талаптарына сәйкестiгi;
28) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi
еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi,
сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн
бағалау мен
болжау;
29) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер -
эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектiң
қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн өзге де талаптар;
30) еңбек мiндеттерi - қызметкер мен жұмыс берушiнiң Қазақстан
Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнде, жұмыс берушiнiң
актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келiсiлген мiндеттемелерi;
31) еңбек стажы – қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауға жұмсаған,
күнтiзбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына
қосылатын өзге де кезеңдер;
32) еңбек тәртiбi - жұмыс берушi мен қызметкерлердiң Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сондай-ақ келiсiмдерде,
еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, құрылтай
құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi тиiсiнше орындауы;
33) еңбек тәртiптемесi - қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң еңбектi
ұйымдастыру жөнiндегi қатынастарын реттеу тәртiбi;
34) еңбек төрелiк соты - бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол
жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшiн ұжымдық еңбек дауының тараптары
уәкiлеттi адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс iстейтiн орган;
35) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық,
ұйымдастыру-
техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге
де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде
қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;
36) еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор - еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер
өкiлi;
37) еңбектi нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында
қызметкерлердiң жұмысты орындауға (өнiм бiрлiгiн дайындауға) арналған қажеттi
еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негiзiнде еңбек нормаларын
белгiлеу;
38) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - жұмыс берушiнiң қызметкерге зиянды
және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтындай не олардың
әсер ету деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтындай етiп жасаған еңбек
жағдайлары;
39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша
келiсiм, бұған сәйкес қызметкер белгiлi бiр жұмысты (еңбек функциясын) жеке
өзi орындауға, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн
сақтауға мiндеттенедi, ал
жұмыс берушi қызметкерге келiсiлген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы
Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнде, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген еңбек
жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы
төлеуге мiндеттенедi;
40) ереуiл - жұмыс берушiмен ұжымдық еңбек дауында өздерiнiң
әлеуметтiк-экономикалық және кәсiптiк талаптарын қанағаттандыру мақсатында
жұмысты толық немесе iшiнара тоқтату;
41) жалақы - қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың
күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшiн
төленетiн сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
42) жеке қорғану заттары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi
өндiрiстiк факторлардың әсерiнен
қорғауға арналған құралдар, соның
iшiнде арнайы киiм;
43) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе
заңды тұлға;
44) жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттары немесе сенiмхат
негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн бiлдiруге
уәкiлеттi жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
45) жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушi шығаратын бұйрықтар,
өкiмдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi;
46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге
жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар
кешенi;
47) жұмыс орны - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде еңбек
мiндеттерiн орындауы кезiнде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары
мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк
анықтамалығына және
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк
анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және
ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының
үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу;
49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерiне және еңбек
шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт, сондай-ақ осы
Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдерi;
50) жұмыс уақытының жиынтық есебi - жұмыс берушi белгiлеген, бiр жылдан
асыруға болмайтын есептiк кезеңдегi жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген
жұмыс уақытының есебi;
51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк
факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе
сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп
соқтыратын
еңбек жағдайлары;
52) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе
еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының
денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
53) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн
орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен
туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
54) кепiлдiктер - қызметкерлерге әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласында
берiлген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетiн құралдар,
тәсiлдер мен жағдайлар;
55) қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде
олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық,
техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды,
ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс
жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық
көрсеткiштер;
56) қауiптi еңбек жағдайлары - еңбектi
қорғау ережелерi сақталмаған
жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың
әсерi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына, денсаулығының
кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан
еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсiптiк ауруға
шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары;
57) қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке
қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе
кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердiң негiзгi жұмысынан бос
уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты,
ақы төленетiн басқа жұмысты
орындауы;
59) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке
еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға;
60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың
бiрлестiктерiнiң органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiнде белгiленген тәртiппен қызметкерлер уәкiлеттiк берген (сайлаған)
өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
60-1) өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды жүргiзу жөнiндегi
мамандандырылған ұйымдар – бiлiктi кадрлары бар және өзiнiң құрамында
өндiрiстiк орта мен еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық
зерттеулер жөнiндегi зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар
ұйымдармен шарттары бар өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттауды жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;
61) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және
мемлекеттiк мереке күндерi;
62) негiзгi жалақы - жалақының тарифтiк ставка,
лауазымдық айлықақы,
кесiмдi бағалау бойынша төлемдi қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлiгi
және еңбек заңнамасында, салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе)
еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;