Әож 14. 152: 314. Еуропалық одақТАҒы институционализациялау мәселесіндегі миграция және оны реттеу жолдары



Дата16.02.2020
өлшемі53 Kb.
#29213

ӘОЖ 314.152:314.7
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАҒЫ ИНСТИТУЦИОНАЛИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІНДЕГІ

МИГРАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ
Нуртай М.Н.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Қазіргі таңда барлық мемлекеттердегі ең көкейкесті мәселелердің бірі – миграция және оны реттеу жолдары болып табылады. Бұл мәселені шешу кезінде сапалы жаңа бағыттарды немесе қолдағы бар заңнаманың ішіне қажетті өзгерістерді енгізу арқылы оларға әсер ету болып табылады.

Бұл көкейкесті мәселені анықтау үшін алдымен институционализациялау деген терминмен толығымен танысу қажет. Институционализациялау дегеніміз – саяси институтті құру процесі; кездейсоқ және тәжірибелі мінез – құлықты саяси норма, ереже, мәртебе, рөлін болжамдау, үлгілеу, реттеу жолдары арқылы болжамдыға ауыстыру және оны бекіту арқылы бір жүйеге келтіру болады.

Бұл процесстің қорытындысы болып, осы саяси процесске қатысушылардың көпшілігімен әлеуметтік таңдалған мәртебелі – рөлін құру болып табылады. Саяси институттардың өздері қоғамға тәртіптіліктің және ұйымдастырушылықтың символы ретінді көрініс табады [1]. Еуропалық Одақ (ЕО) қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең қажетті аспектісі болып, Біріккен Еуропалық құқығы мен миграциялық саясатының жаңа көзқарастарын институционализациялауды қажет етеді.

Миграция терминімен толық танысатын болсақ, Е.Ю. Садовскаяның айтуынша, миграция – ол мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық реттеуді талап ететін тұрғылықты жерін ауыстырумен байланысты шекара арқылы қозғалатын халық [2].

1997 ж. 13 желтоқсанда қабылданған ҚР «Халықтың көші – қон туралы» Заңындағы түсініктемеге сәйкес, «миграция» - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай – ақ мемлекет ішіндегі тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы [3]. Берілген түсініктемелердің ішінде мигранттардың құқықтық мәртебесін, кабылданған мемлекетпен құқықтық реттелетін жағдайлары көрсетілмеген. Менің ойымша, миграция – ол жеке тұлғалардың құқықтық жағдайына, бір мемлекеттен екінші мемлекетке қоныстану себебіне қарамастан, басқа мемлекетте құқықтық мәртебесінің өзгеруіне байланысты оларға нақты талаптарды немесе шараларды қолдануы болып табылады.

2007 ж. Шенген аймағының кеңеюі әсерінен ЕО мүше – мемлекеттері арасындағы ішкі шекаралардың алынып тасталуы, баспана іздеген тұлғалар және еуропалық аймақтағы заңсыз миграция санының көбеюіне алып келді. Шенген келісімін жүзеге асыру тәртібі ЕО мүше – мемлекеттер арасындағы азаматтардың еркін қозғалуын жеңілдететін жаңа тәртіп құрды. Соның салдарынан ЕО жаңа мүшелерінің көпшілігінде құжатсыз еңбек миграцияның көлемі өсіп, ал ЕО мемлекеттерінің сыртқы шекараларын қорғауды ұйымдастыру сұрақтары ЕО барлық мемлекеттерінде көрініс тапты

ЕО жаңа көршілері, әсіресе, Беларусь, Молдово, Украина елдерімен келісімге келуі аймақтағы миграциялық режимнің өзгеруіне алып келді. ЕО Еуропалық көршілер саясаты шеңберіндегі шығыс өлшеміне өзінің қолдайтынын көрсетті. Бұл шараның негізі болып, шекараны реттеу және миграциялық процесстерді басқару болып табылады. Оның ішіндегі жұмылдырушы сұрақтарына арналған құжаттарға жатады: Миграцияға жаһандық тәсілін бекіту туралы Комиссия Хаты; 2008ж. қазанда Еуропалық Кеңес мақұлдаған «Иммиграция және баспана туралы Еуропалық Пакт.

ЕО кейбір мемлекеттерінде миграция мәселесіне қатысты арнайы бағдарламалар жүзеге асырылды. Мысалы, Латвияда 2007 ж. еңбек миграциясы саясаты саласында концепция қабылданды. Бұл концепцияда жұмысқа орналастыру саясаты саласындағы жобалар болып табылады. Онда Латвиядағы ішкі нарығындағы жұмысшы күшінің аздығына байланысты жұмысшы күшінің келуіне қажетті шаралар қарастырылған. 2008 ж. Венгрияда Румыниядағы жұмысшыларға ешқандай шектеусіз еңбек нарығын ашты. 2007 ж. Румыниядағы қабылданған бағдарлама бойынша, Украина азаматтарына арналған тегін визаларды енгізді. 2007ж. 20 шілде айында Польша мемлекеттінің үкіметі Польшадан жұмысқа орналасу мүмкіндігін іздеп жүрген Ресей, Украина, Беларусь мемлекеттерінің азаматтарына еңбек миграциясына кіретін талаптарды жеңілдетті [4].

ЕО білікті жұмысшы күштерінің аздығы мәселесінің туындауына байланысты, білікті мигранттарға арналған «көк карта» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Айтылған карта жұмысқа кіруге және 2 жыл мерзімге дейін тұруға рұқсат етіледі. Отбасы мүшелеріне де рұқсат беріледі, бірақ бөлек елдер қанша мигранттарды кіргізетінін өздері шешеді. Салыстырмалы түрде қарасақ: американдық «жасыл карта» бағдарламасына қарағанда 10 жыл аралығында тұру қарастырылған және сол тұлғаларға еркін жұмыс істеуге және Америка бойынша қозғалуға, қоныстануға рұқсат беріледі [5].

Адам сату қылмысының көбеюіне байланысты Тампере саммитінің (қазан 1999 ж.) қорытындысы негізінде ЕО негізгі құқықтары туралы Хартиясындағы адам құқықтарын қорғауға мүмкіндігі жететініне күмән тудырады. Осы себептер негізінде ЕО соңғы он жылында иммиграциялық саясат саласындағы жалпы құқықтық негіз құрды. Осының салдары Гаагалық бағдарламаның дамуына алып келді. Жаңа бағдарламада 2010 жылға арналған Еуроодақтың жалпы саясатының құрылуының мақсаты жария етілді. Бағдарлама ішіндегі негізгі міндеттер:



  • ЕО құрамына кірмейтін мемлекеттермен заңсыз иммиграцияны реттеу мақсатында әріптестікті нығайту;

  • заңсыз мигранттарды отанына қайтару туралы саясатты жетілдіру;

  • биометриялық және ақпараттық жүйені нәтижелі қолдану [6].

Гаагалық бағдарламамен ұсынылған заңсыз миграциямен күресу әдістері ЕО жалпы иммиграциялық саясатының қалыптасуы мен заңсыз иммиграцияға және трафикке арналған Комиссия хабарламасы мен әрекет ету жоспарына негізделіп жасалған. «Еуроодақтың жалпы иммиграциялық саясаты: қағидалары, бағыты, инструменттері» атты Комиссия хабарламасына қызығушылық білдіреді [7]. Себебі, онда иммиграциялық саясатқа байланысты негізделген он қағидасы көрсетілген. Қағидалар 3 бөлім бойынша жинақталып, біріншіcінде «Гүлдену және иммиграция» деп аталады. Комиссия түсіндіреді ЕО және әрбір миграциялық мәселелерінің әлеуметтік – экономикалық дамуына нақты және анық ережелерді реттейтін заңды миграция қажет. Екіншісінде «Ынтымақтастық және миграция» ішкі миграциялық ағындарды реттеумен байланысты ережелер (мүше – мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, сонымен қатар қаржылай шығындарды бөлісу), сонымен қатар сыртқы басқармалармен байланыста болу қажеттігі. «Қауіпсіздік және миграция» атты заңсыз миграцияға қарсы әрекет ету бойынша 4 қағидада көрініс табылған: 1) визалық саясат заңды орындаушы азаматтарға ЕО мемлекеттеріне кіруді және шығуды жеңілдету, сол уақытта ол жоғары қауіпсіздік шараларымен еріп жүреді; 2) Шенген аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен жалпы шекараларды бірігіп қорғау; 3) заңсыз миграциямен күресуді күшейту, әсіресе адам сату; 4) заңсыз мигранттарды репатриациялаудың саясатының нәтижелілігі [8].

2008 ж. Кеңес пен Еуропарламенттің ұзақ пікірталасының арқасында миграцияны реттейтін Директива қабылданды. Директиваға сәйкес ЕО иммиграциялық саясаттың ішінде жер аудару мәселесін қаталдандырды. Біріншіден, директиваға сәйкес әр мемелекет мигранттардың мәртебесін реттеуге және жер аударуын шешуге құқылы. Заңсыз мигранттарға шара қолдану негізінде 7 күннен 13 күнге дейін өз еркімен мекен етіп жүрген мемлекеттен жер аудару ұсынылады, егер ол бас тартқан жағдайда оған мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Екіншіден, елден қуылған мигрант жасырынуы мүмкін деген жағдайда сот шешімімен түрмеге қамалады. Бұл жағдай мүше – мемлекеттердегі ұлттық заң негізінде қолданылады, бірақ қамауға алу мерзімінен айрықшаланады. Егер қамауға алынған кезде, ЕО директивасына сәйкес қамауға алудың мерзімі 6 айдан 12 айға дейін ұзартуға құқығы бар [9].

2005 жылдың маусым айында Варшавада мүше – мемлекеттердің сыртқы шекараларын жедел ынтымақтастықта басқаратын ФРОНТЕКС Агенттігі жұмыс істей бастады. ФРОНТЕКС-тің құрылтайшы регламентіне сәйкес ол реттейді:

1) ЕО мүше – мемлекеттердің сыртқы шекараларды қорғау туралы жедел әрекеттер координациясын реттеу;

2) ЕО мүше – мемлекеттерінің ұлттық әскери қызметтін оқытуға көмек көрсету, біліктілігін арттыру;

3) заңсыз мигранттарды депортациялауға байланысты бірігіп операцияларды жүргізуге мүше – мемлекеттерге көмек көрсету;

4) мүше – мемлекеттерге заңсыз мигранттарды қайтару туралы шаралардың жобасын құру [10]. ЕО саясатының негізгі бағыттарын ЕО заңсыз миграция феноменінің кешенді тәсілін анықтады. ЕО құрамына кірмейтін мемлекеттермен арақатынасы, ЕО сыртқы саясатының бір бөлігі ретінде халықаралық ұйыммен әртүрлі үлгідегі келісімдерді жүзеге асырылды. Оны ЕО агенттіктері мен ведомстволары, сонымен қатар мүше – мемлекеттердің ақпараттарды, білімді бағдарламаларды құрады. Осыдан мынандай қорытынды жасауға болады:


  • жұмыс күшінің миграциясы – ол экономикалық жаһандануға алдын ала келісілген заңдылық процесс;

  • ЕО елдеріндегі миграцияның негізгі ерекшелігі болып, этномәдениеттері әр түрлі мигранттардың келуі;

  • ЕО экономика жағынан дамыған елдерде жұмыс күші әлсіз болғандықтан, сол елдер иммигранттардың еңбегін қолдануды жоспарлайды;

  • ЕО елдерінде мигранттар мәселесімен күресетін саясат жоқ;

Осы мәселені шешудегі менің жеке ұсыныстарым:

1) Егер мигранттар мүше – мемлекеттердің өзінен келетін болса, онда сол келген мемлекеттердегі өмір сүру деңгейін жоғарылату немесе дұрыс жол табуға септігін тигізу керек;

2) ЕО мүше – мемлекеттеріндегі бұртұтас иммиграциялық саясатты жетілдіру;

3) Заңсыз миграциямен күресу жолдарын нақты көрсету және соны орындауды бақылау органнын құру керек;

4) ЕО демографиялық жағдайын көтеру. Себебі жұмысшы күшінің аз болу себебінен мигранттарға жұмыс істеуге жол ашылған;

5) ЕО елдеріне келетін мигранттардың құқықтық жағдайын анықтап, оның жағдайына сәйкес шараларды қолдану;



6) Мигранттардың жұмыс күші туралы ЕО елдерінің еңбек заңнамасына қарама – қайшылығын жою.
Әдебиет


  1. Казахская Политическая Энциклопедия., Алматы,1998ж.

  2. Садовская Е. Ю. Миграция в Казахстане на рубеже XXI века: основные тенденции и перспективы. Алма-Ата, 2001

  3. «Халықтың көші – қон туралы» ҚР Заңы 1997 жылы 13 желтоқсан

  4. Тадас Леончикас, Каролис Жибас. Миграционные тенденции 2006-2008 в странах Седеркопингского процесса. Европейская Комиссия, 2009. Этот отчет предоставлен на сайте: www.soderkoping.org.ua

  5. http://soderkoping.org.ua/page21729.html

  6. Council of the European Union. The Hague programme strengthening freedom,securityandjustice.http://europa.eu.int/comm/justice_home/fsj/intro/fsj_intro_en.htm; J.W.de Zwaan. EU Asylum and Immigration Law and Policies. // Freedom, Security and justice in the European Union. Implementation of the Hague Programme. J.W.de Zwaan, F.Goudappel eds. – The Hague, 2006. – P. 120-122.

  7. «A Common immigration policy for Europe: principles, actions and tools» , Brussels, 23 June 2008.

  1. 8.Қараңыз,http://www.epc.eu/TEWN/pdf/304970248_EU%20Immigration%20Pact.pdf

  1. Council framework Decision 2004/68/JHA of 22 December 2003 on combating the sexual exploitation of children and child pornography Official Journal L 013 , 20/01/2004.

  2. Council Regulation (EC) No 2007/2004 of 26 October 2004 establishing a European Agency for the Management of Operational Cooperation at the External Borders of the Member States of the European Union.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау