169
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Өзгелерден ерек туған ақынның бір артықшылығы, бір бақыты да
осындай күрделі ойларында шығар!
Алаштың ардақты перзенті, арлы ақыны Жұматай Жақыпбаев
шабыт аймалаған бір шағында былай деп еді ғой:
Арттыра берсін білгеннің қадірін өлең,
Әлкей айтса жанының әміріменен.
Богдыхан қызын беретін
Үйсіндер кеше
Елге таң ірі ұланын Тәңірі деген!
Дәл осылай деген-ақ шығар! Өз басым қылаудай да күмән кел-
тір меймін!
«Егемен Қазақстан» газеті
12 наурыз жұма, 2010 жыл
Ордаш КЕНДІРБАЕВ
«САРАТАНДА» САЛМАҚ БАР
1979 жылы «Жалын» баспасынан шыққан жыр кітаптарының
арасынан жерлесіміз Жұматай Жақыпбаевтың «Саратан» атты
жинағын кездестірдік. Бұл да бір біткен іс болған. Өйткені жас
ақынның көптен бері баспасөз бетінде жиі жарияланып жүрген
өрісі биік, өрнекті жырлары өзіне еріксіз ден аудартып, жыр-сүйер
қауымның жүрегіне сүйіспеншілік сезімін, үміт сәулесін ұялатқан
еді. Алайда, Жұматай кітап шығаруға асыққан жоқ. Оның мәнісін
қалай түсінуге болады? Көлемі екі баспа табақтан астам жинақты
бастан-аяқ оқып шыққаннан кейін барып қана жоғарыдағыдай ойға
оралған орынды сауалға тиянақты жауап алғандай боласыз. Сөйтесіз
де жас ақынның тырнақалды туындысы атына ізгі тілек, жылы лебіз
білдіресіз. Себебі жинаққа енгізілген жырлардың қай-қайсы сының
болмасын, салған жерден саз беріп тұратын сыршыл әуезі, жоғары
техникасы мен мәдениеті қазіргі биік талғам пернесін тап басып,
ой тастайды. Әрине, бұл ақындық жолдың ауыр азабын мойы май
көтере алатын, мүмкіндігі мол талғампаз талапкердің ғана қолы нан
келсе керек.
Жас ақын кітаптың беташары ретінде берілген Ленин, партия,
ұлы Октябрь туралы жырларында баршамызға бақыт әперіп, алдағы
арайлы болашаққа мол сеніммен бастап келе жатқан кемеңгер
170
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
көсемнің көреген идеясының, Коммунистік партияның ұлылығын
өзінше мақам-мәнермен, әркімнің жүрегіне әсерлі етіп жеткізуге
талап қылады. Жұматайдың әсіресе, туған жер туралы шабыттана
жазған жырлары отты сезімге толы, оқи отырып ойға шомбай
қалуың мүмкін емес.
...Соқыр тұман басылғанда сытырлап,
Шаңқан үйден шұбатылған түтін де ақ.
Қадам бассаң шырылдайды шегіртке,
Қуырылған бидайдайын пытырлап..
Автор көз ашқалы бері күнделікті көріп, көңілге тоқып өскен
бәрімізге таныс туған жер табиғатын осылайша тіл табысқан тың
теңеулер арқылы түрлендіріп, жаңаша сыр аңдатады. Жас ақын
сөзуарлыққа салынудан, жалаң суреттеуден бойын аулаққа салады.
Туған жер жайлы жазылған өлеңдерінің барлығы мазмұны жағынан
бірін-бірі байытып, толыққанды әр құрайды.
...Биікке шық! – ақын басқа не десін,
Иемденіп өлкеңнің бір төбесін.
Тым құрыса құбыланың қабағын,
Елден бұрын және ертерек көресің, –
деп туған өлкені өз қолымен өзгертіп, жасартушылардың көтеріңкі
көңіл-күйін, кесек келбетін көз алдыңызға әкеледі, философиялық
ой толғайды.
...Күйелі дейді күйесі жоқ-ты жұғатын,
Кербез тау еді кекілік ұшып шығатын.
Қай жерден таптым керауыз біреу былғаған,
Көгілдір жердің – шын атын?
Күйелі дейді көк жайлаудағы тау атын,
Қозыкөш жерден көзіңнің жауын алатын.
Апыр-ай, пенде табылған болды-ау қарауыз,
Ер ғана емес, жерге де күйе жағатын.
Бұл шумақтарда азаматтық әуен, әлеуметтік сарын басым.
Әдетте, талант көзі – шындық дейді. Ал шындықты жүрегіңмен
сезіп, жан-дүниеңмен ұғып жазбасаң, оған басқаларды иландыру
мүмкін емес. Мұны жақсы түсінген жас ақын күйде ақиқаттың атам
заманғы ауылы – этнографиялық стамптарға дейін батыл барлау
жасап барады. Онда да «Міне, көрдің бе! бұрын осындай да осындай
171
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
болған» деп құрғақ уағыз айтудан аулақ. Автор «Көш жолы»,
«Қайнар» деген өлеңінде «Алдаспаны саптама етігін салпылдай
соғып, балпаңдай басып» келе жатқан дулығалы батырдың, «Қыпша
белінің олқысын күміспен сықап толтырып, шолпысын суға
малып алғанын білмей қылымси, қас керіп» тұрған қас сұлудың,
«итмұрын шауып, иектен тері тамшылап» келе жатқан жолаушының
психологиялық ерекшеліктерін даралап, өмірлік материалдар
жинақтау арқылы қоғамдық жағдайдан, ел тұрмысынан елес беріп
қана қоймай кір жуып, кіндік кескен жердің қасиетті топырағын
бойтұмар етіп тағатын адал перзенттік сырды ашып береді.
Сондықтан да:
«Бел омыртқасы темір пенде де бас исін,
Әулие болсаң мөлдірлігіңе іңкәр қыл» – деген түйіннің тұздығы
татымды шыққан. Иланасың.
Жинақта өлеңдердің жолына әр беріп тұрған аллитерация мен
ассонанс, архаизм және қайтадан жаңарып тың мағына тапқан
сөздер жиі кездеседі. Басқаша айтқанда, автордың сөздік қоры ның
мол болуы, оны ұтымды қолдануға машықтануы, айтайын деген
ойын көркем сөзбен айшықты етіп, қанық бояуында жет кізуіне
мүмкіндік әпереді. Тегінде, Жұматайдың поэзиядағы өсу про цесінің
өрісі, ешкімге ұқсағысы келмейтін ерекшеліктері жайлы сөз еткенде
ең бірінші дәл осы табысын алға тарту керек.
Жұматай Жақыпбаевтың махаббат лирикасына бөлекше
тоқтала кеткен жөн. Жинаққа «Ләйлә» циклы бойынша он екі
өлең енгізілген. Олар бірін-бірі қайталамайтын оқиғалы, сюжетті
болып келетіндіктен, ғашықтық сезімге қатысты эстетикалық та-
ным-талғамға тәлімді әсер беріп, махаббатқа, достыққа адал болуға
тәрбиелейді.
Ханшадай өзін ұстаған,
Қара алмас көзді, бал ерін,
Басынан құс та ұшпаған,
Бұла өскен асқақ жан едің.
Қара оқа құсап бұрымың,
Жалтылдап әрбір талы да.
Жарасып барлық қылығың,
Жараспай пенде жаныңа.
Көңілің балқып тәтті әнмен,
Кірпігің, қасың дірілдеп.
Өтуші ең жасыл бақтармен,
Өтуші ең шалқи күлімдеп.
Достарыңызбен бөлісу: |