Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57

      2. 
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
 
      3. Жұмыс берушi қызметкердiң еңбек кiтапшасына (ол бар болған кезде) 
ұйымдағы еңбек қызметi туралы тиiстi жазбалар енгiзуге мiндеттi.  
      4. Еңбек кiтапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептерi туралы жазбалар 
осы Кодекстiң нормаларын көрсете отырып жүргiзiлуге тиiс. 
      Ескерту. 35-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 
 
      36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзiмi туралы талап 
 
       1. Еңбек шартында қызметкердiң тапсырылатын жұмысқа бiлiктiлiгiнiң 
сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ мерзiмi туралы талап белгiленуi мүмкiн. 
Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз 
қабылданды деп есептеледi.  
      2. Сынақ мерзiмi еңбек шарты күшiне енген кезден басталады.  
      3. Сынақ мерзiмi кезеңiнде қызметкерлерге осы Кодекстiң нормалары, 
еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.  
      4. Сынақ мерзiмi қызметкердiң жұмыс стажына қосылады және үш айдан 
аспауға тиiс. Қызметкер жұмыста iс жүзiнде болмаған кезең сынақ мерзiмiне 
есептелмейдi.  
      5. Жұмысқа қабылдау кезiнде:  
      тиiстi лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын 
адамдарға;  
      орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм 
беру ұйымдарын бiтiрген, оларды бiтiрген күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей 
алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кiретiн адамдарға; 
      мүгедектерге сынақ мерзiмi белгiленбейдi.  
      Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 
N 320 
(қолданысқа 
енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан 
қараңыз), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
      37-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақ нәтижесi 
 
      1. Сынақ мерзiмi кезеңiнде қызметкердiң жұмысы терiс нәтиже берсе, 
жұмыс берушi сынақ мерзiмi аяқталуына күнтiзбелiк жетi күн қалғаннан бастап 
қызметкерге жазбаша түрде ескертiп, бұл қызметкердi сынақ мерзiмiнен өте 
алмады деп тануға негiз болған себептердi көрсете отырып, онымен еңбек шартын 
бұзуға құқылы.  
      2. Егер сынақ мерзiмi аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек 
шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып 
есептеледi.  
      3. Жұмыс берушi сынақ мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметкердi одан жоғары 
лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледi.  
      38-бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы 
 
      1. Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не 
шартта белгiленген күннен басталады.  
      2. Қызметкердi жұмысқа нақты жiберу еңбек шартына тараптардың қолы 
қойылғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.  
      3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиiстi 
үлгiде ресiмделмеген жағдайда, ол Қазақстан 
Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. Бұл 


жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кiрiскен күннен бастап туындады 
деп есептеледi.  
      39-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы 
 
      1. Еңбек шарты:  
      1) алдау, күш көрсету, қауiп төндiру арқылы ықпал етiп;  
      2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетiнсiз (жалған еңбек шарты);  
      3) әрекетке қабiлетсiз деп танылған адаммен;  
      4) осы Кодекстiң 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адаммен;  
      5) ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршысының, асырап алушысының 
келiсiмiнсiз, он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны 
жарамсыз деп таниды.  
      2. Еңбек шартының жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарамсыз деп танылуы 
бұрынғы қызметкердiң еңбегiне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 
пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемiн, өзге де төлемдер мен 
жеңiлдiктер алу құқығынан айрылуына әкеп соқпайды.  
      3. Еңбек шартының жұмыс берушiнiң немесе қызметкердiң кiнәсiнен 
жарамсыз деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
жауаптылығына әкеп соғады.  
      4. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек 
шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды.  
      40-бап. Еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты орындауға 
 
              тыйым салу 
 
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушi қызметкерден еңбек шартында келiсiлмеген 
жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес. 
      
40-1-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету
 
                 
аймағының ұлғаюы) және уақытша болмаған
 
                 
қызметкердiң мiндеттерiн орындау
 
      Қызметкерге оның жазбаша келiсуiмен еңбек шартында айқындалған жұмыспен 
қатар, осы Кодекстiң 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшiн басқа немесе 
осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкiн. 
      Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс 
лауазымдарды қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Қызметкерге өзiнiң 
лауазымы бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту 
жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн 
еңбек шартында айқындалған жұмыстан босатпай орындау үшiн, қызметкерге басқа, 
сондай-ақ сол өзiнiң лауазымы бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкiн. 
      Қызметкердiң қосымша жұмыс атқаратын мерзiмiн, жұмыстың мазмұны мен 
көлемiн жұмыс берушi қызметкердiң жазбаша келiсуiмен белгiлейдi. 
      Басқа тарапты үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда ескерте 
отырып қызметкердiң қосымша жұмысты атқарудан мерзiмiнен бұрын бас тартуына, 
ал жұмыс берушiнiң оны орындау туралы тапсырмасының күшiн мерзiмiнен бұрын 
жоюына құқығы бар. 
      
Ескерту. Кодекс 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау