Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

      3. Жұмыс берушi актiсiнiң жобасын табыс етiлген күннен бастап үш жұмыс 
күнiнен асырмай қызметкерлердiң өкiлдерi талқылайды. 
      4. Қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, онда 
қызметкерлер өкiлдерiнiң жұмыс берушi актiсiнiң жобасымен келiсетiнi 
(келiспейтiнi) көрсетiледi, олардың ұсыныстары болса жазылады.  
      5. Егер қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiнде жұмыс берушi актiсiнiң 
жобасына келiсiм болмаған не оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар болған жағдайда, 
жұмыс берушi:  
      1) келiскен жағдайда қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстары ескерiле 
отырып өзгертiлген акт шығарады;  
      2) келiспеген жағдайда қызметкерлер өкiлдерiмен қосымша консультациялар 
өткiзуге құқылы.  
      6. Шығару үшiн осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi 
қажет болатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобалары бойынша келiсiмге келмеген 
жағдайда, туындаған келiспеушiлiктер хаттамамен ресiмделедi, осыдан кейiн 
жұмыс берушi акт қабылдауға құқылы.  
      7. Жұмыс берушi ұсыныстарды толығымен не бiр бөлiгiн ескермей акт 
шығарған кезде қызметкерлер өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен ұжымдық 
еңбек дауы рәсiмiн бастауға құқылы.  
      8. Егер жұмыс берушiнiң шығарған актiсiнде қызметкерлердiң осы 
Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде көзделген құқықтары 
мен кепiлдiктерiн бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда
оған еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi мемлекеттiк еңбек 
инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады. 
      
Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      13-бап. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдердi есептеу 
 
      1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келiсiмдерде 
белгiленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе 
күндермен есептелетiн уақыт кезеңiнiң аяқталуымен айқындалады. Мерзiм 
басталуға тиiс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкiн.  
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзiм жұмыс күндерiмен 
есептеледi.  
      3. Уақыт кезеңiмен айқындалатын мерзiмнiң ағымы оқиғаның басталуы 
белгiленген күнтiзбелiк күннен кейiнгi күнi басталады.  
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетiн мерзiмдер соңғы жылдың, 
айдың, аптаның тиiстi күндерi бiтедi. Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң 
бiтуi тиiстi күнi жоқ айға келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнi 
бiтедi. Күнтiзбелiк апталармен немесе күндермен есептелетiн мерзiмге жұмыс 
күнi емес күндер де қосылады.  
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс күнi 
емес күнге келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған 
күнi болып есептеледi.  
      14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын 
 
              бұзғаны үшiн жауаптылық 
 
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.  


2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ 
ҚҰЗЫРЕТI 
 
      
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң еңбек 
 
               
қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi 
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы 
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын 
қамтамасыз етедi; 
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк 
бағдарламалардың әзiрленуiн және орындалуын ұйымдастырады; 
      3) 
алынып тасталды - 2009.07.17 
N 188-IV
 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан қараңыз) Заңымен;
 
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және 
мемлекеттiк статистика жүргiзу тәртiбiн айқындайды; 
      5) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңымен;
 
      6) еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша әлеуметтiк жәрдемақының 
мөлшерiн, оны тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды; 
      7) екi айдан астам еңбекке уақытша қабiлетсiздiк мерзiмi белгiленуi 
мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi
      8) орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi; 
      9) Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық 
компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы 
төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгiлiк ереженi
 
бекiтедi; 
      10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшiнiң бос 
лауазымына тұруға конкурс өткiзу тәртiбiн айқындайды; 
      11) азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн айқындайды; 
      12) жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және 
қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен бас келiсiм жасасады; 
      13) тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн белгiлейдi;  
      14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар 
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн бекiтедi; 
      15) ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және олардың 
бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды; 
      16) салалық келiсiмдерде айқындалатын салалық арттырушы 
коэффициенттердi бекiтедi; 
      17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды 
тергеуге комиссия құрады; 
      18) еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау 
тәртiбiн бекiтедi; 
      19) 
алып тасталды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңымен;
 
      20) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-
профилактикалық тағам, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке 
қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын бекiтедi, сондай-ақ 
қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-
жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi; 
      21) он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым 
салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң ауыр 
заттарды тасуы мен жылжытуының шектi нормаларын бекiтедi
      22) әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, 
әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiнiң және жылжытуының шектi 
нормаларын бекiтедi; 
      23) ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi туралы 
үлгiлiк ереженi бекiтедi; 
      24) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк 
аттестаттау тәртiбiн айқындайды; 
      25) қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау