Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы



жүктеу 445,77 Kb.
Pdf просмотр
бет9/14
Дата20.05.2018
өлшемі445,77 Kb.
#14808
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 

19 


игерсе,  онда  коммуникативтік  тапсырмалар  өзіндік  түрлі  қырларын  аша 

түсіп, соған сай көрсетілген белгілерді қамтуы тиіс. Оны былайша дәлелдеп 

көрейік.  

      Н.А.Менчинская  коммуникативтік  тапсырманы  оқушылардың  өздеріне 

белгілі  бір  мақсат  қойып,  сол  немесе  басқа  да  сұрақтарға  жауап  табуға, 

мүмкіндіктер мен талаптарды ескере отырып қалаған нәтижеге қол жеткізуге, 

оны  шешудің  тәсілдері  мен  шешу  амалдарын  табуға  деген  ұмтылысын 

білдіреді  деп  қорытындылайды.  Бұл  мазмұнға  қатысты  келесілерді 

айтуымызға  болады.  Олар  өзіне  қарым-қатынастың  пәнін,  тақырыптарын, 

мәселесін,  педагогикалық  жағдаяттарын  және  осылардың  негізінде 

дайындалған  коммуникативтік  жағдаяттарды  таңдап  алады.  Зерттеуіміздегі 

құралдарға 

келер 

болсақ, 


онда 

коммуникативтік 

тапсырмалар,  

педагогикалық қарым-қатынастағы педагогикалық құрал ретінде көрсетіледі. 

Педагогикалық  қарым-қатынасты  «...    жағымды  орта  құруға  бағытталған, 

жан-жақты  дамуға  әсер  ететін  оқу  тәрбие  үдерісіндегі  мұғалім  мен 

оқушының  бірлескен  әрекеті»  ретінде  түсіндіреміз.  Психологиялық  – 

педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдауда, қарым- қатынасқа үйрету 

әдістері  коммуникативтік  тапсырмаларды  шешудің  мынадай  әдістерін 

анықтауға мүмкіндік берді: сюжетті-рольдік ойындар, режиссерлік ойындар, 

ойын-викториналар,  ойын-конкурстар,  топтық  пікірталастар,  аяқталмаған 

ертегіні жалғастыру, ұжымдық сурет салу, жағдаятты ойнау және т.б.  

     Коммуникативтік  тапсырмалар  мәнінің  тұғырын  құрылымдық  көзқарас 

негізінде    белгілейміз.  Ол  үшін  «құрылым»    (лат.  structura)  ұғымына  бір 

нәрсенің  құрамды  бөліктерінің  байланысы  мен  өзара  орналасуы  деген 

анықтамасын  келтірдік.  А.О.Бурдина  мен  В.Е.Воладарский  тапсырманың 



құрылымдық  компоненттерін  былайша  бөліп  көрсеткен:  талап  сипаты, 

бастапқы мәліметтердің құрамы, шешу тәсілдері т.б.  

      Коммуникативтік тапсырмаға қолайлы тәсіл практикалық біліктіліктердің 

жиынтығы  ретінде  тұлғаның  коммуникативтік  белсенділігінің  іс-әрекеттік 

компоненті  құрамында  (мұнымен  қоса  мотивациялық  және  рефлексиялық 

компонентті  қоса  қамтушы),  коммуникативтік  тапсырмалардың  шешімі 

бойынша  тұлға  аралық  қатынастың  жолдары  жөніндегі  жалпы  білім  көлемі 

мен 


практикалық 

біліктіліктерін 

сипаттайтын 

Т.В.Ураковтың 

диссертациялық 

зерттеуінен 

көруге 

болады. 


Оның 

түсінігінше 

коммуникативтік  тапсырмалар  –  қарым-қатынастағы  мұғалімнің  арнайы 

жасаған немесе пайда болған проблемалық жағдаяттар деп анықтаған.  

      Т.В.Уракова 

бастауыш  сынып  оқушыларының  коммуникативтік 

белсенділігінің  динамикалық    қалыптасуын  білдіретін  коммуникативтік 

тапсырмалардың төрт түрін бөліп көрсетеді:  

1)  Коммуникативті  –  орындаушылық  тапсырмалар  (бағдарлау  кезеңі)  – 

бастауыш  сынып  оқушыларының  бірлескен  әрекеті  барысында  тұлғааралық 

байланыстарында 

қажеттіліктерін 

ретке 

келтіру. 



Коммуникативтік 

тапсырмаларды  шешу  бірлескен  әрекет  басында  педагогтың  толық 

түсіндірмесі,  содан  кейін  оны  орындауда  бірнеше  рет  қайталау  барысында 

этикалық ережелер мен тәртіпті анық орындаумен негізделеді. 




 

20 


2)  Коммуникативті-репродуктивті  тапсырмалар  (ізденушілік  кезең)  – 

бастауыш  сынып  оқушыларының  серіктесімен  бірлескен  әрекетінде 

конструктивті қатынасын ретке келтіруге деген ұмтылысын қалыптастыруға 

бағытталған.  Тапсырманы  шешу  қатысушылардың  бірлескен  әрекетінде 

тұлғааралық қарым-қатынастың барлық жинақталған ережелерін, алғашқыда 

тікелей  мұғалімнің жетекшілігімен, содан кейін өз бетінше қайта жасауына 

негізделеді.  

3)    Коммуникативті  -  жаттықтырылған  тапсырмалар  –  бастауыш  сынып 

оқушыларының  әрекет  үдерісінде  қарым-қатынас  субъектісі  ретінде  өзіндік 

көзқарасын  дәлелдеуге  бағытталған.  Тапсырманы  шешу  бастауыш  сынып 

оқушыларының  өз  әрекеттерін  басқа  қатысушылармен  бірлескен  әрекет 

талаптарымен бірге келісуге талпынысын педагог тарапынан жағдай жасауға 

негізделеді. 

4) Коммуникативті шығармашылық тапсырмалар (интегралданған кезек) – 

бастауыш  сынып  оқушыларының  бірлескен  әрекет  нәтижелеріне  қол 

жеткізуде  өзіндік  көзқарасына  талдау  жасау  қажеттілігіне  бағытталған. 

Тапсырманы  шешу  барысында  тұлғаның  коммуникативтік  белсенділігі 

құрылымында рефлексивті компоненттің пайда болуына себепші болады.  

       Т.В.  Ураковтың  анықтауы  бойынша  коммуникативтік  белсенділіктің 

пайда  болуы,  оған  коммуникативтік  тапсырмалардың  жүйесін  кіріктіріп, 

оларды  кезең  бойынша  күрделендіру  логикасында  бастауыш  сынып 

оқушыларының  коммуникативтік  біліктіліктерін  қайта  жасауға  мүмкіндік 

береді.  Сонымен  зерттеу  деректерінде  коммуникативтік  тапсырмалар 

бастауыш  сынып  оқушыларының  бірлескен  өнімді  оқу  әрекеті  барысында 

вербалды  және  қызметтік  өзара  әрекет  аймағында  коммуникативті 

біліктіліктерге  қызмет  көрсету  үшін  практикалық  біліктіліктер  жиынтығын 

құрайды.  

       М.И.  Лисинаның  көзқарасы  бойынша  былайша  жіктеуге  болады: 



коммуникативтік  тапсырманың  мақсаты,  қарым-қатынас  үдерісінде 

жүзеге  асатын, түрлі  әрекеттерге  бағытталған  нақты  мүмкіндіктерге 

қол  жеткізу  ретінде  түсіндіріледі.  Әрекетті  іс-әрекеттің  бірлігі  ретінде 

қарастырып,  таңдап  алған  мақсатқа  жетуге  бағытталған  арнайы  жанама 

түрдегі өнімді белсенділікті білдіреді. Коммуникативтік тапсырмаларды ішкі 

және  сыртқы  мүмкіндіктерін  (қарым-қатынастағы  ынталылықтың  даму 

деңгейі, адамдармен өзара әрекетінде бұрынғы тәжірибиесі, өзара әрекеттесу 

жағдаяты,  серіктесімен  өзара  әрекет  мезгілінің  жақын  арадағы  ерекшелігі) 

анықтайды.  Коммуникативтік  тапсырмаларға  қатысты  келтірілген  бұл 

анықтамалар,  педагогикадағы  берік  көзқарастарда  әрекеттік  тұғырда  ең 

тиімділері деп есептейміз.  

       Коммуникативтік 

тапсырма 

бастауыш 

сынып 

оқушыларының 



коммуникативтік  біліктіліктерін  қалыптастырудың  педагогикалық  құралы 

ретінде  қарастырылуы  мүмкін,  оның  тағайындалуын  былайша  негіздеуге 

болады:  

•  ықыластың қайнар көзіне қызмет етеді;  

•  коммуниткативтік әрекетке ынталандыру;  



жүктеу 445,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау