Бағдарламасында мынадай анықтама берілген. ««Қазақ тілі»



жүктеу 168 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі168 Kb.
#29673
түріБағдарламасы

 ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

 ТҮСІНІКТЕМЕ



   Қазақ тілі пәнінің мемлекеттік 2010 жылы шыққан бағдарламасында мынадай анықтама берілген. « «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы –қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) бастапқы деңгейде іс жүзіне асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын; білім, білік  дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат».

   Бұл жердегі коммуникативтік дегеніміз – қатысымдық деген сөз. Демек, жаңа стандарт бойынша, алға қойған озық әдістеріміздің бірі – қатысымдық оқыту болмақ. азақ тілін өзге ұлт аудиториясында оқытудағы қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді.


   Жалпы қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізудің бірден-бір жолы -  сабақ барысында құрғақ жаттығулардан гөрі  қатысымдық тапсырмаларды қолдану болып табылады. Сондықтан да ұсынылып отырған қатысымдық тапсырмалар мұғалімдерге қатысымдық әдісті сабақ барысына тереңінен енгізуге көмек жасайды.
  Жинақтың бірінші бөлімі- теориялық бөлім, екінші бөлімі- қатысымдық тапсырмалар үлгілері. Тапсырмалар жоғарғы сынып оқушыларына бейімделіп жасалған. Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
 

 І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


(ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ)

   Қатысымдық бағдарлы оқыту  арқылы бегілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі» .


  Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения» .
   Қатысымдық әдісің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
   Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі
   Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
   Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыру жаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.
   Құбылыс немесе объекті, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
   Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді .
   Бұл жағдайда студенттердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойындың төмендегідей түрлеріне құрылады:

   Қатысымдық ойындар аудиторияда жағымды көңіл-күй тудырып, жайлы тілдік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды. «Әрбір нақтылы сөйлеу жағдаятын ойнау арқылы талдап отырудың негізінде ұжым ішіндегі қарым-қатынас мәселелерін басқарудың әдісі мен стилін жетілдіру, мінез-құлқы қабілетін дамыту жатыр».
   Топтық ойындар қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады. Топтық ойындардың негізгі ерекшелігі, тіл үйренушілердің сабаққа түгел қатысуы қамтамасыз етіледі, белсенділіктері арта түседі, сөйлесім дағдылары қалыптасады.Мысалы, тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады
   «Жағдаят– көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің /моделінің/ кешендік тұтастығы» . Пассов Е.И жағдаят тек қана жағдайлардың, уақиғалардың, ара қатынастардың қосындысы емес, ол жүйе деп есептейді.
   Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым-қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ете алатын қағида – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым-қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.
   «Қатысымдық жағдаят ауызша тіл қатынасының негізі болып саналады, ол коммуникативтік актінің шығуы мен дамуына (ағымына) мүмкіндік жасап қана қоймай, осы жағдайда туған ауызша тілдік мәтіннің барлық негізгі параметрлерін анықтайды» .
  «Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық, тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады». Оқушылар тіл үйренуші рөлінен кейіпкер рөліне еніп, шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, қате жібермеуге тырысады. Бұл амал үйренушінің сыни ойлауын шиеленістерді. «Рөлдік ойындар оқушылардың елестету, қиялдау қабілетін ұштауда ерекше қызмет атқарады». Үйренуші басқа адамның рөліне енеді және іштей әрекет жасайды. Рөлдерде ойнауда әрекетшілдік іс пен жан-жақты білім қажет, ойын барысында топтарға бөлу, нұсқау материалдарын беру, бағыттау, талқылау, бекіту кезеңдері рет-ретімен жүргізіледі.
   «…іскерлік ойын – қазақша кәсіби сөйлеуді үйрету барысында маманның сөйлесім дағдысын қалыптастыру үшін жүргізілетін пайдалы әдістің бірі»  - Ш.Абдиева деген тұжырымдама жасайды.
   Рөлдік ойындар оқытудың жоғары деңгейінде іскерлік ойындарға ұласады. Іскерлік ойындар тарихи жағынан алғанда шаруашылық, басқару, имитациялық түрінде пайда болды. Іскерлік ойындар - кәсіби бағытталған іс-әрекеттің жоспарына жатқызылатын, білімді меңгеру мен білік, дағдыны қалыптастырудың кейбір модельдік формаларын ұсынатын оқытудың түрі.
қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кіналау, аяу т.б.
   Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:
   - қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;
   - білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;
   - тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;
   - бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;
  - бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.
   Қазіргі кезде қатысымдық ойындарды орындаудың үш сатылы формасы кең тарап келеді. Іс жүзінде кез-келген тапсырма үш сатыда орындалуы мүмкін. Олар:
   - дайындық сатысы;
   - орындау сатысы;
   - қорытынды сатысы:
   Бұл кезде Р.П.Мильруд, И.Р.Максимовалардың айтуынша «....жеке тұлғаның іс-әрекетке белсенді және еркін қатысуына қолайлы жағдай жасау керек».
   Бұл жағдайда сөздегі қателерді тек мүмкін нәрсе деп қана емес, сонымен қатар қалыпты жағдай деп түсіну керек. Әңгімелесу грамматикасы жазбаша сөз грамматикасынан белгілі дәрежеде ауытқушылықты да тудырады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тілін оқыту кезінде сөзсіз кездесетін жағдай болып табылады.
   Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
   Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады:
   - оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;
   - қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;
   - тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;
   - тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;
   - қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).
   Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
   - Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
   - Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
   - Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
   - Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
   - Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;
   - Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;
   - Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;
   - Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;
   - Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;
   - Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.
  Қатысымдық тапсырмаларды  қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.
  

ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ТҮРЛЕРІ

 І. Сөйлеу жаттығулары

   Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:
   1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;
   2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;
   3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;
   4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау
   5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;
   6. Диалогтарды толықтыру;
   7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;
   8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;
   9. Сурет бойынша әңгіме құрау;
   10. Берілген сұрақтарға жауап беру.
   Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:
   1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау жаттығуы
   1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді  сипаттаңыздар
Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.
   Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.
   1.2. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, жаңа заман жастары жайлы өз ойыңызды айтыңыз:  21 ғасыр оқушысы   


   1.3.  Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:

                                  1 жас    20 жас    40 жас    70 жас    90 жас


   1.4. «Мен оқушымын».Тапсырма: Берілген сөздерді, суреттерді қарап, пайдалана отырып, осы тақырыпқа лайықтысын таңда, «Мен оқушымын» тақырыбына өзің туралы айтып бер.
   Сөйлеу жаттығуының бұл түрінде оқушылар алдына тірек сөздер мен суреттер беріледі. Берілген тірек сөздер мен суреттер арасында тақырыпқа сай келетіндері де ( сынақ кітапшасы, жатақана, ғимарат т.б.), тақырыпқа сай келмейтіндері де беріледі (гүл, қуыршақ, кілт, жол т.б). Мақсаты: Сөйлеу жаттығуына қатысушы қажетті сөздер мен суретті таңдай отырып, өз ойын ауызша жеткізеді.
   Нәтиже: Үйренуші алдымен түсіне отырып, тек өзіне қажетті сөздерді ғана таңдап алады, содан соң ойын бірден ауызша жүйелеп жеткізуге тырысады.
   1.5. «Менің досым»
   Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек.
   Мақсаты: Берілген тапсырма сын есім, тәуелдік жалғауы грамматикалық тақырыптары мен менің досым тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.
   Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.
   2.  Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы
   2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз:
   – Жандос таңертең анасының еркелетуімен  ұйқысынан әрең оянады;
   – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
   – Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;
   – Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;
   – Сабағына кешігіп келеді;
   – Мұғаліміне неге кешіккедігі жайлы өтірігін айта бастайды;
   – Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;
   – Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен көр мәзірге дауласа кетеді;
   – Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;
   – Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;
   – Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;
   – Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;
   – Анасы дүкенге жіберсе шаршап, ауырып жатқанын айтады;
   – Кешке жолдастарымен көшге қыдыруға кетеді;
   – Таң ата келіп, ұйқысына батады.
немесе
   2.3. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:
   – Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;
   – Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
   – Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;
   – Жұмысына кешігіп келеді;
   – Бастығының алдында құрдай жорғалайды;
   – Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;
   – Есепті уақытында өткізбейді;
   – Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;
   – Жиналыстарда ұйықтап отырады;
   – Кешке елден бұрын үйіне асығады;
   Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.
   3.  Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау жаттығуы
   3.1. Жоспарға сүйене отырып, өз мәтініңізді құрастырыңыз.
1. Менің қанша замандасым бар
2. Замандастарымның бойындағы жақсы және жаман қасиеттері.
3. Жаман қасиеттерден арылуы үшін мен қандай әрекеттерге бардым.
4. «Қазіргі заман жастары қандай болу керек» менің пікірім.

1. Мен өз мамандығымды неге таңдадым?


2. Болашақ жұмысымның артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Өз жұмысыма қатысты болашақ жоспарларым.
5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау жаттығуы                       
   3.2. Лабиринт (кесте бойынша мәтін құра) 
   Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс пайдалана отырып,  кестедегі сөздермен шағын ауызша мәтін құра.
   Мақсаты: Сөздердің мағынасын бірден түсінуге дағдыландыру, сөйлемдегі орын тәртібін тәжербиеде дұрыс қолдана білуге үйрету.
   Өтілген материалдар: зат есім, сын есім. сан есім, етістік, үстеу, т.б.
   Нәтиже: Оқушы сөз мағынасын ұығынып, сөйлемді дұрыс құрайды. Шағын мәтінді әңгімелеп береді.

Етістік

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Үстеу

Демалды

Курс

әдемі

20

Күзде

Оқиды

әжесі

дарынды

2

Жазда

Барады

Жаста

Озат

Бірінші

Көктемде

Жақсы

Оқушы

Қарт

 

ауылда

Көреді

Гүлім

шешен

 

 

 

    3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:



Көрсеткіштер

«Ақжол» компаниясы

«Сана» компаниясы

Қызметшілерінің саны

155

270

Орташа айлық жалақы

90 000 тг.

150 000 тг.

Мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы

Семинарлар ұйымдастыру;
Курстарға жіберу

Шет елдермен мамандар алмасу;
 Интернетте білімдік портал ашу

Жас мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағдарламасы

Жас нәрестелі отбасыларға көмек көрсету – 8 отбасы

Жаңа пәтермен қамтамасыз ету – 5 отбасы

Орындалған жобалар саны

7

10

Жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру

20 000 000 тг.

100 000 000 тг.

    4. Диалогтарды толықтыру жаттығуы
   4.1. «Сұхбат»
   Сіздердің оқу орындарыңызға «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының журналисті келді. Ол оқушылардан сұхбат алуда. Осы сұхбатты толықтырыңыз.
   - Кешiрiңiз, бiлуге бола ма, нешінші сыныпта оқисыз?
   -  ..............................................................................................................
   - Мектебіңіз ұнай ма?
   - ...............................................................................................................
   - Ұлтыңыз кім?
   - ...............................................................................................................
   - Осы мектепті не үшін таңдадыңыз?
   - ...............................................................................................................
   - Болашаққа деген жоспарыңыз
   - ...............................................................................................................
   - Өз еліңіздің өркендеуіне қандай үлес қостыңыз және қоспақсыз?
   - ...............................................................................................................
   - Сұхбатқа қатысқаныңыз үшін рахмет!
   - ...............................................................................................................
   5. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау жаттығуы
Сіз Өскемен қаласында оқисыз, туған ауылыңызды сағынасыз. Бірге оқитын жолдастаныңызға өз ауылыңыз туралы айтып беріңіз немесе ауылдағы құрдастарыңызға Өскемен қаласы туралы  тірек диаграмманы пайдалана отырып, айтып беріңіз.


   6. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау жаттығуы
   Сіз оқушылар  арсындағы мемелекеттік олипиадаға қатысу үшін Алматы қаласына бардыңыз. сіздерді қаланың дәл орталығындағы бір қонақжайға орналастырды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген оқушы жастары да сонда орналасты. Кешке барлықтарыңыз бірге тамақтанып, өз қалаң, оқу орның туралы сыр шертіп, мақтан тұтып әңгімелесіздер. Сіз өз қалаңыз оқу орныңыз туралы не айтар едіңіз?
  Сіз бір күн жұмысқа келмей қалдыңыз. Бір күнде басыңыздан өткен тап бір голливуд фильмдеріндегідей шытырман оқиғаларға сан жетпейді. Тіпті бастығыңызға телефон шалып, келе алмайтыныңызды хабарлауға да уақыт болмады. Бастығыңыз өте қатал, алайда өте әңгімешіл адам. Ол не болғанын түгелдей білгісі келеді. Таңертеңнен бастап, кешке дейін әр сағатта не болғанын әңгімелеп, бастығыңызды сендіруге тырысыңыз.
    7. Сурет бойынша әңгіме құрау, сипаттау жаттығуы
   7.1. Алдымен балаға ат қой, ол қайда барады, не істеді, ол қалай киінген? т.б. Баланың суреті беріледі.
   Мақсаты: тіл үйренуші күн тәртібі тақырыбын пайдаланып сурет бойынша ауызша шағын әңгіме құрауы керек.
   Өтілген материал: Зат есім, сын есім, етістік, күн тәртібі мен уақыт лексика-грамматикалық тақырыптары.
   Нәтиже: Оқушылар сурет желісі бойынша жүйелі түрде сөйлем құрай отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
    7.2. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
    7.3.  Берілген суретке қарап отырып мектебің туралы әңгімелеп бер.

   7.4. «Ара» сөзін анықта. Тапсырма:Берілген сурет бойынша сөздің мағынасын ажыратып, мазмұны түсінікті болу үшін сөйлем құра.
   Бұл тапсырма түрінде оқушылар алдына екі түрлі сурет беріледі, бірінде ұшатын бал ара бейнеленсе, екіншісінде ағаш кесетін араның суреті беріледі. Жатығудың мақсат: Омоним сөдердің жазылуы бірдей болғанымен мағынасы әр түрлі болатынын, сөздің мағынасын ашу үшін сөйлем құрату арқылы дәлелдету.
   Нәтиже: Осындай суреттер арқылы грамматикалық және лексикалық тақырып бойынга өтілген материалды пысықтап, сабақ соңындағы бекіту сәттерінде ауызша жұмыс жасатуға болады.
    7.5. Төмендегі суретке қарап, қалаңның табиғаты туралы сипаттап бер.

   7.6. Туыстарыңыздың, дос, жолдас, жақындарыңыздың фотосуреттерін алып келіп, олар жайында әңгіме айтып беріңіз.
   8.. Берілген сұрақтарға жауап беру жаттығуы
   8.1. Төмендегі сұрақтарға сүйене отырып, «Менің өмірбаяным» атты сұхбат құрыңыз.
   - Сен қай қай жылы туылдың?
   - Қай жерде туылдың?
   - Отбасыңда неше адамсыңдар?
   - Ата-анаңнаң есімдері?
   - Нешінші жылы  және қандай балабақшаға бардың?
   - Бірінші сыныпқа қашан және қай мектепке бардың?
   - Оны қашан және қалай аяқтадың?
   - Мектептегі жолдастарыңмен қарым-қатынасың қандай?
   - Қай ЖОО – да оқисың?
   - Неге осы оқу орнын және мамандықты таңдадың?
   - Болашаққа деген жоспарларың?
   - Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктерің қандай?
отырып, өз бетінше ауызша шағын әңгіме құрап, әңгімелеп береді.
   - «Өзім туралы мәлімет»
   8.2.Блиц-сұрақтар
1.  Атың кім?
2. Неше жастасың?
3. Қай көшеде тұрасың?
4. Үйдің номері неше?
5. Пәтерің неше бөлмелі?
6. Өз бөлмең бар ма?
7. Бөлмеңде не бар?
8. Бөлмедегі ең ұнататын зат қай зат?
9. Оны саған кім сыйлады?
10. Сүйікті затыңдыдосыңа сыйлайсың ба?
11.  Неліктен?
  Бұндай сұрақтарды мұғалім  өзінің өнертапқыштығына байланысты кез келген тақырыпта ойлап табуға болады. Бірақ тапсырманы міндетті түрде оңайдан күрделіге көшу әдісімен орындату қажет.
   Мақсаты: Осы секілді жедел сұрақтар қою арқылы оқушыларды тез арада жауап беріп, ойын жүйелеп, нақты жауап беруге, бастысы ауызша сөйлеуге бағыт беру. Жеңіл сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушылардың бойында өзіне деген сенімділікті туғызу, тілді үйренуге талпындыру.
   Нәтиже: Оқушы бұл секілді тосын сұрақтарға жауап бере отырып, еріксіз, қызыға тапсырманы орындауға белсене кірісіп кеткенін байқамай да қалады. Оңайдан күрделіге көшу әдісі арқылы ол өзінің әр жауабына марқайып, одан әрі жауап беруге құлшысы артады.
 ІІ. Топтық ойындар
1. Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.
2. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, “ОТАН” сөзінің құрамындағы әріптерден мүмкіндігінше көп сөздер құрап жарысады.
3. Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, «ӘДЕМІ» сөзіне мүмкіндігінше көп мағыналас сөздер тауып жарысады.
4. Оқушылар  екі топқа бөлініп, берілген мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше буындарға тасымалдайды.
5.Тіл үйренушілер екі топқа бөлініп, бірінші топ адамның  жақсы қасиеттерін, екінші топ жаман қасиеттерін айтып  жарысады. Ойынды жүргізуші ол сөздерді тақтаға жазып отырады, соңынан барлығы көшіріп алады.
6. Аудитория екі топқа бөлініп, бір топ  ілік септікті бір есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
   Мысалы:  1 топ: оқушының... -
   2 топ: дәптері т.б.
7. Сөйлемдер тізбегі ойыны. Ойынды жүргізуге ыңғайлы болуы үшін оқушылар шеңбер бойымен бір-бірлерінің жүздеріне қарап отырады. Ойынды бастаушы адам ауыспалы осы және келер шақ формасын қатаң сақтай отырып, бір сөйлеммен бос уақытында не істейтіндігі жайлы айтады. Келесі адам алғашқының іс-әрекетін теріске шығарып (болымсыз тұлғаны қолдана отырып), өзінің немен шұғылданатындығы жайлы айтады.Осылайша ойын жалғаса береді. Кідіріп қалған адам ойыннан шығарылып отырады. Ең соңында қалған адам жеңген болып есептеледі. Мысалы: 1-адам: “Мен бос уақытымда тамақ жеймін”. 2-адам: “Ал мен тамақ жемеймін, қонаққа барамын” т.с.с.
8. Тілдей қағаздарға 1-топ мүшелері кез келген сын есімдерді, 2-топ әр түрлі (тұрмыстық заттар, дене мүшелері атаулары, әріптестерінің аттары) зат есімдерді жазып шығады. Одан кейін шетінен бір сын есім, бір зат есімнен оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөз тіркестері (сын есім + зат есім) шығады.
9. Әр топқа есім сөздер беріледі екі топ жарысып, сол сөздерді жіктеп шығады
10. 1-топ мүшелері шартты раймен аяқталатын бірнеше жай сөйлемдер жазады, 2-топ өз алдына бірнеше тиянақты жай сөйлемдер жазып шығады (І, ІІ, ІІІ жақтарда). Одан кейін екі топтың мүшелері кезекпен өз сөйлемдерін оқи бастайды. Нәтижесінде түрлі күлкілі сөйлемдер шығады.
(Егер ..................-са; -се // Онда.......................- Ә).   
11. Сөйлемдер тізбегі ойыны: Тіл үйренушілер шеңбер құра отырады. Бірінші адам “Мен ертең...” деп бастап, ауыспалы келер шақта бір сөйлем айтады. Келесі адам “Ал мен оны кеше орындағанмын...” деп, жаңағы айтылған әрекетті нақтылы өткен шақта қайталап шығады да, “Мен ертең ...” деп өзі жаңа бір сөйлем бастайды. Мысалы: 1-адам: “Мен ертең ант қабылдаймын”. 2-адам: “Ал мен кеше ант қабылдадым, ертең жұмысқа кірісемін”. 3-адам: “Ал мен кеше жұмысқа кірістім, ертең жалақы аламын” т.с.с.
12. Оқытушы алдын ала дайындалған сөздерді береді оқушылар сол сөздердің антоним дері мүмкіндіктерінше табады.
Сонымен қатар топтық ойындарға шағын болса да сюжетке құрылған төмендегідей ойын түрлерін жатқызуға болады:
   - «Отбасы өмірінде қандай мінездер қажет» (топтық сұхбат ойыны)
   Тапсырма: Екі топқа бөлінген қыздар мен жігіттер «Ең жақсы әйел», «Ең жақсы ер» тақырыбымен мінездеме беру, сауалнама толтыру, ойын дәлелдеу (киім киісі, тамақ әзірлеуі, өзін отбасында ұстауы, отбасы қаржысын үнемдеу, т.б.) топ-топ болып қорғау.
Өткізілген материалды қолдану. Өтілген тақырып бойынша, адам мінезі, сын есім, отбасы материалдарын пайдалану.
   Нәтиже: Өтілген тақырыпты еске түсіре отырып, іс-жүзінде пайдаланабілулері, ойларын дәлелді жеткізуі
   - «Ол кім?» ойыны
   Тапсырма: Әр топ мүшелерінің ішінен 1 адамды алып, бет-бейнесін, мінезін  суреттеп беріңдер. Ал әр топ сол адам кім екенін анықтап, портретін салуы керек.
   Мақсаты: өтілген грамматикалық, лексикалық тақырыпты пайдаланып, адам бейнесі мен мінезін дұрыс беру. Әр топ берілген мінездемені түсініп, адам бейнесін салу.
   Нәтиже: Естігенін түсіну, еске сақтау, өтілген тақырыпты пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білулері басты нәтиже болып табылады
   - «Топтық ойны»
   Тапсырма: а) Қазақ тіліне тән дыбыстардан басталатын 1 буынды, 2 буынды, 3 буынды сөдер тізбегін жазу. Уақыт шектеулі. Қай топ көп жазса, сол топ жеңеді.
   Шарты:  1 буынды сөздерді нашар оқитындар тобына, 2 буынды сөздерді жақсы оқитындар, ал 3 буынды сөздер тізбегін өте жақсы оқитын оқушылар тобы жазады.
   Мақсат: Тән дыбыстар мен буын түрлерін біліп қана қоймай лексикалық қорларын пайдалану. буын талдайтын дыбыстар туралы материалды еске түсіру.
   - «Сөздерді таңдау» ойыны.
  Тапсырма: Әр топқа көп мөлшерде түрлі тақырыпқа арналған кеспелерге жазылған сөздер беріледі. Оқушылар тематикалық тақырып бойынша сөздерді бөліп, сөйлем құрауы керек.
  Мақсаты: оқушылардың сөз мағынасын түсініп, оны қай тақырыпқа сай екенін анықтау арқылы, материалды пысықтау.
  Нәтиже: оқушылар сөйлемдегі орын тәртібін қарым-қатынас үстінде дұрыс пайдалануға дағдыланады.
 Топтық ойын түрінің бірі-  алдын ала мұғаліммен дайындалған мамандық туралы мәтін беріледі, оқушылар сол мәтінді оқи отыра қандай мамандық иесіне  бағытталып жазылғанын анықтайды. Жаттығу соңынан оқушылар ең жақсы мамандардың моделін жасап, соны қорғайды, сұрақ-жауаппен алмасады.
  ІІІ. Рөлдік ойындар
    «Алтын балық» рөлдік ойыны-  қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады.                 
   «Мектептегі жағдай» ойыны.
   Тапсырма: а) Сіз басқа жақтан оқуға Өскемен қаласына келдіңіз. Жаң мектепке келдіңіз. Мектептегі сынып жетекшіңізбен бірінші рет сөйлесіп тұрсыз. Оқудың ұйымдастырылуы туралы, сабақ кестесі, ауысым туралы сұрап, сынып жетекшінің сұрақтарына жауап беріңіз.
   б) Сіз 9 сынып жетекшісісіз. Жаңа келген оқушымен танысып, оның сұрақтарына жауап беріңіз, оқушыны оқу бағдарламасымен, сабақ кестесімен таныстырыңыз.
   Өтілетін материал: Өзін ресми жағдайда таныстыру, ұйымдастыру жұмыстарына байланысты сұрақтарды талдау, оқудың мақсаты мен мазмұнын айту.
   «Мен басқа бөлмеде тұрғым келеді» ойыны.
   Тапсырма: 
а) Сіз жатаханада тұрасыз, бірақ басқа бөлмеге ауысқыңыз келеді. Комендантқа себебін айтып, ауысқыңыз келетіні жайлы ойыңызды түсіндіріңіз.
б) Сіз жатахана комендатысыз. Жатахананың 1 оқушы басқа бөлмеге тұрғысы келеді. Оқушыдан себебін сұрап, оның өтінішін орындауға тырысыңыз. Өтінішті орындай алмасаңыз себебін айтып түсіндіріңіз.
Өтілетін материал: өтінішті негіздей білу, келісім, өз көзқарасыңызды түсіндіру, өтінішті қабылдамау.
Ойын мақсаты: қатысушылардың өз ойларын негіздей, жүйелі түрде жеткізуі, ойын дәлелдей алуы көзделген.
Ойыннан күтілетін нәтиже: ойынға оқушы өтілген материалды еске түсіре отырып, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізуге талпынады.
   «Кітапқа тапсырыс беру» ойыны.
   Тапсырма:
а) Үй жұмысын дайндауға сізге кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз
   Пайдаланылатын материал: кітапхана кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.
   Ойын мақсаты: Оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдай болғандықтан оның өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тапсырысты бере білуі көзделген.
   Нәтиже: Оқушы ойнай отырып, кітапханада жұмыс істеу жлдарын да үйренеді. Қарым қатынасқа түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.
    «Патент» ойыны.
   Тапсырма:
а) Сіздер патенттік бюроның қызметкерлерісіздер. Патент жобасын қабылдаңыз немесе кері қайтарыңыздар.
б) Инженерлер тобысыздар. Өздеріңіз жасаған жаңалықтар туралы айтып, оның экономикалық тиімділігін, мақсаттылығын, пайдалылығын дәлелдеңіздер.
   Пайдаланылатын материал: Ресми жағдайда талдау этикеті, сапалы мінездеме беру.
   Мақсаты: өтілген лексикалық бірліктерді қайталай отырып, іс жүзінде ойын  жеткізу, дұрыс пайдалана білу.
   Нәтиже: ізденіс, еске түсіру, нәтижеге жету талпынысы.
   «Іс – тәжірбиеден өту» ойыны.
   Тапсырма: а) Сіз 9 сынып оқушысысыз, ертеңнен бастап сіз белгілі бір өнекәсіпте іс-тәжірбиеден өтесіз. Директорға барып, болашақ жас маман ретінде өз мамандығыңыз, алға қойған мақсатыңыз, қандай тапсырмалар алатыныңызды білуіңіз керек.
   б) Сіз директорсыз, келген оқушығақандай жағдай жасалып, кім жетекші болатынын, қандай сынып бекітіліп берілетінін және іс-тәжірбиеден өтушіден қандай нәтиже күтетіндігіңізді айтуыңыз керек.
Мақсат: ресми жағдайды сақтай отырып, қойылатын сұрақтар мен жауаптарға жүйелі, дұрыс жауап беру.
Нәтиже: Өз беттерімен іздену, сөздік қорларын падалана отырып жүйелі жауап берулері басты нәтиже болып табылады.
   «Біз бүгін қайда барамыз?» ойыны
  Тапсырма: а) Сіздің уақытыңыз бос. Досыңызды немесе құрбыңызды киноға шақырыңыз. (кино соңғы рет болатынын, қандай атақты актерлер қатысатынын, халықтың кино туралы беріп жүрген пікірін, т.б.) айтып, досыңызды немесе құрбыңызды баруға көндіріңіз.
   б) Досыңыздың өтінішін қимайсыз, бірақ басқа адамға уәде беріп қойғаныңызы, онымен театрға баратыныңызды айтуыңыз керек. Досыңызды сонда баруға көндіріп көріңіз.
   Мақсаты; Екі сөйлесуші адамның бір-бірін түсініп, дұрыс жауап берулері қажет.
   Нәтиже: Сауалдарды дұрыс қойып, өз ойларын нақты жеткізе білуі.
   «Менің сөзім» ойыны.
   Тапсырма: Ойын шартына сай директор, оқушы, мұғалім, оқушы, ата-ана қатысады. Ортада оқушы мен іс-тәжірбиеден өтуге келген оқушы арасындағы болған келіспеушілікке байланысты айтылатын 30-35 дейінгі сөйлемдер жатады. Ерекшелік сөйлемнің кез-келген жерінде (басында, ортасында, аяғында) сөздер жетіспеуі мүмкін. Әр қатысушы өз айтатын сөзін дәл тауып, сөйлемді толықтырады, өз рөлін ойнап шығуы керек.
   Мақсаты: Өтілген грамматикалық, лексикалық бірліктерге сай құрылған сөйлемді дұрыс толықтырып, сөйлеу барысында өз кезегінің қай кезде келетінін анықтай білуі керек.
   Нәтиже: Ойынға қатысушы сөйлеушілердің не айтып тұрғанынын түсінуі, әрі соған дәл жауапты тауып айта алуы арқылы грамматикалық, фонетикалық, лексикалық норманың сақталуы.
   «Түйіндеме» ойыны
  Тапсырма: 1 топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша өз оқу орнына білім алуға шақырып, қала тұрғындарына жарнама жасауы керек. (Білім ордасында қандай сыныптар бар, қандай үйірмелер бар, оқу орнының ерекшелігі т.б. туралы) Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп бір-бір сыныпты таңдайды да, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды.
    «Жиһаз сатып аламыз» ойыны.
   Тапсырма: Ертең отбасындағы барлық мүшелерімен ақылдасып, үйге жиһаз алуыңыз керек. Әр жиһазды неге, кімге, қанша ақшаға алғылы отырғандарыңызды, қай бөлмеге қоятындарыңызды айтып беріңіз.
   Өтілген материал: Менің отбасым, менің үйім, бөлмем және тәуелдік жалғауы, зат есім.
   Мақсат: Әр топ мүшесі ана, бала, әке рөлдерін ойнай отырып, топпен жұмыс істейді. Олардың мүддесі ортақ. Отбасында қажетті жиһазды алу. Топ жүйелі, көлемді , толық түрінде жауап беруі қажет.
   Нәтиже: Бір-бірін тыңдау, ортақ шешімге келе отырып, көлемді мәтін әзірлеу, өткен тақырыпты еске түсіру, бастысы алған лексика-грамматикалық білімдерін іс-жүзінде пайдалану.
   «Іс-сапар» ойыны.
   Тапсырма: Оқушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ әкімшілік, 2 топ іссапарға аттанатын қызметкерлер.
а) Іс-сапарға бару керек. Сіздер әкімшіліктен сапарға қандай мақсатпен баратыныңызды, қойылатын мақсат пен талап туралы хат жолдауларыңыз керек.
б) Әкімшілік тобы іссапаға барудағы басты мақсат, қай қалаға, қанша уақытқа, неше адам барады, оның мүшелері мен төлемақы туралы мәлімет берулері керек.
   Мақсат: Топ мүшелері қойылған талап бойынша жауап берулері керек, жүйелі, нақты, көлемді жауап арқылы айтпақ ойларын дұрыс жеткізу.
   Нәтиже: Топ дұрыс жауап беру мақсатына ұйымдаса жұмыс істеу, талпыныстарын туғыздырып, өткен материалды еске түсіреді.
   «Біз көрген кино» ойыны.
   Ойын шарты: Тыңдаушылар 2 топқа бөлінеді. 1 топ көрген киноның тек жақсы жақтарын айтып, бағалайды. 2-ші топ кино кемшілігін айтып, сынайды.
   Тапсырма: а) Киноның тек жақсы жақтарын, қатысатын актерлар туралы мәлімет беріп, кино мазмұныны қысқаша айту.
   б) Ұнамаған киноның жағымсыз жақтарын, оның себебін, актерлердің ойнаған рөлдерін талдау.
   Мақсаты: Өтілген тақырыптарды пайдалана отырып, ойларын толық жеткізу.
  Нәтиже: Ізденіс, еске түсіру, ойларын ұйымдасқан түрде жеткізуге деген талпыныс. Осы ойын арқылы шығармашылық жұмыс түрінде өзінің ой түйінін жазып келуге болады.
   «Аукцион» ойыны.
   Бұл сабаққа әрбір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қораптар, білезік...) әкеле алады. Әкелетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау қажет. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл Шыңғыс ханның көйлегінің жағасы, жібектен жасалған, көгілдір түсті. Бастапқы бағасы 10 000 теңге. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен студенттер алады. Қалған студенттер сатып алушылардың рөлін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Студенттерге өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздырып дайндауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.
   «Демалыста» рөлдік ойыны.
   Ойынға қатысушылар: Отбасы мүшелері, олардың достары.
   Қатысымдық жағдаят: Бір жексенбіде бос уақыттарын бірге өткізуге тырысқан әке-шешесі мен есейіп қалған балаларының тағы да әдеттегідей бірге демалу мүмкіндігінің болмауы.
   Сөйлеу ниеттері: ұсыныс, талап, кеңес, шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, оқиға мен әрекеттің уақыты, орны, себебі жайлы мәлімдеу, ұсыныс, шақыру, деректер мен оқиғалар, тұлғалар мен заттарға қатысты сұрақтар қою, баға беру т.б.
   Ойынның барысы:
1. Жексенбілік таңғы ас үстінде отбасы мүшелерінің демалысты бірге өткізу туралы сұхбаты.
2. Отбасы мүшелері әрқайсысы  өз достарымен, таныстарымен телефонмен сөйлесіп, басқа жоспарлар құруы.
3. Кешкі ас үстінде бәрінің қайта жиналып, қалай демалғандары туралы әңгімелесуі.
«Әкімшілік» ойыны.Оқушылар Өскемен қаласының әкімі, Облысы әкімі, мектеп директорлары, зауыт бастықтары, депутат, білім министрі, экология минстрі т.б. рөлдерге бөлінеді. Тапсырма: қаланың көкейкесті мәселелерін шешу: экологиялық, білім беру, жол. Мақсат: ойыншылар өз рөлдеріне ене отырып, өлкенің қазіргі жағдайына үңіле отырып сөйлеу әрекетіне итермелеу.
    IV. Іскерлік ойыны
    «Банкте» іскерлік ойыны.
   Ойынға қатысушылар: Банктің бастығы, бөлім бастығы, хатшы, мамандар.атысымдық жағдаят: қызмет істейтіндер арасында қайта қаржыландыру мәселесі бойынша шұғыл түрдегі жиналыс өтеді. Күн тәртібінде клиенттердің қаржылық мәселелері. Сөйлеу ниеттері: талап ету, үгіттеу, дәлелдеу, тілек, өтініш, ұсыныс,  шақыру, келісу немесе келіспеу, бас тарту, рұқсат беру немесе тыйым салу, кешірім сұрау, көңіл аударту, қайталауын өтіну, қайталап сұрау, кіналау, аяу т.б.
  Ойынның барысы:
1. Бастықтың шұғыл жиналыстың өтуі туралы хатшысына хабарлауы
2. Бөлім бастығы мен мамандардың сұхбаты: Мамандардың жиналыста не туралы айтатындықтары туралы талқылануы.
3. Мамандардың хатшы қыздан келіп құжаттарды алуы.
4. Жиналыста барысы: сұхбат, банк клиенттерінің ұсыныстарын оқу, пайыздық мөлшерді түсіру мәселесі туралы айту
5. Бөлім бастығы мен бастықтың, хатшының сұхбаттары.
6. Пайызды түсіру немесе түсірмеу туралы мамандардың сұхбаты: келсу, келіспеу, түсініктеме беру, сөздерін дәлелдеу.
   «Басқармадағы кеңес» ойыны
  Тапсырма: а) сіз құрылыс басқармасының басшысысыз. Студенттер қалашығында қонақ үйін салуды жоспарладыңыз. Жобалаушы, тұрмыстық қызмет көрсетуші, тамақтандыру қоғамымен кеңесуде көрсетілетін қызмет түрлері, қонақ үй жобасы туралы айтуыңыз керек.
б) Жоба ұйымдастырудың қызметкері қанша бөлмелер болатынын, қонақ үй жобасымен таныстырады. Қонақ үй құны, жоспадың аяқталу уақыты, пайдасы туралы айтып, сөзін дәлелдеу.
в) Қызмет көрсету ұйымының өкілі көрсетілетін қызмет туралы айтуы тиіс. Жобаға байланысты өз талаптарын көрсетуі шарт.
г) Тамақтандыру өндірісінің бас қызметкері қонақ үй тұрғындарын қалай тамақтандыратыны туралы мәлімет беруі керек. Өз тілектері мен талаптарын айтуы қажет.
   Мақсат: Ойынға қатысушылардың түгелдей қатысуы керек. Өз ойларын жеткізу үшін тек сөздік қорларын пайдаланып қана қоймай, термин сөздерді өз беттерімен ізденіп, қарым-қатынаста қолдану керек.
  Нәтиже: Үгіттеу, дәлелдеу, келісу, шешім қабылдау секілді сөйлеу ниеттері пайдаланып, дәлелді, нақты ойлар айтуға студенттер үйренеді. термин сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады.
   «Ресми кездесу» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз экспорттықфирманың қызметкерісіз. Іс сапарға келген кезде өндіріс директорымен кездесу керек. Хатшымен байланысып, кездесу уақытын, себебін айтуыңыз керек.
б) Сіз хатшы ретінде фирма өкілімен қандай мақсатта, қашан, қай жерде т.б. директормен кездесуі керектігін және ол кісімен қайта кездесу үшін телефон номерін алуыңыз керек.
в) Сіз директорсыз. Кездесуге байланысты шешім қабылдап, қызметкермен бір шешімге келу немесе керісінше келіспеу.
Мақсат: мамандыққа байланысты лексиканы пайдалана отырып, өзара түсінісе білу.
Нәтиже: ойларын жеткізуге деген талпыныс. Кәсіби лексикасын дамытады.
«Екі билет» ойыны.
Тапсырма: а) Сіз Париж қаласына аттанасыз . Әуежай кассасына келіп, билет сатып алдыңыз. Ұшатын күніңіз, уақытыңзы, билет номері, неше билет қажет, билет құны қанша тұратынын сұрауыңыз керек.
б) Сіз кассир ретінде жолаушының бар сұрағына жауап беріп, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ әуеге көтерілмейтінін айтып, кешірім сұрауыңыз керек.
   Өткізілген материал: Жолаушы, мамандық, кассир мен жолаушы арасындағы сөйлесу этикеті.
   Мақсат: Шынай өмірде жиі болатын оқиға болғандықтан қатысушылар одан әрі де толықтырып, сөйлеп, өзара ұғынысуы керек.
   Нәтиже: Балалардың жағдаятты ойнаудағы шынайылығы, өтілген материалды пайдалана алуы, өзара шығармашылық ізденіс жасап, тапсырма талабын одан әрі толықтырып сөйлей білуі.
   «Кинофестиваль» ойыны.
  Тапсырма: а) Сіз кинофесивальдің қатысушы киносыншысыз. Көрсетілген фильмдер ішінене ең жақсы фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз. Киноның қысқаша мазмұны, ойнаған актерлер, киноның авторы мен режиссері туралы мәліметтерге тоқталып, фильмнің сапасына баға беріңіз.
б) Сіз кинофестивльға қатысқан  фильмі ойнаған басты актерсіз. Фильм туралы айтылған ойды тыңдап, сұрақтарға жауап беріпғ өз ойыңызды айтыңыз, алған әсеріңіз бен болашақ жоспарыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
Ойын мақсаты: маман иесі ретінде киноға өз бағасын беруші алдымен тақырыпта өтілген лексикалық бірлікті қаншалықты меңгергенін байқау, алған білімді іс-жүзінде пайдалану.
Нәтиже: Тек сөздік қорын қолданып қана қоймай, қатысушы өзінше қиялдап, өз қиял арманыны да қосып айту арқылы неғұрлым ойларын толық, жүйелі нақты жеткізеді.
   «Тізбек» ойыны.
   Қатысушылар: сатушы, тапсырыс беруші, тапсырысты алушы, тұтынушы.
а) Тұтынушы өзінің өте жақсы көретін кондитерлік өнімі туралы сұрап, оның аты, неліктен ұнағанын, қай фирмадан жеткізілетіні туралы сұрап, тапсырыс береді. (Өтініш формасында).
б) Сатушы бұл өнімнің қазір саудада жоқ екенін, алайда міндетті түрде тапсырыс беруге, тапсырыс алушыны шақыртатынын, келісім бергенін жеткізуі керек.
в) Тапсырыс алушы бұл өнімді қанша мөлшерде, қашан әкелуге болатынын , бағасын нақтылап, өтінішті қабылдайды.
г) Тапсырысты жеткізуші бұл өнімнің бұдан былай шықпайтынын, сондықтанбұл тапсырыс орындалмағанын айтып, өкініш білдіреді.
   Өтілгіне материал: ресми іс-қағаздар, мамандық тақырыбы.
   Мақсаты: Ойынға қатысушыларға бағыт берілгенімен, ойларын жеткізуге толықтай еркіндік беріледі.
   Нәтиже: Өтілген материалды қайталау, еске түсіру, жаңа тақырыппен байланыстыру, ойды дұрыс жеткізу, бір-бірін ұғына білу.
   Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
 

Пікірлер 


Толқын 29.03.2013 13:02 #1

Цитата

 

0



тілді оқытудың тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім - осы бес қағидасын басшылыққа ала отырып жасаған тапсырма, ойын түрлері, жағдаяттардың барлығы да көңілімнен шықты. Еңбегіңізге рахмет! Күнделікті сабағыма қолданып жүрмін. Осылай сабақтың белсенділік әдістерін қолдана отырып, сабақ жүргіссек, еңбегіміздің еш кетпесі сөзсіз! Еңбегіңізге табыс тілеймін, Гауһар!

Айнұр Т Шемонаиха 30.03.2013 17:20 #2



Цитата

 

0



Ойын түрлері өте ұнады, келешекте өз тәжірибемде қолданамын. Еңбегігіңізге көп рахмет. Шығармашылық табыс, отбасыңызға бақыт, денсаулық тілеймін. Орыс мектептерінде ойынның осындай түрлерін қолдану өте тиімді, себебі ойын- оқушыны ынталандырудың бір түрі деп есептеймін.

замзагул 12.04.2013 02:33 #3



Цитата

 

0



Мақала ұнады. 1-ден, қатысымдық жағдайда шеберлікпен ойластыра ғылыми терминдерді орайы келгенде үнемі қолдантуға болады екен. 2-ден, сабақ процесінде мотивация тудыруға қолайлы екен. Рахмет, табыс тілеймін.

Айгерім И.С 03.06.2013 12:36 #4



Цитата

 

0



Еңбегіңіз жана берсін. Рахмет сізге

Пікірлер тізімін жаңарту

Пікір қосыңыз

Начало формы

Құрметті оқырмандар! Көтерілген мәселеге арналған пікірлеріңіз ой қосатындай салмақты болуын және 5 сөйлемнен кем болмауын қалаймыз

Есім




Қалғаны: 2000 символ

Жөнелту

Конец формы



JComments

Оқу мәтіні


  • Әңгімелер

  • Өлеңдер

  • Әндер

  • Қызықты оқиғалар

  • Мақал-мәтелдер

  • Жұмбақтар

  • Баталар

  • Тілектер

  • Ұйқас сөздер

  • Cүйіспеншілік

  • Түсіндірме сөздік

жүктеу 168 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау