Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет7/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61

  
27
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
да  қалатын  болса,  бұл  басылымдардың  беделін  түсіруге 
алып келетін еді. Көп жағдайда қақтығысты жағдайдың тууы-
на  газет  редакциясына  немесе  телерадиохабар  таратушы 
компанияға ақпарат құралының қожайынын немесе ақпарат 
құралына берілетін жарнаманың басым бөлігін қамтамасыз 
етіп  отырған  компания  жетекшілерін  тығырыққа  тірейтін 
материалдардың  келіп  түсуі  себепкер  болып  жатады.  Егер 
сыни материалды жарыққа шығарса, кіріс көзінен айырылуы 
мүмкін. Ал егер табысты ойлап, болған жағдайды жасырып 
қалатын  болса,  мұндай  ақпарат  құралы  объективті  ақпарат 
таратуға қауқарсыз деп танылып, беделіне нұқсан келтіретіні 
сөзсіз.  
Саяси  объективтілікті  ұстану  өте  қиын.  Оның  көптеген 
себептері  бар.  Кейбір  мемлекеттерде  бұқаралық  ақпарат 
құралдары үкіметті сынға алғаны үшін тікелей қыспаққа алы-
нып, кейде тәуелсіз тарап болып қалғысы келгені үшін ғана 
«шетел  үкіметіне  қызмет  етуші»  болып  шығады.  Қоғамда 
кереғар  пікір  шектен  тыс  көбейіп  кетсе,  өз  көзқарасыңнан 
таймау тіптен үлкен қиындық тудырады. 
Объективті  болу  кейде  қарапайым  себептерге  орай  да 
қиындық  тудырып  жатады.  Мемлекет  басшысының  аузы-
нан  шыққан  сөздің  салмағы  қарапайым  ауыл  тұрғынының 
пікірінен әлдеқайда салмақты болады. Тіпті, мемлекет бас-
шысы  ашықтан-ашық  насихат  жүргізіп,  ал  ауыл  тұрғыны 
мемлекеттік саясаттың негізіне қатысты қалтарыс қалған сәт 
туралы шындықты айтқан болса да. 


  
28
  
2. нақтылық
әрбір журналистік кодекс нақтылықтың аса қажет екенін ерек-
ше атап көрсетеді. Кез келген нәрсені дұрыс жасауға талпыну 
асығыстықтың алдын алады. Асығыс-үсігіс, жұмысын дұрыс 
жасай алмайтын журналистер алғыс алмайтыны айдан анық. 
Журналистің жаза білуі деген – оның ақпаратты нақты, ықшам 
және тиімді елестете білуі. Ол нақты деректерге сүйенуі ке-
рек; сайып келгенде, ол сенімді ақпаратты қалай және қайдан 
табу керектігін білуі қажет. Демек, журналистің аса байқампаз 
болуы, тыңдай білуі, эрудициялық қасиеттерінің болуы және 
сенімді  ақпаратты  іздеу  барысында  қажетті  адамдармен 
әңгіме-дүкен құра алуы маңызды. 
Ең  жақсы  журналист  –  өте  жақсы  жеке  байланыстары  бар 
журналист. Бұл – журналист үшін аксиома. Сол себепті де, 
журналист  қажетті  адамдармен  қарым-қатынас  құра  білуді 
меңгеріп,  берілген  ақпаратты  бағалай  алуға  қабілетті  бо-
луы керек. Яғни, сенімді адамдарды да (өзіңіздің сеніміңізге 
кіргізу арқылы), сенімсіз адамдарды да тап басып тани алу 
аса маңызды. Нақтылы бір оқиға туралы бір-біріне қарама-
қайшы пікірлердің арасындағы тепе-теңдікті сақтай білу – аса 
күрделі міндеттердің бірі. 
Журналистік ұйымдардың көпшілігі «екі дерек көзі ережесін» 
сақтауды  талап  етеді.  Басқаша  айтсақ,  қандай  да  бір 
мәліметті нақтылы мәлімет деп қабылдау үшін оны екі бірдей 
тәуелсіз дерек көзі нақтылауы тиіс.  
2-тарау: Халықаралық стандарттар


  
29
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кез келген нәрсені 
дұрыс жасауға 
талпыну 
асығыстықтың 
алдын алады 
Журналистерге  мүмкіндігінше  қолмен  көп  жазба  жасау  ке-
рек  немесе  ақпараттың  маңыздылығы  мен  нақтылығына 
нық сенімді болу үшін сұхбатты диктофонға жазып отыру ке-
рек. Жалпы көпшілікпен мойындалған осы принципке жүгіну 
журналистік әділдік пен сенімділікті нықтай түседі. Кейде ол 
адамның аты-жөнінің дұрыс жазылуы үшін ғана қажет бола-
ды. Нақтылық мақаланың әрбір бөлшегіне барынша мұқият 
назар  аударуды  талап  етеді,  кейде  кішкентай  ғана  ағаттық 
бүтін бір мақалаға деген сенімге селкеу түсіруі мүмкін. Демек, 
алынған дәйектерді тексеру керек, мүмкін болса екі рет қарап 
шыққан жөн және көпке мәлім жайттардың өзін де екі қайтара 
қарап шыққан жөн.  
Материалды  дұрыс дайындаймын десеңіз,  ақпарат беруші-
лерге  қайта  хабарласып,  олардың  айтқанының  дұрыс  жа-
зылғанына  көз  жеткізіңіз.  әсіресе,  ақпарат  берушінің  бірі  
екіншісінің пікірін жоққа шығарған жағдайда аса мұқият болу 
керек. Бұл дәйектерді тексеру деп аталады. Кейбір беделді 
басылымдарда  жазылған  материалды  арнайы  зерттеуші 
маман  немесе  жаңадан  келген  журналист  алып,  ондағы 
деректерді  тағы  бір  нақтылап  шығады.  әсіресе,  келешек-
те  қарсылық  тудыруы  мүмкін  болса,  сенсациялық  неме-
се күрделі мақалалар болса, бірнеше рет тексеріледі. Егер 
қандай да бір күмән тудыратын жайт болса, қателіктердің ал-
дын алу мақсатында ол мақаланы кейінге алып қалады. 
Ақпаратты  дұрыс  бермеу  ақпарат  құралының  беделіне 
нұқсан  келтіреді.  Кей  жағдайларда  үлкен  зардабын  тигізіп, 
сотқа сүйреуі де мүмкін. 
 


  
30
  
Нақтылық тек 
деректерге ғана 
қатысты емес, 
оның контекстке 
де қатысы бар
Нақтылық тек деректерге ғана қатысты емес, оның контекстке 
де қатысы бар. Сайлау алдында қандай да бір кандидатқа не-
месе қандай да бір компанияның әрекетіне зиянын тигізетін 
ақпараттың  салдары  тым  ауыр  болуы  мүмкін.  Оқырман 
ақпараттың қайдан шыққанын және қандай да бір көздеген 
астыртын  мақсаттарының  бар-жоғын  білуі  тиіс.  Ақпаратты 
берушілердің  астыртын  мүддесі  жоқ  па,  аудиторияның 
қандай  да  бір  көзқарасқа  тоқтауына  ықпал  етпей  ме,  оны 
білу керек. Тұтынушы қандай да бір өнімді сын тезіне ала-
тын болса немесе мұндай сынды сол өніммен бәсекелес зат 
шығаратын компания айтып отырса, мұның арасында үлкен 
айырмашылық бар.
Көпшілік  мұндай  жарияланымдардың  объективті  емес 
екенін  айтып,  наразылық  білдіреді.  Егер  журналист  белгілі 
бір  мақсатты  көздеген  болса,  мұндай  сынның  айтылуы 
орынды да. Немесе бұл мақаланың өз көзқарастарына сай 
келмейтінін  осылайша  айқайлатып  беру  тәсілі  болуы  да 
мүмкін. 
Тәжірибелі  журналистердің  көпшілігі  жаңалықты  шынайы 
объективті  жеткізе  білудің  өте  қиын  екенін  мойындайды. 
Кейбіреулері  тіпті  мүмкін  емес  деп  есептейді.  Журналистің 
жеке  тәжірибесі  мен  жеке  көзқарасы  шынайы  жағдаймен 
мүлдем сай болмауы да мүмкін. Журналист мұны ешқашан 
естен  шығармауы  тиіс  және  қандай  жағдайда  болмасын 
оқиғаны баяндағанда объективті болуға тырысуы керек. 
2-тарау: Халықаралық стандарттар


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау