Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет



жүктеу 0,77 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата15.01.2020
өлшемі0,77 Mb.
#26813
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7


_/_ бет

 

 



Ф-ПР-02.3.2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы 

 

 



 

 

Алматы, 2014 

 

 




_/_ бет

 

 



Ф-ПР-02.3.2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы 

 

 



Құрастырған:  Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, аға оқытушы А.Ө. Нұртазина________ 

                         Маркетинг және мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі кафедрасы                 

                          т.ғ.к., доцент Р.Е. Таракбаева_________ 

 

 



 

Жұмыс  бағдарламасы  5В091200  «Мейрамхана  ісі  және  қонақ  үй  бизнесі» 

мамандығының студенттеріне арналған.  

 

 



 

 

Жұмыс бағдарламасы Қазақ және орыс тілдері кафедрасының отырысында талқыланған. 



«____»_______________ 20___ж.  № ____  хаттама 

 

Кафедра меңгерушісі___________________________ Г. Садыр 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


_/_ бет

 

 



Ф-ПР-02.3.2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы 

 

 



Алғы   сөз 

 

Кәсіби қазақ тілін  оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін сөйлеуде 

қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына 

қатысты  лексикалық  минимумды  игерту  қарастырылады.  Кәсіби  қазақ  тілінің  зерттеу 

нысаны — сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын 

мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.  

Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы 

басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге 

асырылады.  

Кәсіби  қазақ  тілін  оқытудың  мақсаты:  коммуникативтік  құзыреттілік  дағдыны 

қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік 

маңызы  бар  жағдайларда  ғылыми  тілмен  қазақша  ойын  толық  және  анық  жеткізуі  үшін 

тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету. 

 

Кәсіби қазақ тілін оқытудың міндеттері:  

 



 

қазақ тілін кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;  

 

қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту; 



 

студенттердің  ауызша  және  жазбаша  кәсіби  салада  сөйлеу  тәртібі  мен 



мәдениетінің деңгейін көтеру; 

 



мамандық  туралы  энциклопедиялық  және  зияткерлік  –  мәдени  мәліметтермен 

студенттердің білімін толықтау; 

 

студенттердің  диалогтық  және  монологтық  сөйлеуін,  ауызша  және  жазбаша 



түрде дамыту. 

 

Алдыңғы  деректемелер:  мәліметтерді  беруге  дайындығы  болуы;  белгілі  бір 

тақырыпты  талқылауға  деген  өз  қабылдауының  болуы;  тұрмыстық  сөйлеу 

жағдаяттарында  әңгімені  қолдау  және  талқылай  білуі;  алған  мәліметтерге  өз  көзқарасын 

білдіре  алуы;  мәліметтерді  беруге  дайын  болуы;  нұсқау,  кеңес  бере  білу;  мәліметтерді 

беруге дайындығы болуы керек. 

 

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі 

идеясын  түсініп,    қажетті  ақпараттарды  ала  білу;  мамандық  бойынша  ғылыми 

баяндама,  мәлімдеме,  хабарлама  жазу  үшін  ойды  логикалық  жүйемен  жазбаша  құра 

білу,  таңдаған  кәсібі  бойынша  баяндама  жасай  білу.  оқу-кәсіби  сала  бойынша 

сәлемдесуді, алғыс білдіруді, сұхбаттасуды, келісуді, келіспеуді, талап етуді және т.б. 

білуі тиіс. 

 

Пәнді  оқу  барысында  студенттер  бакалаврдың  біліктілік  моделіне  сәйкес 

төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек: 

 

Пән  бойынша  үйренген  тілдік  дағдыларды,  лексикаларды  жинақтай  келе,  ұжымда 

жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын 

нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан 

орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуде сыпайы сөздерді 

таңдап алуға дағдыландырады.   



 

Пәндік мамандандырылған: 

Тыңдалым бойынша:   

-  берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге 

керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі; 



_/_ бет

 

 



Ф-ПР-02.3.2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы 

 

 



-  түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы 

ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері 

бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс; 

-  іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат 

мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс; 

Оқылым бойынша: 

-  оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы 

логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі; 

- мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы 

тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі; 

- мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу 

барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі; 

- мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;  

- хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;  

Жазылым бойынша: 

- мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып 

бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, 

өз бетінше өңдей білуі тиіс; 

- ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен 

жазбаша құра білуі тиіс; 

- нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары 

жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс. 

Айтылым бойынша: 

-  өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) 

құрады. 

-  берілген  тақырып  бойынша  таңдаған  кәсібі,  мамандығы  жайында  әңгімелеп 

айта білуі; 

-  баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;  

-  айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар 

қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі; 

-  мамандығы  бойынша  жаңалықтармен  бөлісіп,  ол  жайында  өз  көзқарастарын 

серіктесіне жеткізе білуі; 

-  естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;  

-  қазақ  тілінің  қоғамдық-әлеуметтік  қызметтері  мен  оған  қажетті  тілдік  сөз 

орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, үйрету; 

-  сөз  мәдениетінің  негізін  ұлттық  әдеп  пен  тілдік  этикетті  білдіретін  шаблондар 

арқылы игерту; 

-   кәсіби  тілде  сөйлеу  мен  жазу  үлгілерін  ресми  кездесулерде,  келіссөздерде, 

пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру; 

-  іскерлік қарым-қатынастағы оқу, жазу, сөйлеу  дағдыларын қалыптастыру.  

 

Қазақ  тілі  Қазақстан  Республикасының  «Тілдер  туралы  Заңның»  4-бабында 



жазылғандай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін 

көтеру мақсатында барлық деңгейлерде типтік бағдарламалар негізінде тақырыптар беріледі. 

 

Кәсіби қазақ тілінде берілген бағдарлық тақырыптарды игеру арқылы ресми тілде 



сөйлеу, жазу түрлеріне машықтандыру, кәсіби терминдер бойынша ауызша және жазбаша 

жұмыстарын сауатты жүргізу ескеріледі.   

 

Сонымен  қатар,  кез  келген  ресми  және  бейресми  жағдайларда  қарым-қатынас 



жүргізе алатын тақырыптық диалог үлгілері, аудио материалдары да кеңінен қамтылған.  

 

 


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау