14
етеді. Кәсіби деңгейді жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін өз
жұмысыңа адалдықпен қарау қажет. Көптеген репортерлер
өздері бейхабар тақырыптағы жаңа мақаланы жазуға кіріскен
уақытта білімсіздіктерінің кесірінен тақырыпты түсіну үшін
басынан бастап зерттеп, уақыттарын кетіріп, азап шегеді.
Кейбір журналистер дер шағында белгілі бір салаға маман-
дануды көздесе, енді біреулері сол салада терең білім алуға
талпынып, ойға қонымды дүниелер жазуға тырысады. Енді
біреулері тек қана жазып шығады.
Ықпал
Журналистер үлкен ықпалға ие болуы мүмкін, көпшілікті
бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеуге итермелейтін
негізгі жайттардың бірі де осы. Аудиторияны қалыптастыру
сіздің мансабыңыз үшін пайдалы болуы мүмкін. Неме-
се сіздің белгілі жұмысыңыз жағдайды түбегейлі өзгертуі
мүмкін. Оның қауіпті болуы да ғажап емес. Мансапқұмарлық
объективтілік пен бейтараптылық принциптеріне кедергі
келтіреді. Ал билік басындағылармен немесе оппозицио-
нерлермен бірігіп кеткен репортер елдің сенімінен шығады.
Тоқмейілсушілік оқиғаны баяндау ісіне бей-жай қарауға алып
келеді. Ал өзіңізге ықпал еткісі келетін топтар сізді қырағы на-
зарда ұстайтын болса, мұның ақыры жеке өміріңізді қатерге
тігуге әкеліп соқтыруы да мүмкін.
1-тарау: Неге журналист болу керек?
15
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Ең мықты журналист
қандай да бір оқиғаны елге
жеткізу кезінде ұсақ-
түйекке дейін мән беріп,
соның егжей-тегжейін
анықтау арқылы ғана та-
нымал болады. Шын жур-
налистке одан өзге әдістің
де, айланың да керегі жоқ
Танымалдылық
Көптеген журналистер танымал болуға ұмтылады, бұл кейбір
журналистер үшін ынталандыру іспетті. Жас репортерлер
CNN-дегі Кристиан Аманпур, ABC-дегі Петер Дженнингс не-
месе BBC-дағы Джереми Паксман сияқты бүкіл әлемге та-
нымал журналист болғылары келеді. Олар күндердің күнінде
өздерін теледидар экранынан көруді армандап жүреді. BBC-
дің Бағдаттағы бір тілшісі Парсы шығанағындағы екінші
соғыстың кезінде аты шығып, артынша кітап жазу жөніндегі
келісім-шартқа қол қойды. Алайда, танымалдылықтың пайда-
лы жағымен қатар, бір-ақ сәтте абыройсыз ететін екінші жағы
болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, журналистік қызметтен
маңызды ештеңе жоқ. Ең мықты журналист қандай да бір
оқиғаны елге жеткізу кезінде ұсақ-түйекке дейін мән беріп,
соның егжей-тегжейін анықтау арқылы ғана танымал бола-
ды. Шын журналистке одан өзге әдістің де, айланың да керегі
жоқ.
Ақша
Журналистика – кәсіп әрі ақша табудың бір тәсілі. Жоғарыда
есімдері аталған танымал журналистердің жалақысы,
әрине, өте жоғары. Қақтығыс аймақтарында жұмыс істейтін
бұқаралық ақпарат құралдары көп болған жағдайда, жоба
үйлестірушісі, аудармашы немесе журналистің көмекшісі
ретінде қызмет ете жүріп те көп-көрім ақша табуыңыз мүмкін.
әрине, ол үшін тек қана ақылды болу аздық етеді. Жұмысқа
үлкен жауапкершілікпен қарау және ағылшын тілін жетік
меңгеру де маңызды. Бірақ, жоғары жалақы алатындардың
арасында журналистер аз. Дағдарысты жағдайдың түйіні
шешілгеннен кейін ақша ағымы да азаяды әрі бұқаралық
ақпарат құралдарының назары басқа қақтығысты аймақтарға
ауады. Масс-медиа өте сенімсіз бизнес, көптеген баспагер-
лер отставкадан бұрын банкроттыққа душар болып жатады.
16
Егер көп ақша
табуды көздейтін
болсаңыз, басқа жұмыс
іздегеніңіз дұрыс болады
Егер сіз журналистика саласында ақша үшін жұмыс істейтін
болсаңыз, бұл тіптен жаман. Мұндай мақсат пара алуға,
қызмет көрсеткеніңіз үшін марапат күтуге және лайықсыз
сыйлық алуға итермелеуі мүмкін. әділ журналистикада
мұндай лас әрекетке жол жоқ, осындай жағымсыз жайттың
кесірінен небір мықты журналистердің өз карьерасына өзі
нүкте қойғанын да естен шығармаған жөн. Егер көп ақша та-
буды көздейтін болсаңыз, басқа жұмыс іздегеніңіз дұрыс бо-
лады.
Шытырман оқиғаның иесі
Шытырман оқиғаға деген құмарлық, әр нәрсеге әуестене
қарау және жаңалыққа құштарлық көптеген адамдарды
журналистикаға алып келеді. әртүрлі топтағы адамдар-
мен араласу мүмкіндігі және оларға әртүрлі сұрақтар қою
(кейде сұрақты төтесінен, өткір қоя білу) оларға қызықты
кәсіп болып көрінеді. Шетелдерге сапарлар мен саяхаттау
да қызығушылық тудырмай қоймайды. әсіресе, адамның
төзімін таразыға тартатын табиғи апат болған аудандар мен
әскери аймақтар қызықтырады. Ондай жерлерде жұмыс
істей жүріп адам жолдасын жолда тастамауды үйренеді.
Осы бір мамандыққа тән өткір бәсеке де мұндайда бәсеңсіп
қалады. Көптеген журналистерге әдеттегі, яғни қалыпты әрі
адамды зеріктіретін жұмысты атқаруға тура келеді. Баспасөз
мәслихаттары туралы хабардар етіп, бизнес саласындағы
жетістіктерді жазу немесе таусылмайтын сот процестері ту-
1-тарау: Неге журналист болу керек?
17
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ралы ақпарат дайындау төзімділікті тексеруге арналған
сынақ болуы да мүмкін. Ал жиі-жиі қайталанатын жолса-
парлар шаршатпай қоймайды. Кейде репортерлер түннің
бір жарымында оянып кетіп, қай қалада жүргендерін еске
түсіре алмай қалатын жағдайлар да болады. Көп жағдайда
олардың жеке өмірі мен отбасының шырқы бұзылады, алко-
голь, дәрі-дәрмектер және темекі жағдайды қиындата түседі.
Журналистердің басым бөлігі көбіне-көп күйзеліс жағдайында
жұмыс істеуге тура келетінін мойындайды. Сөйте тұра олар
қоршаған ортаның агрессиясынан арылуға көмектесетін
тренингтерге қатысып, күйзелістен және жүйке жүйесінің
бұзылуынан азап шегушілерге ақыл-кеңес айтады. Және,
өкінішке қарай, соғыс кезінде қайтыс болған әріптестеріне
арналған акцияларға да жиі қатысып тұрады.
Мамандыққа деген махаббат
Көптеген журналистер өз жұмыстарын еш ренішсіз
атқарады, өйткені жақсы көреді. Радио мен телевидениедегі
жүргізушілер өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқару
арқылы ләззат алады (ойламаған жерден болатын жайттар
қорқыныш та тудырады). Ең жақсы репортерлер ұдайы ой
үстінде жүреді, олар қалайда сәтті репортаж жасауды ойлай-
ды, ақпарат көзінің артынан қалмайды. Олар осылай еткенде
ғана белгілі бір жетістікке жете алатындарын біледі. Ал бас
редакторлар кәсіби деңгейде дайындалған материалдар-
мен рахаттанып отырып жұмыс істейді. Өздерінің мақтауға
Достарыңызбен бөлісу: |