178
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
400 бет етіп жазғанмын, жартысын жыртып тастадым. Міне, сауалы-
ңызға орай бір кітапты сізге сыйлайын.
Жұматай – Ләйлә...
–Қара алмас көзді, қасың да керік,
Қадалмас саған жан қайда?!
«Хамсадан» біздің ғасырға келіп,
Қалып ең қалай, паң Ләйлә?! – деп ақын Жұматай Жақып-
баевтың өзі жырлағанындай, ақын есімімен қоса аталатын Ләйлә
деген ару ол кім?!
Ол қандай қасиетімен, тәкаппар ақын жүрегін жаулап алды? –
деген сауалға:
– Ләйлә – Жұматайдың бала махаббаты. Ақын сол үшін де ару
Ләйлә бейнесін, мәңгі тазалық пен сұлулықтың символы, бей несі
етіп алды. Жұматай бала күнгі өлеңдерінде Ләйләні албырт сезім мен
жырлады, – деп жауап берді Зайда.
Зайда бізбен қоштасарда:
Кейде ақындарды әкімдер оқи бермейді, қастерлей қоймайды
деп жатамыз. Жұматайдың ауылы – «Жетісу» колхозын, кейін
аудан басқарған Жұмағали Әлібаев деген азамат ақынның асына да,
мерейлі жасына да бәйек болып көмектесті.
Тельмандағы метепке атын беруге көмектесті. Осы жолы да
ақынның 60жылдығы екені туралы ресми хат ала келіп едім. Мәселе
материалдық көмекте ғана емес, рухани құрметке де байла нысты.
Көксу ауданының әкімі Сағаділда Хасенов ақынжанды, өнерлі
азамат па деп қалдым, поэзияны түсінетініне, құрмет тұтаты нына
сүйіндім.
Ескелді ауданының әкімі Сұлтан Дүйсенбінов те Жұматай дың
әлемінен хабардар екен. Осы кісілердің ілтипатына разы бол дым.
Шың көңілден рахметімді білдіргім келеді.
Сөз соңында...
Әрине, жүздесуді тек лирикалық пернеде ойнатып аяқтауымызға
да болар еді. Алайда, кім де болса–ақиқаттан артық емес. Жаны
жаралы, басы қаралы кезінде де күндестік қызғаныштан биік тұрып,
адамгершілік көрсеткендігі де Зайданың мінезіндегі бір қыры шығар,
Өмір ғой...
Бақыттың көзі нұрланып,
Қарайды үнсіз көктемге.
Жүректе алау жыр жанып,
Қош-қош айттым өткенге, – деген Зайдаға мұң-зардан арылып,
көктеммен бірге жадырауды тілеп тарастық.
«Жетісу» газеті, 2005 ж.
179
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Жүкел ХАМАЙҰЛЫ
ЖҰМБАҚ ЖҰЛДЫЗ
(Ақын Жұматай Жақыпбаев туралы ой-толғам)
«Алақанымның бедері өшпес, сірә!»
Нямбуугийн Нямдорж
Асқақ шабыт, туа біткен табиғи талантымен 1960-70 жылдары
шығыс өлең сөзінің жұлдызы болған Олжас, Мұқағали, Төлеген,
Жұмекендердің ізін қуа, әдебиетке келгенімен солардың салған
үлгілі ою-өрнегін қайталамай, өзіндік үнімен, бейне-бедерімен
айқындалған, танылған санаулы ақындардың тобына Жұматай
Жақыпбаев заңды түрде қосылмақ. Жалаң мақтау, ұрда-жық
ұраннан бойын аулаққа салып, сазды әсер, сезім толғауын терең
шеберлікпен игерген ақынның өзіндік қайталанбас қолтаңбасын
қазақ әдебиетіндегі жаңа құбылыс деп айтуға болады. Көзі тірісінде
небәрі үш жинағы ғана (том-том жинақ шығарған «ақын» атаулылар
қаншама?!) жарық көріпті. Демек, осынау нағыз ақынды оқыр манға
дұрыс жеткізудің орнына, кезінде «ережелі оқулыққа» берілген
белгілі зерттеушілеріміздің өзі мойындамай өткені өкінішті. Әрине,
қазірдің өзінде қаншама мықты ақындар көпке танылмай тірі жүр?!...
ІІ
«... Алты алашты аузына қаратқан көріпкел өлең қайда?
Кім тонап алған? Неге жазбаймыз?»
Оралхан Бөкеев.
Тұлпар болар жүйріктің құлынында танылатыны іспетті, ақын
болар дарынның да бала кезден қалыптасатындығы – заңдылық.
Дәл солай таныла білген нағыз ақынды ескек сынның астына алып,
әрбір аттаған ізін теріс көзбен қарап, сезім еркіндігін есерсоқ тыққа
теңегеніміз қандай надандық десеңізші. Бұған сол кезде қоғамды
жайлап алған, әлі де қонған жұртының шоғы өше қоймаған ертедегі
әсіре секемшіл, солақай саясаттың да кесірі тиген болар. Кейін нен
шығыс десе араб, парсы жағына көз тігіп, алаң болатын теріс түсінік
пайда болды. Ал шындығында, сол шығыстың төрінде ежел ден
өркениетті, дамыған көшпелі халықтың сан ғасырлар бойы да мыған
өнерін қайда қоямыз?!. Жасырары жоқ, кешені қойып, бү гіннің
өзінде өзімізді-өзіміз шеттетіп, шығыстан гөрі батыстың «асы ран-
ды баласы» сияқты сезінетінімізді қайтерсіз! Бұл буынсыз жер ден
пышақ салумен тең дүние. Себебі: көшпелілерді батысқа қан ша
телігенмен олар уызын емген шығысын ұмытпайды. Тек шығыстың
180
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
тілі мен өнерінен, ой толғауы мен сезімінен алшақтап, будандануы
мүмкін. Алайда буданның өзге мен өзіне тигізер зиян-кесірі бірдей
екенін ұмытпаған абзал!!!
Өткеннің бәрін «ескілік» деп, сенім құдіреттілігін «нашақорлыққа»
теңеп, ақылы адасқан кезде өмірге келіп, тірлік кешіп, қайғы жұтқан
дарындыларды ойлағанда жаның түршігеді. Кеш болса да , соны
түсінгеніміз неткен бақыт!..
III
«Әр халық даналығымен теңеседі!»
Очирбатын Дашбалбар.
«Ер азаматы – атақ қуғыш, тақ құмар, қыз-келіншегі – дүние
қуғыш, бақ құмар» келген керенау қоғамда дарындыларды –
«ақылсыз», дарынсыздарды «ақылды» деп санадық (әлі де солай
ма, қалай?!). Адамзаттың дүниетанымын тек қана «ұлы халықтың»
ой-өрісімен бағалап келдік. «Ұлы халық», «кіші халық» деген ұғым
санаға шеге болып қағылды. Күнделікті өмірдегі заң солай бола
тұрғанымен, жоғарыда аты аталған ақындарымыздың қай-қайсысы
да өзін-өзі «өлтіріп», жалған дарындылар тобына енуді ар-намыс
санады. Алысты көздеген нағыз ойшылдар көз алдын емес, ертеңін
ойлап, игілігін келер ұрпаққа арнайды. Мұны терең түсінген ақын
Жұматай Жақыпбаев та өзін тудырған көшпелі халықтың шығыстан
екенін пір тұтып, батыстың ілімімен ашқан сауатын шығыстың
інжіл-маржан үлгісімен сабақтастыра білген. Соны сезінген жүрегін
бабалардың намысының ұшқыны екендігін жадынан бір сәтке де
шығармаған. Жаман ел, жаман халық болмайды. Жаман пиғылды
жеке адам болуы мүмкін деген терең ұғымды – ақын Жұматай сезім
шыңына көтерілудің алтын арқауы етті.
IV
«... Түркі халқын жиып Ел еткеніңді айттым...»
Күлтегін (кіші жазу)
«...ұйықтағандарын оятып, жатқандарын тұрғызып жүрермін!»
Ырқ бітіг (тәпкірнама)
«Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара,
Құшағым менің өрлігін жердің қайтала.
Торғайды атып, топырағына тигізген,
Беймергендердің берекесіздігін байқама!...» – деп аппақ көкірегін
айқара ашып, әлем кеңістігіне бойлаған ақын:
Достарыңызбен бөлісу: |