187
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
құл атанғанымен кеудесіндегі рух пен намыс, ерлік биікке көтер ген
алыптардың
тұлғасын ел жамандықтан, жаладан аршып, араша-
лап алары сөзсіз екен. Жұматай Жақыпбаев адамзаттың бағасын
биік тен қарап береді. Ақын өлеңдері қоғамның қарасы мен ағын,
ащы сын мен тұщысын нақ суреттеуімен құнды. Өткен ғасыр лар-
дағы қай ақынның өлеңін оқысаңыз да сол заманғы қоғамның исі,
тір шілік – тынысы айқын сезіледі. Жұматай ақын да сол үрдіс тен
танбаған. Оның жыры қазақ қоғамының, қазақ даласының сы ры
мен сұлулығын шертеді.
Тәртедей түзу. Тәртіпті , төкпеген мұңын,
Өлеңшілердің әлі күн сөкпеген бірін.
Ақындарға мін қылды қажетті кезде,
Жүгеріге айналып кетпегендігін, –
деп ақын жүрегіне өктемдік пен бұйрықтың жүрмейтіндігін айтып
бір қойса, «Сүйеніш» атты өлеңінде:
«Балаң болсын өлеңіңнің жолдары,
Сол бейнеден көз жазба, – деп – киелі», –
Мені Данте Алигьери қолдады,
Франческа Петрарка сүйеді, –
деп әлем әдебиеті тұлғалары жауһар ларының өмірі мен парасатын
адамдық ұстанымына айнал дыра білгендігін паш етеді.
Өзінен кейінгі бір буын – Бауыржан Жақып, Қайрат Әлімбек,
Кәдірбек Құныпияұлы, Гүлнар Салықбаева
сияқты ақындар пір
тұтқан, қаған көрген Жұматай Жақыпбаев поэзиясы – күллі қазақ-
тың рухани байлығы. Пендешіліктен биік тұрған, рухтың жа нын да
байлықты місе тұтпаған, екі аяқты қарапайым пенденің міне зі нен
ада ақынмен жұп жарастырған Зайда апамыздың ақын ретінде ғана
емес, әйел ретіндегі кереметтігі екенің бірінен табыла бер мейді.
Ол Жұматайдай ақынды Құдайдан кейін қолдаған пірі, шы найы
махаббаттың қадіріне жеткен Қыз Жібегі дер едік.
Жұмекеңнің «Ләйләсін» жан-тәнімен түсініп, төмен етектің
қызға
нышына бой алдырмаған қазақтың ханшасындай пейілін
бойы на тұтқан Зайданың тылсым жан-дүниесі
өз алдына жыр тауы
болып қаланды.
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап.
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыста тұрдың көзқарасыңмен аймалап, –
188
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
деп Ләйләға жыр арнаса, Жұматайын бүкіл жан-дүниесімен аймалап
жанында Зайда жүрді.
Мінезің де, білем сенің өр енді,
Рас, ол да басатының жиі ағат.
Сенің алтын қиялыңа мен енді,
Өле-өлгенше жасамаспын қиянат.
Ойлар ойлап опынғанша бос қасаң,
Жыр оқысаң дұрыс болар тұра қап.
Сенің алтын қиялыңа ешқашан,
Жасағам жоқ, жасамаспын қиянат, –
дейді Зайда ақын.
«Ақын ғой, ол – ақын, – деп жұмсақтайды,
Ер жігіт ешкімге де мұң шақпайды.
Сақта сен, соны сақта, сақта», – дейді,
Ал мені кім аялап, кім сақтайды?! –
деп те назданады ақынның жары. Бірақ, Құдай қосқан қос ақынның
үндестігі жарасым тапты. Жұматайдай арын иесіне Зайдадай ақын
жанды әйелдің ақылы мен парасаты көлеңке түсірген жоқ. Жұматай
Жақыпбаевты
айта отырып, Зайданы айтпау мүмкін емес. Зайда жай
ғана ақылды әйел емес, жүрегін сөйлеткен ақын әйел. Жұматай –
шың, Зайда – шынар секілді. Қос ақынның өлеңі ғана емес, өмірі
мен тағдыры да зерттеуге, зерделеуге, ұрпаққа үлгі етуге лайықты
рухани дүние екені даусыз. Жұматай ақын «Менің атым» атты
өлеңінде:
Жиреннің қай күліктен атағы кем,
Көкпарда көзсіз болу қата білем.
Үш қабат үйдей тастан ат секіртіп,
«Жұматай – Ажалсыз» да атанып ем.
Алғанда Тәңірінен азар сұрап,
Өшпейтін дәріптеусіз, назарсыз-ақ,
Кемедей еш теңізге батпайтұғын,
Апамның қойған аты – Ажалсыз ат, –
деп аузына Құдай ғана салған сөзді айтады.
«Талдықорған» газеті
5.02.2010 жыл.
189
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Темірғали КӨПБАЕВ
ЖҰМАТАЙ ҚАҒАНАТЫ
Алматыға келмей тұрып-ақ Жұматай ағамның есіміне қанық
болдым. Қара көз сөздің сұлу көшіндей өлеңдеріндегі нәзік
иірімдер бала көңілімде ұялап қалатын.
Оның жырларын оқығанда
әуезді музыка тыңдағандай ғажайып күй кешетінмін. Сөз өнерінің
сезіміңді еріксіз баурап алар сиқырлы құдіретін құлын санаммен
түйсінгендей болушы едім. Оқыған сайын жан сарайым жарқырап,
«романтик ақынның қиял траекториясына» (Жұматай) құлаш
ұрып, жас көкіректегі арманым алысқа қанат қағатын. «Жалын»
альманағының поэзия бөлімінде істейтін Жұмағаңа алғаш рет хат
жазғаным есімде. Жиырмаға толмаған кезім еді. Он шақты өлеңімді
жіберіп, «Жалынға» беруін өтінгем. Бір күні әдемі конвертпен хат
келді. Ақын ағамның өзі қол қойған сол хат мені өлеңге одан сайын
құштар етті. «Қазақ поэзиясына талантты ақын келді деп айтар
күн жақын екен. Тума таланттың аяқ алысы байқалып тұ
рады.
Көбірек жаз. Келешегіңе үміт артамын. Ағаң Жұматай». Көңілім
құстай түледі. Жұмағаңның жылы пікірі өз қазанында өзі қай нап
жатқан
менің қиялыма қанат бітіріп, жүрегіме сенім шуағын құйды.
Өлең жазуға отырсам, Жұмағаң желкемнен қарап тұрғандай, сөзге
жауапкершілікпен қарай бастадым.
Жуғам жоқ ащы жаңбырмен,
Жасыған, мұңды жанарды.
Шашым да шәркез тағдырмен,
Шатыраш ойнап ағарды...
Бұл – Жұмағаңның жыры. Жан сыры. Қайсар рухы. Қандай
қиындық көрсе де еңсесін төмен салмаған, тоқсан тарау тіршіліктің
толқынында тағдырдан биік тұруға үйренген, өмірдің өткінші
тығырықтарына күле қарап, жан сарайын күйкі
мұңнан таза ұстауға
тырысқан үлкен жүректі ақынның ақиқат алдындағы адал сөзі.
Жаныма жігер береді. Тағдырдың көзіне тура қараймын. Жұматай
сөзінің қуаты бойыма еніп алған. «Еңсесі түсіп, езілер езің мен емес»
деймін тағдырға.
Сексен төртінші жылдың жазында Алматыға келдім. КазГу-дің
журналистика факультетіне оқуға түстім. Арман қала – Алматы.
Бақыт құшағындағы КазГУ қалашығы. Бақыттан басымыз айна-
лады. Буырқанған көңілді дүрмекке аралыстым да кеттім. Бірін-
ші круста бәрі ақын. Қожакеев ағамыз айтпақшы, «болмаған Бе-
лин ский, толмаған Толстойлар» толып жүр. Ал, төртінші, бесін-
ші курс та ғы ақындар айқындалып, әдеби ортада танылып қалған.