86
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
29.11, 4 (in Kaz).
5. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_latin_alphabet/24235630.html
6. https://www.interfax.kz/?lang=kaz&int_id=13&news_id=60
7. http://adebiportal.kz/kz/news/view/3264
8. Syzdykova R., Emle zhane tinis belgileri. Almaty, Rauan, 1996, 6 (in Kaz).
9. Kajibek E. , Latin alipbiine bailanisti zhumis toptarii kurildi. Ana tili, 2017, 48, 1410,
30.11. 6.12, 4 (in Kaz).
ӘОЖ 331.214
л.М. ахМетОва, л.Б. ЖакИБаева
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Өскемен қ. Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада
еңбек нарығының түсінігі, мәні, түрлері, негізгі факторлар мен функци-
ялары қарастырылған. Еңбек нарығының құрылымы, сұраныс пен ұсыныс субъектілері
анықталған. Қазіргі заманғы еңбек нарығындағы тенденциялары және даму перспекти-
валары зерттелген. Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының
қызмет ету ерекшеліктері және салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген.
түйін сөздер: еңбек нарығы, кедейшілік, жұмыссыздық, еңбекпен қамту,
өнімділік, еңбек ресурстары.
ОСОБЕННОСТИ РАЗВИТИЯ РЫНКА ТРУДА
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
В статье рассмотрены понятие, сущность, виды, основные факторы и функции
рынка труда. Определена структура рынка труда, субъекты спроса и предложения на
рынке труда. Изучены современные тенденции на рынке труда и перспективы развития.
В статье приводятся результаты сравнительного анализа особенностей функционирова-
ния рынка труда в Республике Казахстан в последние годы.
ключевые слова: рынок труда, бедность, безработица, трудоустройство, произ-
водительность, трудовые ресурсы.
FEATURES OF DEVELOPMENT OF THE LABOUR MARKET
IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
A concept, essence, kinds, basic factors and functions of labour-market, is considered
in the article. The structure of labour-market, subjects of demand and supply, is certain at
the market of labour. Modern tendencies are studied at the market of labour and prospect of
development. To the article the results of comparative analysis of features of functioning of
labour-market are driven in Republic of Kazakhstan the last years.
Keywords:
labor market, poverty, unemployment, employment, productivity, labour
resources.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
87
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Еңбек нарығы – бұл ресурстар нарығы, басқа да өндіріс факторларының
нарығы сияқты жалпы ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Еңбек нарығының
басқа да ресурстар нарығынан ең негізгі ерекшелігі – нарықта маңызды
институттардың (мемлекет, корпарациялар, кәсіби одақтар) болуы. Нарықтардың
басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен
сұраныс туады [1].
Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен
ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері
ретінде кәсіпкерлер ірі монополистер, шағын және орта бизнесмендер, мемлекет,
жекелеген жұмыскерлер және олардың ассоциациялары қарастырылады.
Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы
құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек
нарығының динамикасы оның сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына
тәуелді болып табылады.
Жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныстың факторлары:
– жұмыскерлермен өндірілетін тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс
көлемі;
– еңбек ресурстарына деген бағалардың деңгейі, яғни жалақы деңгейі;
– өндіріс үрдісіндегі капитал мен еңбектің өзара алмастырылу дәрежесі;
– экономикалық циклдің фазалары;
– елде орын алып отырған экономикалық жағдай;
– ғылыми-техникалық прогресс;
– жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.
Жұмыс күші ұсынысына әсер ететін факторлар:
– демографиялық факторлар;
– еңбек ресурстарының әртүрлі демографиялық және этникалық
топтарының экономикалық белсенділік деңгейі;
– жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы;
– еңбекке қабілетті халықтың имиграциясы;
– жұмыскерлердің кәсіби біліктілік дайындығының деңгейі;
– жұмыс күнінің ұзақтылығы;
– кәсіподақтардың жұмыс күшін монополиялық тұрғыдан сатудағы
әрекеттері;
– жалақыдан басқа табыс алудың басқа мүмкіндіктері;
– жұмыс орнына таңдау кезіндегі еңбек жағдайының қолайлылығы.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен
белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік
ресурсы болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет
Л.М. АХМЕТОВА, Л.Б. ЖАКИБАЕВА. 4 (76) 2017. Б. 86-95
ISSN 1683-1667
88
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс
халінің әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің
өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жата-
ды. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту,
оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталанды-
ру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі
жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты
ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Еңбек нарығына тән қасиеттер:
– жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы
(жұмыс күшіне сұраныс);
– әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс
күшінің ұсынысы);
– еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір еңбекккердің күш
ықпалының жүрмеуі;
– жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы [2].
Еңбек ресурстары – бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және руха-
ни қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елімізде еңбек заңына
байланысты ерлер 16-63 жас аралығында, әйелдер 16-58 жас аралығында
еңбекке қабілетті (І, ІІ топтағы мүгедектерді қоспағанда) болып табылады. Шын
мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер де кіреді.
Сонымен, «еңбек нарығы» ұғымы жұмыс күшін пайдалану құқығын белгілі бір
уақытқа жұмыс берушіге берумен, еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын,
еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, өндірісті белгілі бір уақытқа
тоқтатумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынастарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында еңбек нарығын және жұмыспен қамту
саласын реттеу 1991 ж. бастап негiзiнен халықты жұмыспен қамтудың арнайы
бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы бекiтiлген кедейлiкпен және
жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000-2002 жж. арналған бағдарлама,
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы бекiтiлген
Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жж.
арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы
27 қаңтардағы №68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын
жұмыспен қамтудың 2005-2007 жж. арналған бағдарламасы.
2008-2010 жж. жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алуға, жұмыспен нәтижелi
қамтудың өсуіне жәрдемдесуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға және
ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының
халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
89
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
әзiрленiп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 20 қарашадағы
№1114 қаулысымен бекiтiлген.
Алайда әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiмен 2008 ж.
күзден бастап Қазақстан Республикасында өндiрiс қарқыны төмендей бастады,
инфляцияның өсуi байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуi және тиiсiнше
халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсiпорын өндiрiсiн толық немесе
iшiнара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер iшiнара жұмыспен қамту
режимiне ауыстырылды немесе ақысы төленбейтiн демалыстарға жiберiлдi.
Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсендi
халықтың 6,6%).
Жұмыссыздықтың өсуi, қызметкерлердiң одан әрi босатылуы, әсiресе
өндiрiстiң экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Бұл туралы
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында баяндалған болатын. Жұмыспен
тұрақты және нәтижелi қамтуға жәрдемдесу мақсатымен 2011 ж. 31 наурызда
осы бағдарлама бекітіліп, бүгінгі күні нәтижелі жұмыс атқаруда.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы
жұмыссыздар саны 2011 ж. сәуір айында 473 мың адам болып, жұмыссыздық
деңгейі 5,5% (2010 ж. сәуірде – 6%) болған. Құжатта көрсетілгендей, республика
экономикасында 2011 ж. сәуірде (бағалау бойынша) 8,2 млн адам жұмыспен
қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 102,6 мың адамға
немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде
5,5 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (67,2%) құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2011 ж. сәуір айының соңына
62,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық
тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2010 ж. сәуірде – 1,0%).
2012 ж. сәуірдегі бағалау бойынша еліміздегі жұмыссыздар саны 475
мың адамды құрады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Статистика
агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті: «Жұмыссыздық деңгейі
экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,3% құрады. Жұмыспен қамту
органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы сәуірдің
соңына 68,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына
0,8% болды. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық
белсенді халық санының 0,4% құрады». Ал 2014 ж. шілде айында елімізде
жұмыссыздар саны 463,4 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға тең
болды. ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, республика экономикасында
2014 ж. шілдеде 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды. Бұл өткен жылғы сәйкес
кезеңге қарағанда жұмыспен қамтылғандар саны 87,0 мың адамға немесе
1,0%-ға көбейді. Ал жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,1 млн
Л.М. АХМЕТОВА, Л.Б. ЖАКИБАЕВА. 4 (76) 2017. Б. 86-95
ISSN 1683-1667
90
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,8%) құраған. Сонымен
қатар, 2014 ж. II тоқсан бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың
жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 70,0%-ды, жұмыспен
нәтижесіз қамтылғандар – 30,0%-ды құраған. «Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында
2014 ж. шілде айының соңына 59,2 мың адам («Жұмыспен қамту-2020 жол
картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың
есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық
тұрғыдан белсенді халықтың 0,6%-н құрап отыр, бұл көрсеткіш өткен 2013 ж.
шілдемен бірдей болып табылады.
2015 ж. каңтар айындағы дерек бойынша еліміздегі жұмыссыздар саны
459,2 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құраған. Жұмыспен
қамту органдарында 47,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар
үлесі экономикалық белсенді халықтың 0,5% құрады.
2016 ж. қазан айындағы көрсеткішке сәйкес, жұмыссыздық деңгейі – 4,9%,
жұмыссыздар саны 444,8 мың адам. Оның ішінде тіркелген жұмыссыздар 74,5
мың адам болды [3].
Еңбек нарығын мемелекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға бола-
ды:
– еңбек ресурстарын жұмыспен қамтудың санын арттыруды ынталады-
ру және мемлекеттік секторда жұмыс орындарының санын ұлғайту бойынша
бағдарламалар;
– жұмыскерлерді даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарламалар;
– жұмыскерлерді жалдауға қолдау көрсету бойынша бағдарламалар;
– жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарламалар
(жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар).
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында мемлекеттің
саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемлекеттің саясаты енжар бо-
лып табылады.
Белсенді саясат әрқашанда жұмысбастылыққа қол жеткізуге бағытталады
және дамыған елдерде еңбек нарығының басым бағыттарына жатады.
Белсенді саясат кезінде атқарылатын іс-шаралар:
– экономикаға инвестициялардың ұйылуын мемлекеттік ынталандыру, бұл
шара жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектеседі;
– құрылымдық жұмыссыздыққа тап болғандарды қайта оқыту және
олардың өз біліктілігін арттыруына жағдай жасау;
– еңбекпен қамту орталықтарын, еңбек биржаларын ашу және оларды
дамыту, бұл шара фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықты төмендету
мақсатында, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар мен қамтамасыз етуге
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
91
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
жағдай жасайды;
– жеке немесе отбасылық бизнесті қолдау, бұл шара дамыған елдерде
халықты жұмыспен қамтудың аса маңызды әдісі болып саналады;
– жастар мен мүгедектер сияқты халықтың ерекше топтарына жұмыс
берушілердің жұмыс орындарын тауып беруі үшін, мемлекеттің салықтық және
заңдық шаралар арқылы ынталандыруы;
– қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
– жұмыс табу үшін, қажет болғанда тұрғылықты мекенжайын ауыстыруына
көмектесу;
– халықаралық еңбек миграциясымен байланысты жұмысбастылық
мәселесін шешуде халықаралық ынтымақтастық шараларын жүргізу;
– білім беру, медицина, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық ғимараттарды
тұрғызу сияқты мемлекеттік сектор салаларында жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды
мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қолдау шараларын жасайды. Мұндай
жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесідей кепілдемелер беріледі:
– материалдық көмек, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер
түрінде әлеуметтік қолдауды іске асыру;
– тегін медициналық қызмет көрсету.
Дамыған елдерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұмыссыздық
бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асырылады және сол арқылы
жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі шығындарын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды орынды
еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады.
Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын
жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық қызметтер көрсететін
ұйымдар болып табылады. Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа
орналастыру және жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына
және тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді [2].
Сонымен бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді және еркін
жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін оңтайлы саясатты жүзеге
асыру шараларынан көрінеді.
Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде еңбек
нарығын реттеудің және жұмыссыздықты жоюдың жаңа бағыттары қалыптасып
іске асырылу үстінде. Жаңа қабалданған «Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік
бағдарламасы және елді индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық
жұмыс орны құрылатын болады.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты қамтиды:
– кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға алу;
Л.М. АХМЕТОВА, Л.Б. ЖАКИБАЕВА. 4 (76) 2017. Б. 86-95
ISSN 1683-1667
92
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
– жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу;
– тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда
оны бағдарлама бойынша дамыған өңірге баруға мүмкіндік беру.
Сондай-ақ осы бағдарлама аясында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын
да кіріктіріп, оны сәтті түрде жүзеге асыру назардан тыс қалмайтын болады.
Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ресми мәмілелері
бойынша еңбек нарығының қазіргі экономикалық жағдайы туралы бірқатар
мәліметтерді қосымша беруге болады.
Еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру мақсатында 2016 ж. «Жұмыспен
қамту-2020» жол картасын іске асыру жалғасын тауып, оны іске асыруға
128,4 млрд теңге бөлінген.
2016 ж. 1 қазандағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысуға ниет
білдірген 146,5 мың адам бағдарлама қатысушыларының құрамына қосылды,
олардың қатарында 93,8 мың адам (64,0%) жұмыссыз, 49,1 мың адам (33,5%)
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және 3 660 адам (2,5%) ішінара жұмыспен
қамтылғандар болып табылады. Бұл ретте 29 жасқа дейінгі жастардың
үлесі 45,6%-ды, әйелдердің үлесі 44,0%-ды құрайды. Халықтың нысаналы
топтарының қатарынан 4 129 мүгедек, балалар үйлерінің 124 тәрбиеленушісі,
мектептердің, орта және жоғары білім беру ұйымдарының 14 697 түлегі және
басқа санаттағылар Бағдарлама қатысушысы атанды.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2016 ж. ауылдық жерлерде 41
мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарымен 5 243 жобаны іске асыру көзделген.
Нәтижесінде өткен жылдан бастап іске асырыла бастаған, жобаларды
ескергенде, 2 411 жоба оның ішінде 1 081 жоба жұмыс аяқтады. Ашылған жұмыс
орындарына 22 598 адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 12 090
мың адам немесе жұмысқа орналастырылғандардың 53,5%-ы – бағдарлама
қатысушылары.
Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 3 414 адамды оқыту
жоспарланған. 1 963 адам оқуға жіберілді, оның ішінде 1 957 адам кәсіпкерлік
негіздеріне оқытылды. Микрокредит алушылар саны 6 834 адам, оның ішінде
қайтарылған қаражат есебінен 407 адам. Микрокредит алушылардың 54,0%-дан
астамы немесе 3 692 адам өз ісін ашып, кәсіпкер атанды. Ауылдағы кәсіпкерлікті
дамыту жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы сүйемелденді. Бұл ағымдағы жылы
қосымша тағы 5 344 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Үшінші бағыт бойынша өткен жылдан оқуды жалғастырушыларды қоса
алғанда, кәсіптік ұтқырлықты арттыру үшін тегін оқумен 6 621 адам қамтылды,
сондай-ақ оларға оқитын және тұратын орнына дейін жету үшін жолақыны суб-
сидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды. 4 182 адам оқуын
аяқтады.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
93
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
2016 ж. 1 қазандағы мәлімет бойынша экономикалық әлеуеті жоғары елді
мекендерге 752 адам қоныс аударды. Қоныс аударғандар қатарындағы еңбек ету-
ге қабілетті адамның 62,4%-ы жаңа тұрғылықты жер бойынша жұмысқа орнала-
стырылды.
Еңбек нарығындағы шиеленісушілікті төмендету үшін жергілікті атқарушы
органдар жаңа жұмыс орындарын ашу жұмысын қолға алған.
2016 ж. 1 қазандағы жағдай бойынша 242,6 мың жаңа жұмыс орны
ашылған, олардың ішінде 120,1 мыңы ауылдық жерлерде. Салалар бөлінісінде
басым жұмыс орны сауда саласында – 29,0 мың, құрылыс саласында – 25,9
мың, өнеркәсіп саласында 18,0 мың жұмыс орны ашылған. Ашылған жұмыс
орындарының жалпы санының 63,2%-ы тұрақты, ал қалғаны уақытша және
маусымдық.
Жергілікті бюджет есебінен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары
іске асырылуда, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2016 ж.
1 қазандағы жағдай бойынша республиканың жұмыспен қамту орталықтарына
еңбек делдалдығы үшін 278,8 мың жұмыссыз азамат жүгінген, олардың ішінде
164,3 мыңы (58,9 %) жұмысқа орналастырылған.
2016 ж. Қазақстан Республикасы бойынша Кешенді жоспар шеңберінде
жұмыссыздар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар қатарынан 417,2 мың
адамды қамту жоспарланған, ол жұмыссыздардың жалпы санының 63,3%
жұмыссыздар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының
32,4% құрайды.
2016 ж. 1 қазандағы жағдай бойынша Кешенді жоспар шеңберінде 342,6
мың адам жұмысқа орналастырылған немесе – 92,6 %.
Бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар, аумақтарды
дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру республиканың еңбек
нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді [4].
Жұмыссыздық деңгейі 2016 ж. екінші тоқсандағы жағдай бойынша 2015 ж.
ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұрынғы деңгейде қалды және 5,0%-ды құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны тиісінше 8 575,3 мың адамнан 8 484,9 мың
адамға дейін төмендеді. Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өзін-өзі
жұмыспен қамтығандардың үлесі 27,0%-дан 25,7%-ға дейін төмендеді. Жастар
арасында (15-28 жастағылар) жұмыссыздық деңгейі 2016 ж. екінші тоқсанында
4,2% деңгейді құрады, 2015 ж. 2-тоқсанында 4,5%-ды құраған.
Нарықтық экономикада әрқашанда жұмыссыздық проблемасы бірге жүреді.
Себебі нарықтық экономика ұсыныс пен сұранысқа байланысты. Жұмыссыздық
әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден
екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Мұндай процес Қазақстанда жүріп
жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен
Л.М. АХМЕТОВА, Л.Б. ЖАКИБАЕВА. 4 (76) 2017. Б. 86-95
ISSN 1683-1667
94
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға
тікелей әсер етеді. Жұмысынан айырылу олардың табысының азаюына, өмір
сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Жұмыссыздық елдегі кедейшіліктің басты себебінің бірі болып есептеледі.
Кедейшіліктің халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуы-
на зор нұқсан келтіреді. Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысына,
әл-ауқаты деңгейінің жоғары болуы сол елдің экономикасының артып, барлық
жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе жатқандығын көрсетеді. Осыған бай-
ланысты қазіргі таңда нарықтық экономикамен әлеуметтік әділеттік негізіндегі
жоғарғы өркениетті демократиялық қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды ба-
сынан кешіп отырған республикамыздың негізгі мақсаты – мемлекеттегі әрбір
азаматтың бақытты өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын қамтамасыз
ету [5].
Қорытындылай келе, жұмыссыздық – экономикалық өсу жетiстіктерiнiң
адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Бiрiншiден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгiлi бip бөлiгiн
экономикалық әpeкeт жағдай жасайтын мүмкiндiктерге қол жеткiзуден айырады.
Олар үшiн адам даму жағдайлары едәуiр нашарлайды.
Екiншiден, жұмыссыздық (әсiресе ұзақ мерзiмдi, тоқыраулы) еңбек
дағдыларын (машықтарын) жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан
айырылуға ұшыратады және осылайша ол адам дамуына тepic ықпалын тигiзедi.
Үшiншiден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бiрге
жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейiн колдауға, мемлекеттердің жұмыспен
қамтуына түрлі бағдарламалардың іске асырылуына байланысты елеулі
әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым
тиімді бағытталуы мүмкін ресустарды коғамнан оқшауландырады.
Сонымен қатар көптеген қоғамда қалыптасқан тағы бір пікірлер бойын-
ша жұмыссыздық – қажет нәрсе. Себебі жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы
жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Құрманбаев С.Қ. Экономикалық теория / С.Қ. Құрманбаев, Ш.Т. Аитимова,
Е.К. Молдакенова. – Алматы, 2011. – 110 б.
2. Доғалов А.Н. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған
оқулық: 2-бас., өңд., толық / А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов. – Алматы: Дәуір, 2012.
– 416 б.
3. Мамыров Н.Қ. Қазақстандағы адам дамуы / Н.Қ. Мамыров, Ф. Акчура. –
Алматы: Taimas Printhouse, 2004. – 456 б.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015 жылы 23 қарашада
қабылданған №414 ҚРЗ.// http://adilet.zan.kz/.
5. ҚР Статистика агенттігі мәліметтері
6. ҚР Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы, 2011 ж.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
95
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
REFERENCES
1. Құrmanbaev S.Қ., Aitimova Sh.T., Moldakenova E.K., Ekonomikalyg teorija.
Gurmanbaev S.Q. Almaty., 2011, 110 (in Kaz).
2. Doqalov A.N., Dosmaqanbetov N.S., Makroekonomika ekonomikalyq
mamandyqtarqa arnalqan oqulyq. 2 bas., ond., tolyq. Almaty, Dauіr, 2012, 416 (in Kaz).
3. Mamyrov N.K., Qazaqstandaqy adam damuy. N. Mamyrov, F. Akchura. Almaty,
Taimas Printhouse, 2004, 456 (in Kaz).
4. Qazaqstan Respublikasynyn Enbek kodeksі 2015 zhyly 23 qarashada qabyldanqan
#414 ҚRZ.// http://adilet.zan.kz/ (in Kaz).
5. QR Statistika agenttіgі malіmetterі (in Kaz).
6. QR Zhumyspen qamtu 2020 baqdarlamasy, 2011 (in Kaz).
УДК 005.7(574)
л.И. БелОуСОва
Восточно-Казахстанский государственный университет имени С. Аманжолова,
г. Усть-Каменогорск, Казахстан
ОТЛИЧИТЕЛЬНЫЕ ОСОБЕННОСТИ МЕТОДОВ ОЦЕНКИ
ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЭФФЕКТИВНОСТИ КОРПОРАТИВНОГО МЕНЕДЖМЕНТА
Уровень корпоративного управления является одним из процессов, который
непосредственно определяет статус нашей республики в мировом сообществе.
Актуальным становится создание эффективной системы корпоративного управления,
достижение прозрачности работающих структур и как результат – изменение условий
для инвестиционной деятельности, с последующим ее повышением.
ключевые слова: корпоративный менеджмент, сравнительный метод, метод
оценки риска, анализ финансового состояния.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ АЙРЫҚША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Корпоративтік басқару деңгейі процестердің бірі бола отырып, әлемдік
қауымдастықта біздің республикамыздың тікелей мәртебесін айқындайды.
Инвестициялық қызметтің шарттарын өзгерту үшін, кейіннен оның жоғарылауы –
корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру, қол жеткізу және ашық жұмыс істейтін
құрылымдар мен оның нәтижесі ретінде өзекті болып отыр.
түйін сөздер: корпоративтік менеджмент, салыстырмалы әдіс, тәуекелді бағалау
әдісі, қаржылық жағдайды талдау.
DISTINCTIVE FEATURES OF METHODS FOR ASSESSING THE ECONOMIC
EFFECTIVENESS OF CORPORATE MANAGEMENT
The level of corporate management is one of processes, which defines directly the status
of our republic in world society. The creation of efficient system of corporate management be-
Л.И. БЕЛОУСОВА. 4 (76) 2017. С. 95-104
ISSN 1683-1667
Достарыңызбен бөлісу: |