2. Конкурс «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша өткізіледі.
3. Конкурстың мақсаты – стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүргізуге бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды бөлу.
4. Зерттеулердің түрі – іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер.
5. Үш жылдық мерзімге қаржыландырудың жалпы сомасы – 28 684,633 млн.теңге, оның ішінде 2018 жылға – 7 979,657 млн.теңге, 2019 жылға – 9 902,488 млн.теңге, 2020 жылға – 10 802,488 млң.теңге. «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен аталған қаржыландыру сомаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Басым бағыттар
|
Мамандандырылған ғылыми бағыттар
|
1. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология,
қайта өңдеу,
жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз
бұйымдар мен құрылымдар
|
1.1 Химия ғылымы саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер
|
1.2 Топырақ ғылымы саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер
|
1.3 Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және геология
|
1.4 Минералды шикізаттарды кешенді пайдалану
|
1.5 Су, топырақтық және биологиялық ресурстарды басқару
|
1.6 Қоршаған орта объектілерін және «жасыл» технологияларын мониторингтеу
|
1.7 Көмірсутек шикізаттарын кешенді өңдеу
|
1.8 Композициялық материалдар
|
1.9 Наноматериалдар мен нанотехнологиялар
|
1.10 Биомедициналық материалдар мен биологиялық белсенді заттар
|
1.11 Табиғи шикізаттар пен техногендік қалдықтардың негізінде көп мақсатта қолданылатын жаңа материалдар
|
1.12 Өнеркәсіптік биотехнология
|
1.13 Биопрепараттардың продуценттер штаммдарын өндіру технологиясы
|
1.14 Пайдалы қазбалардың кен орындарын өндеу, барлау және іздеу жүйелері
|
1.15 Табиғи және техногендік кен шикізаттарын байыту, кешенді алу және қайта өндіру жүйелері.
|
1.16 Кенсіз пайдалы қазбаларды қолдану мен шығару
|
1.17 Металдар мен материалдарды өндіру және өңдеу
|
1.18 Суды тиімді пайдалану жүйелері
|
1.19 Ағын суларды, газдан тазалау және тозаң тұтуды тазалау жүйелері
|
1.20 Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жүйелері
|
1.21 Биологиялық түрлілікті қолдау жүйелері
|
1.22 Парниктік газдар шығарындыларының деңгейін төмендету және энергияның баламалы көздерін қолдану жүйелері
|
1.23 Жерлердің шөлейттенуін және тозуын болдырмау бойынша жүйелер
|
1.24 Ақпараттық жүйелер және деректер базасы
|
Каталитикалық жүйелер мен технологиялар
|
1.26 Арнайы қасиеттері бар полимерлі материалдар
|
Тоқыма және жеңіл өнеркәсіптер үшін функционалдық материалдар
|
Ғимараттар мен имараттардың жаңа құрылыс құрылымдары, құрылыс материалдар мен бұйымдарды өндіру технологиялары, сейсмотұрақты құрылыс және имараттардың қауіпсіздігі, жаңа архитектуралық нысандар
|
2. Энергетика және машина жасау
|
2.1 Жылу және электр энергетикасы және энергетикалық сектордың қоршаған ортаға тигізетін әсері, энергия үнемдеу
|
2.2 Баламалы энергетика және технологиялар: энергияның жаңартылған көздері, ядролық және сутектік энергетика, энергияның басқа көздері
|
2.3 Көліктік, ауылшаруашылық, мұнайгаз және тау-кен-металлургиялық машина жасау
|
3. Ақпараттық, телекоммуни-
кациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер
|
3.1 Зияткерлік ақпараттық технологиялар
|
3.1.1 Басқару және шешімдерді қабылдау зияткерлік жүйелері (оның ішінде, нақты уақыт тәртібінде)
|
3.1.2 Сөйлеу технологиялары және компьютерлік лингвистика
|
3.1.3 Кескіндерді өңдеу және бейнелерді танып білу
|
3.1.4 Биоинформатика
|
3.1.5 Машиналық оқыту (machine learning)
|
3.1.6 Зияткерлік роботты техникалық жүйелер
|
3.1.7 Макроэкономикалық саясаттың, қор және қаржы нарығының зияткерлік ақпараттық технологиялары
|
3.1.8 Ғылыми және электрондық білім беру процестеріндегі смарт технологиялары
|
3.1.9 Индустрия үшін жаңа технологиялардың негіздері: қосымша және виртуалды шынайылық жүйелері, 3D-принтинг және басқа аддитивті өндірісі, Заттар интернеті.
|
3.2 Телекоммуникациялық технологиялар
|
3.2.1 Байланыс, мәліметтерді жіберу желілері жүйелерінде басқару және оңтайландыру (оның ішінде, мультисервистік платформаларда: мобилдік және ойын интернет технологияларында)
|
3.2.2 Телекоммуникациялық жүйелердегі технологиялар және бағдарламалық-техникалық құралдар
|
3.2.3 Онлайн сауда, цифрлық банкинг және басқа да цифрлық қызмет үшін ақпараттық-коммуникациялық жүйелер
|
3.3 Жоғары өнімділік есептеу технологиялары
|
3.3.1 Бұлттық, параллельдік және үлестірілген есептеулер
|
3.3.2 Big-data технологиялары
|
3.3.3 Геоақпараттық технологиялар және жүйелер
|
3.3.4 Есептеу жүйелерінің сәулеті және техникалық қамтамасыз етуді жобалау технологиялары: Бағдарламалық логикалық интегралдық сұлбасы, кристаллдағы жүйе және т.б.
|
3.3.5 Ақпараттық-іздестіру жүйелері
|
3.4 Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау әдістері мен жүйелері
|
3.4.1 Ақпараттық қауіпсіздіктің күрделі жүйелері мен деректерін қамтамасыз етудің әдістері мен алгоритмдері
|
3.4.2 Ақпаратты қорғаудың технологиялары және бағдарламалық-техникалық құралдары
|
3.5 Жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер
|
3.5.1 Математика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
|
3.5.2 Физика және астрономия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
|
3.5.3 Информатика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
|
3.5.4 Математика, физика және астрономия салаларындағы математикалық және компьютерлік модельдеу
|
4. Өмір және денсаулық туралы ғылымдар
|
4.1 Адам геномы. Құрылымдық-функционалдық геномика. Молекулалық медицинада пайдаланылатын жаңа технологияларды әзірлеу.
|
4.2 Әлеуметтік-маңызды инфекциялық емес аурулардың алдын алу, диагностика және терапияның тиімділігін арттыру үшін инновациялық мультиомды, жасушалық және нанотехнологияларды дамыту
|
4.3 Органдар функцияларын қалпына келтіру және ауруларды емдеу үшін тіндер мен органдарды алмастыру технологиясын әзірлеу
|
4.4 Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне қолайсыз әсерді болдырмау үшін экологиялық, техногендік, эпидемиологиялық және кәсіби тәуекелдерді азайту технологиясын әзірлеу
|
4.5 Қазақстан халқының өмір сапасын және денсаулығын жақсарту технологиялары
|
4.6 Медицина үшін дәрілік және профилактикалық түпнұсқа препараттарды әзірлеу, оларды өндіру технологиялары, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер
|
4.7 Ауылшаруашылық және ветеринария үшін жаңа препараттар мен оларды өнеркәсіптік өндіру технологиялары
|
4.8 Биохимия, молекулалық және клеткалық биологияның жаңа жетістіктері негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын, өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігін және тұрақтылығын арттыру технологиялары
|
4.9 Қазақстандағы инновациялық оңалту әдістері және паллиативтік көмекті жетілдіру
|
4.10 Биотехнологиялық әдістермен өсімдік және жануар шикізатынан бағалы компоненттерді алу технологиялары
|
4.11 Экологиялық таза отын түрлерін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін препараттарды алуға биотехнологияны әзірлеу және жетілдіру
|
5. «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)
|
5.1. Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
|
5.1.1 Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері және пәнаралық зерттеулер
|
5.2 XXI ғасырдың білім беру мәселелерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері
|
5.3 Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері:
|
5.3.1 Жаңа гуманитарлық білім.
|
5.3.2 Туған жер. Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім
|
5.3.3 Қазақстанның рухани қасиетті жерлері. Қазақстанның киелі географиясы.
|
5.3.4. Тарих, мәдениет және тіл ортақтылығы. ЖаҺандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениеті
|
6. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпия таңбасыз)
|
6.1 Іргелі ғылыми зерттеулер
|
6.1.1 Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің жалпы теориясы
|
6.1.2 Мемлекеттің әскери ұйымын дамыту
|
6.2 Қолданбалы ғылыми зерттеулер
|
6.2.1 Әскери қауіпсіздік және әскери өнер салаларындағы зерттеулер
|
6.2.2 Ланкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимыл, барлау және қарсы барлау қызметі
|
6.2.3 Құқық қорғау органдарының қызметтерін қамтамасыз ету
|
5. Конкурсқа қатысуға өтінімдері осы Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаның талаптарына сәйкес болуы керек және осы Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жасалады. Бағдарламаның ілеспе хаты, қысқаша сипаттамасы және өтінімі осы Конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
6. Өтінімдер қағаз және электрондық нұсқада (дискіде), екі данада, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, 1039-кабинет.
7. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының талаптарына сәйкес өтінімдерде жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы қажет.
ЖТН-ды алу үшін тапсырыс беруші конкурсты жариялаған сәтінен бастап өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін конкурс қатысушылары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы бойынша Орталықтың ақпараттық жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын салу арқылы өтінімді тіркеуге тиісті.
Мерзімнің аяқталуынан кейін қолма-қол немесе курьерлік почта арқылы келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
8. Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін ЖТН өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде қойылады.
9. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім бағдарламаны іске асыру мерзімі үш жылдан аспауы туралы ақпаратты қамтуы керек.
10. Өтінім тігіліп, қағаз пломбасымен бекітілу керек, пломбаның үстінде тігілген және нөмірленген парақтар жайлы жазба болу керек және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының дөңгеленген мөрімен қоса қолымен расталған (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіппен расталған жеке тұлғаның қолы болуы тиіс.
11. Өтінім берушінің авторлық және/немесе басқа да құқықтарына зиян тигізетін әлеуетті әшкерелеу, мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат өтінімде болмауы тиіс.
12. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: