өмiрiне, денсаулығына
қауiп төндiретiн болса, жұмысты тоқтата тұруға;
13) қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыруға;
14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны
жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
16) қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы
деректердiң сақталуын және мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз
етуге;
17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыс
жағдайлары мен кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы ескертуге;
18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауiп-қатердi
болғызбау жөнiнде шаралар қабылдауға, өндiрiстiк
және ғылыми-техникалық
прогрестi ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргiзуге;
19) жұмыс уақытының, оның iшiнде әрбiр қызметкер орындайтын үстеме
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайларындағы
жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебiн жүргiзуге;
20) қызметкерлердiң кәсiби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуiн және
олардың бiлiктiлiгiн арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi
мен денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарын,
қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды
ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайы
және еңбектi қорғаудың жай-
күйiн және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиға мен
кәсiптiк ауруларды тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
23) жұмысқа қабылдау кезiнде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес еңбек
шартын жасасу үшiн қажеттi құжаттарды талап етуге;
24) жұмыс берушi айқындайтын, он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлердiң
тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе)
және туған күнi көрсетiлетiн тiзiлiмдердiң немесе басқа да құжаттардың
жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Жұмыс берушiнiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және
ол өзге де мiндеттердi атқарады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн
2-б
. қараңыз), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңдарымен.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
2-БӨЛIМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ
24-бап. Еңбек шартының нысанасы
Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшiн тиiстi бiлiктiлiгi бойынша
жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртiптемесiн сақтайды, ал
жұмыс берушi еңбек жағдайларын қамтамасыз етедi, қызметкерге Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта,
тараптардың келiсiмiнде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемiнде
төлейдi және өзге де төлемдердi жүзеге асырады.
25-бап. Еңбек шартын жасасу кезiндегi құқықтар мен
мүмкiндiктер теңдiгiнiң кепiлдiктерi
1. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiн
бұзуға тыйым салынады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктiлiк, үш жасқа
дейiнгi балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектiк еңбек шартын
жасасу құқығын шектей алмайды.
Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген адамдар санатының талабы
бойынша жұмыс берушi бас тарту себебiн жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
3. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң
бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
1. Еңбек шартын:
1) медициналық қорытынды негiзiнде
адамның денсаулық жағдайы
бойынша қайшы келетiн жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауiптi жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкi мен басқа да
құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкердiң толық
материалдық жауапкершiлiгi көзделетiн лауазымдар мен жұмыстарға, он сегiз
жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшiне енген үкiмiне сәйкес белгiлi бiр лауазымға тұру
немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шетелдiк
жұмыс күшiн тартуға не шетелдiк қызметкерге жұмысқа
орналасуға жергiлiктi
атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн немесе Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды
сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдiктермен
және азаматтығы жоқ адамдармен;
5) бiлiм беру ұйымынан оқу нысаны көрсетiлген немесе қабылдайтын
ұйымнан кәсiптiк даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуi туралы
анықтамаларды және бiлiм алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған,
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiк студенттермен
және тағылымдамадан өтушiлермен;
6) отбасына қосылу мақсатында Қазақстан Республикасына келуге және онда
болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен
танылатын,
Қазақстан Республикасының азаматымен
некеде тұрғанын растайтын
құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын
шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берiлмейдi.
2. Мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн адамға, егер мемлекеттiк
қызметтi тоқтатар алдындағы соңғы бiр жылда мемлекеттiк функцияларды орындау
кезеңiнде аталған адам өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiне орай осы
коммерциялық ұйымның қызметiн тексеру нысанында бақылауды тiкелей жүзеге
асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметi аталған адаммен оның
құзыретiне сәйкес тiкелей байланысты болған болса, мемлекеттiк ұйымдарды және
жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде
акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде,
ұлттық
холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс
беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздерiне
тиесiлi олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының
(қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi
заңды тұлғаларда болатын ұйымдарды қоспағанда, бiр жыл бойы коммерциялық
ұйымға жұмысқа орналасуға жол берiлмейдi.
3. Кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты
ұйымдастыру және
сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық қамтамасыз
ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек
қызметiне кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағаны: кiсi өлтiргенi,
денсаулығына қасақана зиян келтiргенi, жыныстық тиiспеушiлiгiне қарсы қылмыс
жасағаны үшiн соттылығы бар немесе соттылығы болған адамдар жiберiлмейдi.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29
N 371-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа