5
туғызады. Соның ішінде бүгінгі өскелең қоғамда коммуникативтік
кұзыреттіліктермен терең қаруланған ұрпақ тәрбиелеу алдыңғы қатарлы
мақсаттардың бірі болып отыр.
Коммуникативтік құзыреттілік адамдармен өзара әрекет пен қарым-
катынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі
нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін
қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады. Демек,
оқу-ағарту саласында өзекті мәселенің бірі – бастауыш сынып оқушысын
сапалы қарым-қатынасқа даярлап, тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін
қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушысының тілдік қарым-қатынасын
жетілдіру, дамыту арқылы қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өздігінен
жасампаздықпен ойлай алатын және өз ойын шығармашылықпен жеткізіп,
шебер қарым-қатынас жасай білетін, тілдік қатысымды тиімді қолданатын
баланың коммуникативтік қабілеттерін дамыту қажет. Коммуникативтік
құзыреттілік тұлғаның оқу-танымдық, кәсіби және мәдени-танымдық
қызметтің өзекті салаларында сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеруге
байланысты іс- әрекет жасауына мұмкіндік береді.
Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың ерекшелiктерi олардың
тәжірбиеге бағдарланатындығында, алайда оны орындау пәндiк бiлiмдi, тiптi
кейде бiрнеше пәндік бiлiмдi қажет етедi. Құзыреттілікке бағдарланған
жағдаяттық тапсырмаларды шешу көбiнесе, нақты өмiрде, қоғамда болып
жатқан, мұғалiмге де, оқушыға да жаңа болып табылатын өзгерiстерге терең
талдау жасаумен байланысты болып келедi. Бұл жағдайда мұғалiм мен
оқушының арасындағы өзара қарым-қытнас өзгередi, яғни олар тең құқылы
серiктестер
ретiнде
қарастырылады.
Құзыреттілікке
бағдарланған
тапсырмалар пәнаралық байланысты, кіріктірілген бола отырып, iс-әрекеттiк
тәжірбиеге бағдарлау негiзiнде пәндiк бiлiмдi жүйелеуге мүмкiндiк жасайды.
6
І Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізі
Білім берудің нәтижесі дәстүрлімен салыстырғанда білім, білік,
дағдының жүйесі ретінде түсіндірілсе, жаңа стандартта (2008ж.) алғаш рет
білім нәтижесінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік беріліп отыр.
Оқушылардың дайындығының міндетті деңгейі нәтижеге бағдарланған
білім беру мен олардың жетістігін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету
түрінде беріледі.
Білім беру жүйесінің дамуының қайшылықтары ретінде жүйелілік және
әдіснамалық сипаттағы мәселелердің негізі болып отырған БМЖМС 2002 –
де мектеп білімінің мақсаттары оқушының жеке тұлғасын дамытудың басты
бағыттары ретінде оқушының нақты іс-әрекеттерін, қабілеттілігін дамытуға,
олардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың берілмеуі, білім
мазмұнының оқушының өмірдегі болып жатқан жағдаяттарға құзыреттілік
тұрғыда қатыса алмауын, білімнің мемлекеттік стандарттар аумағынан тыс
қалуы және оқушыға білім алудың жеке траекториясын жасауға мүмкіндік
берілмеуін атауға болады.
Бұл белгіленген білім мазмұны мектеп бітірушілерге бірыңғай оқу
пәндері бойынша білім, білік және дағдылар бергенімен өмірде болып жатқан
жағдайларға араласуда өзінің құзыреттілігінің жеткіліксіздігін байқатады.
Сол себепті оқыту үдерісін ұйымдастыруға деген жаңа бетбұрыстар білім,
білік,
дағдыны
меңгертуден,
құзыреттікті
қалыптастыруға,
яғни
оқушылардан күтілетін нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту
үрдісін жобалауға қарай өзгертудің қажеттілігі артып отыр.
Құзыреттілік өзіне білім, білік және дағдыны кіріктіре отырып, оны
тәжірибиеге бағдарланған білім, білік және дағды ретінде қарастырылады.
Бұл мәселе жалпы білім беруді модернизациялауда «іргелі және тәжірибиелік
білімдердің сәйкестілігін үйлесімді жетілдіруде білім беру үдерісінің
бағыттылығы игерілген білімге ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілетін
дамытуға, практикалық біліктерді өнімді етуге, түрлі рәсімдер мен
технологияларды үйренуге, әртүрлі тәжірибелер түрлерін кеңейту,
интерактивтік және ұжымдық жұмыс түрлерін күнделікті өмірдегі
мәселелерге, меңгерген мәліметтерге үйлесімділікпен» қолдануын білдіреді.
Олай болса, құзыреттілік білім, білік, дағдыны мүлдем жоққа
шығармайды, дегенмен өзіндік айырмашылықтары бар. Құзыреттіліктің
білімнен айырмашылығы ақпарат ретінде ғана емес, іс-әрекет түрінде
болуында. Ал, біліктен айырмашылығы – құзырет қандайда бір
міндеттерді шешуде пайдаланылады (іс-әрекеттің түрлі объектілеріне
ауысады). Құзыреттіліктің дағдыдан айырмашылығы – үйреншікті ғана
емес күтпеген жағдайларда адамның саналы іс-әрекет жасауға мүмкіндік
беруінде. Білім, білік және дағдының құзыреттіліктен бөлек қалыптасуының
дәлелдігі айқын емес, бірақ олар өзін-өзі мақсатты түрде, жетістікке
(құзыреттілікке) жету құралы ретінде маңызды.
Елбасының Жолдауында адамның өмір бойы білім алуына жағдай
туғызуымыз керек деуі, яғни білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай