1) медициналық қорытынды негiзiнде
қызметкердiң денсаулық
жағдайына қайшы келетiн жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған;
2) адамды белгiлi бiр лауазымдарды немесе белгiлi бiр қызметтi атқару
құқығынан айырған заңды күшiне енген сот үкiмiн немесе шешiмiн бұза отырып
жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;
3) белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алмай
немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе
алып тастауларды сақтамай, шетелдiк азаматтармен
және азаматтығы жоқ
адамдармен еңбек шарты жасалған;
3-1) осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында аталған адаммен еңбек шарты
жасалған;
3-2) осы Кодекстiң 26-бабының 3-тармағында аталған адаммен еңбек шарты
жасалған;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда
еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға
тиiс.
2. Егер қызметкердi оның келiсiмiмен жұмыс берушiде бар басқа, орындау
үшiн қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкiндiгi болмаса, осы
баптың 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген
негiздер бойынша еңбек
шартын тоқтатуға жол берiледi. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келiсiм берген
кезде, еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген
жағдайда тоқтатылған кезде, жұмыс берушi қызметкерге үш айдағы орташа
жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.
Ескерту. 61-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29
N 371-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресiмдеу
1. Жұмыс берушi - жеке тұлға қайтыс болған (сот
қайтыс болды деп
хабарлаған немесе хабарсыз кеттi деп таныған) жағдайда еңбек шартының
тоқтатылуын және үй қызметкерлерiмен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда,
еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
2. Жұмыс берушiнiң актiсiнде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын
тоқтатудың негiзi көрсетiлуге тиiс.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күнi
еңбек шартының тоқтатылған күнi болып табылады.
4. Жұмыс берушiнiң еңбек шартын тоқтату туралы актiсiнiң көшiрмесi үш
күн мерзiмде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жiберiледi.
63-бап. Еңбек кiтапшасын және еңбек қызметiне
байланысты құжаттарды беру
1. Жұмыс берушi еңбек шарты тоқтатылған күнi қызметкерге еңбек
кiтапшасын немесе қызметкердiң еңбек қызметiн
растайтын өзге де құжатты
беруге мiндеттi.
Еңбек шарты тоқтатылған күнi еңбек кiтапшасын қызметкердiң болмауына не
оны алудан бас тартуына байланысты беру мүмкiн болмаған жағдайда, жұмыс
берушi он жұмыс күнi iшiнде қызметкерге еңбек кiтапшасын алуға келуiнiң
қажеттiлiгi туралы немесе оны поштамен жiберуге оның келiсiм беруi туралы
хабарлама жiберуге мiндеттi.
2. Жұмыс берушi қызметкердiң (оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң) талап
етуi бойынша өтiнiш берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде оның
мамандығын (бiлiктiлiгiн, лауазымын), жұмыс iстеген уақытын және жалақы
мөлшерiн көрсете отырып,
анықтаманы, қызметкердiң бiлiктiлiгi және оның
жұмысқа көзқарасы туралы мәлiметтердi қамтитын мiнездеме-ұсынымды, сондай-ақ
осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге мiндеттi.
3. Жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс
берушi - жеке тұлға қызметiн тоқтатқан кезде жұмыс берушi, қызметкердiң
алдында
берешегi болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған
берешектiң мөлшерi туралы тиiстi түрде ресiмделген анықтама беруге мiндеттi.
Ескерту. 63-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 21.05.2013
№ 95-
V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
5-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРIН ҚОРҒАУ
РҚАО-ның ескертпесi!
64-бапты алып тастау көзделген - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
64-бап. Қызметкердiң жеке деректерi, оларды өңдеу
Қызметкердiң жеке деректерi - еңбек қатынастары туындаған, жалғасқан
және тоқтатылған кезде қажет болатын қызметкер туралы ақпарат.
Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеу - қызметкердiң
жеке деректерiн алу,
сақтау, беру.
РҚАО-ның ескертпесi!
65-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 21.05.2013
№ 95-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
65-бап. Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеуге қойылатын
талаптар
Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеу кезiнде жұмыс берушi мынадай
талаптарды сақтауға мiндеттi:
1) қызметкердiң жеке деректерiн өңдеу заңдар мен өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету, қызметкердiң жұмысқа
орналасуына, оқуына және қызметте жоғарылауына жәрдемдесу,
қызметкердiң жеке
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады;
2) қызметкердiң өңделетiн жеке деректерiнiң көлемi мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарына сәйкес айқындалады;
3) қызметкердiң жеке деректерiн оның өзi не қызметкерге алдын ала
хабарлаған және оның келiсiмiн алған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар табыс
етедi;
4) жұмыс берушiнiң қызметкерден оның саяси,
дiни және өзге де сенiмдерi
мен жеке өмiрi туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ
5) жұмыс берушiнiң қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның
iшiнде кәсiптiк одақтарға мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпарат
талап етуге құқығы жоқ