Бағдарламасы туралы Ережелері 2017 жыл жалпы ережелер



жүктеу 76,58 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі76,58 Kb.
#16743
түріБағдарламасы


Ұлыбритания зертханаларындағы жазғы ғылыми машықтанудан

өтуге демеушілік көмек көрсету бағдарламасы туралы Ережелері – 2017 жыл


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми білім беру Қорының (әрі қарай - Қор), әлем зертханаларында жазғы машықтанудан өту демеушілік көмек көрсету бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) болашақта әлемнің кез келген жоғарғы оқу орындарының докторантурасына түсуді көздейтін, мемлекетіміздің ғылыми зерттеу саласының дамуын қалайтын талантты Қазақстандақ жастарды іздеу, іріктеу және демеумен айналысуға бағытталған.

    2. Аталған Ережеде «Демеушілік көмек» деген ұғымының мәні рұқсатнаманы алуға, минималды қажетті сақтандыруды ресімдеуге, авиабилеттерді сатып алуға, 3 айдан аспайтын машықтану өтетін жерде тұруға және тамақтануға арналған шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшердегі ақшалай төлем болып табылады. Демеушілік көмек аталған Ұлыбританияның жетекші ғылыми және/немесе зерттеу зертханасында машықтанудан өту мақсатында Бағдарламаның шеңберінде қаражат алушыларының әрбіреуіне ақысыз негізде ұсынылады;

    3. Қазіргі таңда талантты жастарға ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесінің болуы міндетті шартқа айналғанын түсінгендіктен, Қор осы бағдарламаны ұйымдастыруда. Бұл бағдарламаның дамуы Қордың отандық ғылыми кадрларды дайындаудағы бір үлесі;

    4. Бағдарлама Академик Шахмардан Есенов атын. ғылыми білім беру Қорының бастамасымен қаржыландырылады.

    5. Бұл бағдарлама байқаудың екі кезеңінен сәтті өткен ең мықты 5 студентке 2017 жылының жазында әлемнің зертханаларында машықтанудан өтуге мүмкіндік береді.

    6. Бағдарламаның қатысушылары жас мөлшері 18-ден асқан ҚР азаматтары, химия мен мұнай газ бағытының саласында әрекет ететін мамандар, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алатын бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері бола алады.




  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ КЕЗЕҢДЕРІ:




    1. Қордың бұл демеушілік бағдарламасы ұзақ мерзімді болып саналады және бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.

    2. Бірінші кезең - Бағдарлама қатысушыларын іріктеу кезеңі. Бұл кезеңде негізгі пәндер бойынша жоғары білімі бар, болашақта ғылыми жұмыстарға қатысуға қызығушылық көрсеткендер, өздерінің ғылыми жұмыстардағы (олимпиадалар, конференциялар, зерттеулер) жетістіктерін дәлелдегендер және ағылшын тілі деңгейі жақсы қатысушылар іріктеліп, келесі кезеңге өтеді.

    3. Екінші кезең - Дайындық кезеңі және жазғы машықтану бағдарламасына түсу. Бұл кезең барысында байқау іріктеуінен өткен қатысушылар Бағдарламаға түсу дайындық үдерісінен өтеді:

  1. Виза алуға қажетті құжаттар дайындалады;

  2. Сақтандыру рәсімделеді;

  3. Тұратын үй іздестіріледі;

  4. Профессорлармен хат жазысып, байланыс орнатылады;

Бұл кезеңде Бағдарламаның әдейі дайындалған және талапкерлерге көмек беретін кеңес берушілер тобы демеу көрсетеді.


  1. БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ:




    1. Конкурсқа қатысушыларға арналған талаптар:

  1. Бағдарламаның қатысушылары жас мөлшері 18-ден асқан ҚР азаматтары, химия мен мұнай газ бағытының саласында әрекет ететін мамандар, сонымен қатар келесі бағыттар бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алатын бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері:

  • Химия;

  • Экология;

  • Биотехнология;

  • Мұнай газ ісі;

  • Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы;

  • Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы;

  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы

  • Тіршілік ету қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

  • Мұнай химиясы;

  • Наноматериалдар және нанотехнологиялар;

  • және де басқа ілеспе бағыттар бойынша.

  1. Үміткерлердің негізгі пәндер бойынша үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» болуы міндетті. Бұл бағаларды куәландыратын сынақ кітапшасының түпнұсқасы мен көшірмесі және студент оқитын жоғарғы оқу орнының ректорынан немесе проректорынан ұсыныс хаты болуы қажет.

  2. Үміткер мектепте оқу кезеңінде олимпиадалар мен ғылыми жұмыс жарыстарында жетістіктер иегерлері болуы, сонымен қатар орта білім аттестатының орташа бағасы жоғары болуы тиіс. Бұл жетістіктер дипломдар, марапаттау хаттары, сертификаттар мен аттестаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерімен куәландырылуы қажет.

  3. Үміткердің ағылшын тілін білу деңгейі intermediate-тен төмен болмауы керек. Егер үміткердің аталған құжаттарды көрсету мүмкіндігі болмаса, оған тиісті тесттен өту мүмкіндігі беріледі.

  4. Үміткердің нақты ғылыми саласына деген қызығушылығы болуы және Қорға сәйкес дәлелдемелер көрсетуі қажет: өзінің ғылыми мақалалары, материалдар, қандай да бір зерттеулердің нәтижелері және т.б.

  5. Сонымен қатар, үміткер өзінің Ph.D бағдарламасына түсу қызығушылығы мен болашақта ғылыми жұмыспен айналысу құштарлығын негіздеп, баяндайтын эссе жазуы керек.




    1. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ:

Өтінім тапсырушы 23.04.2017 ж. мерзіміне дейін Қорға сәйкес түрде толтырылған өтінім тапсыруы керек. Өтінімге қосымша келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Резюме

  2. Жеке куәлік көшірмесі;

  3. Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияларды қоса);

  4. Ғылыми жұмыс жарыстары бойынша дипломдар, сертификаттар көшірмелері;

  5. «Маған тағылымдама.... үшін қажет» тақырыбына шығарма;

  6. Жоғары Оқу Орнының проректоры немесе ректорынан мінездеме.

  7. Ағылшын тілі дәрежесін дәлелдейтін сертификат (IELTS/TOEFL\т.б.)

Толтыру кезінде өтінімде өтініш беруші өзінің тағылымдама кезінде жұмыс істейтін ғылыми жобасының тақырыбымен бірге бір профессорды таңдайды. Профессорлардың тізімі олардың ғылыми жұмыстарының сипаттамасын қоса өтінімде көрсетілген.
Барлық жоғарыда аталған құжаттар ағылшын тілінде жасалуы тиіс.

Өтініш пен қажетті құжаттарды Қордың электрондық поштасына жіберіңіздер: info@yessenovfoundation.org;




    1. Конкурсты өткізу тәртібі:

Конкурс екі кезеңмен өткізіледі:

  1. Өтінімдерді бағалау:

Аталған кезеңде қордың сараптамалық кеңесі жетістіктерді бар болуы және де ғылыми қызметпен айналысудың жалғастыру мен ниетіндегі қызығушылығы пен дәлелдемесінің дәрежесі, өтінімдерді толтыру сапасы және ағылшын тілінің деңгейі бойынша іріктеу жүргізіледі. Ағылшын тілін білуді растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушімен телефон арқылы сұхбат жүргізілетін болады.
Аталған кезеңде әрбір ғылыми бағыт бойынша 3 адамнан артық іріктелмейді.


  1. Профессорлардың іріктеуі:

Екінші турға өткен өтінімдер Open University – Ұлыбританияның серіктес университетінің профессорларының екінші мәрте іріктеуіне жіберіледі. Профессорлар өзінің қалауы бойынша 2-ші турдың қатысушыларын телефон немесе скайп арқылы сұхбаттасуға шақырады.
Екінші турдың қорытындылары бойынша бағдарламаның 5 жеңімпазынан артық анықталмайды. Конкурстың нәтижелері 2017 жылғы 23 мамырға дейін қордың сайтында жарияланады.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ КЕҢЕСШІЛЕР ТОБЫ

4.1. Кеңесшілер тобы бүгінгі таңда АҚШ немесе басқа халықаралық оқу орындарында оқып жүрген Қазақстандық жас ғалымдардан тұрады;

4.2. Бағдарлама кеңесшілерінің міндеттері:

1) Бағдарлама Қатысушыларына уақытылы мастер – класстар жүргізу;

2) Бағдарламаның әр қатысушысына 5 реттен кем емес кеңес беруді;

3) Қатысушылардың сынақ мерзімін өтуіне өтінім беру үдерісіне жәрдемдесу және белсенді қатысу;

4) Кеңес берушілер тек кеңес берумен айналысада. Бағдарлама қатысушыларының орнына өтінім үлгілерін толтыру, шығармы жазу сияқты және басқа да Бағдарлама Қатысушының ізденісіне тікелей немесе қосалқы әсер ететін әрекеттер жасай алмайды;

4.3. Кеңесшілер Отандық жастардың мүмкіндіктерінің артуына бағытталған жұмысты ақысыз жүргізеді.

4.4. Қор бағдарлама қатысушыларының қосымша дағдылары мен білімін дамыту мақсатында ақылы немесе ақысыз негізде бапкерлер мен психологтарды сәйкес тренингтер жүргізуге жұмысқа шақыруға құқылы.
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІРІКТЕУ БАЙҚАУЫ

5.1. Ғылыми зертханаларда машықтануға шақыру алған Бағдарлама Қатысушылары автоматты түрде Демеушілік көмек алушыларды іріктеу байқауының соңғы қорытынды кезеңіне өтеді;

5.2. Дайындық үдерісі кезінде өздерін талапшыл, мақсатқа ұмтылғандығын және басқа да жақсы жақтарынан көрсеткен ең үздік 5 (бес) Бағдарлама Қатысушы демеушілік көмегіне ие болады.

5.3. Демеушілік көмекті беру шешімін Байқау Комиссиясы, Қордың жауапты өкілдері, Бағдарламаның кеңес берушілер тобының өкілдері және шақырылған бапкерлер мен сарапшылар бірлесіп қабылдайды;

5.4. Қор құрылтайшысы бекіткен, Байқау Комиссия және Қамқоршылар Кеңесі мүшелерімен мақұлданған Байқау Жеңімпаздарының тізімі Қор сайтында ресми түрде жарияланады;

5.5. Қор демеушілік көмекті бермеу себептерін түсіндірмеуге құқылы.


6. ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕКТІ БЕРУ

6.1. Ақшалай қаражат Конкурс жеңімпаздарына Демеушілік көмек Келісімшарты негізінде беріледі.

6.2. Ғылыми зертханадағы жазғы машықтануға қатысу үшін берілетін қаражат Бағдарлама Қатысушыларының жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын қамтиды. Тамақтану және көлік шығысын қамтитын белгіленген мөлшерлеме күніне 40 фунт стерлингін құрайды.

6.3. Демеушілік көмек қаражат алушының жеке есеп шотына аударылады немесе кассадан беріледі.

6.4. Демеушілік көмек Келісімшартына қол қойған қаражат алушы келесі шарттарды орындауға тиіс:

1) Қабылдаушы зертхананың ережелері мен қойылған мерзімдеріне сәйкес сынақ мерзімін өту;

2) Барлық берілген жұмыстарды толық жауапкершілікпен орындау;

3) Өтіп жатқан сынақ нәтижелерін сәйкес есептеме түрінде Қорға үнемі хабарлап отыру.


Ережелерге қосымша ақпарат:

  1. Машықтанудан өту бағдарламасы келесі мақсаттарға бағытталған:

  • Студенттерге әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми зертханаларында сынақ өту мүмкіндігін береді;

  • Қазақстанның мұнай газ химиялық және геологиялық саласында ғылыми және инновациялық қызметті ынталандыру;

  • Отандық ғалымдардың дайындық деңгейлерін дүниежүзінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында сапалы әрі қолайлы жағдайларда оқыту арқылы жоғарылату.



жүктеу 76,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау