Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 

25 


 Коммуникативтік тапсырмаларды қолданудағы оқыту мақсаты – баланың 

оқу  іс  әрекеттерін,  пәндік  білімдер  мен  біліктерін  және  коммуникативті 

біліктіліктерді меңгерумен бірлікте қарауды қамтамасыз етеді. 

 Жоғарыда айтылған пікірлерді негізге ала отырып, келесідей қорытынды 

жасауға болады:   

–  коммуникативтік  тапсырма  кең  ауқымды  қасиет  тасымалына  ие 

болғандықтан,  әмбебап  ұғым  ретінде  қарастырылып,  оқыту  үдерісінде 

барлық  пәндік  материалдары  негізінде  тұлғаарлық  өзара  әрекетте 

педагогикалық құрал;  

–    коммуникативтік  тапсырма бастауыш  білім беру  сатысында бастауыш 

сынып  оқушыларының  коммуникативтік  біліктілігін  қалыптастыру  мен 

дамыту құралы болып табылады.  

 Бастауыш  сынып  оқушысының  тұлғалық  дамуына  біртұтастықта  қарау, 

бастауыш  білім  беру  кезеңіндегі  басты  мақсаттардың  бірі  ретінде 

коммуникативтік  тапсырмаларды  шешу  барысында  кммуникативтік 

біліктіліктердің қалыптастыратын келесідей маңызды компоненттерді атауға 

мүмкіндік береді:  

–  мотивациялық аймақта – қарым-қатынастың артуы, табыстылыққа жетуге 

деген ұмтылыс, өзін-өзі жүзеге асыруға деген ықылас;  

–    интеллектуалдық  аймақта  –  шығармашылық  қарым-қатынасқа  деген 

талпыныс, өнертапқыштық, эрудициялы (жан жақты мағлұматы бар);  

–    эмоционалдық  аймақта  –  сезімді,  эмоцияны,  қатынасты    (қатыстылықты) 

дұрыс жеткізе білу;  

–  ерікті  аймақта  –  қарым-қатынаста  қажырлылық  пен  табандылықты, 

жинақылықты, бастамашылықты (ынталылықты) дамыту;  

–  өзіндік  реттеушілік  аймақта  –  өзіндік  ретттеу  тәсілдерін  меңгеру, 

коммуникациялық өзара әрекетте басқалармен өзінің әрекеті мен қалауын бір 

пікірге келтіре білу іскерлігі;  

–    эксизтенциалдық  аймақта  –  жеке  тұлға  ретінде  өзін  өзі  таный  білуін 

дамыту.  



 

 

IV Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағдарланған 



тапсырмаларды пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі 

 

Педагогикалық  қарым-қатынас  технологиясының  мәнін  түсіну  үшін, 

«коммуникативті  тапсырма»  ұғымын  айқындау  қажет,  себебі  кәсіби-

педагогикалық  қарым-қатынас  үдерісі  коммуникативті  тапсырмалар  жүйесі 

ретінде  түсіндірілуі  мүмкін.  Педагогикалық  тапсырмалардан  туындап  және 

оның  бейнесі  бола  отырып,  коммуникативті  тапсырманы  шешудің  

педагогикалық  тапсырмаларды  шешу  сияқты  бірнеше  кезеңдері  болады: 

ситуацияны  талдау,  нұсқаларды  таңдау  және  олардың  арасынан  қолайлы 

нұсқаны  таңдау,  коммуникативті  өзара  іс-әрекет  және  оның  нәтижелерін 

талдау. Мысалы, жаңа материалды түсіндіруде туындайтын тапсырмаларды, 

педагог  педагогикалық  ситуацияларды  талдайды,  жаңа  материалды 



 

26 


түсіндірудің қолайлы әдістерін таңдайды және содан кейін педагогикалық іс-

әрекетті  жүзеге  асырады.  Педагогикалық  тапсырманы  шешудің  барлық 

кезеңдерінде,  педагог,  қарым-қатынастың  соған  сәйкес  технологиясын 

қолданады,  оның  көмегі  арқылы  педагогикалық  өзара  іс-әрекет 

ұйымдастырылады.  

Осылайша, коммуникативті тапсырма – педагогикалық тапсырма болып 

саналады,  бірақ  аталған  тапсырма  коммуникация  тіліне  ауыстырылған. 

Сонымен  бірге,  коммуникативті  тапсырманың  педагогикалық  тапсырманың 

бейнесі  бола  отырып,  қосалқы  және  инструменталды  сипаты  болады 

(В.А.Кан-Калик).   Сондықтан,  нақты  педагогикалық  әсерді  ұйымдастыра 

отырып, оны коммуникативті тұрғыда жүзеге асырудың тәсілдерін айқындау 

қажет.  


А.А.Леонтьев  коммуникативті  тапсырманы  проблемалық  ситуацияда 

бағдарланудың  нәтижесі  ретінде  анықтайды,  оның  мақсаты  қарым-қатынас 

бойынша  серіктестерге  әсер  ету  болып  табылады.  Ол  саналы  ұғынылған 

немесе бейсаналы ұмтылыстың немесе тілектің салдары болуы мүмкін, яғни 

коммуникативті  мақсаттың  салдары  болуы  мүмкін,  ол  өз  кезегінде  ішкі 

интенция,  вербальды  мінез-құлықтың  реттеушісі  болып  табылады.  Біздің 

тәжірибеміз көрсеткендей, көптеген педагогтар коммуникативті тапсырманы 

педагогикалық  үдерістің  компоненті  ретінде  саналы  түсінбейді,  алайда  оны 

шынайы іс-әрекетте бейсаналы тұрғыда шешеді.  

Орындалатын  іс-әрекеттің  жалпы  коммуникативті  тапсырмаларын 

айқындауға болады, олар және педагогикалық өзара іс-әрекеттің барысында 

туындайтын 

ағымдағы 

коммуникативті 

тапсырмалар 

алдын-ала 

жоспарланады.  Жалпы  коммуникативті  тапсырма  баяндаудан  (хабарлау) 

және ынталандырудан  құралады.  Баяндаудың  алуан  түрлері  болады:  өзіндік 

баяндау,  хабарлау,  атау,  хабарландыру,  атап  өту,  реплика,  жауап,  жеткізу, 

рапорт және т.б. Ынталандырудың келесі түрлері болады: бұйрық, команда, 

талап,  ескерту,  қорқыту,  тиым  салу,  шақыру,  алдын  алу,  ұсыныс,  кеңес, 

тапсырма, өтініш, жалыну. Осылайша, коммуникативті тапсырмаларды шешу 

үдерісінде,  педагог  екі  негізгі  мақсатты  жүзеге  асырады:  оқушыларға 

хабарлама жеткізу немесе оларға әсер ету, яғни әрекетке ынталандыру.  

Интенция – шынайы болуы немесе тек қиялда болуына қарамастан, затқа 

қатысты  сананың  имманентті  бағыттылығы.  Вербальды  –  сөздік,  ауызша. 

Коммуникативті  тапсырма  оқу  тапсырмасының  жалпы  контексіне 

кіріктірілген,  ол  Д.Б.Эльконин  бойынша,  оқу  іс-әрекетінің  негізгі  бірлігі 

болып  табылады.  Бұнда  оқу  тапсырмасының  басқа  тапсырмалардан  негізгі 

айырмашылығы ретінде, оның мақсаты мен соңғы нәтижесінің, әрекет ететін 

субъектінің 

өзгеруінен, 

әрекеттің 

белгілі 


тәсілдерін 

меңгеруінен 

тұратындығы  алынады,  бұнда  субъектінің  әрекет  ететін  заттардың  өзгеруі 

алынбайды.  

Коммуникативті  тапсырмалар  оқу  іс-әрекетінің  контексінде  оқу 

тапсырмасын  шешу  құралы    ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  Оқушылармен 

қарым-қатынас үдерісінде, мұғалім сабақ барысында сипаты бойынша алуан 

түрлі  коммуникативті  тапсырмаларды  шешеді  және  алуан  түрлі 




жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау