Биография ахметжан Қалиолла Саматұлы



жүктеу 29,21 Kb.
Дата30.01.2018
өлшемі29,21 Kb.
#8171
түріБиография

БИОГРАФИЯ
Ахметжан Қалиолла Саматұлы
Қалиолла Саматұлы Ахметжан – республикамызға белгілі суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қарузерттеуші-этнограф ғалым. Тарих ғылымдарының кандидаты, «Мәдениет қайраткері».

1949 жылы 6 сәуірде Ақмола облысы Алексеевка ауданының Өрнек селосында туған. Ұлты - қазақ.

Білімі жоғарғы, 1977 жылы Ленинградтағы ССРО Көркемсурет Академиясының И.Е.Репин атындағы живопись, скульптура және архитектура институтын бітірген.

Өзінің еңбек жолын 1966 жылы «Хлебороб» совхозында жұмысшы болып бастаған.

Институт бітірген соң 1977 жылдан 1996 жылға дейін Алматының О.Таңсықбаев атындағы көркемсурет колледжінде мамандық пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді. Бірнеше жыл живопись пәнінен циклдық комиссияны, кейін көркемсурет-педагогика бөлімін басқарды. Көп жылдар бойы ұстаздық қызмет барысында бейнелеу өнерінен көптеген шәкірттер дайындаған, олардың кейбірі қазір елімізде аты белгілі суретшілер.

1996 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің этнология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, кейін жетекші маман болып жұмыс істеді. Музейде оның қорындағы қазақтардың және басқа халықтардың дәстүрлі қару-жарағының коллекциясын ғылыми зерттеумен айналысты.

1996 жылдан 1998 жыл аралығында ҚР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып қосымша жұмыс істеді.

1999 жылы Ахметжан Қ.С. академиялық білімі, көп жылдық шығармашылық тәжірибесі бар суретші және музей ісі саласында бірнеше жыл еңбек еткен маман этнограф ретінде Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығына жұмысқа шақырылып, Орталықтың ғылыми-көркем тұжырымдамасын жасауға, музей қорын жинақтауға және музей экспозициясын жасауға мол үлес қосты. 2000-2003 жылдары реставрация бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарғанда ҚР Президентік мәдениет оталығы музейінде реставрация ісін ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді.

1971 жылдан белсенді түрде шығармашылық еңбек етіп келеді. Живопись және кітап безендіру өнерімен айналысады. 1979 жылғы Қазақстан ЛКЖО ОК өткізген алғашқы «Жігер» Шығармашылық жастар фестиваліне қатысып, дипломмен марапатталды. Көптеген қалалық, топтық, республикалық және шетелдік көркемсурет көрмелеріне қатысқан, бірнеше жеке көрмелерін өткізген. 1984 жылдан ССРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,
Суретшінің туындылары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің, ҚР Президенттік мәдениет орталығының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінің, Семейдің Невзоровтар атындағы өнер музейінің, Кутаисидің Сурет галереясының (Грузия) коллекцияларында, Англия, АҚШ, Швеция, Пакистан, Жапония, Германия және Қазақстандағы жеке коллекцияларда сақтаулы.

Қ.С.Ахметжан көп жыл бойы ғылыми-зерттеу жұмысымен де айналысып келеді. Зерттеу тақырыбы: қазақтардың әскери ісі мен қару-жарағының тарихы, көшпелілердің бейнелеу өнерінің тарихы. Ол қазақтың дәстүрлі қару-жарағы тарихынан республикадағы жалғыз білікті маман, 100 астам ғылыми мақалалардың және екі ғылыми монографияның авторы.

1992 жылы ең үздік мақалалары үшін «Ана тiлi» газетінің лауреаты атанды.

1996 жылы Қ.С.Ахметжанның «Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері)» атты кітабы жарық көріп, сол жылы ҚР Баспа ісі жөніндегі агенттігі өткізген «Ең үздік баспа, үздік кітап, үздік басылым» конкурсының қорытындысында «Өнер туралы кітаптар» номинациясы бойынша үздік кітап аталды.

2003 жылы «Қазақтың дәстүрлі қару-жарағы: даму тарихы, құрылымы, этномәдени функциясы (тарихи-этнологиялық зерттеу)» тақырыбында кандидаттық дисертация қорғады.

Қ.С.Ахметжанның 2006 жылы шыққан «Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы» атты кітабы де елімізде мамандардың жоғарғы бағасына ие болды. 2007 жылы орыс тілінде шыққан «Этнография традиционного вооружения казахов» атты кітабі Москвада өткен ТМД мүшелігіне кіретін мемлекеттердің «Кітап өнері» атты IV Халықаралық конкурсында III дәрежелі дипломға ие болды.

2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2006 жылы мәдениетті, бейнелеу өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Көркемсурет академиясының Дипломымен және алтын медалімен марапатталған.



2007 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
жүктеу 29,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау