік  тапсырмалардың  әлеуметтік  аспектісі  сөйлеушінің 

қоршаған  ортамен  өзара  байланысы  мен  қарым-қатынастың  рольдік 

сипатынан  көрінеді.  Осылайша  белгіленген  рольдер  осы  рольдердегі 

оқушылардың  алдынан  ең  жиі  кезедесетін  әдеттегі  коммуникативтік 




 

18 


тапсырмаларға  болжам  жасауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  дәрігер 

емделушінің денсаулық жағдайына алаңдаса, тұтынушыны тауардың  сапасы 

қызықтырды, ал мұғалім оқушылардың қандайда бір бірлескен әрекеттеріне 

түрткі  болу  үшін,    мәселелік  жағдаяттың  шешімін  табуға,  сыныптасының 

пікіріне  баға  беруге  және  т.б.  шақырады.  Олай  болса,  коммуникативтік 

тапсырмалар қарым-қатынас аймағымен тығыз байланыста болады. Мысалы, 

әлеуметтік-мәдени 

аймақта 


сөйлеу 

пәні 


ретінде 

оқушылардың 

қызығушылығының  болуы,  коммуникативтік  тапсырмаларды  бағалауда  жиі 

қолданылып,  ал  оқу-еңбектік  аймақта  коммуникативтік  тапсырмалар 

әрекетке түрткі болады.  

      Әдістемелік  ғылымда  қарым-қатынас  мақсаты  немесе  коммуникативтік 

тапсырмалар  үнемі  нақты  жағдаяттарда  және  белгілі  бір  тілдік  әрекеттерді 

орындауда жүзеге асады. Тілдік әрекет тілдік құралдардың көмегімен жүзеге 

асатын  болса,  онда  коммуникативтік  тапсырмалардың  лингвистикалық 

аспектісі  дәл  сол  сөйлеу  нәтижесінде    көрінеді.  Коммуникативтік 

тапсырмаларды  мәлімет  түрінде  шешуде,  белгілі  бір  тілдік  шығарма,  мәтін 

түрінде  көрінеді.  Бұл  мәліметтер  қарастырып  отырған  ұғымның  әдістемелік 

аспектісін  анықтауда  маңызды  болып  есептеледі.  Егер  шынайы  қарым- 

қатынас барысында, коммуникативтік тапсырманы шешуде белгілі бір қарым 

-қатынас жағдайында тілдік әрекет арқылы жүзеге асырылса, онда оқушылар 

өздерінен  талап  етілетін  қажетті  тілдік  әрекеттерді  орындап,  олардың 

меңгеруі мен иемденуін басқара білуге үйренеді.  

       Коммуникативтік  тапсырма  білім  нәтижесіне  тікелей  болжам  жасауға 

мүмкіндік береді.     

       Коммуникативтік тапсырманың педагогикалық аспектісі оқыту үдерісі 

мен оның қызметтерін жүзеге асыруда көрінеді:  

   -  педагогикалық  қарым-қатынас  аймағында  танымдық  қызығушылығын 

арттырады;  

   - оқу-тәрбие үдерісінде қарым-қатынастың қажеттіліктерін тәрбиелейді;  

   -  қарым-қатынас  үдерісіне  қатысты  педагогикалық  мақсат  сәйкестілігін 

құру құралы ретінде қызмет етеді.  

      К.А.Абульханова-Славскаяның 

пікірі 

бойынша 


коммуникативтік 

тапсырма  индивидті  қарым-қатынасқа  тартудың  шынайы  түрі  ретінде: 

«ұйымдастырудың бұл формасы, оның белсенділігін шектеу мен бірмезгілде 

өзектендіру, оның қайта жасалуы мен анықтау түрі » ретінде көрінеді.  

      Коммуникативтік  тапсырманың  мәні.  Бұл  жерде  «мән»,  «құбылыс» 

ұғымдарының  анықтаудан  бастау  қажет.  Философиялық  түсіндірмеде          

«...Мән  бұл  сол  пәнге  қатысты  заңдылықтардың  тұтастығын,  ішкі 

байланысын  және  пәннің  түрлі  қырларын  бір  жерге  біріктіретін  екінші  бір 

пәннің  немесе  үдерістің  тереңдігін  (пронизывающую,  өткір,  ызғарлы) 

білдіреді.  Құбылыс  -  бұл  заттың  сезімдік  танымдағы  түсінікті  сыртқы 

қасиеттері  мен  белгілерін  білдіреді.  Құбылыс  заттың  мәнін  құрайтын 

заңдылықтарынан  көрінеді».  Бұл  көзқарастан  мынадай  қорытынды  жасауға 

болады. Тапсырма білім берудің элементарлы торы (бөлігі) ретіндегі нысаны 

болғандықтан келесі белгілерге:  мақсат, мазмұн, құралдар, шешу әдістерін 




жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау