Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет51/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95

181
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
«...Бағымдай ауыр басыма қонған жыға бар,
Тебінсем атты – темір бет жауым қуарар.
Атымның атын алдырып маған шақыртып,
Ныспымның даңқын намысым алға шығарар...
...Дарабозға бір жауды екі шаптырма,
Алты алаштың аруағы түгел қолдай гөр!» – деп, дарабоз Қабанбай 
батыр намысын сөз етіп:
«...Өткендей болды біржола мұңды әннің шағы,
Кіргендей болды мәулен бас шындардың сәні.
Орыстық ұлы Ордадан осында келген,
Шәйірді қайран қалдырды ғұндардың шалы!» – деп, көнелердің 
көріпкелдігін паш етіп, өткен дәуірлерді аралап жүрген ақын кенет:
«...Ішкі- сыртқы ерлігің жүрекке сын,
Селт етпесін, білсең де дір етпесін.
Ақсақ дедік біз Әмір-Темірді де,
Ол кеткесін... жүздеген жыл өткесін!..» – деп, мына бүгінгі дәуір-
ге келіп, ұрпақтарының алауыздығына қайран қалып, өзіне жан 
серіктер іздеп:
«Мамыражай жақсы уақыт туды шын,
Қараталға, Керуленге, Ононға,
Қаза бермей бабамыздың қылмысын,
Жүр, інішек, күй тартайық онан да» – деп, әуелі көшпенділер 
даласына ұлы бақыттың келе жатқанын күні бұрын аңғартып, 
саясатқа жонын тілгізіп, арнасына толмай қалған кіп-кішкен-
тай Қаратал өзенін көк түріктен бері әлемге әйгілі Керулен, 
Онон сияқты алып «ағаларына» апарып, табыстырады. Ақын жү-
регіне сыйған дүниенің (өзеннің) тартылып, жоғалмайтындығын 
сездіреді. Кезінде Әмериканың ұлы ақыны Уолт Уйтмен Алтайды 
өлең еткендейін, Қаратал бойында жүрген қазақ ақынының сонау 
шетте жатқан Керулен, Ононды көкірегімен сезініп, өлең етуінде 
үлкен сыр бар. Ұлы теңіздер бастау бұлақтың түймедей көзінен нәр 
алып, кеңістікті иеленеді. Уақыт сынынан өткен соң терең ойдан 
туындаған ұғымның ақын жүрегіне қалыптасуы – оның көкі-
регінде күрделі тарихтың терең шындықтары жатқанын аңғар тады. 
Қаратал өзенінің барар жері – тарих төрі, бабалар мекені. Ішкі жан-
дүниесінің қалауын орындау шыдамы ақынның ой-өрісіне ті келей 
байланысты. Сәуле жылдамдығындағы сезім серпілісін тура тарт-
қан сызықпен ғана көрсетуге болады. Бұл түсінік бойынша ақын 
Қаратал өзенін ғарыштық сезімнің жылдамдығын дәлелдеуші – түзу 
сызық ретінде қолданған. Көкірегіне уақыт пен алыстық, тар тылыс 
пен жылдамдық, тереңдік пен нәзіктіктің осыншама байтақ өресін 
сыйдырып, ой кеңістігін игерген ақын өзін үзілуге айнал ған тарих 


182
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
пен ғасырларды жалғаған үлкен ақын екендігін дәлелдеген. Әрине, 
осылай үзілді-кесілді дәлел айтуға біздің қазақтың өзгені түйедей, 
өзін түймедей етіп сезінетін әсіре еліктегіш сезімі көтермейді де. 
Әйтсе де, бірден көз алдыңда айқындалып тұрған дүниені бүгін 
қанша жасырғанмен бәрібір келер ұрпақ тірнектеп жүріп тауып 
алары сөзсіз емес пе?
«Алыста не алыс, білімді мен наданның арасы алыс» деп Байдалы 
бидің айтқанындай білімділік жиегін шарлап, өз ортасынан 
алыстаған ақын сезімі сәуле жылдамдығын игеріп, ақыл-ойдың 
шырқау биігінен ғарыштық сезіммен: 
«Бір ғажап сурет көрдім деп ертең мақтанам,
Бөтеннің жері бөлектеп маған сақтаған.
Ер Қыпшақ еділ Европадан да көрмеген,
Жалайыр Мұқылай таңғұттардан да таппаған...» – дейді. 
Қараңыз, бүгінгі Жұматай мен XII ғасырда өмір сүрген 
Жалайырдың дарабоз ханы Мұқылай екеуінің арасында қанша 
алыстық жатыр?! Кеше мен бүгін, бүгін мен ертең деген сияқты 
ұғымды жойып, уақыт алыстығын жеңе білген ақын көкірегінде 
XII ғасыр мен XX ғасырдың арасында алыстық жоқ. Мейлі, сіз 30, 
40 ғасырларда да Жұматайды оқып көрсеңіз, бәрі бір сол күнгідей 
болып сезіледі. Бұл – аса дарынды, сезімтал ақындардың ғана 
қол жеткізетін ұлылығы. Ал, өлеңнің астарында жасырын жатқан 
ғажайып өрнектер мен терең сырларымен жеке танысқан орынды. 
Онсыз Жұматайды толық түсіну мүмкін емес. Өйткені, Жұматай 
қазақ ақындарының ішінен Мағжаннан соңғы шығыс толқынына 
терең бойлаған ақын. Сол себепті адамзат дүние танымындағы 
мәңгілік туралы ұғымдарды Жұматайдың шығармашылығынан 
іздестірген жөн. Дала перзенттерінің сезіміндегі бірден-бір 
ерекшелік – олар тарихтың қай кезеңінде де болсын, ой түйінін 
аспан кеңістігімен теңеп, әлемді түгелдей көкірегінде сыйдырып, 
аялай білген. Дәл осы тұрғыдан келгенде қазіргі біздің табынып 
жүрген батыстың ойшылдары күрмеуде қалады. Олардың, әсіресе 
Маркстан кейінгі түсініктері жеке бір таптық ұғыммен шектеледі. 
Бұл шектеулі ұғымның шеңберіне сайын даланы көктей өтіп, Ұлы 
Тәңірдің жебеуімен шындық шыңын көздеген көшпелілердің 
кеңістікке бойлаған ауқымды дүние танымын сыйғызу мүмкін емес. 
Бір ғана мысал: ұлы Шыңғыс қағанның тұсында көшпелі тайпалар 
бірінің тілін бірі ешқандай аудармашысыз түсініп, түпкі жауына бірге 
аттанып жүрген. Бұл олардың шыққан тегінің тым алыс еместігін 
аңғартпай ма? Балаң Шыңғысқа керейдің Тоғырыл хағаны: «Бұлғын 
ішігіңнің қаруына бүлінген еліңді бүтін етіп берейін...»-деп, айтқан 
сертінен танбай орындағанының өзінде үлкен мән болған шығар. 


183
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Тарихта айқындалған бұл шындық соңғы үш ғасыр бойы ұрпақ 
жадынан күшпен аластатылды. Жаны дарынды Жұматай осы түп 
шындықты көздеп, аспан ұрпақ – Ғұндардың аруағына табынып, 
оның ұрпағын ұлы бірлікке шақыра білген. Заманға кенжелеп 
келгенімен өзін тозғынға ұшыраған түріктің – тұқымы, Шыңғыстың 
жаршысы екендігін толық сезінген.
 
23-25 маусым 1993 ж.
Көксу, Қаратал
 
Сағындық ТӘНЕКЕНОВ
ҚОС АҚЫН – ҚОС ӨЗЕН СЕКІЛДІ ЕДІ
«Жалын» баспасынан жерлесіміз Зайда Елғондинованың «Менің 
ертегім» атты естелік-эссесі жарық көрді.
 «...Сен тірісің, – дедім мен оған. –Сенің жарқын бейнеңді мен 
тірілтемін.
– Ол сенсіз де тірі емес пе? Оның ғажайып жырлары Жұматай­
дың таңғажайып тағдырын келер ғасырларға өзі­ақ жеткізеді, – деді 
жота басындағы жасыл жусандар.
– Ей, жасыл жусандар, Жұматайды мен өзім үшін тірілтемін, 
тек өзім үшін ғана. Өйткені ол менің Жұматайым, менің асыл досым. 
Өкініші естен кетпес сағынышым, – дедім»
«Менің ертегім», «Жалын» баспасы, 1997 жыл, 6-бет
Ақын Зайда Елғондинова Жұматайдың зираты басында оның 
рухымен Жұматайдың өзімен тірісіндегідей-ақ осылайша тілдеседі. 
Осы жолдардан аңғарылатындай, өмірден ерте кеткен жансерігін 
Зайданың өлді деуге қимай, өлді деп айтайын десе тілі күрмеліп, 
жағы ашылмай, өмірден өткеніне оншақты жыл болса да, оны әлі 
күнге тірі деп біліп, өзімен бетпе-бет қойып сөйлестіреді, осы-
лайша тілдестіреді, өзін-өзі тірі деп сендіреді, көңіліне медеу тұтады. 
Домбыраның қос ішегіндей екеуі бірге күмбірлетіп күй шертеді, 
бірін- бірі сөзін тосып, бірге сөйлеседі. Иә, олар мәңгі бірге өмір 
сүреді...
Бұл ақынның ақынға деген махаббатын, адалдығын, шын бе ріл-
гендігін танытса керек-ті. Иә, ақын серті осылай. Серт бол ғанда да 
адал серт. Өйткені ол онымен бірге тұрды, бірге жүрді, бірге өмір 
сүрді, бала сүйді. Ол оған адал жар бола білді, махаббатына адал 
болды. Балдай тәтті балғын жастық шағын бірге өткізді. Жүре гінің 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау