Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет58/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95

202
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
қынжыла жеткізді. Және де, адамның өзі өмірден өтсе де, жанының 
мәңгілік екенін баса айтып, болған оқиға кездейсоқ емес екенін 
түсіндірді. Ізденсең, ағаң араға жылдар салып, өзіңе гүл шашу 
сыйлағанындай, өлең жайы да жайғастырылар деген еді. Солай 
болды да...
Жақында Өмірбай ақынның досы, жиенім Рәтбек Сағид-
Уаһастың «Сүмбіле-сұлу жұлдызым» атты өлең жинағынан мына 
өлең жолдарын кездестірдім;
«Сен илхансың, сен саидсың, ал мен болсам –Қағанмын!» –  
дейтін сөзі есімде тұр, ер Жұматай ағамның.
Илханы жоқ, саиды жоқ, Қағаны жоқ ғаламның,
Түкке тұрмас бір беймезгіл екеніне алаңмын. – дейді Рәтбек 
ақын, Жұмекеңмен өткізген күндерін сағына. Кітапты әрі қарай 
парақтап, өзім жақсы көретін, талай мәрте оқыған өлеңін дәп ал ғаш 
рет ашқандай болған едім... Иә, иә, деймін, осы болар Жұмекең-
нің маған берген жауабы. Жас шағымның елесіндей іздеген, мен 
соншама керек қылған сол өлең... 
СОЛ ӨЛЕҢ...
Мені бүгін жазғыр мейлі, аппағым,
Саған жазған сол өлеңді таппадым.
Бәлкім, жыртып тастағам ғой ызадан- 
Сен біреудің ағартқанда ақ таңын. 
Айтшы, кінә сенен бе, әлде менен бе?
Саған теңеу таппай әлде келем бе?
Гүл сезімді орап едім аялап-
Үш-төрт шумақ шағын ғана өлеңге.
Шым-шым ойлар жүрегімді шымшылай,
Жаздым тағы, жазған көңіл тыншымай.
Бағынбады бірақ менің еркіме,
Табылмады сондағы іңкәр жыр шырай.
Мүмкін емес, енді өткенді қайталау,
Кеудемізде жанбайды рас, қайта алау.
Іздерің бар жас шағыңның елесін-
Өзің жаттап алмадың ба, сайтан-ау?!
Бесін ауып бара жатыр төбеден,
Уақыт шіркін, жылдам еді не деген?!


203
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Көбейгенмен, кеңейгенмен керегем,
Көзім-әжім, қырау-көңіл терезем.
Қақырап бір сөгілгенде көбеден,
Тасып-ақ бір төгілгенде кенерем,
Сүлейменнің жүзігіндей жебеген,
Дегенменен, керек еді сол өлең...
О, деген! ... 
Осы жерден нүкте қойсам да болар еді... жоқ, әлде де ертерек 
пе..., кім білсін... 
Сайлау ҚОЖАҒҰЛ
АЛАМАНҒА АТ ҚОСҚАНДА...
Жұматай Жақыпбаев – қазақ әдебиеті тарихында өзіндік үні 
қалған, стилі қалыптасқан, кеңес дәуірінің идеологиялық иіріміне 
икемделмеген, ноқтаға басы сыймаған, қысқа ғұмырында артына 
өшпес мұра қалдырған – 70-80 жылдардағы қазақ поэзиясына жаңа 
леп әкелген толқынның талантты өкілі.
Жұматай қаламынан төгілген өрнекті ойлар, өшпес өлеңдер 
жыр жинақтары арқылы оқырманын тауып, бағасын алып келеді. 
1979 жылы «Саратан» атты тұңғыш жинағымен-ақ Жұматай өзінің 
ақындық үнін, дара келбетін таныта алды. 1981 жылы «Жалын» 
баспасынан жарық көрген «Ләйлә» жинағы Жұматай жырларының 
шоқтығы биіктей түскенінің айғағындай. Жұматай талантының 
толысқан тұсында жазылған жырлары «Шұғынық гүл төркіні», 
«Көктемгі хаттар» жинақтарында топтастырылған. Жұматайдың 
жары ақын Зайда Елғондинова әзірлеген таңдамалы жырларының 
толық жинағы «Ләйлә» деген атпен 2002 жылы «Атамұра» баспасы нан 
жарық көрді. Араб әдебиетінің інжу-маржаны «Алф лайла уа Ләйла» 
(«Мың бір түннен») қазақ топырағына жеткелі дала перзенттері үшін 
де аяулы атқа айналса, Жұматай қаламының құдіретімен өмір бойы 
көкіректе аялайтын аңсар арманның, сағыныштың, тәтті мұңның, 
махаббаттың символдық бейнесіне көтерілді. Жұматайдың Ләйләға 
арналған ғашықтық лирикасы – Шығыс шайырлары Қайыс/VII ғ/, 
Санайи /XIғ/, Сағди мен Хафизге жаңаша «жауап» (жауап–нәзира 
дәстүрі емес) , «Жауаптасу» –жалаң еліктеу, алдыңғы ізді шиырлау 
емес, өнер жарысы, шеберлік сайысы. «Ләйлә» –Жұматайдың 
махаббат тақырыбын жырлаудағы табысы. Ғұмыр бойы бір ғана 


204
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
қызды, өмірінде бір-ақ рет көрген Мадонна Лаураға 317 сонет пен 
баллада арнаған итальян ақыны Франческо Петрарка, Шығыс-
тың түркі сұлуына табынған Хафизы, түркі әдебиетінің Алтын 
Орда дәуірінің асыл мұрасы – Хорезмидің «Мұхаббат – наме сінің» 
XX ғасырдағы дәстүрлі жалғасы – Жұматайдың «Ләйлә» циклды 
топтама өлеңдері.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам, болайын, сен амал бол, – деп Абай жырлаған 
махаббат жыры адал, кіршіксіз кезімді паш етсе, Мағжан:
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да, 
Жылы, тәтті у тарады қаныма, – деп отты сезім алауын лаулатса, 
Мұқағали:
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын, сол аман ба?! –деп ғашықтық күйін 
асқақтата сағыныш аңсар сезімнің шуағына бөлесе, Жұматай:
...Қанша ғажап азап шектім: «Ләйлә» – деп,
Менен артық бақытты адам жоқ күнім.
немесе:
О, Ләйлә, болмасаң өзің өмірде,
Басқа мұратты бас қатырсам да таппас ем, – деп ғашықтық 
азабының өзін бақытқа балай жырлады. Ләйләға деген сағынышын 
сезім шуағына бөлеп, бейнесін асқақ толғап, қылығын тамсана 
жырлайды. 
Қазақ халқы поэзиясындағы бейнелеу үлгілері, сөз нақыштары 
ұшан –теңіз, сондықтан ол бүгінгі әдебиетіміздегі ақындық 
шеберлікті шыңдау, сөздің суреттілік күшін арттырудың сарқылмас 
көзі. Өлең тілі маржандай таза, нәрлі болу үшін, ұлттық сипат алу 
үшін жаңа заманның білімі мол, интеллектуал ақыны Жұматай 
суретпен сезімді астастыра өрнектейді:
Көңілің балқып тәтті әнмен,
Кірпігің, қасың дірілдеп.
Өтуші ең жасыл бақтармен,
Өтуші ең шалқи күлімдеп...
Айыбым болса, кеше жүр,
Асқақтау жердің маралы.
Жырладым сені неше жыл,
Жымитып неше қаланы.
Айшық теңеулердің нақтылығы Ләйлә бейнесін, қимыл-қозға-
лысын, көзқарас, қылығын, эмоциялық әсерін еселей түсіп, образ-
дың шынайылығын арттырып, бояуының ашықтығы, тартым-
дылығы, нақтылығымен айрықша көңіл аударады. Ай қабақ, қасы 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау