Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет1/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Дәрістеер қжт



Дәрістердің қысқаша мазмұны 
 
№1 дәріс 
 
Тақырыбы: Жазу және оның даму мәселелері. 
Мақсаты: 
Жазу және оның дамуы туралы мәлімет, түсінік беру. 
 
Жоспар: 
1.
Жазудың түрлері. 
2.
Ұлттық жазуға дейінгі жазулар. 
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық 
салаларында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. 
Жазба тіл ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен 
белгіленуі болып табылады. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз 
жіберсек, әріппен таңбалаудың кейіннен пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда 
жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына 
дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырады. 
1.Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – 
суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. 
Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Әрбір сурет өздігінен 
бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге 
бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік нормаларды емес, оның мазмұнын 
бейнелейді. Сондықтан пиктограммалардың мағынасын әртүрлі тілдерде сөйлейтін 
адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, 
малдың, тоғайдың т.б. суреттері қолданылған. Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді 
білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған. Сондықтан 
пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Қазіргі Қазақстан және 
Орта Азия территориясында ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған 
мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, 
адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыш аңдардан қорғану 
және т.б. суреттер мал бағып, аң аулаған ертедегі адамдардың киелі түсініктері мен 
ғұрыптарын бейнелейтін тайпалардың тұңғыш жазуы болды. Ертедегі сурет жазуымен 
қабаттаса келетін ай мен күн алуандас таңба нұсқалары өрнекті пішінде оюлай салынған 
бейнелі суреттер пиктографиялық жазудың таңбасы. 
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды 
түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде 
де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі 
белгілердің, дүкендер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киім, аяқ киім 
түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты 
бар. 
2.Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу 
пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. 
Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда 
болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмасы да болмады. Идеографиялық 
жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, 
ақырында идеограммалар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден 
қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастады. Идеографияның пиктографиядан 
басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. 
Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін 
белгілейді. Түптеп келген түркі тайпаларының арасында соншама кең тараған 
идеографиялық жазулар түркі тайпаларының руникалық деп аталатын тұңғыш әріптік 
жазуының шығуына да белгілі мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді. 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау