184
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
түбіне терең бойлатып, бар жылуын соған сыйлады, жанындай
жақсы көрді.
Зайда сол айтқан сөзін жұтып қойған жоқ. Сертінен таймай,
сөзінде тұрды. Ақынның жоғарыда өзі айтқанындай, Жұматай ды
өлтірген жоқ. Жұматай бірде арқалы ақын болып, дәл тірісін дегідей
Зайдамен қатарласа отыра қалып, бірге айтысып кетеді. Зайда ның
сені тірілтемін деуі де осы болар, сәрі...
Зайда:
Көктем көшті көңілімнен, күз жебеп,
О, жаратқан, жалғыз сабыр, сыйлағайсың жүз медет.
Қайтқан құстың қанатының сусылын,
Елеңдеймін, келіп қалған Сіз бе деп?
Жұматай:
Қиялдайсың, өз ойыңнан жиі арып,
Бар сабырың, сезім сорып суалып.
Түн ішінде көкке қарап «ұлисың»,
Аш қасқырдай ақша бетің қуарып...
Зайда мен Жұматайдың екеуара таныстығы 1975 жылы Зайда-
ның Көксу аудандық газетінде әдеби қызметкер болып істеп жүрген
кезден басталып, өрбіген махаббаты кейін басқұрасып, бірге өмір
сүруге ұласады. Және олардың осы махаббаттары Жұматай мәңгі көз
жұмып, суық жер қойнына түсіп, аппақ жүзін, мойылдай қап-қара
шашын топырақ жапқанға дейін жалғасады.
Жұматай өмір бойы өзі ғашық, өзі ынтық болып өткен Ләйләға
біраз жырын арнайды, күй шығарады.
Қане:
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ,
Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап,
Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен,
Алыстан тұрдың көзқарасыңменен аймалап.
Қарадың солай, қарадың солай, обал не,
Қарамадың ба, жоқ әлде?
Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, содан кеп...
Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп, –
Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа,
Батырлығым басыма пәле болар деп.
Ойладым солай, ойладым солай, обал не,
Қате ойладым ба, жоқ әлде?
185
Б е к з а т б о л м ы с Е к і н ш і б ө л і м
Қуаныштан күліп, ойым бір шалқып билемек.
Кеттім мен сосын күнәсіз арман сүйрелеп.
Қара шашты бала ақын болып тұр екем,
Қабырғадағы айнадан көрсем үйге кеп.
Ақын боп кеттім, ақын боп кеттім, обал не,
Болмайын ба, жоқ әлде?
Түнімен жазу үстелінде отырып, қиял мен ой әурелеп, таңға жуық
қана Ләйләға арналған алғашқы туған өлеңі еді бұл Жұматайдың...
Өз оқырмандарына бұдан бұрын «Қырдың қызыл реңі» ( 1984),
«Қандай сұлу таң еді» (1986), «Менің ғасырым» (1989), «Мұнар мен
Гүл» (1994) жыр жинақтарымен жақсы таныс болған жерлесіміз
ақын Зайда Елғондинованың қаламынан туған бұдан кейінгі еңбегі
«Менің ертегім» деп аталады. 1997 жылы мемлекеттік «Жалын»
баспасынан жарық көрген осы ғұмырнамалық естелік-эссесінде,
міне, осылар жайлы және осы сияқты ақын өміріне байланысты
мәні зор, тағылымы мол әрі қызғылықты оқиғалар анық та айшықты
баяндалады. Кітапты оқыған адам Зайда мен Жұматайдың бірге
өткізген қысқа өмірінен және жазған шығармаларынан, қызметтес
болған әрі әзілі жарасқан көптеген жолдас-жоралары, құрбы-
құрдастары, олармен қарым-қатынастары, сондай-ақ белгілі жақсы
адамдар – басшылар, әдебиет өнер жанашырлары, өз әріптестері
тағы басқалар жайлы көп мағлұматтар алады.
Атап айтарлық, ең бастысы Зайда Елғондинованың қаламынан
туған бұл ғұмырнама пәни дүниеден тым ерте өткен өзіндік өлең
өрнектерімен оқырман қауымға кеңінен танылған дарынды ақын
Жұматай Жақыпбаевтың өміріне арналады. Жұматайдай та лантты
ақынға адал дос, шынайы жолдас, сүйікті жар бола білген бүкіл
әдебиет сүйер қауымға танымал ақын Зайданың бұл есте лігінде
күнделікті өмірдің сондай-ақ, өз өмірінің кейбір қызық та күйкі
жақтары да орынды сөз болады. Өзі тірі кезінде қабілетіне жұрт тәнті
болып, тамсана көз тігетін Жұматайдың өмірі, оның ашық-жарқын
мінез-құлқы, өзі өмір бойы ғашық болып, қол жеткізе алмай кеткен
ару Ләйләсі, өз мақсатына жету жолындағы Ләйләні құшып сүюге
ынтыққан іс-әрекеті, қысқасы, күйініші мен сүйініші шығармаға
өзекті арқау болған.
Иә, бір ананың егізіндей болып өмір сүрген қос ақын қатар
аққан қос өзен – Еділ мен Жайық секілденіп жарқырап-жайнап
Жұматайдың Зайдамен қол ұстасып, бірге жүріп, бірге өткізген қысқа
да қызықты өмірінен мол деректер береді. Қысқасы, осы кітап тан
қос ақынның өміріне байланысты кейбір беймәлім жайларды бі луге
болады.
186
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Автордың баяндау түрінде бағымдалып жазылған бұл еңбегі өз
оқырмандарын ой жетегіне алып, жүгіртіп отырады. Бәрін білгісі
келіп, қызығып оқиды. Қызыққандығынан оқиға желісіне қалай
бойлап кеткендігін өздері де аңғармай қалары анық. Кітаптың тілі
көркем әрі жатық, ол жұртшылықтың назарын аударып, лайықты
бағасын алар деген үміттеміз.
«Жетісу шұғыласы» газеті
1998 жыл 18 қыркүйек
Гүлайым ТҮСТІКБАЙ
ЖҰМАТАЙ – ШЫҢ, ЗАЙДА – ШЫНАР
Жұматай Жақыпбаевтың поэзиясына мақтау айтудың қажеті жоқ.
Өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасы бар ақынның жыр шумақтарын
зерттеп, зерделесе оның даралығы, айшықтығы аңғарыла түсетіні
анық. Поэзия елінің ерен батыры, оның тереңіне сүңгіген, биігіне
төбесі жеткен Жұматайды білгіңіз келсе, жырларын қолға алыңыз. Ол
бойындағы отты сезімнің, табиғат сұлулығының, қоғам тынысының,
адам жанының түрлі құбылысының ғана жыр-зергері емес, қазақ, тіпті
әлем әдебиеті мен тарихының керемет тұлғалары мен ерлік істерін
жырына әдемі теңеу ретінде көмкере, келістіре білген терең де білікті
ақын.
Қулар мақсат қуа ала ма өрелі,
Тек әлемнен қызық қана көреді.
Жағымпаздық әлсіз, мисыз құлдардың,
Рим жақта ойлап тапқан өнері.
Оданы да ойлап тапқан жыр жазып,
Плебейлер табу үшін түрлі азық.
Спартакты бақытсыз құл дей алман,
Бақытсыздар Молотов пен Жданов.
Міне, ақынның ойы қалай самғайды. Екі әлемннің тарихи
тұлғаларын салыстыра отырып, пенденің осалдығын, қоғамның
жиіркенішті тұстарын аяусыз-ақ әшкерелейді. Ақын жүрегі мен
философиялық ой түйеді. «Ойпырым-ай», – деп жағаңды ұстайсың.
Құлдың қолға су құйып жүргені ештеңе емес-ау, дүниеде ел
басқарғаны, билік айтқаны адамзат үшін қандай қауіпті! Ал тарихта
Достарыңызбен бөлісу: |