Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 1,42 Mb.
Pdf просмотр
бет3/61
Дата23.01.2020
өлшемі1,42 Mb.
#27184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

  
10
  
1-тарау
н
е
 
үшін
 
журналист
 
болу
 
КереК
?
Американдық 
актер Шон Пенн 
Белградтағы 
IWPR-дың оқыту 
семинарына қатысуда
е
гер
 
қолыңызға
 
осы
 
кітапты
 
алған
 
болсаңыз
, онда сіз не 
журналистсіз, не осы салаға қызығушылық тудырып жүрген 
азаматтардың  бірісіз  деп  үлкен  сеніммен  айтуға  болады. 
IWPR-дың оқыту семинарларын өткізу барысында біз әлемнің 
түкпір-түкпірінен жиналған журналистерден олардың не үшін 
журналист болғанын сұрадық. әрине, жауаптар әртүрлі бол-
ды.  Мұнда  дұрыс  немесе  бұрыс  жауап  деген  болмайды. 
Бірақ,  әңгіме-дүкен  барысында  кейбір  жайттар  қайта-қайта 
қайталана береді. әлбетте, кейбір дилеммалардың жалпыға 
ортақ екені де байқалады.
 
Бұл  тарауда  біз  жұртшылықтың  неліктен  журналист  болуға 
құмар болатынына бірнеше негізгі себепті алға тартып, осы 
орайда алдарынан шығатын қауіп-қатер мен кейбір жаңылыс 
қадамдарды талқылаймыз. Алдағы берілетін жаттығуларды 
орындай отырып, өз көзқарастарыңызды айқындай аласыз-
дар.  
Қоғамға қызмет ету
Көптеген  адамдар  қоғамға  қызмет  ету  үшін,  әділетсіздікпен 
күресіп,  саяси  тұлғаларды  халық  алдында  жауапкершілікке 
тартып,  дағдарыс  кезінде  мемлекетке  көмек  көрсету  үшін 
журналист болғылары келетінін айтады. Шынымен де, жақсы 
журналистика  қоғамға  қызмет  етеді.  Бірақ,  басқа  саланың 
адамдары да қоғамға қызмет етеді ғой: мысалы, дәрігерлер 
мен ұстаздар немесе саясаткерлер (өздерінің айтуы бойын-
ша). Қоғамға қызмет ету мақсаты сіздің не себептен журна-
лист болғыңыз келгенін барынша анық-қанық түсіндіріп бере 
алмайды.


  
11
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Журналистің ақиқатты 
анықтауға құқығы бар ма? 
Журналист ретінде сізге 
«шындықты бұрмалаған» 
деген айып тағылса, не 
істеуге болады? 
Ақиқатты жариялау
Атаққұмар  журналистер  өздерінің  шындықты  іздеп  жүрген-
дері  туралы  көп  мәлімдейді.  Кітапта  сипатталған  стандарт-
тар  бойынша  деректерді  тауып  оны  көрсету  қашаннан-ақ 
журналистиканың күрделі міндеттерінің бірі. Бірақ, «ақиқат» 
деген  де  күрделі  түсінік.  әрине,  халықаралық  журна-
листиканың негізгі  қағидасы оқырманға екі тараптың да өз 
«шындығын» беру. Журналистің ақиқатты анықтауға құқығы 
бар  ма?  Журналист  ретінде  сізге  «шындықты  бұрмалаған» 
деген айып тағылса, не істеуге болады?
Өз Отаныңызды таныстыру
Көптеген  репортерлер  үлкен  партиоттық  сезімге  ие.  Бұл 
табиғи  жағдай.  әрі  басын  қатерге  тігіп  жүрген  журналистің 
патриот  болуы  түсінікті  де.  Журналист  деген  де  адам.  Көп 
жағдайда  олар  да  өздерін  қандай  да  бір  қоғамдастықтарға 
теңестіреді.  Ол  қоғамдастықтар  аймақпен,  тілмен,  дінмен, 
этникалық құраммен немесе азаматтықпен байланысты бо-
луы мүмкін. Алайда, патриоттық сезімнен туындайтын осын-
дай  бөлінушілік  журналистиканың  негізгі  принципіне,  яғни 
объективтілік пен тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қайшы кел-
мей  ме?  Журналистика  қызық  әрі  оқылымды  болуы  керек. 
Жазылуы ауыр, біржақты және менторлық стиль тартымсыз 
әрі жиіркенішті болуы мүмкін. Онсыз да әсірерақымшылықтан 
шаршаған қоғам үшін бұл тіптен қызықсыз. 


  
12
  
1-тарау: Неге журналист болу керек?
Күн тәртібін анықтау
Журналистика  билік  басындағыларға  мемлекетте  шын 
мәнінде  не  болып  жатқаны  туралы  ақпаратты  жеткізуге 
көмектеседі.  Саясаткерлер  мен  жоғары  лауазымды  ше-
неуніктер  ниеттерінің  түзу  екеніне  қарамастан,  шынайы 
жағдайдан  бейхабар  болып  жатады.  Айналасындағылар 
жоғарыдағы  басшыларға  қалайда  жағуды  көздеп,  оларға 
тек  кейбір  жайттарды  ғана  жеткізіп,  көп  нәрсені  жасырып 
қалуы мүмкін. Және олар мұны сол шенеуніктер үшін дұрыс 
шешім деп қабылдауы да ғажап емес. Ал журналистика билік 
басындағыларға ақпарат тарататын тікелей ақпарат көзі бола 
алады.  Бірақ,  бұл  арада  белгілі  бір  қауіп-қатер  де  болмай 
қалмайды. Оны мойындау керек. Журналист басшыларына 
ақпаратты жеткізуге талпына отырып, жетекшісіне жағу үшін, 
сол топта қолдау табу үшін жалған ақпарат жеткізуі мүмкін.
Қоғам мүддесін көздеу
Кез  келген  азаматтық  қоғамның  негізі  –  ақпаратпен  жан-
жақты  қамтылған  қоғам.  Батыл  әрі  әділетті  баспасөздің 
қоғам  алдында  салмағы  болады.  Соны  пайдалана  отырып 
олар өзгерістер әкеліп, жағдайды жақсарта алатын қоғамдық 
күштердің  ұйымдаса  әрекет  етуіне  жәрдемдеседі.  Бұл  сая-
си  жетекшілер  мен  үкіметтегі  басшылардың  әрекеті  тура-
лы  сенімді  ақпаратқа  қол  жеткізуге  болатынын  білдіреді. 
Мемлекеттік  саясат  әділ  және  тиімді  ме?  Уәделі  жоспар-
лар  мен  жобалар  орындалып  жатыр  ма?  Азаматтардың 


  
13
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Тәуелсіздік дегеніміз – 
айналадағылардың сені 
жаппай жек көруі
құқығы сақтала ма? Сақталмайтын болса, неге олай? Қалай 
болғанда да, журналистиканың осы бір классикалық рөлінің 
өзі тәуекелге бел бууға мәжбүрлейді. Шенеуніктер ғана емес, 
оппозиционер саясаткерлер мен бейресми топтар да, оның 
ішінде үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдар да 
бар, өздерінің арыз-шағымын айтып, сіздерден әділетті және 
байыпты болуды талап етеді. әкімшілік құқық бұзушылықтар 
мен  саяси  махинацияларды  зерттеу  жауыңыздың  қатарын 
көбейтпесе,  досыңызды  арттырмайтыны  анық  (бұл  табыс-
ты жұмыс та емес). Журналистер арасындағы көне мәтелге 
сүйенсек, «тәуелсіздік деген – айналадағылардың сені жап-
пай жек көруі». 
Әуесқойлық
Тойымсыз әуесқойлық – бір қарағанда әдеттегі нәрсе сияқты 
болғанымен, журналист үшін баға жетпес қасиеттердің бірі. 
Жақсы журналистке табиғи сезімталдық тән. Олар күнделікті 
жұмысының  өзін  жақсы  атқарады  және  содан  ләззат  ала-
ды.  Олар  «жаңалықтың  жоқшысы»  болып  табылады  және 
қолына  түскеннің  бәрін  оқиды.  Өздерінің  ұстанымына 
қайшы, қарсы тараптағы басылымдарды да қалт жібермейді. 
Олар  ұдайы  мәселенің  мән-жайын  ашуға  талпынады  және 
әрқашан  «неге?»  деген  сұраққа  жауап  тапқылары  келеді. 
Ал  бұл  сұрақтың  жауабын  тапқан  уақытта  тез  арада  оны 
басқалармен  бөлісуге  асығады.  Бірақ,  жанұшыра  жаңалық 
іздей  жүріп,  журналистер  көптеген  қиындықтарға  кезігеді. 
Жаңалық  тізбегінен  адасып  қалмау  біраз  тер  төгуді  қажет 


жүктеу 1,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау