Ж. Интернет-ресурсында орналастыру үшін



жүктеу 113 Kb.
Дата16.01.2020
өлшемі113 Kb.
#26943

07.02.2019 ж.
ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Юбилейная көшесi 56, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557, электрондық пошта mzhumabaeva-akimat@sko.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымдарына орналасу үшiн жалпы бірыңғай конкурс жариялайды:

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi» КММ, бас маман, (2021 жылғы 6 қарашаға дейiн, негiзгi қызметшiнiң бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша демалысы кезеңiне), 1 бiрлiк.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бұйрықтарды (жеке құрам бойынша, негізгі қызмет бойынша, іссапар бойынша) жүргізу. Бұйрықтарды журналда тіркеу. Хаттарды, сұрауларды, шағымдарды, мақалаларды қазақ тіліне аудару. Азаматтардың, кәсіпорындардың хаттарына, сұрауларға, шағымдарға жауаптарды қазақ тілінде беру. Стендті қазақ тілінде дайындау. Іс-номенклатурасын құру. Кадрлар бойынша есептерді тапсыру. Жұмысқа қабылданатын тұлғалардың: азаматтық қызметкерлердің, әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері меңгерушілерінің, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету әлеуметтік қызметкерлердің, техникалық қызметкерлердің жеке іс-қағазын әзірлеу (жеке іс парақтарын, жеке карточкаларын, жазбалар, еңбек шартылар, еңбек кітапшаларын толтыру, еңбек өтілінің хаттамаларын дайындау). Жұмыс уақытының есебі табелін жүргізу. Кіріс, шығыс ақпаратты тіркеу. Іссапар, жол парағын жазу және тіркеу. Әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағын әзірлеу. Азаматтық қызметкерлердің аттестаттау бойынша құжаттарды әзірлеу. «Е-қызмет» базасында жұмыс жүргізу. ЭҚЖ жұмыс жүргізу. Лауазымдық міндеттеріне кіретін сұрақтар бойынша келушілерді қабылдау. Мемлекеттік органдармен берген ағымдағы тапсырмаларды орындау. Бөлімнің басшысы мен орынбасарымен азаматтарды қабылдау кестесін және сенім телефондарын БАҚ жариялау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары бiлiм: «білім» (қазақ тілі мен әдебиеті), немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) бейiндерi бойынша.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «білім» (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі), немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (әлеуметтік жұмыс), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша), аудармашы ісі (түрлері бойынша)) бейiндерi бойынша бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.


2. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлiмi» КММ, жалпыға білім беру жөніндегі бас маман, 1 бiрлiк.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-R-4.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73266 теңгеден 99103 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мектеп жасына жеткен балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды міндетті жалпы орта білім алғанша оқыту. Білім беру мекемелерінің өзін-өзі қамту бағдарламасын жүзеге асыруды, мектептердегі ыстық тамақтанудың ұйымдастыруылын, жалпы білімдік мектептер жанындағы Жалпыға білім беру қорын бақылайды. Осы мәселе бойынша ақпараттық, талдаулық есептер дайындайды. Жалпыға білім беру жөніндегі айлықтарды ұйымдастырып өткізеді. Жалпыға білім берудің ОШ-1 нысанындағы есепті дайындайды, Білім басқармасына тапсыру үшін оқушылар қозғалысы жөніндегі шұғыл ақпаратты дайындайды. Ауданның білім беретін ұйымдарының бітірушілерін орналастыру және кәсіби бағдар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Медицина кабинеттерін лицензиялаудың, материалдық-техникалық, медикаментоздық жабдықтауын бақылаумен қамтамасыз етеді. Мектеп жанындағы интернаттарға жетекшілік етеді. Оқушылар тасымалдауын ұйымдастыруды бақылайды. Ауданның жалпы білімдік мектептерінің балалар контингенті мен жүйесінің өзгеруін талдайды, келешегі болмау жағдайындағы елді мекендердің білім беретін ұйымдарының жабылуға беталыс алғанын талдайды, оқу орындарының мүмкіндігі мен дамуын талдайды. Білім беру мекемелеріндегі ата-аналар қоғамдығының өтініштерін, үндеулерін, хаттарын заңнамамен белгіленген тәртіпте қарауы мен тіркеуін бақылайды және жоғарғы органдарға есеп беруді қамтамасыз етеді. Мектеп бітірушілердің есебін жүргізуге жауапты, қатал есептегі құжаттарды тапсырып есепке алу жөніндегі жұмысты және есеп бөліміне мектепті тәмәмдәу жөніндегі куәліктер мен аттестаттар бланктерін сатып алып тапсыруды ұйымдастырады және білім басқармасына осы бланктер бойынша есеп, осы бланктерді мерзімінде жеткізуге есептер ұсынады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары бiлiм: «білім» бейiнi бойынша.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмдер: «білім» бейіні бойынша бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.


3. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы әкімінің аппараты» КММ, жер мәселелері бойынша бас маман, (2020 жылғы 25 мамырға дейiн, негiзгi қызметшiнiң бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша демалысы кезеңiне), 1 бiрлiк.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69903 теңгеден 94148 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Қаланың әкімшілік бағынысына берілген шекаралар төңірегінде және оның аумағында Жер заңнамасының орындалуы. Қала әкімінің атына жолданған, жер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және хаттарымен жұмыс жасау.Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Ауылшаруашылығы бойынша статистикалық есеп беру. Қала әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары бiлiм: «құқық», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс), немесе «қызмет көрсету» (жерге орналастыру, кадастр), немесе «ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия), немесе «өнер» (сәулет) бейіндері бойынша.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмдер: «құқық», немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, жерге орналастыру), немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (сәулет өнері) бейіндері бойынша бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.


4. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышен ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман-хатшы, (2021 жылғы 18 қарашаға дейiн, негiзгi қызметшiнiң бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша демалысы кезеңiне), 1 бiрлiк.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-G-3.

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69903 теңгеден 94148 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі аппаратының ісін жүргізу, ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу, олардың орындаушыға уақытында жеткізілуін қадағалау, белгілі бір нотариалды әрекеттер жасау, интернет - қордың (сайттың) жұмысын ұйымдастыру. Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын есепке алу, олардың мазмұнын қарау және уақытында ауылдық округ әкімінің қарауына беру. Азаматтардың өтініштерін қарау және бақылау, ЕУОЛ бағдарламасымен жұмыс жасау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Кадрлық іс жүргізу. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, орындаушыларға жоғары тұрған органдардың, ауылдық округ әкімінің шешімдерін уақытында жеткізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттарын номенклатураға сәйкес мұрағатқа тапсыру. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргізу. «Е-қызмет» базасын уақытылы жүргізуге жауапты.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары бiлiм: «құқық», немесе «білім», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, маркетинг, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент, есеп және аудит, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) бейіндері бойынша.

Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмдер: «құқық», немесе «білім», немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), маркетинг (салалары бойынша), қаржы (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалары бойынша)) бейіндері бойынша бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға сәйкес санат үшін үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнің аппараты» КММ http://mzh.sko.gov.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң http://kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеленiп, 7 жұмыс күннiң iшiнде тапсырылуы тиiс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына сарапшылар және байқаушылардың қатысуына рұқсат етіледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________



__________________________

__________________________

(мемлекеттік орган)
Өтініш

Мені_________________________________________________________

_____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

_____________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


20 __ ж. «___»_______________

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан




«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»






_______________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

___________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)


ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения




Ұлты/Национальность (по желанию)




Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)




Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками




Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)




Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-

дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік

әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,

если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)








ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қабылданған/ приема



Күні/Дата

босатылған/ увольнения



Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность,место работы, местонахождение организации қабылданған/приемабосатылған/увольнения




































































































Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________



күні/дата_________
жүктеу 113 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау