Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

 

15 


Сондықтан,  оқыту  үдерісінде  қойылған  мақсатқа  жетуге  бағытталған  оқу 

тапсырмасын, көбінесе мұғалімнің дайындаған оқу мәселесімен бір мағынада 

қарастырады.  

      Оқу әрекетінің негізгі құрылымдық элементтері болып оқу тапсырмалары, 

сол  сияқты  белгілі  қарама-қайшылықтан  шығу,  таныс  ұғымдар  мен 

тәсілдердің  пайда  болған  кемшілігін  іздеу  мәселесі  ретінде  көрінеді.  Біз 

зерттеу  жұмысымызда  Д.Б.Элконин  ұсынған  оқу  әрекеті  тұжырымдамасын 

қамту  барысында,  практикалық  тапсырмалар  мен  оқу  тапсырмаларын  бөліп 

қарастырамыз.  Практикалық  тапсырманың  ерекшелігі,  оны  шешу  кезінде 

кейбір пәндерді үйренуде оған өзгеріс енгізу үшін, субъектінің әрекеті оның 

әрекетінің объектісі болып табылады.  Мұндай шешімнің нәтижесі объектіге 

кейбір  өзгеріс  енгізуінен  көрінеді.  Сол  секілді  оқу  тапсырмаларын  шешуде 

оқушылар  өз  әрекеттері  арқылы  объектілерге  немесе  олар  жайлы  түсінікке 

өзгеріс  енгізіп,  оны  қайта  жасау  нәтижесінде  -  әрекет  етуші  субъектінің 

өзіндік  өзгерісінен  көрінеді.  Оқу  тапсырмасын  субъектіде  алдын-ала 

тапсырылған  өзгерістер  болғанда  ғана  шешілді  деп  есептеуге  болады.  Бұл 

мәліметті схема түрінде былайша бейнелеуге болады:  

 

Практикалық тапсырма             шешім              объектідегі өзгеріс  



 

Оқу тапсырмасы              шешім                 субъектідегі өзгеріс 

 

Схема 1. Практикалық және оқу тапсырмасының шешімінің нәтижесі 



 

     Субъектінің  пәндік  әрекетіндегі  өзгеріс  үдерістен  бөлек,  субъектінің 

өзінде ешқандай өзгерістің болуы мүмкін емес дегенді  назарға ала отырып, 

оқыту  әрекеті  –  бұл  пәнге  өзгеріс  әкелетін,  міндетті  пәндік  әрекет  деген 

нақты  қорытындыны  жасауымызға  болады.  Дегенмен  оның  пән  бойынша 

жүзеге асыратын мақсаты мен нәтижесі өзгеріс емес, алдын ала тапсырылған 

субъектінің өзіндегі өзгерісті білдіреді.   

      Бұл  талдаудан  «субъект»  ұғымының  мәнін  қарастырмай,  толық  деп  айта 

алмаймыз.  Д.Б.Элконин,  В.В.Давыдов,  Т.С.Савочкиндердің  оқу  әрекеті 

жөніндегі тұжырымдамасын баяндауда келесідей түсіндірмеге сүйенеді.  

Субъект – 1) психология мен философияның іргелі категориясы;  

2)  әлемді  заттық  бейнелеу  негізінде  сана  мен  ерікке  ие, мақсатқа  сай  әрекет 

ете алатын тірі ағза; қоршаған әлемді танып және қайта өзгерте алатын адам.                                                                                                            

Біз өз зерттеуімізде Д.Б.Элкониннің балалардың психикалық дамуы, меңгеру 

түрінде  жүреді  деген  көзқарасын  қолдаймыз.  Мектептегі  оқытуға  көшуді 

меңгеру үдерісі мазмұнға түбегейлі өзгеріс енгізуді белгілейді. Меңгеру – оқу 

әрекеті  деген  жаңа  түрді  иемденеді.  Оқуды  меңгеру  объектісі  –  субъектінің 

әрекетіндегі пәндер немесе олардың шынайы қасиеттерін емес, осы пәндерді 

өзгертудің  тәсілдері  болып  табылады.  Оқу  тапсырмаларын  шешу  – 

оқушының  әрекет тәсілдерін игеру мен меңгеруге бағытталады.  

      Оқушылардың  оқу  әрекетін  өз  бетімен  таңдауы,  оқу  тапсырмаларының 

мазмұнымен  сәйкес  болады.  Оқу  тапсырмаларының  қызметі  алдымен  сол 




 

16 


немесе  басқа  да  пәндерге  тиісті  объектілер  арасындағы  байланыстардың 

барлық ерекшеліктерін білдіреді.  

      Шешу тәсілдері мен құралдары дегеніміз – тапсырманы шешу барысында 

қолдануға тиісті қағидалар жөніндегі нұсқаулар мен теориялық ержелер.  

      Бірқатар  зерттеушілер  (Д.Б.Элконин,  В.В.Давыдов,  А.К.Маркова  және 

т.б.)  оқу  тапсырмасын  оқу  әрекетінің  негізгі  құрамы  екендігін  өз 

зерттеулерінде  дәлелдеген.  Біз  қарастырып    отырған  негізгі  ұғым  - 

«коммуникативтік  тапсырма»  болып  табылады.  В.В.Дображанскийдің  пікірі 

бойынша  коммуникативтік  тапсырма  көптеген  оқу  тапсырмаларының  бірі 

ретінде,  оның  барлық  сипаттамасын  бейнелейді.  Коммуникативтік 

тапсырманы оқушы белгілі бір жағдаяттарда саналы түрде қолданғанда жеке 

мәнге  ие  болып,  белсенді  қарым-қатынасқа  ынтасын  арттырып  және  оның 

қарым-қатынас  жасай  білу  біліктілігін  дамытатын    әрекет  мақсаты  ретінде 

қабылдауы  мүмкін.  Бұл  коммуникативтік  тапсырмалар  педагогикалық 

мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Зерттеу шеңберінде коммуникативтік 

тапсырма  ұғымының  психо-педагогикалық  ерекшелігін  қарастыруды  талап 

етеді. 

«Коммуникативтік 



тапсырма» 

ұғымын 


қарым-қатынас 

психологиясында  алғашқылардың  бірі  болып  А.А.Леонтьев  қолданып,  оны 

«танымдық 

тапсырма» 

ұғымынан 

айырмашылығын 

салыстырмалы 

қарастырған. «Коммуникативтік тапсырма» мен «тілдік тапсырма» ұғымдары 

ХХ ғасырдың 1980-жылдары кең түсінікке ие болып, шет елдік және ресейлік 

зерттеулерде  түрлі  түсініктемелер  берілді.  Сонымен  қатар  М.И.Лисина 

«коммуникативтік 

тапсырма» 

ұғымымен 

қатар 


«қарым-қатынас 

тапсырмалары», 

Г.А.Китайгорский 

«коммуникативтік 

тапсырма», 

А.К.Маркова «коммуникативтік мақсат»  ұғымдары да қолданысқа ие болды. 

Терминологияда  сол  құбылысқа  байланысты  бір  мағынылылық  пен 

реттіліктің  жоқтығы    салдарынан  оқыту  үдерісінде  түрлі  ұғымдар 

қолданылып,  бұл  бір  жағынан  қарастырып  отырған  ұғым  жөнінде  бірыңғай 

түсінік  қалыптастыруға  кедергі  жасап,  нәтижесінде  ғылыми  түсіндірме  мен 

практикалық қолданыста ілгерілеуге кедергісін тигізеді. Ал, екінші жағынан  

зерттеушіге  қарастырып  отырған  мәселеге  қажетті  аспектілерін  анықтауға 

көмектеседі. 

       


Коммуникативтік  тапсырма  ұғымын  педагогика  мен  психология 

тарапынан  қарастыруда,  бұл  құбылыстың  бастауыш  сыныптарды  оқыту 

әдістемесіндегі  орнын  ескермеу  мүмкін  емес.  Шындығында,  неліктен 

бастауыш  сыныптарды  оқыту  әдістемесінде  коммуникативтік  тапсырма 

негізгі ұғым болып табылады деген сұрақ туындайды? Бұл сұраққа былайша 

жауап  беруге  болады.  Бастауыш  сыныптардағы  оқыту  –  бұл  білім  берудің 

алғашы  негізін  қалайды.  Екіншіден,  бастауыш  сыныптарда  оқытылатын 

пәндер  олардың  коммуникативтік  құзыретілігін  қалыптастыруда  жетекші 

маңызға  ие.  Зерттеушілер  (А.А.Артюнов,  И.Л.Блим,  М.Н.Вятютнев, 

И.Я.Зимняя,  Т.Ю.Тамбовкина)  бастауыш  сыныптарда  коммуникативтік 

құзыреттілікті  қалыптастыруда  коммуникативтік  тапсырмаларды  шешу  мен 

оларды  қоя  білуден  деп  есептейді.  М.Н.Ватютнев  «...  коммуникативтік 




жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау